Об утверждении Правил лицензирования аудита страховой (перестраховочной) организации, приостановления действия и отзыва лицензии Күшін жойған
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы
"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Басқа 6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуірдегі N 93
қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заңға), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге аудиторлық ұйымға (бұдан әрi - уәкiлеттi аудиторлық ұйымға), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге аудиторға - жеке тұлғаға (бұдан әрi - уәкiлеттi аудиторға) лицензия беру тәртiбiн, сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтату мен қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге лицензия (бұдан әрi - лицензия) беру уәкiлеттiгi бар бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
Тармақ 3
3. Аудиторлық ұйым құрамында уәкiлеттi аудитор болған жағдайда лицензия алуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы куәлiгi болған жағдайда жеке адамның лицензия алуға құқығы болады.
Тармақ 5
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзiлетiн аудитке және аудиторлық қорытынды (есеп) жасауға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi аудиторы мiндеттi түрде қатысқан кезде жүргiзiледi.
Уәкiлеттi аудиторлық ұйымның лицензиялау ережесiн сақтауға бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2. Лицензиялау тәртiбi
2. Лицензиялау тәртiбi
Тармақ 6
6. Аудиторлық ұйым (аудитор) лицензия беру туралы өтiнiштi қажеттi құжаттарды қоса отырып еркiн нысанда жазып уәкiлеттi мемлекеттiк органға бередi.
Тармақ 7
7. Аудиторлық ұйымның өтiнiшiне мыналар қоса берiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi, бiр дана;
Тармақша 3
3) аудиторлық ұйымда уәкiлеттi аудитор болып табылатын қызметкердiң бар екендiгiн растайтын құжат;
Тармақша 4
4) уәкiлетттi аудитор болып табылатын қызметкердiң лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесi;
Тармақша 5
5) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат.
Тармақ 8
8. Аудитордың өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
Тармақша 2
2) оның аудиторлық ұйыммен еңбек қатынасын растайтын құжат;
Тармақша 3
3) жоғары бiлiм туралы дипломның нотариат куәландырған көшiрмесi;
Тармақша 4
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 5
5) еңбек қызметi және жұмыс тәжiрибесi туралы мәлiмет - растау құжаттарын қоса
отырып еркiн нысанда;
Тармақша 6
6) аудит жүргiзу жөнiндегi курстарда бiлiктiлiгiн көтергендiгi туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмесi;
Тармақша 7
7) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат.
Тармақ 9
9. Лицензия алуға арналған құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi қабылдайды және қарап, ұсынылған материалдар негiзiнде әрбiр өтiнiш бойынша өз қорытындысын жасайды.
Тармақ 10
10. Аудиторлық ұйымның лицензия беру туралы өтiнiшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын аудиторлық ұйымға, сондай-ақ аудиторға лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он күннiң iшiнде қарауы тиiс.
Тармақ 11
11. Лицензия осы Ереженiң қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi.
Тармақ 12
12. Аудиторлық ұйымға мынадай негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көзделген құжаттар тапсырылмаса;
Тармақша 2
2) уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе басқа да мемлекеттiк орган лицензия алуға өтiнiш берген аудиторлық ұйымның (аудитордың) тексерiлетiн ұйымдағы есепке алу мен есеп берудiң жай-күйi туралы нақты емес не толық емес мәлiметтерi бар және орын алған заң талаптарын бұзушылықтарға уақтылы шара қолданбауға әкелiп соққан аудиторлық қорытынды бергенiн анықтаған кезде.
Тармақ 13
13. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган бас тарту негiздерiн көрсете отырып лицензия беруден бас тарту туралы аудиторлық ұйымға, аудиторға хабарлайды.
Тармақ 14
14. Лицензияны беру (қайтарып алу) туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысында" және "Вестник Национального Банка Казахстанада" жарияланады.
Тармақ 15
15. Лицензия жоғалған жағдайда уәкiлеттi аудиторлық ұйым, уәкiлеттi аудитор көшiрме алуға құқылы. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган он күннiң iшiнде уәкiлеттi аудиторлық ұйымның, уәкiлеттi аудитордың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның көшiрмесiн бередi.
Тармақ 16
16. Уәкiлеттi аудиторлық ұйым атауы, мекен-жайы өзгерген жағдайда бiр айлық мерзiмде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса отырып лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Тармақ 17
17. Уәкiлеттi аудитор аты-жөнi өзгерген жағдайда бiр айлық мерзiмде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса отырып лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Тармақ 18
18. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган уәкiлеттi аудиторлық ұйым, уәкiлеттi аудитор тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күннiң iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Тармақ 19
19. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және лицензияның дубликатын беру кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен лицензиялық алым төленедi.
Тармақ 20
20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзу, аудиторлық қорытынды (есеп) жасау шарттары мен тәртiбi, сондай-ақ уәкiлеттi аудиторлық ұйымның, уәкiлеттi аудитордың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Тармақ 21
21. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
Тармақ 3. 3. Лицензияны тоқтату және қайтарып алу
3. Лицензияны тоқтату және қайтарып алу
Тармақ 22
22. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган уәкiлеттi аудиторлық ұйымның, уәкiлеттi аудитордың лицензиясының қолданылуын тоқтату және қайтарып алу туралы шешiмдi Заңда көзделген негiздер бойынша қабылдайды.
Тармақ 23
23. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтату негiздемелерi мен мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 24
24. Осындай шешiм уәкiлеттi аудиторлық ұйымға жiберiлген күнiнен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатылды деп саналады.
Тармақ 25
25. Лицензия қолданылуының тоқтатылуы туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.
Тармақ 26
26. Лицензия қолданылуының тоқтатылуына негiздеме болған заң бұзушылықтарды жойғаннан кейiн уәкiлеттi аудиторлық ұйым, уәкiлеттi аудитор лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмi бiткенге дейiн оның қолданылуын қалпына келтiру туралы өтiнiш беруге құқылы.
Тармақ 27
27. Уәкiлеттi аудиторлық ұйым, уәкiлеттi аудитор лицензияның қолданылуын тоқтатуға негiздеме болған бұзушылықтарды жою туралы куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi өз қорытындысын даярлайды, оның негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 28
28. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы уәкiлеттi аудиторлық ұйымның, уәкiлеттi аудитордың өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 29
29. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiнде оны қайтарып алу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 30
30. Уәкiлеттi аудиторлық ұйымның, уәкiлеттi аудитордың лицензиясын қайтарып алу туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi осындай шешiмдi уәкiлеттi аудиторлық ұйымға, уәкiлеттi аудиторға жiберген не баспасөзге жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензияны қайтарып алу туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.
Тармақ 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 31
31. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер заңдарда белгіленген тәртіппен шешіледі.
Төраға
Басқа 56. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуірдегі N 93
қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының аудитін
лицензиялау, лицензияның
қолданылуын тоқтату және
қайтарып алу ережесіне
Қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
бейнеленген бланкіге басылады)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудит жүргізуге берілген ЛИЦЕНЗИЯ
Лицензия N___
____________________________________________________________________(уәкілетті аудиторлық ұйымның толық атауы, уәкілетті аудитордың аты-жөні)
____________________________________________________________берілді.
Уәкілетті аудиторлық ұйымның, уәкілетті аудитордың мекен-жайы_______
________________________________________________________________________________________________________________________________________Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензия берілген күн - "__" _________200__ж.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы (Төрағаның орынбасары)
М.О.