О внесении изменений в некоторые решения Целиноградского районного маслихата об изменениях в административно-территориальном устройстве Целиноградского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулылары мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 17 ақпандағы № А-2/65 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-6 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне, «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің шешіміне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/221 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен 2015 жылғы 22 мамырдағы № 5С-37-6 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сай өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Целиноград ауданының әкімі ______________М. Тәткеев 05.11.2015
Басқа 3
Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы № 331/47-5 шешіміне қосымша Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізімі
Тармақ 1
орыс тіліндегі 2-тармаққа өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 Целиноград аудандық мәслихатының шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде 2014 жылғы 28 наурызда жарияланған): көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы мен 1-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады; көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 1-қосымшасындағы тақырыбына және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады; көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 2-қосымшасында «селосы», «селолық» сөздері «ауылы», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізілді.