Об утверждении Правил ведения количественно-качественного учета хлопка Күшін жойған
Басқа 0
Мақтаны сандық-сапалық
есепке алуды жүргізу
қағидаларын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 қараша
Басқа 7
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығымен
бекітілген
Мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кондициялық салмақ – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластанудың және ылғалдылықтың бірыңғай нормаларына келтірілген мақтаның салмағы;
Тармақша 2
2) мақта иесі – меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) мақта қабылдау пункті – шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және босатуға арналған мамандандырылған құрылыс;
Тармақша 4
4) мақта партиясы – мақтаның сапасы туралы мәліметтері бар құжаттармен ресімделген, селекциялық және өнеркәсіптік сорты бір, сапасы бойынша біртекті мақтаның оқшау саны;
Тармақша 5
5) мақта тазалау зауыты – шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат;
Тармақша 6
6) мақтаның сандық-сапалық есебі – шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу кезіндегі мақтамен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі;
Тармақша 7
7) нақты салмақ – таразыларда өлшеу жолымен айқындалған мақта массасы;
Тармақша 8
8) түгендеу – мақтаның нақты бар болуының және оның сапасының есептік деректерге сәйкестiгiн тексеруге бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 9
9) шитті мақтаның есептік салмағы – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану нормасына келтірілген шитті мақтаның салмағы.
Тармақ 3
3. Мақтамен жасалатын барлық операцияларды, сандық-сапалық есепті және тиісті құжаттарды ресімдеуді 1 килограмға дейінгі дәлдікпен нақты, есептік салмақта және кондициялық салмақта мақта тазалау зауыты (мақта қабылдау пункті) жүргізеді.
Тарау 2. 2. Мақтаның сандық-сапалық есепке алуды жүргізу тәртібі
2. Мақтаның сандық-сапалық есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаның
келіп түсуін ресімдеу
1-параграф. Мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаның
келіп түсуін ресімдеу
Тармақ 4
4. Мақта қабылдауды тиісті әкімшілік аумақтағы мақта қабылдау пункті және мақта тазалау зауытының жанындағы жұмыс істейтін мақта қабылдау пункті жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Мақта қабылдау пункті шитті мақтаны қабылдауды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдауды ресімдеу;
Тармақша 2
2) шитті мақтаның кондициялық салмағын айқындау;
Тармақша 3
3) шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен тиеп жөнелтуді ресімдеу.
Тармақ 6
6. Мақта қабылдау пунктіне түсетін шитті мақтаны қабылданатын шитті мақтаның сорты мен сапасын сыртқы түрі бойынша айқындайтын мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі сапасы бойынша, өлшем бірліктерді қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тексеруден өткен таразыларда өлшенгеннен кейін ІІ-аймақтың тауартанушысы саны бойынша қабылдайды.
Тармақ 7
7. Өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдаудың салмақ журналына енгізіледі.
Тармақ 8
8. Шитті мақтаны қабылдау тауарлық-көліктік жүкқұжаттар негізінде партиялармен жүргізіледі. Күні бойы әрбір тауарлық-көліктік жүкқұжат бойынша қабылданған шитті мақтаның нақты массасын жазу өнеркәсіптік сорттар бойынша бөлек жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Шитті мақтаның сынамаларын іріктеу шитті мақтаны түсіру орындарында оны өлшегенге дейін жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Қабылданған шитті мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауды мақта қабылдау пунктінің зертханасы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Шитті мақтаның сынамасын талдау нәтижелерін мақта қабылдау пункті зертханасының зертханашысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаны талдау карточкасына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналына енгізеді.
Тармақ 12
12. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттар мен шитті мақтаны талдау карточкалары негізінде мақта қабылдау пунктінің бухгалтері бір күнде қабылданған селекциялық сорты бір, жинау түрі мен мақсаты (тұқымдық, техникалық) бір шитті мақтаға және соңынан жиналғанға бөлек осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияны ресімдейді, оның біреуі мақта иесіне беріледі.
Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияда зертханалық талдау негізінде әрбір өнеркәсіптік сорт бойынша бөлек ластану мен ылғалдылықтың нақты пайызы жазылады.
Тармақ 13
13. Қабылданған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша бір күндік жиынтық деректер шитті мақтаны қабылдау туралы квитанциялардан күн сайын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сандық-сапалық есеп кітабына шитті мақтаның кірісіне жазылады.
Тармақ 14
14. Мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі нақты, есептік салмағы және кондициялық салмағы бойынша шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабында шитті мақтаның есебін жүргізеді.
Тармақ 15
15. Күн соңында шитті мақтаны қабылдау туралы квитанцияның екі данасы тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен бірге ластану мен ылғалдылықтың орташа өлшенген көрсеткіштерін есептеу үшін мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына беріледі.
Тармақ 16
16. Сонымен бір уақытта мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясына қабылданған партиялар бөлінісінде шитті мақтаны талдау карточкалары беріледі.
Тармақ 17
17. Шитті мақтаның кондициялық салмағын есептеу қабылданған күні айқындалған ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі және түпкілікті болып табылады.
Жинақталған партиялардан іріктелген шитті мақтаның сынамалары бойынша қабылдаудан кейін жүргізілген сорт, ылғалдылық және ластану бойынша талдау нәтижелері қабылдау кезінде анықталған шитті мақтаның сапа көрсеткіштері мен қабылдау күні белгіленген шитті мақтаның кондициялық салмағын өзгертуге негіз бола алмайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен
тиеп жөнелтуді ресімдеу
2-параграф. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен
тиеп жөнелтуді ресімдеу
Тармақ 18
18. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту селекциялық және өнеркәсіптік сорттар, жинау түрлері бойынша біртекті партиялармен жүзеге асырылады және тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен (үш данада) ресімделеді. Мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелтілетін шитті мақта өлшеуге жатады.
Тармақ 19
19. Мақта қабылдау пунктінің зертханасы барлық жағдайда тиеп жөнелтілетін шитті мақтаның ластануы мен ылғалдылығына талдау жүргізеді. Ауа-райы қалайсыз немесе ауа температурасы жоғары болған жағдайда сынамаларды іріктеу партияны жөнелтуге дейін бір сағат бұрын жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүкқұжат бланкісінде шитті мақтаның салмағы (брутто, ыдыс, нетто), сорты көрсетілуі және лауазымды тұлғалардың қолдары қойылуы тиіс. Шитті мақтаның тиеп жөнелтілетін партиясының ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері тиеп жөнелтілетін күнгі соңғы тауарлық-көліктік жүкқұжатқа жазылады.
Тармақ 21
21. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп жөнелту кезінде мақта қабылдау пунктінің зертханашысы біріктірілген сынаманы қалыптастырады. Барлық бір күндік партияның деректері күн сайын шитті мақтасы бар соңғы машинаны жөнелту кезінде соңғы жүкқұжатқа жазылады.
Тармақ 22
22. Тауарлық-көліктік жүкқұжаттарда сорт көрсеткішін мақта қабылдау пункті шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабының деректері бойынша, ал ластану мен ылғалдылық көрсеткіштерін – шитті мақта партиясын мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелту алдындағы талдау деректері бойынша көрсетеді.
Тармақ 23
23. Шитті мақтаның басталған партиясын әкетуді тоқтатуға немесе алдыңғы партияны әкету аяқталғанға дейін басқа партияны тиеуді бастауға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінен шығарылған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісі жасалады.
Тармақ 25
25. Шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісін мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі, II-аймақтың тауартанушысы, мақта қабылдау пункті зертханасының меңгерушісі мен бухгалтер құрамындағы комиссия осы партияны әкеткеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жасайды.
Тармақ 26
26. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына қабылдау мен жөнелтуді салыстырып тексеру актісі шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабының деректері негізінде үш данада жасалады, оның екеуі қарауға және ол бойынша шешім шығару үшін әкету аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мақта тазалау зауытына жіберіледі.
Тармақ 27
27. Мақта қабылдау пунктінде сақтау кезінде шитті мақтаны бір партиядан екінші партияға ауыстыру орын алған жағдайда, бұл ауыстыру құжатпен расталуы және шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабына енгізілуі тиіс (бір партияда кіріске алынады, екінші партияда шығысқа шығарылады). Шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісінде шитті мақтаның массасы осы ауыстыруды ескере отырып көрсетілуі тиіс.
Тармақ 28
28. Шитті мақтаны бір материалды жауапты адамнан екіншісіне өлшеусіз және актімен ресімдеусіз беруге жол берілмейді.
Тармақ 29
29. Өткізілген қабылдау нәтижелері бойынша мақта қолхаттары ресімделеді, онда шитті мақтаның нақты салмағы, кондициялық салмағы ескеріледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Мақта тазалау зауытында шитті мақтаны қабылдау
3-параграф. Мақта тазалау зауытында шитті мақтаны қабылдау
Тармақ 30
30. Мақта тазалау зауытында шитті мақтаны қабылдау:
Тармақша 1
1) мақта тазалау зауытында шитті мақтаны қабылдауды ресімдеуді;
Тармақша 2
2) шитті мақтаны тазалауды ресімдеуді;
Тармақша 3
3) шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуді ресімдеуді;
Тармақша 4
4) шитті мақтаны қабылдау мен тиеп жөнелту нәтижелерін салыстырып тексеруді жүргізуді;
Тармақша 5
5) түгендеуді қамтиды.
Тармақ 31
31. Мақта қабылдау пункттерінен мақта тазалау зауытына келіп түсетін барлық шитті мақта қабылдау кезінде қайта өлшеуге жатады.
Тармақ 32
32. Егер мақта тазалау зауытында мақта қабылдау пункттерінен шитті мақта қабылдау кезінде мақта талшығының төменгі сорттарға ауысуы орын алса, мақта тазалау зауытының басшысы әрбір жағдай бойынша себептерін анықтайды (партияны жинақтау кезінде сапаны жеткіліксіз бақылау, шитті мақтаның бүлінуі).
Тармақ 33
33. Мақта қабылдау пункттерінен шитті мақта түсу процесінде мақта тазалау зауытында сорты бір, бірақ мақта талшығының күтілетін сорты бойынша бағалауы әртүрлі шитті мақтаны бір партияға жинақтауға жол берілмейді.
Тармақ 34
34. Мақта тазалау зауытында мақта қабылдау пункттерінен шитті мақтаны қабылдау мынадай параметрлерді ескере отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мақта қабылдау пункттерінің деректері бойынша шитті мақтаның сорты;
Тармақша 2
2) өлшеу жолымен шитті мақтаның нақты массасы;
Тармақша 3
3) мақта тазалау зауытының зертханасы айқындаған ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша есептелетін шитті мақтаның есептік салмағы мен кондициялық салмағы.
Ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері бойынша мақта қабылдау пункті мен мақта тазалау зауыты арасындағы алшақтық стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған белгіленген рұқсат шегінен аспаған жағдайларда, кондициялық салмақты есептеу үшін мақта қабылдау пунктінде белгіленген ластану мен ылғалдылық көрсеткіштері қолданылады.
Тармақ 35
35. Мақта тазалау зауыты мен мақта қабылдау пунктінде талдаулардың белгіленген рұқсаттан жоғары алшақтығы кезінде мақта қабылдау пунктінің өкілі шақырылып, оның қатысуымен қалған сынамаға талдау жүргізіледі. Егер алшақтық жол берілетін ауытқулардан жоғары болса, мақта қабылдау пунктінен бір күнде түскен шитті мақтаның кондициялық салмағын белгілеу үшін талдаулар нәтижелері түпкілікті болып табылады. Керісінше жағдайда есептеулер үшін мақта қабылдау пунктінің талдау көрсеткіштері қабылданады.
Тармақ 36
36. Мақта қабылдау пунктінен түсетін шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша орташа тәуліктік сынаманың іріктеуі жүргізіледі.
Мақта тазалау зауыты зертханасының талдау нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналына жазылады. Мақта тазалау зауытының бухгалтериясына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаны талдау карточкасы беріледі.
Тармақ 37
37. Мақта тазалау зауытына келіп түсетін шитті мақта өлшеуден кейін
ІІ аймақтың тауартанушысы мен мақта тазалау зауытының бухгалтериясы жүргізетін шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабына кіріске енгізіледі.
Бір күнде қабылданған және шитті мақтаның жалпы жинақталған партиясы бойынша шитті мақтаның ластануы мен ылғалдылығының орташа өлшемді пайыздары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған шитті мақтаның ластануы мен ылғалдылығының орташа өлшемді көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады.
Тармақ 38
38. Шитті мақта мақта тазалау зауытының теңгерімі бойынша кондициялық салмақта, ал шитті мақтаның сандық-сапалық кітаптарында – нақты салмағы, есептік салмағы және кондициялық салмағы бойынша есептеледі. Шитті мақтаның партиялары бойынша есептің айлық айналымдары мен өтпелі қалдықтар шитті мақтаның сандық-сапалық кітаптары мен айналым ведомостарындағы жазбалардың негізінде салыстыру жолымен шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітаптары бойынша теңгерімдік талдау есебі деректерімен салыстырып тексеріледі. Айналым ведомосттарындағы шитті мақтаның кірісі мақта қабылдау пункттерінің бөлінісінде жазылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Шитті мақтаны тазалауды ресімдеу
4-параграф. Шитті мақтаны тазалауды ресімдеу
Тармақ 39
39. Мақта тазалау зауытына жинақталған шитті мақтаның партиялары осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік тапсырма негізінде өндіріске есептен шығарылады. Бұл ретте шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің сапа көрсеткіштері шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің сапа көрсеткіштерін тіркеудің зертханалық журналының деректері бойынша көрсетіледі.
Тармақ 40
40. Мақта тазалау зауытында ауысым нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығын бумалап өлшеу, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістен қабылданған мақта талшығы мен жанама өнімге рапорт және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өндірістен қабылданған мақта тұқымына рапорт ресімделеді, олар жоспарлау бөліміне беріледі.
Тармақ 41
41. Мақта талшығын бумалап өлшеу, өндірістен қабылданған мақта талшығы мен жанама өнімге рапорт және өндірістен қабылданған мақта тұқымына рапорт деректерін дайын өнім тауартанушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіруден түскен өңдеу өнімдерінің есебі журналына енгізеді.
Тармақ 42
42. Өңделген шитті мақтаны мақта иелері бойынша бөлу осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеппен ресімделеді, ол шитті мақтаның партиясын тазалау аяқталғаннан кейін мақта иесіне беріледі.
Тармақ 43
43. Мақта талшығының, тұқымның шығымын және иістер мөлшерін тексеру үшін мақта тазалау зауытында мақта тазалау зауытының жанындағы мақта қабылдау пункті мен мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пункті бойынша шитті мақтаны бақылау іріктеулері жүйелі түрде жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Тиеп жөнелту кезінде шитті мақтаның
сандық-сапалық есебін ресімдеу
5-параграф. Тиеп жөнелту кезінде шитті мақтаның
сандық-сапалық есебін ресімдеу
Тармақ 44
44. Шитті мақтаның бастапқы өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуді материалдық жауапты адам осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны бас бухгалтермен, техникалық бақылау бөлімінің (бұдан әрі – ТББ) басшысымен және дайын өнім тауартанушысымен келісуді ескере отырып, мақта тазалау зауыты басшысының бұйрығының негізінде жүзеге асырады.
Тиеп жөнелтуге арналған бұйрық мақта тазалау зауытының есепші жұмыскеріне беріледі, ол тиеп жөнелтуге арналған бұйрықтың есебі журналын жүргізеді.
Тармақ 45
45. Мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелткен кезде «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 18) тармақшасымен белгіленген тәртіппен бекітілген қағидаларға сәйкес берілген мақта талшығы сапасының паспорттары мен темір жол жүкқұжаттары негізінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі жасалады.
Тиеп жөнелтілетін мақта талшығына темір жол жүкқұжаты мен мақта талшығы сапасының паспорты қоса беріледі.
Тармақ 46
46. Мақта тұқымын, линтті және талшықты қалдықтарды автомобиль көлігімен тиеп жөнелту тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен және сапа туралы құжаттармен ресімделеді, олардың негізінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі жасалады.
Тармақ 47
47. Тиеп жөнелтуге арналған бұйрық, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, тиеп жөнелту тізілімдері, мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері бухгалтерияға беріледі. Осы құжаттар бойынша шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдері шығынға шығарылады.
Тармақ 48
48. Әрбір мақта иесіне жіберуге жататын мақтаның мөлшері мақта қолхаттарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 6. 6-параграф. Шитті мақтаны қабылдау мен тиеп жөнелту
нәтижелерін салыстырып тексеруді жүргізу
6-параграф. Шитті мақтаны қабылдау мен тиеп жөнелту
нәтижелерін салыстырып тексеруді жүргізу
Тармақ 49
49. Мақта қабылдау пункттерінен келіп түскен шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актілерін мақта тазалау зауытының басшысы олар мақта тазалау зауытына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды. Басшы әрбір акті бойынша жетіспеушіліктердің орнын толтыру және артылғанды кіріске алу туралы жазбаша шешім ресімдейді.
Тармақ 50
50. Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісінің бірінші данасы мақта тазалау зауытында қалады, актінің екінші данасы мақта тазалау зауыты басшысының шешімімен бірге мақта қабылдау пунктіне жіберіледі және шитті мақта жетіспеушіліктерінің орнын толтыру мен артылғанын кіріске алу үшін негіз болады.
Тармақ 51
51. Егер салыстырып тексеру кезінде шитті мақтаның артылғаны анықталса, бұл артылғанды мақта қабылдау пунктінің бухгалтериясы шитті мақтаның сақталуда болған және сақталудағы көлеміне пропорционал көлемде мақта иелерінің жеке шоттарына кіріске енгізуі тиіс.
Тармақ 52
52. Егер салыстырып тексеру кезінде жетіспеушілік анықталса, мақта қабылдау пунктінің материалдық жауапты адамдары оны шитті мақтаның сақталуда болған және сақталудағы көлеміне пропорционал көлемде мақта иелерінің жеке шоттарына өтеуді жүргізеді.
Тармақ 7. 7-параграф. Түгендеу
7-параграф. Түгендеу
Тармақ 53
53. Қабылданған шитті мақтаны қабылдаудың, сақтаудың және өңдеудің соңғы нәтижелерін анықтау үшін мақта қабылдау пункттері мен мақта тазалау зауыты жыл сайын 1 тамызға дейін шитті мақта мен оның бастапқы өңдеу өнімдерінің бар болуын түгендеуді жүргізеді.
Тармақ 54
54. Түгендеуге:
Тармақша 1
1) барлық мақта қабылдау пункттерінің қоймаларында және мақта тазалау зауытының дайын өнім қоймаларында орналасқан;
Тармақша 2
2) «тиеп жөнелтілген тауарлар» шоттарында есептелетін шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жатады.
Тармақ 55
55. Түгендеуді жүргізу үшін:
Тармақша 1
1) мақта қабылдау пункті бойынша – мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі, зертхана меңгерушісі (аға зертханашы), аға бухгалтер;
Тармақша 2
2) мақта тазалау зауыты бойынша – басшы, бөлім басшылары және бас бухгалтер құрамындағы түгендеу комиссиялары құрылады.
Тармақ 56
56. Шитті мақтаның, мақта талшығының, мақта тұқымының, линттің және талшықты қалдықтардың бар болуын түгендеу сақтауға жауапты адамдардың міндетті түрде қатысуымен әрбір партия бойынша заттай қалдықтарды натурада алу жолымен және мынадай талаптарды сақтаумен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) шитті мақта бойынша мақта қабылдау пункттерінен әкетілмей немесе мақта тазалау зауытында өңделмей қалған партиялардағы шитті мақтаның нақты бар болуы 1 тамыздағы жай-күй бойынша өлшеу жолымен белгіленеді;
Тармақша 2
2) мақта талшығы, линт және талшықты қалдықтар бойынша 1 тамызға партияларда мақта талшығының, линт және талшықты қалдықтардың бар болуы әрбір партияның барлық бумаларының кемінде 10 %-ын іріктеп қайта өлшей отырып, әрбір партияда өндірістен қабылданған мақта талшығы мен жанама өнім рапортында көрсетілген бумалар санын тексеру жолымен белгіленеді. Бумалардың дұрыс емес массасы анықталған жағдайда партияның барлық бумалары қайта өлшеуге жатады.
Босатылған мақта талшығының, линттің және талшықты қалдықтардың
1 тамызға нақты болуы алдын-ала сорттау және шеті мен шірігін іріктеумен қайта өлшеу жолымен анықталады;
Тармақша 3
3) мақта тұқымы бойынша техникалық және егістік тұқымның нақты қалдықтары оларды 1 тамыздағы жай-күйі бойынша өлшеу жолымен белгіленеді.
Тармақ 57
57. Шитті мақтаның, мақта талшығының, мақта тұқымының, линттің және талшықты қалдықтардың нақты болуын өлшеу жолымен белгілеген кезде түгендеу комиссиялары әрбір партиядағы шитті мақта мен оның бастапқы өңдеу өнімдерінің сапасын бір уақытта айқындайды; сорттылығының сәйкессіздігі немесе сақтау кезінде бүлдіру салдарларынан сапасының нашарлауы анықталған кезде шығын мөлшері, себептері және оған жауапты адамдар белгіленеді.
Тармақ 58
58. Мақта қабылдау пункттері қабылдайтын шитті мақта, өндірістен
31 шілдеден кейін түскен оның бастапқы өңдеу өнімдері осы түгендеуге енгізілмейді және бөлек қоймалау мен есептеуге жатады.
Тармақ 59
59. Түгендеу басталғанға дейін мақта қабылдау пункттерінің және мақта тазалау зауытының бухгалтериясы:
Тармақша 1
1) шитті мақта, тұқым, линт және талшықты қалдықтар жауапты сақтауында тұрған адамдардан 1 тамызға дейінгі барлық кіріс-шығыс құжаттарын алады;
Тармақша 2
2) осы құжаттарды тексеруді, өңдеуді, таратуды және талдамалық есептің бухгалтерлік карточкалары бойынша да, сандық-сапалық есебі кітаптары бойынша да 1 тамызға қалдықтар шығаруды жүргізеді;
Тармақша 3
3) сандық қалдықтарды талдамалық есептің бухгалтерлік карточкаларының деректері бойынша және сандық-сапалық есебі кітаптары бойынша салыстырады;
Тармақша 4
4) барлық жауапты сақтаушылардан құндылықтардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар бухгалтерияға тапсырылғаны, есепте көрсетілгені және оларда кіріске алынбаған немесе шығысқа шығарылмаған ешқандай құндылықтардың жоқ екендігі туралы жазбаша растаулар алады.
Тармақ 60
60. Түгендеу кезінде:
Тармақша 1
1) мақта қабылдау пунктітерінің барлық тиеп жөнелтулері бойынша мақта тазалау зауытына 1 қаңтардан 1 тамызға дейін келіп түскен шитті мақтаның кіріске алынуы;
Тармақша 2
2) түскен, алайда бір себептермен олардан алынуға тиісті басқа шоттарда көрсетілген сомалар «жөнелтілген тауарлар» есебі бойынша жатқызылмағандығы;
Тармақша 3
3) шитті мақтаның бастапқы өңдеу өнімдерін, атап айтқанда, май зауыттарына мақта тұқымын тиеп жөнелту бойынша сатып алушылармен барлық шағымдық есеп айырысулар мұқият тексеріледі.
Түгендеу деректері қолданыстағы нысандар бойынша: қоймалардағы қалдықтар бойынша және жөнелтілген тауарлар есебі бойынша түгендеу тізімдемелеріне енгізіледі.
Тармақ 61
61. Түгендеу тізімдемелерінде шитті мақтаның, оның бастапқы өңдеу өнімдерінің қоймалардағы қалдықтары әрбір партия бойынша деректерді келтіре отырып, әрбір мақта қабылдау пункті және жауапты сақтаушы бойынша бөлек көрсетіледі.
Тармақ 62
62. Тиеп жөнелтілген және төленбеген тауарлардың түгендеу тізімдемелерінде әрбір тиеп жөнелту бойынша: сатып алушының, тиеп жөнелтілген тауардың және межелі станцияның атауы, тиеп жөнелтілген күн, теміржол жүкқұжатының нөмірі, шот нөмірі мен берілген күні, саны, сомасы көрсетіледі.
Тармақ 63
63. Түгендеу тізімдемелеріне түгендеуді жүргізген түгендеу комиссиясының мүшелері қол қояды, олар сондай-ақ түзету ескертпелеріне қол қояды.
Тармақ 64
64. Заттай белгіленген шитті мақтаның, оның бастапқы өңдеу өнімдерінің қалдықтарын түгендеу комиссиясы түгендеу-салыстыру ведомостарын жасай отырып және әрбір жауапты сақтаушы бойынша және шитті мақтаның, оның бастапқы өңдеу өнімдерінің әрбір партиясы бойынша түгендеу нәтижелерін: жетіспеушіліктерді, артылғандарды және сақтау кезінде бүлдіру салдарларынан сапасын жоғалтуды анықтай отырып, есептеу деректері бойынша қалдықтармен салыстырады.
Тармақ 65
65. Материалдық жауапты адамдар салыстыру ведомостарына қол қою кезінде жетіспеушіліктер, артылғандар және шығындар себептері туралы жазбаша түсіндірме, ал түгендеу комиссиясы – түгендеу нәтижелері бойынша немесе материалды жауапты адамдардың түсіндірмелері бойынша қорытынды берулері тиіс.
Тармақ 66
66. Мақта тазалау зауытының басшысы үш жұмыс күні ішінде барлық түгендеу-салыстыру ведомостарын, түгендеу комиссиясының қорытындыларын, жауапты сақтаушылардың
түсіндірмелерін қарастырады және түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 67
67. Барлық сандық-сапалық есеп журналдары мен кітаптары нөмірленуі, тігілуі және басшының қолымен және мақта өңдеу ұйымының мөрімен бекітілуі тиіс (бар болған жағдайда).
Тармақ 8. 8-параграф. Сақтауға жататын құжаттар және
оларды сақтау мерзімдері
8-параграф. Сақтауға жататын құжаттар және
оларды сақтау мерзімдері
Тармақ 68
68. Мақта өндеу ұйымының сақтауына жататын тиісті құжаттар тізбесі, оларды сақтау мерзімдері:
Тармақша 1
1) мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдаудың салмақ журналы – 25 жыл;
Тармақша 2
2) шитті мақтаны талдау карточкасы – 25 жыл;
Тармақша 3
3) шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналы – 10 жыл;
Тармақша 4
4) шитті мақтаны қабылдау туралы квитанция – 25 жыл;
Тармақша 5
5) шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабы – 25 жыл;
Тармақша 6
6) шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісі – 5 жыл;
Тармақша 7
7) шитті мақтаны өңдеуге жіберуге, шитті мақтаны пайдалануға өндірістік тапсырма, нақты иістер теңгерімі – 10-15 жыл;
Тармақша 8
8) өндіріске қабылданған мақта тұқымына рапорт – 5-10 жыл;
Тармақша 9
9) өндірістен өңдеу өнімдерінің түсуі есебі журналы – 5-10 жыл;
Тармақша 10
10) өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеп – 10-15 жыл;
Тармақша 11
11) шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуге бұйрық –
5-10 жыл;
Тармақша 12
12) мақта талшығын теміржол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі – 5-10 жыл;
Тармақша 13
13) автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі – 5-10 жыл.
Басқа 1
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандагы
№ 4-6/955 бұйрығына
1-қосымша
_____________________________ мақта қабылдау пунктінде
шитті мақтаны қабылдау журналы
№
Күні
Шитті мақта иесінің атауы
Шитті мақта иесінің Т.А.Ә.
Автомобиль(трактор)
Жинау түрі
Сорты
Көмбе нөмірі
Партия нөмірі
Брутто салмағы
Ыдыс салмағы
Неттосалмағы
Тауартанушының қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Басқа 2
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
2-қосымша
Шитті мақтаны талдау карточкасы
20__ жылғы «___» ________________
Мақтаны қайта өңдеу ұйымы __________________________________________
Мақта қабылдау пункті _______________________________________________
Шитті мақтаның иесі __________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
Селекциялық сорты _________________ Жинау түрі _______________________
Типі________Сорты __________Көмбе__________ Партия __________________
Ластануы _________________ % Ылғалдылығы _________________________%
Штапелдік ұзындығы ___________ Жетілу коэффициенті _________________
Зертхана меңгерушісі ______________________
Басқа 3
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
3-қосымша
Шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін
тіркеу журналы
Селекциялық сорт
Сорт
Көмбе
Партия
Шитті мақта иесінің атауы
Ластануы
Шитті мақтаның өлшемі
Сорт салмағы
Орташа ластану %-ы
Сынама
Салмағы, грамм
грамм
%
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Ылғалдылығы
Қолы
Шитті мақтаның
кептіруге дейінгі
өлшемі
Сынаманың жалпы салмағы
Айырмашылық
Абсолюттік құрған салмағы, грамм
Ылғалдылығы
Сынама
%
11
12
13
14
15
16
17
Басқа 4
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
4-қосымша
Мақтаны қайта өңдеу ұйымы __________________________________________
Мақта қабылдау пункті _______________________________________________
Шитті мақтаның иесі _____________________ ЖСН/БСН _________________
20___ жылғы «___» _____________________ дейінгі қолданылу мерзімімен
Куәлік (патент) сериясы ______________ № __________
Шитті мақтаны қабылдау туралы квитанция
Селекциялық сорт
Сорт
Көмбе №
Партия №
Жинау түрі
Нақты салмағы
Ластануы, %
Есептік салмағы
Ылғалдылығы, %
Кондициялық салмағы
Шитті мақтаны тапсырдым ________________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі _______ _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Зертхана меңгерушісі ________________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
ІІ аймақтың тауартанушысы __________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мақта қабылдау пунктінің бухгалтері _______ _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басқа 5
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
5-қосымша
Шитті мақтаның сандық-сапалық есебі кітабы
Партия, № ________, көмбе № _______. Селекциялық сорты______________.
Cорты _________________, Орташаөлшемді ластануы __________________ %.
Орташаөлшемді ылғалдылығы ____________ %.
Материалды жауапты тұлға: 2-аймақтың тауартанушысы__________________
Кіріс
Р/c№
Күні
Құжаттың №
Жинау түрі
Сорты
Нақты салмағы
Ластануы, %
Есептік салмағы
Ылғалдылығы, %
Кондициялық салмағы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Шығыс
Қалдық
Нақты салмағы
Ластануы, %
Есептік салмағы
Ылғалдылығы, %
Кондициялық салмағы
Нақты салмағы
Ластануы, %
Есептік салмағы
Ылғалдылығы, %
Кондициялық салмағы
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Басқа 6
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
6-қосымша
Шитті мақтаны қабылдау мен мақта қабылдау пунктінен мақта
тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру акті
Мақта қабылдау пунктінде қабылдау
Р/с №
Сорты
Жинау түрі
Партия №
Нақты салмағы
Ластануы, %
Есептік салмағы, килограмм
Ылғалдылығы, %
Кондициялық салмағы, килограмм
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Мақта қабылдау пунктінен жөнелту
Мақта тазалау зауытында қабылдау
Нақты салмағы, кило-грамм
Ластануы, кило-грамм
Есептік салмағы, кило-грамм
Ылғалдылығы, %
Кондициялық салмағы,
кило-грамм
Нақты салмағы, кило-грамм
Ластануы, кило-грамм
Есептік салмағы, кило-грамм
Ылғалдылығы, %
Кондициялық салмағы,
кило-грамм
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
Мақта қабылдау пунктінің меңгерушісі _______ _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
зертханасының меңгерушісі ________________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мақта қабылдау пунктінің бухгалтері _______ __________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мақта қабылдау пунктінің
2 аймағының тауартанушысы __________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басқа 7
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
7-қосымша
__________________________________________________________________
(мақта тазалау зауытының атауы)
№ ______ өндірістік тапсырма
20___ жылғы «____»_____________
Бөлім i. I-бөлім. Шитті мақтаны қайта өңдеуге жіберу
I-бөлім. Шитті мақтаны қайта өңдеуге жіберу
Тармақ 1
1. ІІ аймақтың тауартанушысы ___________________________ сақталудағы,
мақта тазалау зауытында жинақтау кезінде анықталған:
Тармақша а
а) саны: нақты массасы бойынша ____________________________ килограмм
ластанудың есептік нормасына келтірілген массасы бойынша ________ килограмм,
кондициялық массасы бойынша _____________________________________ килограмм;
Тармақша б. Шитті мақта мынадай мақта қабылдау пункттерінен:
б) сапасы: селекциялық сорты ______________________, өндірістік
сорты ______________________, ылғалдылығы ________________________ %,
ластануы __________________________ %, үліктенуі _________________ %,
жинау түрі _____________________ тұқымдық, техникалық шитті мақтаның
№ ____ партиясы 20__ жылғы «____»_________________ бастап дайындалсын
және қайта өңдеуге жіберілсін.
Шитті мақта мынадай мақта қабылдау пункттерінен:
Мақта қабылдау пунктінің атауы
Кондициялық массасы, килограмм
Мақта қабылдау пунктінің атауы
Кондициялық массасы, килограмм
Барлығы ____________________________________________________________
Тармақ 2
2. Шитті мақта ағымда мыналар арқылы өткізілсін:
Тармақша а
а) кептіру-тазалау цехының кептіру тобы____________________ килограмм;
Тармақша б
б) кептіру-тазалау цехының тазалау тобы ___________________ килограмм;
Тармақша в
в) мақта тазалау зауытының тазалау цехы ___________________ килограмм;
Тармақша с
с) кептірумен ______________ килограмм , кептірусіз ____________ килограмм.
Тармақ 3
3. Шитті мақтаны кептіру-тазалау цехы арқылы өткізгенде иістер
норма кезінде ________ % ________ килограмм құрады.
Тармақ 4
4. __________ килограмм шитті мақтаны қайта өңдеуден мынадай мөлшерде дайын өнім алынуы тиіс:
Тармақша а
а) шығымы ______________ % кезінде __________ килограмм мақта талшығы;
Тармақша б
б) шығымы ______________ % кезінде ___________________ килограмм линт;
Тармақша в
в) шығымы ___ % кезінде линтерлеуден кейін ___ килограмм мақта тұқымы;
Тармақша г
г) шығымы ______________ % кезінде ___________________ килограмм үлік;
Тармақша д
д) шығымы ______________ % кезінде __________________ килограмм мамық;
Тармақша е
е) иістер ____________________________________________________.
Тармақ 5
5. Көрсетілген шитті мақтадан алынатын дайын өнім мынадай сапа
көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс:
Тармақша а
а) өндірістік сорты ______, ақаулар сомасы мен ластануы ____ %
мақта талшығы;
Тармақша б
б) джинирлеуден кейін тұқымның қалдық талшықтығы ___________ грамм;
Тармақша в
в) сорты _________________ типі _________________________ линт;
Тармақша г
г) линтерлеуден өткен тұқымның толық мамықтығы _____________ %;
Тармақша д. Өндірістік тапсырманы орындау
д) тұқымның ластануы ___ %-дан артық емес, тұқымның сорты ____.
Өндірістік тапсырманы жасағандар:
Бас инженер ____________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Техникалық бақылау
бөлімінің бастығы _________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
І-аймақтың тауартанушысы __________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жоспарлау бөлімінің бастығы __________ _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бас бухгалтер ____________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Өндірістік тапсырманы бекітемін:
Басшы ____________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
20____ жылғы «____» ______________
Өндірістік тапсырманы орындау
Бөлім ii. II бөлім. Шитті мақтаны пайдалану
II бөлім. Шитті мақтаны пайдалану
Тармақ 1
1. Шитті мақтаның ағымда мыналар арқылы нақты өткізілгені:
Тармақша а
а) кептіру-тазалау цехының кептіру тобы ___________________ килограмм;
Тармақша б
б) кептіру-тазалау цехының тазалау тобы ___________________ килограмм;
Тармақша в
в) мақта тазалау зауытының тазалау цехы ___________________ килограмм;
Тармақша с
с) кептірумен ______________ килограмм; кептірусіз ____________ килограмм.
Кептіру-тазалау цехы арқылы өткізілген шитті мақтаның иістері норма бойынша ________% ________ килограмм.
Тармақ 2
2. Егістік, техникалық шитті мақтаның №__ партиясы қайт өңдеуге
201 __ жылғы «___»__________ _____ сағат _________ минутта жіберіліп,
201 __ жылғы «__»___________ _____ сағат _________ минутта аяқталды.
Шитті мақтаның нақты салмағы бойынша ____ килограмм, есептік массасы бойынша ___ килограмм, кондициялық массасы бойынша ____ килограмм.
Қайта өңдеуді бастау алдында зертханалық талдау бойынша шитті
мақтада мынадай сапа көрсеткіштері болды: сорты ________, ылғалдылығы
________ %, үліктенуі _________ %. Қайта өңдеу барлығы ________ сағат
________ минут; үзіліссіз ________ сағат ________ минут; үзіліспен
________ сағат _________ минут жалғасты.
Соңынан ______________________________________________________
Бас инженер ____________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
І-аймақтың тауартанушысы __________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Техникалық бақылау бөлімінің бастығы _________ _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Тармақ 3
3. Шитті мақтаның № __________________ партиясын қайта өңдеуден
түскен және өлшеулер бойынша қабылданған дайын өнім:
Р/с
№
Өнімнің атауы
Жоспарлы нормалар бойынша өнім
Өндірістен түскені
Нақты массасы
Кондициялық массасы
талдауға алынғаны
қоймаға кіріске алынғаны
кило-грамм
шитті мақтаныңмассасына %
кило-грамм
шитті мақтаның массасына %
кило-грамм
шитті мақтаның массасына %
кило-грамм
шитті мақтаның массасына %
Мақта талшығы
Линт
Мақта тұқымы
Үлік
Мақта мамығы
Мақта талшығын сұрыптау
Иістер
Жиыны:
Бас инженер ____________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
І-аймақтың тауартанушысы __________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жоспарлау бөлімінің бастығы _________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Тармақ 4
4. Шитті мақтаның көрсетілген мөлшерін қайта өңдеуден сапасы мынадай өнімнің нақты алынды:
Тармақша а
а) өндірістік сорты ____, ақаулар сомасы мен ластануы ______ %,ылғалдылығы _________ % мақта талшығы;
Тармақша б
б) қалдық талшықтығы _____ грамм мақта тұқымы;
Тармақша в
в) сорты ____________ типі ______________ ластануы ____ % линт;
Тармақша г
г) сорты _________, толық мамықтығы _______ %, ластануы ____ %, ылғалдылығы _________ % мақта тұқымы.
Ескертпе: осы партия бойынша жалпы өнімнен алынғаны:
Тармақша а
а) ақаулар сомасы мен ластануы 22 %-дан артық мақта талшығы _____ килограмм;
Тармақша б
б) ластануы 40 %-дан артық мақта тұқымы ___________________ килограмм;
Тармақша в
в) қалдық талшықтығы нормалардан артық мақта тұқымы _______ килограмм.
Техникалық бақылау бөлімінің бастығы ______ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім iii. III бөлім. Нақты иістер теңгерімі
III бөлім. Нақты иістер теңгерімі
Тармақ 1
(талшық шығымы % х
талшықтағы қоқыс %)
1. Қоқыс шығыны (%) = шитті мақтаның ластануы % х -------------------------
100
Тармақ 2
(шиттінің ылғалдылығы % - талшықтың
ылғалдылығы %) х талшық шығымы %
2. а) Талшық бойынша = ----------------------------------------------------
ылғал шығыны (%) 100
Тармақша б
(шиттінің ылғалдылығы % -
тұқымның ылғалдылығы %) х талшық шығымы %
б) Тұқым бойынша = --------------------------------------------------------
ылғал шығыны (%) 100
Ылғал шығынының жиыны (а + б) ______________________________ %.
Тармақ 3
3. Шитті мақтаны қайта өңдеу кезіндегі нақты салмақтағы шығындар жиыны
салмақпен (1 + 2) _____________ %.
Тармақ 4
4. Есеп жолымен анықталған нақты иістер шамасы мен шығындар сомасы
арасындағы айырма ___________________ % құрайды.
Бухгалтер-экономист ________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бас бухгалтер ________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім iv. IV-бөлім. Шитті мақтаның партиясын сақтау, жинақтау және қайта
өңдеу нәтижелері бойынша мақта тазалау зауыты басшысының шешімі
IV-бөлім. Шитті мақтаның партиясын сақтау, жинақтау және қайта
өңдеу нәтижелері бойынша мақта тазалау зауыты басшысының шешімі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Басшы _________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
20____ жылғы «___» _________________
Басқа 8
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
8-қосымша
____________________________________________________________________
(мақта тазалау зауытының атауы)
Шитті мақтаның сорты __________ партия № ________ көмбе № ___________
№ ______________ Бригада № _____________ Ауысым
№ __________ маркалы мақта талшығын бумалап өлшеу
№
салмағы
№
салмағы
№
салмағы
Бумалар жиыны ________ брутто салмағы _______ ыдыс салмағы __________
нетто салмағы ________
Тауартанушы __________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Салмақ есебін тексердім _________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бухгалтер _________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
20___ жылғы «___» ______________________
Басқа 9
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
9-қосымша
____________________________________________________________________
(мақта тазалау зауытының атауы)
Өндірістен қабылданған мақта талшығы мен қосалқы өнімге
№______ рапорт
Сорты _______ партия № ______ шитті мақтаны тазалау бойынша
Тарау 1. 1. Мақта талшығы
1. Мақта талшығы
Марка нөмірі
Селекциялық сорты
Сорты
Бумалар саны
Нақты салмағы
Ақаулар сомасы мен ластануы
Үстеме
Шегерім
Қалыпты ластануға келтірілген нақты салмағы
Ылғалдылығы, %
Кондициялық массасы
брутто
ыдыс
нетто
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Тығыздалмағанның жиыны _______________________
Тығыздалғанның қалғаны ________________________
Басқа партиялардың тығыздалған
қалдығы алып тасталады _________________________
Осы партия бойынша жиыны _____________________
Тарау 2. 2. Талшықты қалдықтар
2. Талшықты қалдықтар
Марка нөмірі
Селекциялық сорты
Сорты
Бумалар саны
Нақты салмағы
Ақаулар сомасы мен ластануы
Үстеме
Шегерім
Қалыпты ластануға келтірілг ен нақты салмағы
Ылғалдылығ ы, %
Кондициялық массасы
брутто
ыдыс
нетто
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1. Линті
Типі
сорты
сыныбы
2. Мақта үлігі
I типті
II топ
3. Мамық қалдықтары
I типті
II топ
4. Басқада қалдықтар
Дайын өнім тауартанушысы _________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
20 __ жылғы «___» ___________
Басқа 10
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
10-қосымша
Өндіріске қабылданған мақта тұқымына № ______ рапорт
Шитті мақта партиясының нөмірі _______________
Мақта тұқымы партиясының нөмірі _____________
№ _______________ өндірістік тапсырма
Тұқым сорты
Егістік немесе техникалық тұқым
Ылғалдылық, %
Мамықтану, %
Минералдық, органикалық қоқыс құрамы, %
Ақаулы тұқым құрамы, %
Нақты массасы, кило-грамм
Кондициялық массасы, килограмм
1
2
3
4
5
6
7
8
Тауартанушы ________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басқа 11
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
11-қосымша
Қайта өңдеу өнімдерінің өндірістен түсу есебі журналы
Р/с №
Күні
Бригада
Ауысым
Мақта талшығы
маркасы
бумалар саны
брутто салмағы
ыдыс салмағы
нетто салмағы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Линт
Үлік
Қолы
маркасы
бумаларсаны
бруттосалмағы
ыдыс салмағы
нетто салмағы
маркасы
Бумалар
саны
бруттосалмағы
ыдыс салмағы
нетто салмағы
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Басқа 12
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
12-қосымша
Қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есеп
Р/c№
Өндірістік тапсырманың № мен күні
Сорт
Партия №
Шитті мақтаның кондициялық массасы, кило-грамм
Кептіру-тазалау цехының иістері, %
Кондициялықмассада қайта өңдеуге жіберілгені, кило-грамм
Алынған қайта өңдеу өнімдері
мақта талшығы
нетто салмағы
кондициялық массасы
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
кестенің жалғасы
тұқым
Линт
Нетто салмағы
кондициялық массасы
нетто салмағы
кондициялық массасы
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
12
13
14
15
16
17
18
19
кестенің жалғасы
үлік
мамық
Негізгі өндіріс иістері
нетто салмағы
кондициялық массасы
нетто салмағы
кондициялық массасы
нетто салмағы
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
%
шитті мақтаның салмағына %
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
Мақта иесі ________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бас бухгалтер ________ __________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басқа 13
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
13-қосымша
____________________________________________________________________
(мақта тазалау зауытының атауы)
20 ____ жылғы «___» _____________
№_______ бұйрық
Бұйрық мерзімі ___________
Материалдық жауапты тұлға ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________
(мақта иесінің атауы)
20__ жылғы «____»__________________ № ________________ сенімхат
бойынша _________________________________ арқылы № ____________ наряд
(тегі, аты, әкесінің аты)
бойынша тиеп жөнелтіңіз:
Өнім түрі
Қойма №
Нетто салмағы, кило-грамм
Мақта қолхатына сәйкес сапа көрсеткіштері
Мақта қолхатына сәйкес сапа көрсеткіштері
Өнім түрі
Қойма №
Нетто салмағы, кило-грамм
микронейр
ылғалдылығы
ластануы
залалдануы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Тиеп жөнелтілетін шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімінің салмағы ______ килограмм
(жазбаша) __________________________________________________________
Басшы ____________ ______________________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Бухгалтер __________ ____________________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Техникалық бақылау
бөлімінің бастығы _________ _____________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Дайын өнімнің тауартанушысы ________ ___________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Мөр орны
Басқа 14
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
14-қосымша
___________________________________________________________________
(мақта тазалау зауытының атауы)
20___ жылғы «___» _______________
Тиеп жөнелту бұйрығының күні мен нөмірі _______________________
Масса, килограмм бұйрық бойынша _____________________________________
Мақта талшығын темір жол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі
Жіберу станциясы ______________ Мақта иесі ___________________
Р/с №
Жүкқұжат №
Вагон №
Нетто массасы, килограмм
Кондициялық массасы, килограмм
Партия №
Мақта талшығы сапасының паспорттарының нөмірлері
1
2
3
4
5
6
7
Техникалық бақылау бөлімінің бастығы ________ _______________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Бухгалтер _________ __________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Дайын өнімнің тауартанушысы _________ _______________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Басқа 15
Қазақстан республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/955 бұйрығына
15-қосымша
____________________________________________________________________
(мақта тазалау зауытының атауы)
20___ жылғы «___» _______________
Тиеп жөнелту бұйрығының күні мен нөмірі _______________________
Бұйрық бойынша масса, килограмм ____________________________________
Автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линт және
талшықты қалдықтар жүкқұжаттарының тізілімі
Жіберу пункті ______________ Мақта иесі __________________
Р/с №
Жүк құжат №
Автомобилдің мемлекеттік тіркеулік нөмірлік белгісі
Орын саны
Нетто массасы килограмм
Кондициялық массасы, килограмм
Ылғалдылығы, %
Ластануы, %
1
2
3
4
5
6
7
8
Техникалық бақылау бөлімінің бастығы ________ _______________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Бухгалтер _________ __________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
Дайын өнімнің тауартанушысы _________ _______________________________