Об утверждении Правил проведения проверок юридических и физических лиц, осуществляющих перевозочную и другую деятельность на железнодорожном транспорте Күшін жойған
Басқа 0
Темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Шаруашылық субъектiлерi темiр жол қызметiнде жүзеге асыратын қызметiне мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасының, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргiзу ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Темiр жол көлiгiндегi бақылау басқармасы (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргiзу ережелерi
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрi
Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының
2001 жылғы 29 мамырдағы
N 42-П бұйрығымен бекiтiлген
Темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргiзу ережелерi
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргiзудiң осы ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Темiр жол көлiгiндегi қызметтi реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттар мен нормалардың қамтамасыз етiлуi үшiн тексерулердi жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тексерулердi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң және оның аумақтық органдарының (бұдан әрi - Комитет) қызметкерлерi дербес те, осыған құзыреттi басқа да мемлекеттiк құзырет органдарымен бiрлесiп те жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгінде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдiң заңды және жеке тұлғаларына және азаматтығы жоқ тұлғаларға тексеру жүргiзуге таратылады.
Тармақ 3
3. Тексеру жүргiзу кезiнде Комитет қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бұйрықтары мен жарлықтарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
2-тарау. Негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 4
4. Темiр жол көлiктерiмен тасымалдау және басқа да қызметтердi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргiзудiң мақсаты:
Тармақша 1
1) Темiр жол көлiгiмен Қазақстан Республикасының күшiндегi заңнамаларын, стандарттар мен нормалардың орындалуын бақылау және қадағалау;
Тармақша 2
2) темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдаудағы қауiпсiздiктi бұзушылықтарды анықтау және алдын алу болып табылады.
Тармақ 5
5. Темiр жол көлiгiмен тасымалдауға даярлықты және жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жолаушыларды және жүктердi тасымалдаудағы қауiпсiздiктi, поездардың қозғалысын ұйымдастыруды, маневрлiк жұмыстардың жасалуын, жылжымалы құрамнан/ға тиеу-түсiру жұмыстарын, тасымалдаудың, оның iшiнде қауiптi, ауыр салмақты, габариттi емес жүктердi тасымалдаудың технологиясын сақтауды регламенттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалары мен нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң сақталуына бақылау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде пайдаланылатын бас және маневрлiк локомотивтердi, жолаушылар, жүк және пошта-жүк вагондарын және басқа машиналар мен механизмдердi пайдалану ережелерiнiң сақталуын қадағалау;
Тармақша 3
3) жолдардың жоғарғы құрылымының және оның элементтерiнiң, жасанды құрылғылардың, түйiспе торап дабыл беру, орталықтандыру блоктау және байланыс желiлерi мен құрылғыларының құрамдарындағы бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жою;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының прокуратура, құқық қорғау және жергiлiктi атқарушы органдарымен темiр жол көлiгiнiң қауiпсiз қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл.
Тарау 3. 3 тарау. Темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтердi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi ұйымдастырудың және жүргiзудiң тәртiбi
3 тарау. Темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтердi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi ұйымдастырудың және жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 6
6. Темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтердi, соның iшiнде қолданылып жүрген жолаушыларды және жүктердi темiр жолмен және/немесе өзiндiк технологиялық процестердi қолданумен тасымалдау технологиясына сәйкес, жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тексеру туралы актi Қазақстан Республика Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетте тiркелгеннен соң.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 101-ө бұйрығымен .
Тармақ 7
7. Тексерулердi Комитет қызметкерлерi:
Тармақша 1
1) жыл сайын бекiтiлетiн ішкi ведомстволық жоспардың;
Тармақша 2
2) азаматтардың, ұйымдардың, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың өтiніштерiнiң;
Тармақша 3
3) орталық мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдары өкiлдерінің тапсырмалары, сондай-ақ шаруашылық субъектiлерi лицензиялық және көлiк заңнамаларын бiрнеше рет бұзылған жағдай бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларды тексерудiң тағайындалғаны туралы кесiмдi тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа қызметтi Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ жолаушыларды, жүктердi және қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi, темір жол жылжымалы құрамын жасап шығару және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшін арнайы контейнерлердi жасап шығару және жөндеу жөнiндегi лицензиялық шарттарды жөндеу және регламенттейтiн бұзушылық анықталған кезде Комитет қызметкерлерiнiң:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының көлiк және лицензиялық заңнамасын бұзуға ықпал етушi себептер мен жағдаяттарды анықтауға;
Тармақша 2
2) анықталған Қазақстан Республикасының көлiк және лицензиялық заңнамасын бұзушылықтарды жоюға өз құзыретiнiң шектерiнде шара қолдануға;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым беруге;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шектерiнде темiр жол көлiктерiнiң және техникалық жабдықтарын пайдалануда қоршаған ортаны қорғауда қозғалыс қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сай келмегенде тыйым салуға;
Тармақша 5
5) өз құзыретiнiң шектерiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды, жүктерді және қауiпті жүктердi тасымалдау, темір жол жылжымалы құрамын жасап шығару және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшін арнайы контейнерлердi жасап шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген заңды және жеке тұлғалар жасап шығаруға арналған лицензиялардың күшiн тоқтата тұруға;
Тармақша 6
6) өз құзыретiнiң шектерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза салуға;
Тармақша 7
7) заңды және жеке тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне жататын қажеттi мәлiметтер сұратуға және алуға құқығы бар.
Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 66-ө бұйрығымен .
Тармақ 10
10. Темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың:
Тармақша 1
1) Комитеттiң тексерiстi жүзеге асырушы қызметкерлерiнен олардың жеке басын және өкiлеттiлiгiн растайтын тиiстi құжаттарды (қызмет куәлiгiн, тексерiс жүргiзуге арналған тапсырысты) талап етуге;
Тармақша 2
2) жүргiзiлген тексерiстiң қорытындыларымен танысуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарға арналған құқығы бар.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республика лицензия заңына сәйкестiкте, темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқада қызметiн заңды және жеке тұлғалар, тексеру жүргiзетiн Комитет жұмыскерлерiнiң талабы бойынша, лицензиясын көрсетуге міндеттi.
Тармақ 12
12. Тексеру мынадай келесi кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) заңды және жеке тұлғалардың олар жүзеге асыратын тасымалдаушылық және басқа да қызметтi орындаудың қауiпсiздiк жағдайын және қамтамасыз ету деңгейiн алдын-ала зерделеу;
Тармақша 2
2) тексерiс жүргiзу;
Тармақша 3
3) тексеру жүргiзу кезiнде алынған нәтижелердi талдау және қорытындылау, тұжырымдарды қалыптастыру, тиiстi құжаттарды ресiмдеу;
Тармақша 4
4) жұмыстың қорытындысын шығару;
Тармақша 5
5) заңды және жеке тұлғаларды тексерiстiң нәтижесi туралы хабардар ету.
Тармақ 13
13. Тексерiс жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстың көлемiн, қойылған мiндеттердi ескерумен белгiленедi, бiрақ 40 күннен аспауы тиiс. Тексерiс кесiмiне қол қойылған күн тексерiс бiткен күн болып есептеледi.
Шағын кәсіпкерлік объектілеріне тексеру жүргізу кезінде тексеру актісінде көрсетілген тексеру жүргізудің мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Ескерту: 13-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 101-ө бұйрығымен .
Тармақ 14
14. Негiзделген себеп болған кезде тексерiстердi өткiзу мерзiмдерi Комитет басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкiн. Ол үшiн тексерушi Комитет немесе оның аумақтық органы басшысының атына тексерiс мерзiмiн ұзарту үшiн объективтi себептердi көрсетумен қызметтiк жазба жазуы тиiс. Ұзарту туралы белгi сол тапсырмада.
Тексерушiлер заңды және жеке тұлғаларды тексеру мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы хабардар етуге мiндеттi.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылаушы орган тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімдейді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінде немесе оның аумақтық органдарында міндетті түрде тіркеледі, онда тексеруді белгілеу туралы алғашқы актіні тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
Ескерту: 14-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 101-ө бұйрығымен .
Тармақ 15
15. Тексеру жүргiзу кезiнде мынадай мәселелер ескерiледi:
Тармақша 1
1) заңды және жеке тұлғалардың жолаушыларды, жүктi және багажды тасымалдау, поездардың қозғалысын ұйымдастыру, маневрлiк жұмыстарын өндiру, жылжымалы құрамнан/ға тиеу-түсiру жұмыстарын өндiру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiн ұйымдастыруы, жүктердi тасымалдаудың технологиясын сақтауы;
Тармақша 2
2) заңды және жеке тұлғалардың темiр жол тарту және жылжыма құрамды, жолдардың жоғарғы құрылым мен оның элементтерiн, жасанды құрылғыларды, түйiспе тораптың желiлерi мен құрылғыларын, дабыл берудi, орталықтандыруды, блоктауды және байланысты қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуi;
Тармақша 3
3) поездарды өткiзу тәртiбiн және жылжымалы құраммен, оның iшiнде қауiптi, ауыр салмақты, габариттi емес жүктермен айналысатындармен маневрлiк жұмыстарын ұйымдастыруды регламенттейтiн станциялар мен бөлу бекеттерiнiң техникалық-нұсқаушылық кесiмдерiнiң бар-жоқтығы және жай-күйi;
Тармақша 4
4) заңды және жеке тұлғалардың қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде пайдаланылатын машиналар мен механизмдердi Қазақстан Республикасының заңнамаларының, Қазақстан Республикасының темiр жол жолдарының нормативтiк құжаттарының пайдалану технологиясына сәйкес тәртiбiне келтiру жөнiндегi жұмыстарды орындауы;
Тармақша 5
5) жолдардың жоғарғы құрылымын және оның элементтерiн, жасанды құрылғыларды, түйiспе торап, дабыл беру, орталықтандыру, блоктаудағы және байланыс желiлерi мен құрылғыларын ұстаудағы бұрын анықталған бұзушылықтарды және кемшiлiктердi жоюдың сапасы мен мерзiмдерi;
Тармақша 6
6) қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың болуы, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген iс-шаралардың орындалуының құжаттамалық расталуы;
Тармақша 7
7) поездардың қозғалысы мен маневрлiк жұмысты жүргiзудiң қауiпсiздiгiн есепке алудың, санаттаудың және байыптау жасаудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуы.
Тармақ 16
16. Тексеру жүргiзу тапсырмасы (1-қосымша) Комитет немесе оның аумақтық органдарының бұйрық негiзiне сәйкес тексеру жүргiзуге берiледi:
Тармақша 1
1) бiрiншi данасы Комитетте болады, ал екiншiсi тексеруге жататын заңды немесе жеке тұлғаға табыс етiлетiн екi түпнұсқалық данада;
Тармақша 2
2) бiр жеке немесе заңды тұлғаға тексеру жүргiзуге арнап Комитет немесе оның аумақтық органы ресiмдейдi және бередi.
Тармақ 17
17. Тексерiс жүргiзуге арналған тапсырмада тексеруге жiберiлген Комитет қызметкерiнiң аты-жөнi мен лауазымы, тексеруге жататын мәселелердiң тiзбесi және оны жүргiзу мерзiмi көрсетiледi.
Комитет немесе оның аумақтық органы басшысының мөрiмен және қолымен расталмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарды бұзумен берiлген тексерiс жүргiзуге арналған тапсырма жарамсыз болып табылады.
Тексерiс жүргiзуге арналған тапсырманың бланкiсi белгіленген үлгідегі бланкi болып табылады.
Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 66-ө бұйрығымен .
Тармақ 18
18. Тексерiс кесiмiн (2-қосымша), қажет кезiнде оның қосымшаларымен, Комитет немесе оның аумақтық органының қызметкерi нақты жүргiзiлген тексерiс негiзiнде екi түпнұсқалық данада жасалады бiрiншiсi тексеруге жататын заңды немесе жеке тұлғаға тапсырылады, ал екiншiсi Комитетте қалады.
Тексерiс кесiмi Комитеттiң немесе оның аумақтық органының арнайы журналында тiркеледi және тексерiс аяқталғаннан кейiн Комитет немесе оның аумақтық органының басшысына ұсынылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу актісі "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысында бекітілген нысан бойынша толтырылады.
Ескерту: 18-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 101-ө бұйрығымен .
Тармақ 19
19. Комитеттiң тексерудi жүзеге асырушы қызметкерлерi Тексерiс кесiмiн ресiмдеу кезiнде мынадай талаптарды сақтауға мiндеттi:
Тармақша 1
1) бұзушылық фактiсiн анықтауды тиiстi заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерге сiлтеме жасай отырып рет-ретiмен, объективтi, анық және егжей-тегжейлi (күнi, нөмiрi және толық атауы) жазу;
Тармақша 2
2) Тексерiс кесiмi мәтiнiнде анықтамалық деректер және болмашы фактiлер, сондай-ақ кесiмге қосымшада жазылуы тиiс бiр тектес бұзушылықтарды санамалау (қайталау) фактiлерi болмауы тиiс;
Тармақша 3
3) Кесiмге тиiстi құжаттармен нақтыланған түрлi қорытындыларды, ұсыныстарды және деректердi қосуға жол берiлмейдi;
Тармақша 4
4) Тексерiс кесiмiне барлық тексерушiлер қол қояды;
Тармақша 5
5) Тексерiс кесiмiнiң мазмұнымен заңды және жеке тұлғаларды таныстыру қажет ол туралы "ТАНЫСТЫРЫЛДЫ" деген сөздiң астында тиiстi жазу болуы тиiс;
Тармақша 6
6) Кесiм бойынша заңды және жеке тұлға тарапынан келiспеушiлiктер немесе ескертулер болған кезде, кесiмге қол қоятын тұлға өзiнiң қолының алдында бұл туралы жазбаша түсiндiрме жазып қалдырады;
Тармақша 7
7) заңды және жеке тұлға тарапынан Кесiммен танысудан бас тарту жағдайында Комитет қызметкерлерi тиiстi жазу жазып қалдырады.
Тармақ 20
20. Анықталған фактiлер бойынша бұзушылықтарды жою немесе кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде шұғыл шаралар қолдану қажет болған жағдайларда тексеру барысында жеке (аралық) кесiм жасалады және кiнәлi лауазымды тұлғалар қажеттi түсiндiрулер бередi.
Аралық кесiмде баяндалған фактiлер тексерудiң жалпы кесiмiне қосылады.
Тармақ 21
21. Тексерiс кесiмiмен бұрын берiлген лицензия иесiнiң (жолаушыларды, жүктердi және қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi сондай-ақ, темір жол жылжымалы құрамын жасап шығару және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшін арнайы контейнерлердi жасап шығару және жөндеу қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған) бұзушылықтары анықталған кезде Комитеттiң тексеруге қатысушы лауазымдық тұлғасы Кесiмдi тiркеген күннен бастап мына шешiмдердiң бiрiн үш күн мерзiм iшiнде қабылдауы тиiс:
Тармақша 1
1) лицензияның иесiне лицензияда көзделген шарттарды бұзушылықты жою мерзiмдерiн белгiлеумен ұйғарым беру;
Тармақша 2
2) Комитеттiң немесе оның аумақтық органының басшысын тексеру кезiнде анықталған лицензиялық шарттарды бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы белгiленген мерзiмге лицензияны тоқтата тұру туралы ұсыныс енгiзумен хабардар ету.
Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 66-ө бұйрығымен .
Тармақ 22
22. Темiр жол көлiгiнде заңды немесе жеке тұлғалар жүзеге асыратын тасымалдаушылық және басқа да қызметтi тексеру нәтижесi бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (3-Қосымша) Комитетте немесе оның аумақтық органдарында лауазымдық тұлғаларымен екi данада жасалады.
Первый экземпляр Предписания об устранении нарушений, в течение трех дней с момента окончания проверки, выдается юридическому или физическому лицу, а второй остается в Комитете или его территориальных органах.
Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 66-ө бұйрығымен .
Тармақ 23
23. Заңды немесе жеке тұлғалар Комитеттiң немесе оның аумақтық органдарының ұйғарымда көрсетiлген бұзушылықтарды жойғандығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы белгiленген мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 24
24. Темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаларды тексеруде анықталған бұзушылықты жою туралы белгiленген мерзiмде жазбаша хабарлама берiлмеген жағдайда Комитеттiң немесе оның аумақтық органының лауазымдық тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қажеттi құжаттарды (түсiндiрме, тексеру кесiмi, ұйғарым т.б.) қоса берумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттендiрiлген органға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға жiбередi.
Тармақ 25
25. Комитет қызметкерлері және оның аумақтық органдары тексеріс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттемесін жартылай сапасыз және орындағаны, Комитетке немесе оның аумақтық органдары басшылығына берілген деректермен құжаттардың дұрыс еместігі үшін, сондай-ақ тексеру нәтижесінде алынған құжаттардың тиісінше сақталмауы, қызметтік және өзге де құпияларды жария еткені үшін жауапкершілікте болады.
Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 66-ө бұйрығымен .
Тармақ 26
26. Комитет қызметкерлері және оның аумақтық органдары тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері) қатаң сақтаулары тиіс.
Ескерту: 26-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 66-ө бұйрығымен .
Басқа 1. Тексеріс жүргізуге арналған тапсырма
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрi
Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының
Темір жол көлігінде тасымалдаушылық
және басқа да қызметтi жүзеге
асыратын заңды және жеке тұлғаларға
тексерулер жүргізу ережесіне
2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П бұйрығы
Тексеріс жүргізуге арналған тапсырма
N___ 200 жылғы "___"_________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(темір жол көлігіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы)
____________________________________________________________________
тексеріс жүргізу үшін Комитет қызметкерлері ________________________
____________________________________________________________________
(тексеруге жіберілген мемлекеттік орган қызметкерлерінің аты-жөні,
____________________________________________________________________
қызметтік куәлігінің N)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексеріс жүргізуге арналған мемлекеттік органның қызметкері(лері)
қызметтік куәлік көрсеткен кезде тапсырма күшінде болады.
Тексеріс жүргізуге арналған тапсырма 200__ж."___"______ дейін
күшінде.
_____________________/_____________________
(ҚР ККМ-нің Көліктік бақылау комитеті бірінші
басшысының қолы және аты-жөні)
Ескерту: Екі түпнұсқалық данада жасалады
Басқа 2. Тексеру кесiмi
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрi
Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының
Темір жол көлігінде тасымалдаушылық
және басқа да қызметтi жүзеге
асыратын заңды және жеке тұлғаларға
тексерулер жүргізу ережесіне
2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П бұйрығы
Тексеру кесiмi
N___ 200 жылғы "___"_________
____________________________________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның толық атауы)
____________________________________________________________________
(кәсіпорын, ұйым басшысының т.а.ә.)
200 жылғы "___"_________ N___ осы кесім тексеріс жүргізуге арналған
тапсырманың негізінде жасалды
Тексерiс барысында мыналар анықталды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"ТАНЫСТЫРЫЛДЫ"
_____________________ _____________________/ _____________________
(тексерушінің қолы) (басшының аты-жөні)
Ескерту: Екi түпнұсқалық данада жасалды
Басқа 3. Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрi
Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының
Темір жол көлігінде тасымалдаушылық
және басқа да қызметтi жүзеге
асыратын заңды және жеке тұлғаларға
тексерулер жүргізу ережесіне
2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П бұйрығы
Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым
N___ 200 жылғы "___"_________
осы ұйғарым _______________________________________________ берілді
(кім берген)
____________________________________________________________________
200 жылғы "___"_________ N___
____________________________________________________________ берген
(мемлекеттік органның атауы)
тексеріс жүргізуге арналған тапсырмаға сәйкес
200 жылғы "___"_________ N___ жүргізілген тексерістің негізінде
берілді
оның нәтижесінде мынадай бұзушылықтар анықталды:
____________________________________________________________________
Бұзушылықтар анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі
жою жөніндегі шаралар
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Анықталған бұзушылықтарды көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда
Сізге Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шара қолданылатын
болады.
Бердім Алдым
200 жылғы "___"_______/____________
(тапсырылған күні) (лауазымы)
____________________ ______________/ __________________
(тексерушінің қолы) (қолы) (аты-жөні)
Ескерту: екі түпнұсқалық данада жасалады