Об объявлении чрезвычайной ситуации на части территории области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс аумағының бөлігінде төтенше жағдай жариялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы
әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Махамбет ауданының кейбір елді мекендерін су басуға, Индер ауданының елді мекендері мен Атырау қаласын ("Геолог п., Жұмыскер п., Еркін-қала с., және басқалары) су басу қаупіне, сонымен бірге Махамбет және Индер аудандарының елді мекендерінде Бақсай, Нарын, Соколок, Сары өзек арналарын тазарту жүргізілмегендіктен шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары үшін судың болмауына байланысты ерекше қауіпті эпидемиялық аурулардың бұрқ етуіне әкеліп соқтырады (оба, тырыспа, ішек аурулары, гепатит және т.б.), 2001 жылғы 2 мамырдағы тасқын суларын апатсыз өткізу жөніндегі іс-қимылдарға басшылық ету және үйлестіру жөніндегі облыстық штабының N 3 мәжілісінің хаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңының 19-бабы талаптарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы, Махамбет, Индер және Исатай аудандары аумағында 2001 жылғы 3 мамырдан бастап табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия (Мақашев Н.), Атырау қаласы және жоғарыда көрсетілген аудандар әкімдері, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма (Жұмағалиев Ғ .):
Тармақша 1
1) төтенше жағдайларды жою үшін меншік нысанына қарамастан Атырау қаласы және аудандар кәсіпорындары мен ұйымдарын, Бақсай, Нарын, Соколок, Сары өзек арналарын тазарту үшін - "Атыраусушаруашылығы" РМК қатыстырсын;
Тармақша 2
2) тұрғындарды су басу аймағынан бұрын белгіленген орындарға көшіру жөнінде шұғыл шара алсын (іс-қимыл жоспарына сәйкес);
Тармақша 3
3) Эпидемиялық жағдайды үнемі бақылауды ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) халықтың шаруашылық-ауыз су мақсатына пайдалануы үшін су тасып
беруді ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) орындалатын жұмыс барысы туралы мені үнемі 08.00; 15.00; 19.00
сағаттарда хабардар етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.