О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады.
Тармақ 4
4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 5-1
5-1. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мәртебесі, жалақысының мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті жұмыскерлеріне теңестіріледі.
Тармақ 6
6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 7-1
7-1. Кеңестің жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді. Кеңес Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Сот төрелігі академиясын құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Тармақ 8
8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес.
Бап 2. 2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары
2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары Кеңес өз қызметін тәуелсіздік, заңдылық, алқалық, жариялылық және бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
Бап 3. 3-бап. Кеңестің өкілеттіктері
3-бап. Кеңестің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Кеңес:
Тармақша 1
1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады: конкурстың қорытындылары бойынша аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының және кассациялық сот судьясының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
Тармақша 2-1
2-1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау не сайлау мәселелерін қарайды: жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; Құрылтайға ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Тармақша 3
3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды: облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
Тармақша 3-1
3-1) аудандық сот төрағасының бос лауазымына сайлау үшін кадр резервінде тұрған адамдардың және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдардың қатарынан кандидатураларды облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына ұсынады;
Тармақша 3-2
3-2) облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдардың қатарынан аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады: іріктеудің қорытындылары бойынша аудандық сот төрағасының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Тармақша 4
4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды: Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда төрағалардың, сот алқалары төрағаларының және судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды: Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымынан босатуды ұсынады; Құрылтайға ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді;
Тармақша 5-1
Тармақша 5-2
5-2) зейнеткерлік жасқа толғанда судья лауазымында болу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайды;
Тармақша 5-3
5-3) Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясын жалпы басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;
Тармақша 6-1
6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды;
Тармақша 8
8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады;
Тармақша 10
10) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;
Тармақша 11
11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 11-1
11-1) судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін алдын ала келіседі;
Тармақша 12
12) Кеңес регламентін бекітеді;
Тармақша 13
13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, Кеңестің ұсынымын алған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды;
Тармақша 15
15) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы, сот алқалары төрағалары және судьясы, кассациялық соттың төрағасы және судьясы, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары және судьясы лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады;
Тармақша 17
17) кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
Тармақша 18
18) Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;
Тармақша 18-1
18-1) Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекітеді;
Тармақша 19
19) судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тәртібін айқындайды;
Тармақша 19-1
19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді;
Тармақша 20
20) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекітеді;
Тармақша 21
21) осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге заңдарынан туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеңестің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) тиісті лауазымды адамдардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етіп алдыруға;
Тармақша 3
3) Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқығы бар.
Тарау 2. 2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
Бап 4. 4-бап. Кеңес құрамы
4-бап. Кеңес құрамы
Тармақ 1
1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағаны және басқа да адамдарды қоса алғанда, он алты адамнан тұрады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Құрылтайдың тиісті тұрақты комитетінің төрағасы лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа адамдарды да, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы судьялар қатарынан кандидаттарды сайлайды және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңес мүшелері етіп тағайындауы үшін ұсыным жасайды. Кеңес құрамына судьялардың кандидатуралары Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында жергілікті және басқа да соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары және кассациялық соттардың жалпы отырыстары ұсынған кандидаттар арасынан қаралады. Судьялар Кеңес мүшелерінің кемінде жартысын құрайды.
Тармақ 3
3. Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады. Бұл ретте Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелерінің жартысы бір жарым жыл сайын қайта тағайындалады.
Тармақ 4
4. Кеңес мүшелерінің арасынан адам шығып қалған жағдайда, Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалады. Бұл ретте Кеңестің жаңа мүшесі осы бапта көзделген тәртіппен Кеңестің шығып қалған мүшесінің қалған өкілеттік мерзіміне тағайындалады.
Тармақ 5
5. Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқау кеңесінің құрамына кірумен, саяси партияның басшылық лауазымдарында болумен сыйыспайды.
Тармақ 6
6. Лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін, шетелдік сарапшыларды және заңгерлер жұртшылығының өкілдерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша міндеттерін орындаудан босатылады.
Тармақ 7
7. Судьялар, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес Кеңеске бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі. Судьялар, мемлекеттік қызметшілер, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелері жалақы деңгейі бойынша Жоғарғы Сот судьяларына теңестіріледі. Судьялар, мемлекеттік қызметшілер, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
Тармақ 8
8. Кеңес мүшелері тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне ғана бағынады.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері Кеңестің өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде тең құқықтарға ие болады.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
Тармақша 1
1) өз қалауы бойынша;
Тармақша 2
2) шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
Тармақша 3
3) кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;
Тармақша 4
4) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
Тармақша 5
5) айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде тоқтатылуы;
Тармақша 6
6) қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
Тармақша 7
7) судьяның өкілеттіктерін тоқтату;
Тармақша 8
8) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру;
Тармақша 9
9) Кеңес құрамына қосуға негіз болған мән-жайлардың қолданысының тоқтатылуы;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздердің туындауы.
Тармақ 11
11. Кеңес хатшысы Кеңестің мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Бап 5. 5-бап. Кеңес Төрағасы
5-бап. Кеңес Төрағасы
Тармақ 1
1. Кеңес Төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) Кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2-1
2-1) Кеңес аппаратының құрылымын бекітеді;
Тармақша 3
3) Кеңестің отырыстарын шақырады және Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен хаттамаларына қол қояды;
Тармақша 5
5) Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді айқындайды;
Тармақша 6
6) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, судьялардың кеңестеріне, кассациялық соттардың жалпы отырыстарына, облыстық соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысуға құқылы;
Тармақша 7
7) Кеңес регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 9
9) негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөледі;
Тармақша 10
10) өз құзыретінің мәселелері бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 11
11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің біріне Төрағаның өкімімен жүктеледі.
Бап 6. 6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері
6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Кеңес мүшесі:
Тармақша 1
1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға;
Тармақша 2
2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға;
Тармақша 3
3) қаралып отырған мәселелер бойынша өтінішхаттарды мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге;
Тармақша 4
4) қолында бар құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 5
5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға;
Тармақша 6
6) судьялыққа кандидаттармен және судьялармен өңірлерде көшпелі кездесулер өткізуге;
Тармақша 7
7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының, кассациялық соттардың жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 8
8) Кеңестің құзыреті шегінде азаматтарды жеке қабылдауды жүргізуге;
Тармақша 8-1
8-1) Кеңес отырысында қарау үшін шығарылатын мәселелер тізбесі бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 9
9) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Кеңес мүшесі:
Тармақша 1
1) Кеңестің отырыстарына қатысуға;
Тармақша 2
2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап және объективті болуға;
Тармақша 3
3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты өзіне белгілі болған, судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға;
Тармақша 4
4) Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде, егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.
Бап 7. 7-бап. Кеңес хатшысы – аппарат басшысы
7-бап. Кеңес хатшысы – аппарат басшысы
Тармақ 1
1. Кеңес хатшысы – аппарат басшысы:
Тармақша 1
1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін қалыптастырады және бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды;
Тармақша 3
3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне өз қолын қойып растайды;
Тармақша 4
4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды;
Тармақша 7
7) Кеңес аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 8
8) Кеңес аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 8-1
8-1) Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Біліктілік комиссиясының, Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 10
10) Кеңес аппаратында атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;
Тармақша 11
11) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шотына қол қояды;
Тармақша 12
12) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады және оған жауап береді;
Тармақша 13
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес аппаратының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 15
15) Кеңес аппаратының жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 16
16) Кеңес аппараты қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
Тармақша 16-1
16-1) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;
Тармақша 16-2
16-2) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 17
17) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) Кеңестің органын қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды.
Тармақ 2
2. Кеңес хатшысы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері хатшының өкімімен Кеңес аппараты жұмыскерлерінің біріне жүктеледі.
Тарау 3. 3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ
3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ
Бап 8. 8-бап. Кеңес отырыстары
8-бап. Кеңес отырыстары
Тармақ 1
1. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан кезде Кеңес отырысы шешімдер қабылдауға құқықты.
Тармақ 2
2. Кеңес отырыстары ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырыстарына қатысуға құқылы. Қажет болған жағдайларда, Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы, оларды өткізу туралы шешімдер Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің жабық отырыстары, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяларды лауазымнан босату туралы, судьялардың, сот алқалары төрағаларының және соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс қорытындыларын шығару туралы мәселелерді қараған кезде, оның ішінде кандидатураларды талқылаған және олар бойынша шешімдер қабылдаған кезде өткізілмейді.
Тармақ 3
3. Кеңес отырысына қатысып отырған жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырысының барысына кедергі келтірмей, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізуге құқылы. Егер өзіне қатысты материалдар Кеңес отырысында қаралуға жататын отырысқа қатысушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізілмейді.
Тармақ 4
4. Кеңес материалдарды келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау қорытындылары туралы өтініш берушіні міндетті түрде хабардар етеді.
Бап 9. 9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі
9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Кеңес отырыстарын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның ішінде шешімдер қабылдау және дауыс беруді өткізу тәртібі Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын Кеңес регламентінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті лауазымдарға орналасуға үміткер немесе атқаратын лауазымдарынан босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы, егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болып табылмайды.
Тармақ 3
3. Кеңес мүшелерінің отырыстарға қатысуы міндетті, олардың өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
Бап 10. 10-бап. Кеңес шешімдері
10-бап. Кеңес шешімдері
Тармақ 1
1. Кеңестің соттардың кадр мәселелері, судьялардың тәртіптік жауаптылығы және олардың жұмыс сапасын бағалау жөніндегі шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралып жатқан адамның, сондай-ақ шақырылған өзге де адамдардың қатысуынсыз, оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусымен қабылданады. Кеңестің өзге, оның ішінде рәсімдік мәселелер жөніндегі шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Кеңес қорытынды, хаттамалық шешім және (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда, ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, бұл Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Тармақ 4
4. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңес өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдайлар жасайды, олар Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тарау 4. 4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
Бап 11. 11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы
11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы
Тармақ 1
1. Судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін және оны практикада қолдану қабілетін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Тармақ 2
Тармақ 2-1
2-1. Комиссияны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оның отырыстарын өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі және мінсіз беделі болуға тиіс.
Тармақ 5
5. Комиссияның төрағасы мен мүшелері жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе жекжаттарына қатысты мәселелер қаралған кезде отырысқа қатысуға құқылы емес.
Тармақ 6
6. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары
12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық және жария түрде өткізіледі. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар оның құқықтық күші бар деп есептеледі. Комиссияның отырыстарына байқаушылар шақырылуы мүмкін.
Бап 13. 13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың)тәртібі мен шарттары
13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың)тәртібі мен шарттары
Тармақ 1
1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру, олардың нәтижелеріне шағым жасау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде бес жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және қызметтен босатылған күннен бастап төрт жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
Тармақ 4
4. Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар оқуды бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді.
Тармақ 6
6. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап төрт жыл бойы жарамды болады.
Тармақ 7
7. Психологиялық тестілеуді тапсырмаған адамдар оны қайта тапсыруға кемінде алты айдан кейін жіберіледі. Біліктілік емтиханының басқа кезеңдерін тапсырмаған адамдар оларды қайта тапсыруға кемінде үш айдан кейін жіберіледі.
Тармақ 8
8. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдар туралы ақпарат, сондай-ақ біліктілік емтиханының үлгілік сұрақтары Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Судьялыққа кандидаттардан емтихан алу кезеңдерінің бірін қабылдау жүзеге асырылатын электрондық жүйе ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді, ақпаратты жинаудың, өңдеудің, жинақтаудың, сақтаудың, іздеудің және берудің бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуын, көрсетілген құралдардың істен шығуын болғызбайтын тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуге тиіс. Электрондық жүйенің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында тәуелсіз бағалау, оның ішінде шетелдік мамандар тартыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 9-1
9-1. Кандидаттар Комиссия мүшелерімен әңгімелесуге арнаулы тексеруден өткеннен кейін жіберіледі. Арнаулы тексерудің нәтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады.
Тармақ 10
10. Біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды: психологиялық тестілеу; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу; жазбаша эссе; сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу (кейстегі есептерді шешу) негізінде үміткердің меңгерген білімін практикада қолдану қабілетін тексеру; біліктілік емтиханы кезеңдерінің бірімен қатар болуы мүмкін Комиссия мүшелерімен әңгімелесу. Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі Кеңес шешімімен белгіленеді. Судья лауазымына біліктілік емтиханы сұрақтарының санын, мазмұнын, әзірлеу тәртібін және тізбесін Кеңес айқындайды. 10-1. Заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар және құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын, осы Заңның 16-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген конкурс тәртібімен облыстық соттың судьясы лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін, сондай-ақ заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі бар және құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын, көрсетілген конкурс тәртібімен кассациялық соттың судьясы лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды: психологиялық тестілеу; сот практикасынан алынған жағдайларды модельдейтін міндеттерді шешу (кейстік міндеттерді шешу) негізінде үміткердің өзінде бар білімін практикада қолдана білу қабілетін тексеру. Осы тармақта көрсетілген біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері осы Заңның 16-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген конкурсқа қатысу үшін жарамды.
Бап 14. 14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту
14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту туралы шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды және бұған судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайларда жол беріледі. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия төрағасы өтініш берілген немесе осы Заңның 13-бабының 9-1-тармағында көрсетілген арнаулы тексеру нәтижелері алынған күннен бастап бір ай ішінде азаматқа уәжді жауап беруге міндетті.
Бап 15. 15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары
15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары
Тармақ 1
1. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар психологиялық тестілеу нәтижелері ескеріле отырып, Кеңестің шешімі бойынша қосымша ақпарат алу және хабарланған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Зерттеу өткізудің негізгі міндеті:
Тармақша 1
1) құқыққа қарсы ниеттерді;
Тармақша 2
2) мінез-құлықтың жасырын бұзылуын, жағымсыз тәуелділіктерді, есірткі, психотроптық заттар және психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын өзге де психикаға белсенді әсер ететін заттар тұтынуды;
Тармақша 3
3) сауалнамалық деректер, кірістері, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер жасыруды немесе бұрмалауды, қос азаматтығының болуын, қолдан жасалған құжаттар пайдалануды;
Тармақша 4
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, құпия немесе қызметтік ақпаратты бөгде адамдарға беру фактілерінің бұрын болуын;
Тармақша 5
5) тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыс жасауды немесе егер бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуды;
Тармақша 6
6) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануды анықтау болып табылады.
Тармақ 3
3. Полиграфологиялық зерттеудің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 4
4. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тарау 5. 5-тарау. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсыным шығару
5-тарау. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсыным шығару
Бап 16. 16-бап. Судья лауазымына конкурс
16-бап. Судья лауазымына конкурс
Тармақ 1
1. Кеңестің аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелері бойынша беріледі. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Кеңес бекітетін құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын облыстық сот, кассациялық сот судьясының бос лауазымына кандидаттар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін. Мұндай жеке конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Конкурс жариялау туралы шешімді жыл сайын Кеңес бекітетін және Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылатын конкурстар өткізу графигінің негізінде Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды. Конкурсты өткізу графигін бекіту тәртібі, сондай-ақ оған енгізілетін мәліметтер Кеңес регламентінде айқындалады.
Тармақ 3
3. График судьялардың ауысуын талдау мен болжау, жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының өкілеттік мерзімдері, сондай-ақ бар бос орындар ескеріле отырып жасалады.
Тармақ 4
4. Кеңестің аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Кеңестің регламентінде белгіленген мерзімдерде, бірақ конкурсқа дейін кемінде екі апта бұрын Кеңестің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Бұл ретте облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына орналасуға конкурс облыстық соттың сот алқасының төрағасы өкілеттіктерінің мерзімі өткенге дейін жариялануы мүмкін.
Тармақ 5
5. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін Кеңестің конкурс туралы хабарландыруында көрсетілген мерзімдер ішінде, бірақ Кеңестің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде екі апта ішінде Кеңес аппаратына өтінішті және тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
Бап 17. 17-бап. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар
17-бап. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар
Тармақ 1
1. Аудандық соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа – «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келетін азаматтар, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген судьялар қатыса алады.
Тармақ 2
2. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін азаматтар қатыса алады.
Тармақ 3
3. Аудандық соттың судьясы және облыстық соттың судьясы, кассациялық соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық, кассациялық соттардың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының және жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындыларын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысушылар, жалпы отырыстардың, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының өткізілетін күні туралы, сондай-ақ олар қабылдаған шешімдер туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылуға және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Бап 18. 18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі
18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі
Тармақ 1
1. Бос лауазымдарға кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болғызбайтын шарттарда, ашық және жариялы түрде жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарға конкурстық іріктеу өткізу тәртібі Кеңестің регламентімен айқындалады.
Тармақ 2
2. Жоғары білім деңгейі, биік моральдық-адамгершілік қасиеттер мен мінсіз бедел судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары болып табылады. Облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға қосымша ұйымдастырушылық қабілет те ескеріледі. Шалғай жерде орналасқан соттарда немесе штат саны үш бірліктен аспайтын соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьялар аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде өзге жағдайлары тең болса, басымдыққа ие болады. Судьяның бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу Кеңес айқындайтын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және осы Заңда көзделген талаптарға негізделген, судья лауазымдарының санаттары бойынша сараланған цифрлық және бағалау өлшемшарттарының, оның ішінде соттағы, прокуратурадағы, адвокатурадағы жұмысты ескеретін өлшемшарттардың жүйесі пайдаланыла отырып та өткізіледі.
Тармақ 3
3. Судья лауазымына кандидаттарды зерделеуді, сондай-ақ іріктелген кандидаттарды Кеңес отырысына шығаруды Кеңес жанындағы Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияны қалыптастыру, сондай-ақ отырыстарын өткізу тәртібі Кеңес регламентінде айқындалады. Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусын жинаған кандидат бос лауазымға орналасуға арналған конкурстың жеңімпазы деп танылады. Конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялау, сондай-ақ оларды өткізу қорытындысы бойынша түсіндірмелерді жариялау Кеңес регламентінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын және конкурста жеңіске жеткен кандидат қосымша түрде міндетті арнайы тексеруден өтуге тиіс. Арнайы тексеруден өтуді Кеңес аппараты ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметте үзіліссіз өтілі бар және бұрын арнайы тексеруден өткен кандидаттар кадр қызметі куәландырған тиісті анықтаманы ұсына алады. Арнайы тексерудің нәтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
Тармақ 5
5. Егер арнайы тексеру қорытындылары бойынша конкурста жеңіске жеткен кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын, соның ішінде оның кейіннен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылғанын куәландыратын мәліметтер анықталған жағдайда, онда прокуратура органдары мұндай кандидаттарға қатысты қылмыстық істердің материалдарын зерделей отырып, қосымша тексеру жүргізеді, оның қорытындысы Кеңес отырысында қаралады. Іріктеуден өткен және Кеңес тағайындауға ұсыным жасаған кандидатты аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына тағайындауға кедергі келтіретін негіздер болған кезде, сондай-ақ ол бос лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңес ұсыным беру туралы шешімнің күшін жояды және конкурсқа қатысқан адамдар қатарынан басқа кандидатты бос лауазымға тағайындау үшін ұсына алады.
Тармақ 5-1
5-1. Судьялыққа кандидаттар Кеңестің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өтуі мүмкін. Судьялыққа кандидат тағылымдама қорытындылары бойынша соттың жалпы отырысының теріс қорытындысын алған жағдайда, Кеңестің ұсынымы қайта қаралуға тиіс. Кеңестің ұсынымын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. Кеңес тағылымдама қорытындылары бойынша жалпы отырыстың теріс қорытындысын негізді деп таныған жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және осы бос судья лауазымына:
Тармақша 1
1) осы судья лауазымына конкурсқа қатысқан кандидат ұсынылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) қайта конкурс жариялануы мүмкін.
Тармақ 6
6. Егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және:
Тармақша 1
1) судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін;
Тармақша 1-1
1-1) шалғай жерде орналасқан соттың конкурс қорытындысы бойынша бос қалған судья лауазымына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 30-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам ұсынылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) қайта конкурс жариялануы мүмкін.
Тармақ 7
7. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу қорытындылары бойынша конкурс қорытындыларына орай ұсыным жасалған адамдар туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі
6-тарау. Облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі
Бап 19. 19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі
19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі
Тармақ 1
1. Облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының оларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қарағаннан кейін енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды.
Тармақ 1-1
1-1. Аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған және тиісті қорытынды алған адамдардың қатарынан қарайды.
Тармақ 2
2. Аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс. Облыстық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, облыстық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. Кассациялық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, кассациялық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Соттың судьялары арасынан ұсынылады. Бұл ретте аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы, кассациялық соттың төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған және ұйымдастырушылық қабілеті бар адамдарға басымдық беріледі.
Тармақ 3
3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі.
Тармақ 3-1
3-1. Аудандық сот төрағасының лауазымына бос орынды жариялау туралы шешімді аудандық соттар төрағалары өкілеттіктерінің мерзімі ескеріліп, Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды. Бос орын туралы хабарландыру Кеңес регламентінде белгіленген мерзімдерде Кеңестің интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 3-2
3-2. Кеңес аудандық сот төрағасының бос лауазымына өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Мұндай тексеруді жүргізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Тармақ 3-3
3-3. Кеңестің кадрлық резервте тұрған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына кандидаттарды енгізу тәртібі, аудандық соттың төрағасы лауазымына облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған кандидаттарды іріктеу тәртібі, сондай-ақ кандидат лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайларда, Кеңестің ұсынымдарын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Тармақ 3-4
3-4. Кандидат аудандық соттың төрағасы лауазымына тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және:
Тармақша 1
1) аудандық сот төрағасының бос лауазымы кеңейтілген жалпы отырыста сайланған өзге кандидаттарға ұсынылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) қайта іріктеу жариялануы мүмкін.
Тармақ 4
4. Кеңес отырыста аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына сайланған немесе ұсынылған барлық кандидатураларды міндетті түрде қарайды.
Бап 20. 20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары
20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары
Тармақ 1
1. Облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттарда ұқсас лауазымға екі реттен артық тағайындалмайды.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Тарау 7. 7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖӘНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖӘНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
Бап 21. 21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер
21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер
Тармақ 1
1. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның өтініші, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімі Кеңестің соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растайтын құжат қоса берілген хабары Кеңестің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия судьяны кәсiптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешiмдi Кеңеске енгізеді. Сот жюриі соттың төрағасын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларды тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін атқаратын лауазымдарынан босату туралы шешімді Кеңеске енгізеді.
Тармақ 2
2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін ондағы мәліметтерді «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабында көзделген төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкілеттіктерін тоқтату негіздерінің болуы тұрғысынан зерделейді. Кеңес зерделенген материалдарға Кеңес регламентінде белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге құқылы.
Тармақ 3
3. Тексерудің нәтижелері бойынша анықтама жасалады. Анықтамада анықталған мән-жайлар, тексерушілердің қорытындысы мен ұсыныстары қамтылуға және олардың қолдары қойылуға тиіс.
Бап 22. 22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру
22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру
Тармақ 1
1. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен және тексеру материалдарымен таныстырылуға тиіс. Бұл ретте ол қосымша түсініктемелер беріп, белгілі бір мән-жайларды тексеру туралы өтінішхат бере алады.
Тармақ 2
2. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен және тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, бұл жайында хаттама жасалады, оған тексеруді жүргізген адамдар қол қояды.
Бап 23. 23-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарау
23-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарау
Тармақ 1
1. Кеңес соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қараған кезде өзіне қатысты тиісті лауазымнан босату туралы мәселе қаралып жатқан судьяның түсініктемесін тыңдайды. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның Кеңес отырысына дәлелді себептерсіз келмеуі мәселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа да адамдардың хабары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Кеңестің шешімінде нақты материалдарға сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы қабылданған ұсынымға негіз болған мән-жайлар не ұсынымды қабылдаудан бас тарту қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы ұсыным беруден Кеңестің бас тартуы Сот жюриінің өзі шығарған шешімнің күшін жоюы және оны қайта қарауы үшін негіз болып табылады.
Бап 24. 24-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау
24-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау
Тармақ 1
1. Судья Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне Кеңеске шағым жасай алады. ҚР Конституциялық Сотының 21.04.2023 № 10 нормативтік қаулысымен 24-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес келеді деп танылды.
Тармақ 2
2. Кеңес Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау кезінде өзіне қатысты Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия немесе Сот жюриі шешім қабылдаған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі келтірмейді. Отырыста судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа адамдардың хабарлары тыңдалып, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Кеңес Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:
Тармақша 1
1) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімін негізді деп тану;
Тармақша 2
2) Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және іс жүргізуді тоқтата отырып, оның күшін жою;
Тармақша 3
3) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және қайтадан қарауға жібере отырып, оның күшін жою;
Тармақша 4
4) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімін негізсіз деп тану, оның күшін жою және жаңа шешім шығару.
Тармақ 4
4. Кәсіби қызметті мерзімдік бағалау нәтижелері бойынша Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судьяның шағымын қарау нәтижелері бойынша қабылданған Кеңестің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы шешімі Кеңес отырысында судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы мәселені, ал судья ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқарып отырған лауазымынан босату туралы мәселені қарауға негіз болып табылады.
Тарау 8. 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 25. 25-бап. Қорытынды ережелер
25-бап. Қорытынды ережелер "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат; 2012 ж., № 5, 39-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Бап 26. 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.