О производстве органической продукции Күшін жойған
Басқа 0
Органикалық өнім өндіру туралы
Осы Заң топырақты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған органикалық өнім өндірудің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) органикалық өнім – осы Заңның талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру
және балық аулау өнімі, жабайы өсімдіктерден алынған өнім және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімі;
Тармақша 2
2) органикалық өнім өндіруші – органикалық өнімді әзірлеу (жасау), өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) органикалық өнімді таңбалау – тұтыну орамасына, көліктік орамаға немесе тұтыну орамасына және (немесе) көліктік орамаға жапсырылған немесе оларға салынған не оларға қоса берілетін өзге де ақпарат жеткізгіш түріне жазбалар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілемелер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде түсірілген органикалық өнім туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі – органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы ақпарат беретін тіркелген сәйкестік белгісі;
Тармақша 5
5) органикалық өнім өндіру – Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында көзделген әдістер мен тәсілдерге сәйкес келетін, нәтижесі органикалық өнім болып табылатын қызмет түрлерінің жиынтығы;
Тармақша 6
6) органикалық өнім өндіру саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды, сондай-ақ органикалық өнім өндіру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң органикалық өнім өндірушілер, өзге де жеке және заңды тұлғалар, органикалық өнім өндіру саласындағы уәкілетті органдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
4-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің мақсаттары:
Тармақша 1
1) органикалық өнім өндіруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) табиғи ресурстарды сақтау;
Тармақша 3
3) топырақты, суды, ауаны, биологиялық әртүрлілікті сақтауды қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқарудың орнықты жүйелерін пайдалану;
Тармақша 4
4) тамақ өнімдерінің сапасын арттыру;
Тармақша 5
5) органикалық өнімнің ұлттық брендін жасау болып табылады.
Тармақ 2
2. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің міндеттері:
Тармақша 1
1) халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаның сақталуына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімді инспекциялау және сертификаттау;
Тармақша 4
4) органикалық өнімнің ішкі нарығын дамыту және Қазақстан Республикасы халқының органикалық өнімге қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Тармақша 5
5) органикалық өнімнің экспортын ұлғайту;
Тармақша 6
6) органикалық өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы қағидаттар
5-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы қағидаттар
Органикалық өнім өндіру саласындағы қағидаттар:
Тармақша 1
1) дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды пайдалануды шектеу;
Тармақша 3
3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық жүйелерді сақтау;
Тармақша 4
4) топырақ құнарлылығын сақтау және молықтыру болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің органикалық өнім өндіру саласындағы құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің органикалық өнім өндіру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Бап 7. 7-бап. Уәкілетті органдардың органикалық өнім өндіру саласындағы құзыреті
7-бап. Уәкілетті органдардың органикалық өнім өндіру саласындағы құзыреті
Тармақ 1
1. Органикалық өнім өндіру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3)
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4)
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын жетілдіреді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) мыналарды:
органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын;
органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, үйлестіреді және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мыналарды:
органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын;
органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) халыққа органикалық өнім өндіру туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) органикалық өнім өндірушілер қызметінің Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін органикалық өнімді анықтау және оны өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары
8-бап. Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растағаннан кейін жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ
3-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ
Бап 9. 9-бап. Органикалық өнім өндірушілер мен оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері
9-бап. Органикалық өнім өндірушілер мен оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері
Тармақ 1
1. Органикалық өнім өндірушілер мен оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалар органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, органикалық өнім өндірушілер мен оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалар өнімді кері қайтаруды және органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін жоюды дереу қамтамасыз етеді.
Бап 10. 10-бап. Органикалық өнім өндіруге өту шарттары
10-бап. Органикалық өнім өндіруге өту шарттары
Тармақ 1
1. Органикалық өнім өндіруге өту органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Органикалық өнім өндіруге өту кезінде мынадай шарттар сақталуға тиіс:
Тармақша 1
1) органикалық өнім өндіруші сәйкестікті растау жөніндегі органмен органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау рәсімін жүргізуге шарт жасасады;
Тармақша 2
2) өтпелі кезең ішінде органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында белгіленген органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптар сақталады;
Тармақша 3
3) органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына сәйкес органикалық өнім өндіру органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) өнімді "өтпелі органикалық өнім" ретінде өткізуге және таңбалауға рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Органикалық өнім өндіруге өтудің ұзақтығы органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында белгіленеді.
Бап 11. 11-бап. Органикалық өнім өндіру шарттары
11-бап. Органикалық өнім өндіру шарттары
Тармақ 1
1. Органикалық өнім өндіру кезінде мынадай шарттар:
Тармақша 1
1) сау жануарлар және өсімдіктерді, жануарлар және өсімдіктерден алынған қауіпсіз өнім мен шикізатты пайдалану;
Тармақша 2
2) органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында көзделгендерді қоспағанда, синтетикалық заттарды, пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тамақ қоспаларын қолдануды болғызбау;
Тармақша 3
3) генетикалық түрлендірілген объектілерді қолдануды болғызбау;
Тармақша 4
4) топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру әдістерін қолдануды болғызбау;
Тармақша 5
5) иондаушы сәулені қолдануды болғызбау;
Тармақша 6
6) топырақ құнарлылығын сақтау және молықтыру;
Тармақша 7
7) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды пайдалануды барынша азайту;
Тармақша 8
8) жабайы өсімдіктерді өңдеудің химиялық әдістерін болғызбау;
Тармақша 9
9) өсімдіктен және жануардан қалған қалдықтарды және олардан алынған жанама өнімдерді қайталама пайдалану оларды органикалық өндіру жағдайларында алған кезде ғана мүмкін болады;
Тармақша 10
10) өндіру үшін органикалық өнімнің нақты түрін таңдаған кезде экологиялық жүйелерді сақтау;
Тармақша 11
11) зиянкестерге, арамшөптерге және өсімдіктердің ауруларына төзімді тиісті ауыспалы егістерді, өсімдіктердің түрлері мен сұрыптарын таңдауды қамтитын, алдын алу шараларының көмегімен өсімдіктерді қорғау;
Тармақша 12
12) өсімдіктерді зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдіктердің ауруларынан қорғаудың механикалық, биологиялық және физикалық әдістерін артықшылықпен қолдану;
Тармақша 13
13) тиісті үй-жайлар мен жайылым жағдайларын қамтамасыз ету, олардың табиғи мінез-құлқын ескеру, табиғи иммунитетін ынталандыру арқылы жануарлардың саулығына қамқор болу;
Тармақша 14
14) жергілікті жағдайларға бейімделген төзімді өсімдіктердің түрлерін, сұрыптарын және жануарлардың тұқымдарын таңдау;
Тармақша 15
15) органикалық өнім өндіру нәтижесінде, сондай-ақ табиғи жолмен алынған заттардан тұратын ингредиенттерден азықтар мен азық қоспаларын мал шаруашылығында қолдану сақталуы тиіс.
Тармақ 2
2. Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына сәйкес араласып кетуін болғызбау үшін органикалық өнім өндіру өндірудің, сақтаудың және тасымалдаудың барлық кезеңдерінде органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек болуы тиіс.
Тармақ 3
3. Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларымен органикалық өнімге және (немесе) оның өмірлік циклі процестеріне қойылатын
талаптар белгіленеді.
Тармақ 4
4. Органикалық өнімді қайта өңдеу кезінде органикалық өнім өндірушілер тамақ қоспаларын, азық қоспаларын қолдануды шектеуге міндетті, оларды технологиялық немесе зоотехникалық қажеттілік жағдайында не емдәмдік мақсаттарда пайдалануға жол беріледі.
Бап 12. 12-бап. Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау және оларды инспекциялық бақылау
12-бап. Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау және оларды инспекциялық бақылау
Тармақ 1
1. Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау ерікті сипатта болады.
Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау осы Заңға, органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттарға сәйкестікке жүзеге асырылады.
Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау нәтижесі – сәйкестік сертификаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Органикалық өнім өндіруші органикалық өнімді өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау рәсімінен өткеннен кейін органикалық өнімге ұлттық сәйкестік белгісін қоюға құқығы бар.
Тармақ 2-1
2-1. Органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісінің бейнесі, оған қойылатын техникалық талаптар мен оны басуға қойылатын талаптар ұлттық стандартта белгіленеді.
Тармақ 3
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына органикалық өнімді өндірудің және органикалық өнімнің сәйкестігін растау мен инспекциялық бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат жібереді.
Бап 13. 13-бап. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу
13-бап. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу
Органикалық өнім өндіру саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректер негізінде органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізеді.
Бап 14. 14-бап. Органикалық өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар
14-бап. Органикалық өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар
Тармақ 1
1. Органикалық өнімді таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сертификатталған органикалық өнімді өндіретін және (немесе) өткізетін кәсіпкерлік субъектілерінің органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Органикалық өнімді таңбалау және оны жарнамалау кезінде органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында келтірілген, "био" және "эко" деген сияқты олардан туындайтын белгілемелерді немесе қысқартылған нысандарын бөлек немесе сөз тіркесінде пайдалануға рұқсат беріледі.
Осы өнім немесе оны өндіру кезінде қолданылатын ингредиенттер Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасына сәйкес келеді деп тұтынушыны жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкін, сауда таңбалары пайдаланатын белгілемелерді, сондай-ақ таңбалау және жарнамалау әдістерін қоса алғанда, осы тармақта көзделген кез келген белгілемелерге жол берілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 15. 15-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік бақылау
15-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік бақылау
Органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес
жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
нысанында жүзеге асырылады.
Бап 16. 16-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
16-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 17. 17-бап. Дауларды шешу
17-бап. Дауларды шешу
Осы Заңнан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
Бап 18. 18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.