О создании государственного учреждения «Управление ветеринарии Актюбинской области» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Ветеринария саласындағы функциялар «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 413 қаулысымен бекітілген
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ