Об утверждении Соглашения о предоставлении Международным Банком Реконструкции и Развития гранта Республике Казахстан на подготовку проекта реабилитации засушливых земель Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасына қуаң жерлерді қалпына келтіру жобасын дайындауға арнап Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасына қуаң жерлерді қалпына келтіру жобасын дайындауға арнап Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі 2000 жылғы 18 желтоқсанда жасасқан Келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі жоғарыда аталған Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасына берілген 350 000 (үш жүз елу мың) АҚШ доллары сомасындағы грант қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002
жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына
2-қосымшада:
реттік нөмірі 36-жолда 3-бағандағы "Ауыл шаруашылығы министрлігі"
деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі"
деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.