О ратификации Соглашения о принципах взимания налога на добавленную стоимость при экспорте и импорте товаров (работ, услуг) между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы Алматыда 1997 жылғы 18 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiм бекiтiлсiн. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) экспорттау және импорттау кезінде қосылған құн салығын алудың принциптері туралы Келісім (1998 жылғы 18 желтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, әрі қарай Уағдаласушы Тараптар деп аталады, экономиканың интеграциясын одан әрі тереңдетуге, шаруагер субъектілер үшін тең мүмкіндіктер жасауға, адал ниетті бәсекеге жағдайлар туғызуға ұмтылып, халықаралық сауданың мәжелері мен ережелерін бағдарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап Жалпы анықтама
1-бап Жалпы анықтама Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
Тармақша а
а). "Нөлдік ставка" термині қосылған құнға нөлдік ставканың салық салуды білдіреді, бұл Уағдаласушы мемлекеттердің салық туралы заңдарында белгіленген тәртіптерде көзделген.
Тармақша б
б). "Мақсатты пункт принципі" термині бір Уағдаласушы Тараптың кедендік аумағынан экспорттау кезінде нөлдік ставканы қолдануды және импорт кезінде басқа Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарында белгіленген ставка бойынша салық салуды білдіреді.
Тармақша в
в). "Құзыретті органдар" термині Уағдаласушы Тараптардың Қаржы министрліктерін білдіреді.
Бап 2. 2-бап Экспорт кезінде салық алудың принципі
2-бап Экспорт кезінде салық алудың принципі Бір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарапқа экспортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығын салатын болады.
Бап 3. 3-бап Импорт кезінде салық алудың принципі
3-бап Импорт кезінде салық алудың принципі
Тармақ 1
1. Басқа Уағдаласушы Тараптан экспортталып бір Уағдаласушы Тарапқа импортталынған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) импортшы елдің заңдарына сәйкес қосылған құн салығы салынады. Қосылған құн салығын алуды импортшы Уағдаласушы Тараптың кедендік аумағына тауарларды импорттау кезінде салықтық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Импортталатын тауарлар жөніндегі қосылған құн салығы Уағдаласушы мемлекеттердің заңдарына сәйкес алынады.
Бап 4. 4-бап Даулы мәселелерді шешу
4-бап Даулы мәселелерді шешу Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы барлық даулар мен алауыздықтар Уағдаласушы Тараптардың Құзіретті органдарының мәслихаттасушы және келіссөздер жүргізуі жолымен шешілетін болады.
Бап 5. 5-бап Қорытынды ережелер
5-бап Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Осы келісім бекітуге жатады және бекіту грамоталары ауысылған күні күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы келісім оған қол қойылған күннен бастап толық көлемінде уақытша қолданылады.
Тармақ 3
3. Әрбір Уағдаласушы Тарап Келісімнің іс-әрекеті кезінде пайда болған қаржылық және өзгеге де міндеттемелерін реттеп, шығарға дейін алты айдан кешікпей, басқа Уағдаласушы Тарапты жазбаша хабардар еткен соң, осы Келісімнен шыға алады. Алматы қаласында 1997 жылғы 18 ақпанда, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқалық дана етіп, жасалды, мұнда барлық мәтіндердің күштері бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтінге артықшылық беріледі. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін