О результатах комплексной проверки состояния работы по формированию и исполнению бюджета Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының бюджетін қалыптастыру және орындау жөніндегі жұмыстың жағдайына кешенді тексеру жүргізудің нәтижелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 13.12.2004 № 352 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті жүргізген Қостанай облысының бюджетін қалыптастыру және орындау жөніндегі жұмыстың жағдайына жасалған кешенді тексерудің материалдары көрсетілген жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыруда елеулі кемшіліктерге жол берілгенін көрсетті. Алдағы жылға қалыптастырылатын облыс бюджетінің көлемін анықтау кезінде олардың әрбір көздері бойынша кірістер түсімінің мейлінше шынайы болжамы қамтамасыз етілмеген. «Бюджеттік сала туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 4 тармағын бұзған жағдайда облыстық мәслихат сесиясының шешімінде облыстың табиғат қорғау мемлекеттік қорының көлемі, облыстың бюджеттік орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесу жеке тармақтармен көрсетілмеген. Жүргізілген кешенді тексеру барысында бюджеттік қаражатты мақтасыз, заңсыз пайдалану және басқа бұрмалаулар түріндегі бюджет-қаржылық тәртіп бұзушылықтар анықталған. Бюджеттік қаражатты мақсатсыз және тиімсіз пайдалану мемлекеттік білім, денсаулық сақтау, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде, сондай-ақ облыстың ішкі істер басқармасында байқалды. Тексеру көрсетілген бұрмалаушылықтардың себебі бағдарламалардың әкімгерлерге тарапынан қаражатты пайдалануға тиісті бақылаудың жоқтығы екенін көрсетіп берді. Бұдан әрі мұндай бұрмалаушылықтарды жою және болдырмау мақсатында Қостанай облысының әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бағдарламалардың әкімгерлері:
Тармақша 1
1) бюджеттік қаражатты мақсатсыз және негізсіз пайдалануға ықпал ететін себептерді жойсын;
Тармақша 2
2) олардың кінәләрінен бұрмалаушылықтарға жол берілегн лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкелшілікке тарту жөнінен шарала қабылдансын;
Тармақша 3
3) Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін мақсатсыз жағдайда пайдаланылған бджеттік қаражат қалпына келтірсін.
Тармақ 2
2. Қостанай қаласының әкімі В.Н. Ленивцев қаланың ұйымдары мен мекемелерінде анықталған бұрмалаушылықтар және кемшіліктерге көңіл аударсын, оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жазалау жөнінен шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Білім департаментінің директоры Г.Г. Шекке бюджеттік қаражатты негізсіз пайдаланғанына көрсетілсін.
Тармақ 4
4. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының бастығы Е.М. Ғалымжановқа емдеу-алдын алу мекемелерінде бюджеттік қаражатты жұмсауға бақылау жасауды әлсіреткеніне көрсетілсін.
Тармақ 5
5. Көңіл аударсын:
Тармақша 1
1) облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы О.А. Киколенко бюджеттік қаражатты мақсатсыз жағдайда бағыттауға жол бермеуге;
Тармақша 2
2) облыстық дене тәрбиесі және спорт комитетінің төрағасы Қ.Б. Оспанов бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілерінің барлығына.
Тармақ 6
6. Қаржы департаментінің М.А. Щеглова бюджетті қалыптастыру және орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудегі кемшіліктерге көңіл аударсын, бюджеттік қаражатты пайдалануда жіберілген бұрмалаушылықтарды жою жөнінен шаралар қабылдасын, тиісті іс-шаралар әзірлесін және бекітсін, оларды пайдалануға бақылау орнатсын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қостанай облысы бойынша Қаржы бақылау комитеті басқармасының бастығы Г.А. Бурдюг келтірілген зияндардың орнын толтыруға бақылау орнатсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Кемшіліктер мен бұрмалаушылықтардың жойылғандығы туралы ақпарат 2001 жылғы 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілсін.