Об утверждении Правил предоставления в аренду и доверительное управление водохозяйственных сооружений Күшін жойған
Басқа 0
Су шаруашылығы құрылыстарын
жалға және сенiмгерлiк басқаруға
беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1- тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 11 қыркүйектегі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 5 қазандағы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 4 тамыздағы
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 19-5/293 бұйрығымен
бекітілген
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға
және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi - су шаруашылығы құрылыстары) кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жалға алушы - Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) жалға беруші - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 3
3) кепілдік жарнасы - тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) сенімгерлік басқару құрылтайшысы - республикалық меншікке өкілдік ететін уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 6
6) сенімгерлік басқарушы - мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
Тармақша 7
7) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
Тармақша 8
8) тендер - жалға беруші немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы үшін ең үздік шарт талаптарын ұсынған тендерге қатысушылардың бірімен олар қабылдаған бастапқы шарттарының негізінде жалға беруші немесе сенімгерлік басқарушы шарт жасасуға міндеттенетін су шаруашылығы құрылыстарын жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
Тармақша 9
9) тендерлік комиссия - жалға беруші немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы су шаруашылығы құрылыстарын жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған комиссия;
Тармақша 10
10) тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
Тармақша 11
11) тендер жеңімпазы - тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
Тармақша 12
12) теңгерімде ұстаушы - су шаруашылығы құрылысы жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берілген мемлекеттік заңды тұлға;
Тармақша 13
13) уәкілетті орган - елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 14
14) шарт - жалға беруші мен жалға алушы немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушы арасында жасалған су шаруашылығы құрылысын жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарты.
Тармақ 3
3. Су шаруашылығы құрылыстары су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мерзiмдерiне қарай оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тендерлер өткiзу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Оларды әрі қарай нысаналы мақсаты бойынша пайдалану су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға берудiң мiндеттi шарты болып табылады.
Су шаруашылығы құрылыстарын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау жалға берушiнiң немесе сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының шешiмi бойынша жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде, технологиялық циклдың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі талап белгiленедi.
Тарау 2. 2. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру тәртiбi
2. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру тәртiбi
Тармақ 6
6. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Су шаруашылығы құрылыстары бойынша жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемелерін теңгерімде ұстаушы баланстық құнды, белгіленген жұмыс режимін, су шаруашылығы құрылыстарын қауіпсіз ұстау және пайдалану қағидалары мен талаптарын, су ресурстарын пайдалануға төлем мөлшерін есепке ала отырып айқындайды және бекітеді:
республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары бойынша уәкiлеттi органмен, мемлекттік мүлік жөніндегі уәкілеттi органмен, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті органның ведомстволарымен келiсiм бойынша;
аудандық және облыстық коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары бойынша - жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiмен және уәкілетті орган ведомствосының өңірлік бөлiмшелерiмен келiсiм бойынша айқындайды және бекiтедi.
Тармақ 7
7. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беруші болып мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді, облыстық және аудандық коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беруші болып жергілікті атқарушы органдар әрекет етеді.
Тармақ 8
8. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру бойынша тендер өткізу туралы шешiмді уәкiлеттi органның және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволарымен келiсiм бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.
Тармақ 9
9. Облыстық және аудандық коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру бойынша тендер өткізу туралы шешiмді табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiмен және уәкiлеттi органның өңірлік бөлімшелерімен келісiм бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Тармақ 10
10. Жалға беруші тендерді ұйымдастырушы болып табылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Тендер өткізуге дайындық
1-параграф. Тендер өткізуге дайындық
Тармақ 11
11. Жалға берушi тендерге дайындалу және оны өткiзу кезiнде:
Тармақша 1
1) тендер комиссиясын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) тендер өткiзу мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 3
3) тендер құжаттамасын дайындайды;
Тармақша 4
4) тендер өткізу туралы хабарламаны жариялайды;
Тармақша 5
5) шарт жобасын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) кепiлдiк жарналарын қабылдайды;
Тармақша 7
7) тендер жеңімпаздарымен шарт жасасады және оның талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) тендерлік комиссия отырысының хаттамаларына қол қояды;
Тармақша 9
9) тендер жеңімпазымен жарт жасасуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер аяқталғаннан кейін тендерге қатысушыларға кепілдік жарналарын қайтарады;
Тармақша 11
11) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Тендерлік құжаттама мыналарды:
Тармақша 1
1) нысаналы мақсаты көрсетілген тендер объектiсi туралы мәлiметтерді;
Тармақша 2
2) өтiнiмнің және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды;
Тармақша 3
3) тендер талаптарын;
Тармақша 4
4) тендер өткiзу тәртiбiн;
Тармақша 5
5) шарт жобасын қамтуы тиіс.
Тармақ 13
13. Тендерлік комиссия құрамына:
республикалық меншiк объектiлерi бойынша жалға берушiнiң, уәкілетті органның және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомстволарының, теңгерімде ұстаушының және өзге мүдделі ұйымдардың өкілдері;
аудандық және облыстық коммуналдық меншiк объектілерi бойынша жалға берушiнiң, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiмен, уәкілетті орган ведомствосының өңірлік бөлiмшелерiнің, теңгерімде ұстаушының және өзге мүдделі ұйымдардың өкілдері енеді.
Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Жалға берушiнiң өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссияның құрамын жалға берушi бекiтедi.
Тендерлік комиссия хатшысы жалға берушiнiң өкiлi болып табылады және комиссия мүшесі болып табылмайды. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру және оны өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссия хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 14
14. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жалға беруші белгілеген мерзімде және ол ұсынған объекті туралы деректердің негізінде негізгілері жалға беру төлемінің есептелген бастапқы мөлшерлемесі және объектіні пайдалануды ұйымдастыру және су беру жөніндегі қызметтер көрсету бойынша бизнес-жоспар болып табылатын тендердің шарттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) тендер өткiзедi;
Тармақша 3
3) тендер жеңiмпазын хабарлайды.
Тармақ 15
15. Жалға беруші тендер өткізу туралы хабарламаның мерзімді баспа басылымында, интернет-ресурста тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) жалға берушінің атауын;
Тармақша 2
2) тендер өткізу шарттарын;
Тармақша 3
3) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;
Тармақша 4
4) тендер өткiзу күнін, уақытын;
Тармақша 5
5) тендерге қатысуға өтінімдi қабылдау мерзiмдерiн;
Тармақша 6
6) жалға алу мерзiмiн және жалдау төлемінің бастапқы мөлшерлемесінің мөлшерін;
Тармақша 7
7) кепiлдiк жарнасының мөлшерiн, мерзiмi мен оны енгiзу үшін банк деректемелерін;
Тармақша 8
8) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн;
Тармақша 9
9) шарт жасау мерзімін;
Тармақша 10
10) тендер объектісімен танысу мекенжайын, мерзімдерін және шарттарын қамтиды.
Тармақ 2. 2-параграф. Тендерді өткізу
2-параграф. Тендерді өткізу
Тармақ 17
17. Тендер қатысушыларын тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
Тармақ 18
18. Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн жалға берушi барлық ниет бiлдiргендерге тендер өткiзу объектiлерi мен шарттары туралы ақпаратқа еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 19
19. Тендерге қатысу үшін тендерге қатысушы келесі құжаттарды қоса отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда су шаруашылығы құрылысын жалға беру бойынша тендерге қатысуға өтінімді ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін), тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін: жарғының көшірмесін (бар болған кезде), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы немесе анықтама көшірмесі;
Тармақша 3
3) кепілдік жарнасының жалға берушінің депозиттік шотына аударылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) жеке жабылған конвертте берілетін тендерлік және бағалық ұсыныс, бизнес-жоспар.
Тармақ 20
20. Тендер қатысушылары тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен, жалға берушiнiң депозиттiк шотына кепiлдiк жарнасын енгiзедi.
Кепiлдiк жарнасының мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.
Тармақ 21
21. Кепілдік жарнасы тендер жеңімпазының мынадай:
Тармақша 1
1) тендерде жеңiске жеткен жағдайда, тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
Тармақша 2
2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 22
22. Кепiлдiк жарнасы 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрi – Кодекс) 915-бабы 6-тармағында қарастырылған жағдайларда қайтарылмайды.
Осы Қағидалардың 37-тармағын қоспағанда, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналары осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тендерге қатысушы берген кепілдік жарнасын қайтару туралы өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күннен кешiктiрілмейтін мерзiмде қайтарылады. Қатысушылардың кепілдік жарналарын қайтару туралы өтінімдері жалға берушінің шотына жарналар түскеннен кейін қабылданады.
Тармақ 23
23. Тендер комиссиясы тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама тендерді өткізгенге дейінгі күнтізбелік бес күн бұрын мерзімді баспа басылымдарында, интернет-ресурста мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Тендер шарттарының өзгертілгені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға жазбаша өтінім негізінде кепілдік жарнасы қайтарылады.
Тармақ 24
24. Бір кепілдік жарнасы бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді.
Тармақ 25
25. Тендерге қатысушылар:
Тармақша 1
1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негізiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысады;
Тармақша 2
2) тендерге шығарылатын объекті бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды алады;
Тармақша 3
3) объектiнi алдын ала қарап тексереді;
Тармақша 4
4) құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнеді;
Тармақша 5
5) тендер басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын бұл туралы жалға берушіге жазбаша хабарлап, өзінің қатысуға берген өтінімін қайтарып алады.
Тармақ 26
26. Егер өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте бiр ғана өтiнiм тіркелген болса (екiншi және одан кейінгі тендерлердi қоспағанда), тендер комиссиясы тендерді өтпедi деп таниды. Өткізілмеген тендер туралы шешім еркін үлгідегі хаттамамен ресімделеді.
Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші және одан кейінгі тендерлер өтті деп танылады.
Егер тендер өтпеді деп жарияланса, тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ашу жүргізілмейді.
Тармақ 27
27. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталған кезде жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Тендерге қатысуға өтінімдерді тендер комиссиясының мүшелері тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (жалға алушыларға) қойылатын талаптарға сәйкес келетін тендер қатысушыларын анықтау мақсатында қаралады.
Тармақ 29
29. Тендердi өткiзу кезінде комиссия тендерлiк құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін, объектіге жалдау төлемақысының ең жоғарғы сомасымен, су беру бойынша қызметтер және объектіні пайдалануды ұйымдастыру бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушыны тендер жеңiмпазы деп жариялайды.
Тендерге қатысушылар ұсынған объектіні пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі, су беру жөніндегі қызметтердің талаптары, жалдау төлемақысының сомасы сәйкес (тең) болған жағдайда, тендер комиссиясының шешімі бойынша тендерге қатысу туралы өтінімді ерте тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Тендер нәтижелерін ресімдеу
3-параграф. Тендер нәтижелерін ресімдеу
Тармақ 30
30. Тендерлік комиссияның тендер жеңімпазын айқындайтын қорытындысы немесе тендер қорытындысы бойынша өзге шешім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы құрылысын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 31
31. Тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендерлік комиссиясының барлық мүшелері және жеңімпаз тендерге қатысуға өтінімді ашу күнінен он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қояды.
Тармақ 32
32. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендердің нәтижесі болып табылатын тендер нәтижелерін және тендер жеңімпазы мен жалға берушінің шартқа қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Тармақ 33
33. Жеңімпаз жалға берушіге шартқа қол қою кезінде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысу өтініміне тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін ұсынады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті, жарғыны;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалар үшін: жеке басын куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жеке кәсіпкерлер үшін);
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның өкілі үшін: жеке басын куәландыратын құжат және заңды тұлға өкілінің өкілеттілігін куәландыратын құжат.
Тармақ 34
34. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 211 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықық актілер тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартына сәйкес жеңiмпаздың ұсыныстарына сай келетін талаптарда жеңімпазбен шарт жасалады.
Жалға берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы адам тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жеңімпазбен шарт жасайды.
Тармақ 35
35. Тендер жеңiмпазы шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, жалға берушi үш жұмыс күн ішінде тендерге қалған қатысушылар қатарынан осы Қағидалардың 29-тармағының талаптарына сай келетін жеңімпазды айқындайды, ал қалған тендер қатысушыларының саны екіден кем болса жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 36
36. Су шаруашылығын жалға беру шарты мемлекеттік тіркеуге жатады.
Шарттарды мемлекеттік тіркеу жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнасының сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебіне жатқызылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні беру
4-параграф. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні беру
Тармақ 38
38. Шартқа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, теңгерімде ұстаушы объектіні жалға алушыға жалға беруші бекітетін қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді.
Тармақ 39
39. Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) акт жасалған орны мен күні;
Тармақша 2
2) өкiлдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;
Тармақша 3
3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;
Тармақша 4
4) берiлетiн объектiнiң атауы, оның орналасқан жері, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге оның техникалық сипаттамасы мен жай-күйі.
Тармақ 40
40. Қабылдау-тапсыру актісіне тараптардың өкілдері қол қояды және мөрлермен бекітіледі.
Тармақ 41
41. Қабылдау-тапсыру актісі мемлекеттік және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады, оның біреуі жалға берушiде, біреуі теңгерімде ұстаушыда сақталады және біреуі жалға алушыға беріледі.
Тарау 3. 3. Cу шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру
3. Cу шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру
Тармақ 42
42. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша уәкілеттi органның ұсынысы және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомствосының келiсiмi негізінде жүзеге асырылады.
Облыстық және аудандық коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiмен және уәкiлеттi орган ведомствосының өңірлік бөлiмшелерiнiң келiсiмi негізінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Тендер өткiзуге арналған тендерлік комиссияларды:
республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары бойынша - республикалық меншікке билiк етуге уәкілетті мемлекеттік орган;
облыстық және аудандық коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары бойынша - жергілікті атқарушы органдар.
Тармақ 44
44. Тендерлiк комиссияның құрамына республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе коммуналдық меншiкке билік етуге уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың, уәкiлеттi органның және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi органның ведомстволарымен, теңгерімде ұстаушының, сондай-ақ басқа да мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi енгiзiледi.
Тармақ 45
45. Уәкілетті орган сенімгерлік басқару құрылтайшысына сенімгерлік басқару мерзімін қоса алғанда су шаруашылығы құрылысының сипаттамасын, баланстық құн туралы мәліметтерді және тендер шарттарын белгілеу туралы, ұсынысты береді.
Тармақ 46
46. Республикалық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе коммуналдық меншiкке билік етуге уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың өкiлi тендер комиссиясының төрағасы болып табылады.
Тармақ 47
47. Тендер комиссиясы:
Тармақша 1
1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 2
2) тендер өткiзу күнi туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 3
3) тендер шарттары мен жеңiмпазды таңдауға арналған критерийлерді айқындайды;
Тармақша 4
4) кепiлдiк жарнасының мөлшерiн айқындайды;
Тармақша 5
5) тендер өткізу туралы хабарлама жариялауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) тендер өткiзедi;
Тармақша 7
7) тендер жеңiмпазын айқындайды.
Тармақ 48
48. Кепiлдiк жарнасы Кодексінің 915-бабы 6-тармағында қарастырылған жағдайларда қайтарылмайды.
Тармақ 49
49. Егер тендер комиссиясының отырыстарына комиссия мүшелерiнiң кемiнде үштен екісі қатысса, ол заңды болып табылады. Тендер комиссиясының шешiмдерi қатысушы комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал дауыс тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 50
50. Су шаруашылығы құрылыстарын сенiмгерлiк басқаруға беруге тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарлама мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мерзiмдi баспа басылымында, интернет-ресурста тендер өткiзу жарияланатын күнге дейiн күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмей жарияланады және оған мынадай мәлiметтер кіреді:
Тармақша 1
1) тендер шарттары мен жеңiмпазды таңдау критерийлері;
Тармақша 2
2) тендер объектiсiнiң сипаттамасы;
Тармақша 3
3) тендер өткiзу күнi, уақыты мен орны;
Тармақша 4
4) тендерге қатысуға өтiнiмдер қабылдау мерзiмдерi;
Тармақша 5
5) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртiбi;
Тармақша 6
6) кепiлдiк жарнасының мөлшерi мен оны енгiзу үшiн банк деректемелерi (кепiлдiк жарнасының мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiле алмайды).
Тармақ 51
51. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер өткiзуге бiр күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 52
52. Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн теңгерімде ұстаушы барлық ниет бiлдiрушілер тендер өткiзу объектiлерi мен шарттары туралы ақпарат еркiн қолжетiмді болуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 1. 1-параграф. Cу шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлiк
басқаруға беруге арналған тендер өткiзу
1-параграф. Cу шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлiк
басқаруға беруге арналған тендер өткiзу
Тармақ 53
53. Су шаруашылығы құрылыстарын сенiмгерлiк басқаруға беруге арналған тендерге қатысуға ниет бiлдiруші жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар белгiленген мерзiмде:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда су шаруашылығы құрылысын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға арналған өтінім;
Тармақша 2
2) жарғының көшірмесін (бар болған кезде);
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы немесе анықтама көшірмесін;
Тармақша 4
4) тендерге қатысушының қаржылық және техникалық мүмкiндiктерiн, бiлiктiлiгiн растайтын құжаттарды;
Тармақша 5
5) жеке жапсырылған конвертте су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен су беру жөніндегі қызметтерді көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi бизнес-жоспарын;
Тармақша 6
6) салықтық берешегi жоқ екенi туралы анықтамасын;
Тармақша 7
7) кепiлдiк жарнасын енгiзгендiгiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн ұсынады.
Тармақ 54
54. Тендерге қатысушы ретiнде тiркеуден бас тартуға:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 55 тармағында көзделген құжаттардың толық жиынтығының ұсынылмауы;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк бюджет алдында салықтық берешегiнің болуы;
Тармақша 3
3) тендер шарттарында белгiленген талаптарды бұза отырып құжаттар ұсынуы негiз болып табылады.
Тармақ 55
55. Тендерге қатысушы:
Тармақша 1
1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхат негiзiнде өз өкiлдерi арқылы қатысады;
Тармақша 2
2) тендерге қойылатын су шаруашылығы құрылыстары бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды тегiн алады;
Тармақша 3
3) су шаруашылығы құрылыстарын алдын ала қарап-тексереді;
Тармақша 4
4) бұл туралы тендер комиссиясына ол өткiзiлерден үш жұмыс күні бұрын жазбаша түрде хабарлап, тендерге қатысуға өз өтiнiмiн қайтарып алады.
Тармақ 56
56. Егер өтiнiм қабылдау мерзiмi аяқталар сәтте (үшiншi және одан кейiнгi тендерлердi қоспағанда) бiр өтiнiмнен артық тiркелмесе, тендер өтпедi деп танылады.
Тармақ 57
57. Тендер өткiзiлетiн күнi оның отырысында комиссия мүшелерi тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жария етедi.
Конверттердi ашу және ұсыныстарды жария ету кезiнде тендерге қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкiлдерi қатысады.
Тармақ 58
58. Конверттер ашылғаннан және ұсыныстар жария етілгеннен кейiн тендер комиссиясы ұсыныстарды талқылау мен оларды бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
Тендерге қатысушылар (олардың өкiлдерi) ұсыныстарды талқылау мен оларды бағалауға қатыспайды.
Конкурстық өтiнiмдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде конкурс қорытындысы шығарылады.
Тармақ 59
59. Тендердің жеңімпазы комиссияның шешімі бойынша ұсынысы тендерді жариялау туралы хабарламадағы барлық талаптарға жауап беретін және тендер шарттарын орындау бөлігінде ең жақсысы болып табылатын, жеңімпазды таңдау критерийлеріне сәйкес келетін қатысушы болып табылады.
Тармақ 60
60. Су шаруашылығы құрылысын сенімді басқаруға беруге арналған тендер жеңiмпазын таңдау критерийлері жеңімпаздың біліктілік мәліметтері, су шаруашылығы құрылыстарын күтіп-устау және пайдалану жөніндегі техникалық және қаржылық мүмкіндіктері болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Cу шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлiк басқаруға беруге арналған тендер нәтижелерiн ресiмдеу
2-параграф. Cу шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлiк басқаруға беруге арналған тендер нәтижелерiн ресiмдеу
Тармақ 61
61. Тендерлік комиссияның тендер жеңімпазын айқындайтын қорытындысы немесе тендер қорытындысы бойынша өзге шешім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы құрылысын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.
Ерекше пікірі болған кезде, тендерлік комиссияның мүшесі оны жазбаша баяндайды және хаттамаға қоса береді.
Тендердің жеңімпазын анықтайтын хаттамаға тендерді жеңіп алған тұлға да қол қояды.
Тармақ 62
62. Тендер нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде жеңiмпазға берiледi және оның сенiмгерлiк басқару шартын жасасуға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Тармақ 63
63. Тендер нәтижелерi туралы хаттама негiзiнде тендерге қатысу кезінде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптармен жеңімпазбен сенiмгерлiк басқару шарты жасалады.
Тармақ 64
64. Жеңiмпаз тендерге қатысу кезінде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптармен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тендер комиссиясы қалған тендер қатысушылары iшiнен (егер қалғандар екеуден кем болмаса) жеңiмпазды айқындайды не жаңа тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 65
65. Мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) егер тендерге қатысушы өз ұсынысынан бас тартса немесе оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгертсе;
Тармақша 2
2) теңдерге қатысу кезiнде мәлімделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптармен тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тендер жеңiмпазына кепiлдiк жарнасы қайтарылмайды.
Барлық басқа жағдайларда кепiлдiк жарнасы тендер қатысушысы берген кепілдік жарнасын қайтару туралы өтініш осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып берілген күннен бастап банктік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады, ал тендердің жеңімпазына кепілдік жарнасы шартқа қол қойылған күннен бастап банктік он күн ішінде қайтарылады. Кепілдік жарналарын қайтару туралы тендерге қатысушылардың өтініштері сенімді басқару құрылтайшысының есебіне жарналар түскеннен кейін қабылданады.
Тармақ 66
66. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей жасалады.
Басқа 1
Су шаруашылығы құрылыстарын
жалға және сенiмгерлiк
басқаруға беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру
бойынша тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
Тармақ 1
Тармақ 1
1. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру туралы жарияланған хабарламаны қарап
және су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру
қағидаларымен танысып, _______________________________________________________
______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның
атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін
өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
20__ жылғы «___» ____________ _____ болатын тендерге қатысуға ниет
білдіреді.
Тармақ 2
2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін ______________________________________
(жалға беруші көрсетіледі)
______________________ депозиттік шотына жалпы сомасы _______________________
(цифрмен)
(____________________) теңге ___ кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (к).
(сома жазбаша)
ЖСК № _____________________, БСН ________________________, төлем тағайындау
коды ________, Кбе ___________, мекеме коды _________
Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері туралы мәлімет:
№
Жалға беру объектісінің атауы
Аударуға жататын кепілдік жарнасының
сомасы, теңге
1
2
Жиыны
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәлімет:
№
Кепілдік жарнасының тағайындалуы және тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) су шаруашылығы объектісінің атауы
Төлем құжатының №
Төлем құжатының күні
Кепілдік жарнаның
сомасы, теңге
1
2
Жиыны
Тармақ 3
3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес емес екенім (із) анықталған жағдайда, мен ( біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатынына (ымызға), мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама және жалға беру шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (із).
Тармақ 4
4. Егер мен (біз) тендер жеңімпаз (дар)ы деп танылған жағдайда өзіме (өзімізге) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жалға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (мыз).
Тармақ 5
5. Мынадай:
Тармақша 1
1) тендер мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартқан немесе оны өзгерткен;
Тармақша 2
2) белгіленген мерзімде жалға беру шартына қол қоюдан бас тартқан;
жағдайларда мен (біз) енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (міз).
Тармақ 6
6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
Тармақ 7
7. Өзім (із) туралы мынадай:
Заңды тұлғалар үшін:
Атауы ________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) ____________________________________________________________
Тармақша 2
2) _____________________________________________________________
Тармақша 3
3) __________________________________________________________
Жеке тұлғалар үшін: ___________________________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):
ЖСН __________________________________________________________
Паспорт деректері _______________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) _____________________________________________________________
Тармақша 2
2) _____________________________________________________________
Тармақша 3
3) __________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
20__ ж. «___» ____________.
Мөр орны
Басқа 2
Су шаруашылығы құрылыстарын
жалға және сенiмгерлiк
басқаруға
беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру жөніндегі тендер нәтижелері туралы хаттама
_____жыл мерзімге ____________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(объектінің атауы)
Тендер өткізілетін күн: 20___ жылғы «___»_____________
Тендер өткізілетін орын: _______________________________________
Жалға беруші: ________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Жалға берілетін объекті бойынша деректер: ____________________________________
______________________________________________________________________________
(су шаруашылығы құрылыстарының толық сипаттамасы көрсетіледі)
Жалға берілетін объектің орналасқан жері: ___________________________________
______________________________________________________________________________
(облыс, аудан)
Су шаруашылығы құрылыстарының баланстық құны:
______________________________________________________________________________
Тендерге қатысушылар туралы мәлiметтер мен олардың ұсыныстары:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
Тендер нәтижелері:
1. Тендердің жеңімпазы: ______________________________________________________
(тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушы көрсетіледі)
2. Тендер шарттары және Тендер жеңімпазының ұсыныстары:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
Тендердің нәтижелері туралы осы хаттама хаттамаға қол қойылғаннан кейін
күнтізбелік он күннен кешіктірмей Тендер жеңімпазы мен Жалға беруші жалға беру
шартын жасасу міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(тендердің нәтижелерімен және Тендер жеңімпазының міндеттемелерімен танысу
туралы Тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушының уәкілетті адамының өз қолымен
қойған белгісі көрсетіледі)
______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда)
20__ жылғы «__» _________ ______________________
(күні) (қолы)
Осы хаттама Жалға беруші мен Тендер жеңімпазы үшін бір-бірден екі данада
жасалған.
Комиссия төрағасы:____________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
Комиссия төрағасының орынбасары:______________________________________________
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
Комиссия мүшелері:____________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
Комиссия хатшысы:_____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
Басқа 3
Су шаруашылығы құрылыстарын
жалға және сенiмгерлiк басқаруға
беру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Су шаруашылығы құрылысын сенімгерлік басқаруға беру
жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
Тармақ 1
1. _____________________________________________________________________________________
(объектінің атауы)
мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Су шаруашылығын құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы атынан _______________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, толығымен, не заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________________________________________________________________________
(атынан өтінім беріліп отырған Қатысушы көрсетіледі)
тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы «___» _____________
__________________________________________________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
Тармақ 2
2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында
(сомасы теңгемен, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)
тендерге қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің депозиттік шотына немесе ақпараттық хабарламада көрсетілген жергілікті атқарушы органның
(бұдан әрі - ЖАО) депозиттік шотына:______________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(ЖСН (БСН) төлемді тағайындау коды, Кбе, мекеменің коды)
кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).
Тармақ 3
3. Біздің (менің) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз (м) айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (міз).
Тармақ 4
4. Егер біз (мен) тендерге тендердің жеңімпазы болсақ, өзімізге Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және хаттамаға қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.
Тармақ 5
5. Мынадай:
тендер мерзімі өткенге өз ұсынысынан бас тартқан немесе оны өзгерткен;
тендерге қатысу кезінде мәлімделген ұсыныстарға жауап беретін жағдайларда шарт жасасудан бас тартқан; жағдайларда біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынына және сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынына келісемін (міз).
Тармақ 6
6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
Тармақ 7
7. Өтінімге:
Тармақша 1
1) __________________________________________________________
Тармақша 2
2) ____________________________________________________________
Тармақша 3
3) _____________________________________________ қоса беріліп отыр.
Тармақ 8
8. Төлем деректемелері:_________________________________________________________________
(бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, ЖСН (БСН)
_______________________________________________________________________________________
(алушының деректемелері: атауы, ЖСН (БСН), Кбе, ағымдағы шот)
Тармақ 9
9. Тендерге қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе жеке басты куәландыратын құжаттың) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұрғылықты жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.)__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты).
20__ жылғы «___» ___________
мөр орны
Басқа 4
Су шаруашылығы құрылыстарын
жалға және сенiмгерлiк
басқаруға
беру қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер нәтижелері туралы хаттама
_____жыл мерзімге ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(объектінің атауы)
Тендер өткізілетін күн: 20___ жылғы «___»___________.
Тендер өткізілетін орын: __________________________________________
Сенімгерлік басқару құрылтайшысы: _________________________________
____________________________________________________________________
Сенімгерлік басқару объектісі: _____________________________________
______________________________________________________________________________
(су шаруашылығы құрылыстарының толық сипаттамасы көрсетіледі)
Сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері: ___________________________
______________________________________________________________________________
(облыс, аудан)
Су шаруашылығы құрылыстарының баланстық құны: ________________________________
______________________________________________________________________________
Тендерге______________________________________________________________________
(__________________________________________) қатысушы қатысты.
(саны, оның ішінде жазумен)
Тендер нәтижелері:
1. Тендердің жеңімпазы: ______________________________________________________
(тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушы көрсетіледі)
2. Тендер шарттары және Тендер жеңімпазының ұсыныстары:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
Тендердің нәтижелері туралы осы хаттама хаттамаға қол қойылғаннан кейін
күнтізбелік он күннен кешіктірмей Тендер жеңімпазы мен Сенімгерлік басқару
құрылтайшысының сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін тіркейтін
құжат болып табылады.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(тендердің нәтижелерімен және Тендер жеңімпазының міндеттемелерімен танысу
туралы Тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушының уәкілетті адамының өз қолымен
қойған белгісі көрсетіледі)
______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда)
20__ жылғы «__» _________ ______________________
(күні) (қолы)
Осы хаттама Сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен Тендер жеңімпазы үшін
бір-бірден екі данада жасалған.
Комиссия төрағасы:____________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
Комиссия төрағасының орынбасары:______________________________________________
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
Комиссия мүшелері:____________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)
Комиссия хатшысы:_____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған
жағдайда)