Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Караганды Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» №920 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған
кейбір мәселелері туралы» №1141 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдер (бұдан әрі - Объект) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңмен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан шығатын басқа шараларды қолдануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «14» қазан
№ 49/02 қаулысына қосымша
Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№
Өлшемдердің атауы
Иеліктен алу түрлері
1
Объектілерді одан әрі бақылауда мемлекеттік мүдделердің болмауы (талаптар қойылмайды).
Сауда-саттықты аукцион түрінде өткізу
2
Объектіні сату талаптарын белгілеу қажет (қызмет бағытын сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы және басқа талаптар бойынша берешекті өтеу).
Объектіні мүмкіндігінше ең жоғары бағамен сату қажет.
Сауда-саттықты коммерциялық тендер түрінде өткізу
3
Сенімгерлікпен басқарушының, жалдаушының (жалға алушымен) кейін сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының талаптарын орындау.
Тікелей адрестік сату
4
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетел инвесторларын қоса отырып, сауда-саттыққа қатысушылардың ауқымды шеңберін тарту қажет.
Қор биржасында сауда-сатық өткізу
5
Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар акцияларының құқығын куәландыратын туынды құнды қағаздарды жүзеге асыру қажет.
Туынды құнды қағаздарды сату