Об определении критериев по выбору видов отчуждения городского коммунального имущества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Қарағанды облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындаған өзге де шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Джанабергеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қаражал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы «10» қыркүйектегі №137 қаулысына қосымша Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер № Критерийлер атауы Иеліктен айыру түрі 1 Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі. сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу 2 Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі. сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу 3 Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау. тікелей атаулы сатылым 4 Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі. сауда-саттықты қор биржасында өткізу 5 Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі. туынды бағалы қағаздарды сату