Об утверждении Правил приобретения, а также размещения акций Акционерного общества «Фонд гарантирования страховых выплат» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидаларын бекіту туралы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мына:
Тармақша 1
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) 1-тармағы 3) тармақшасының;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 25 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 118 (28596) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 198 қаулысымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидалары «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібін және талаптарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Қордың акцияларын сатып алу үшін Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы Қорға Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және Заңның 5-бабының 3-тармағында белгіленген шектеуді ескере отырып, Қордың акцияларын сатып алу туралы өтінішті ұсынады. Қордың акцияларын сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қорға Қордың акцияларын сатып алу туралы өтінішті ұсынады.
Тармақ 3
3. Қордың акцияларын сатып алу мен орналастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.