Об утверждении Правил благоустройства, обеспечения санитарного состояния, охраны земель и зеленых насаждений в городах, поселках и селах Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облысының қалаларында, кенттері мен селоларында көркейту, санитарлық жағдайды, жер мен жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз етудің Ережелерін" бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының XIII сессияның 2005 жылғы 18 қазандағы № 13/190-III шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысының қалаларында, кенттері мен селоларында көркейту, санитарлық жағдайды, жер мен жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз етудің ережелері" бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Осы Ережелер Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында тіркелгеннен бастап іске асырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық Мәслихаттың 1996 жылғы 30 мамырдағы № 9/4 шешімімен (Мәслихаттың 1996 жылғы 20 қыркүйектегі Х сессиясында қабылданған өзгерістерімен және толықтыруларымен) Шығыс Қазақстан облысының қалаларында кенттері мен селоларында көркейту, санитарлық жағдайды, жер мен жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз етудің Тәртібі күшін жойды деп танылсын.
Басқа 4. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫНДА, КЕНТТЕРІ МЕН СЕЛОЛАРЫНДА КӨРКЕЙТУ, САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ, ЖЕР МЕН ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2001 жылғы 15 маусымдағы № 10/7-II
шешімімен
БЕКІТІЛДІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫНДА, КЕНТТЕРІ МЕН СЕЛОЛАРЫНДА КӨРКЕЙТУ, САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ, ЖЕР МЕН ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ереженің мақсаты облыстың қалаларында, кенттерінде және селоларында көркейту, жер жұмыстары өндірісінің санитарлық жағдайын және жасыл ағаштарды қорғаудың тәртібін белгілеу болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрақты тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдар коллективтерінің, тұрғындардың олардың ұйымдары мен үйлері маңындағы аумақтарды таза ұстауға, жасыл ағаштарды күтуге қатысулары міндетті деп саналсын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік, қоғамдық және меншіктік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, ведомстволық бағынуларына қарамастан, пәтерлердің иелері немесе жалдаушылары, сондай-ақ тұрғын үйлер иелері мыналарға міндетті:
Өз есептері есебінен заңмен бекітілген ережеде сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес бекітілген аумақтарда ұдайы тазартуға және тазалық пен тәртіпте ұстауға:
Тармақша 1
1) тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өндірістік және сауда ғимараттарын, вокзалдарын, стадиондарды олардың маңындағы аумақтарды қоса, бақтарды, парктерді, скверлерді, бульварларды және басқа жасыл ағаштарды;
Тармақша 2
2) көшелерді, алаңдарды, өткелдерді, аулаларды, тротуарларды, жағажайларды, демалыс және жаппай серуендеу орындарын, базарларды, базар алаңдарын, қалалық, селолық бейіттерді, олардың маңындағы аумақтарды, автокөлік тұрақтарын және жүзу құралдарының орындарын;
Тармақша 3
3) қашаларды, қоршауларды, газон қоршауларын, жарнамалардың барлық түрлерін және жарнама қондырғыларын, ғимараттар мен ескерткіштердің сәндік сәуле шашу қондырғыларын, маңдайшаларды, витриналарды, арбашаларды, жаймаларды, қону алаңдарын, жолаушылар көлігі аялдамаларының павильондарын, қайық және құтқару стансаларын, көшелерге жарық беретін фонарларды, әртүрлі тіреу діңгектерін; бақтардағы, парктердегі, скверлер мен бульварлардағы орындықтарды; урналарды, көшелер атауларының көрсеткіштерін; көлік жаяу адамдарын, аялдамаларын, үйлердің нөмірлік белгілерін, көше сағаттарын, мемориал тақталарын, трансформатор қондырғыларын;
Тармақша 4
4) жолқұбырларын, суқұбырларын, көшелердің жол жабындарын, алаңдары, көше қозғалысын реттеу белгілерін, телефон үйшіктерін, радио хабарын беретін қондырғыларды, антеналарды, телефон байланысы мен метеорология қызметтерінің үйшік-постыларын, диспетчерлік қызметтің сөйлесу қондырғыларын және басқа гидротехникалық, инженер-техникалық және санитарлық құрылыстарды;
Тармақша 5
5) аулалық аумақтар тазалықта ұсталуы қажет. Оларды тазарту, үнемі сыпыру, суару, жуу, қар мен қоқысты шығару, құм төгу, су ағатын жерлер мен дренаждарды тазарту керек;
Тармақша 6
6) жасыл ағаштарды ұқыпты сақтау, агротехникалық шаралардың толық кешенін, суаруды, қураған шыбықтарды кесуді, ағаштардың түптерін тазарту мен әктеуді, ағаш түбіндегі өсімдіктерді жоюды, тыңайтқыштар енгізуді, жас ағаштардың түп айналасын түптеуді, жараларын дезинфекциялау мен сылап бітеуді, сондай-ақ арам шөптерді (повишкаларды, амброзииді, жусанды, конопляны) жою жөнінде механикалық өңдеуді жүргізу керек;
Тармақша 7
7) 1997 ж. 15.07 "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сәйкес жасыл қорды сақтау қамтамасыз етілсін.
Жасыл ағаштар, олардың қай ведомствоға жататындығына қарамастан, тиіспейтін Мемлекеттік қор болып табылады және Заңмен қатаң қорғалады.
Тармақша 8
8) Табиғи ауа-райы жағдайларына байланысты аймақтарда жыл сайын наурыз-мамыр айларында аумақтарды тазартудың айлығы, көркейту жөнінде байқау - конкурстары өткізілсін:
Тармақша а
а) сумен жабдықтау және суқұбырларының көздерін;
Тармақша б
б) сауда, қоғамдық тамақтану, тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын, тауарлы сүт фермаларын жазғы кездегі жұмыс істеуге;
Тармақша в
в) улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштар қоймаларының көктемгі дала жұмыстарына дайындығын байқауға.
Тармақ 2. 2. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУМАҚТАРЫН ТАЗАРТУ ТӘРТІБІ
2. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУМАҚТАРЫН ТАЗАРТУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4
4. Аумақтар бекітіліп берілген ғимараттарда иеленуші немесе жалға алушы меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, заң белгіленген тәртіппен қалдықтар мен қоқыстарды өз есебінен немесе жергілікті коммуналдық, басқа да қызметтермен бекітіліп берілген аумақтарды, сондай-ақ көшелердің және алаңдардың жүретін бөліктерін механикаландырылған тазартуды орындауға шарт жасасады.
Тармақ 5
5. 15 сәуірден 15 қарашаға дейінгі кезде тазарту жұмыстарынан басқа көшелерді, алаңдарды және басқа аумақтарды жуу және суару жүргізілуі қажет. Ауа райының жағдайына байланысты бұл кезді жергілікті әкім өзгертуі мүмкін.
Түнгі уақытта тазарту кезінде (кездерге қарамастан) шуды ескертетін шаралар қолданылуы тиіс.
Тармақ 6
6. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, азаматтар бекітілген аумақтарды өздері тазартады, немесе аула сыпырушылары штатын ұстайды, немесе бұл жұмыстарды мамандандырылған құрылымдарымен шарттық негізде орындайды, осылайша Ереженің 1 тарауының 3-бабын қамтамасыз етеді.
Ескерту: меншіктіктің әрбір субъектісі көшелер мен түйіспелерді тазартуды үй аумағының бойымен ұзынынан, екіжақты құрылысы болса ортасына дейін көлденеңінен және сыңаржақты құрылыстар салынғанда бүкіл көлденеңіне, ал трамвайлық қозғалысы бар көшелерде - трамвай жолдарына дейін жүргізеді.
Жол кездемесін және құламалар, көшелерді және қоғамдық көліктердің жүретін түйіспелерін, алаңдарды, көлікжол көпірлерін, жолжелілерін, парктер, скверлерді тазартуды орындау құқын тендер ұтып алғандар жүргізеді.
Тармақ 7
7. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер олардың ведомстволық бағыныштығына қарамастан мыналарды ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ:
бақтардың аумағын, парктердің, газондары, ағаш бұтақтары бар тротуарларды, аулаларды, скверлерді, бульварларды, қалалық және селолық бейіттерді және олардың маңындағы аулаларды, бос жер учаскелерін тазартуды - өнеркәсіп, ауылшаруашылық кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, коммуналдық қызметтер, осы аумақтар қарамағында болушы жалгерлер мен құрылыс салушылар жүргізеді;
Тармақ 8
8. Меншіктің барлық нысандарындағы заңды, лауазымды және жеке тұлғалар осы Ереженің 2 тарауының 7 тармағында көрсетілген аумақтарды, сондай-ақ олардың аумағына жақын учаскелердегі жасыл ағаштардың санитарлық - орман қорғау алаңдарын үлгілі жағдайда ұстауға міндетті.
Тармақ 9
9. Автожол көпірлері, жерасты жаяу өткелдері, жолқұбырлары және басқа жасанды құрылыстар елді мекендерде коммуналдық қызмет күшімен және қаражаттарымен, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, шаруа қожалықтарының күшімен тазартылады және үлгілі жағдайда ұсталады.
Тармақ 10
10. Теміржол жолдары, көпірлер, құламалар, өткелдер, жол арқылы өтетін жерлер осы құрылыстарды қамтитын теміржол ұйымдарының күшімен және қаражаттарымен тазартылады.
Тармақ 11
11. Трамвай депосының, автобус және таксомотор парктерінің, автобаздардың, гараждардың әкімшіліктері, және көлік жүргізушілері көлік құралдарын елді мекендердің көшелеріне тазалықта шығаруы қажет және оларды оңды ұстаулары тиіс.
Кірленген трамвай вагондарының, автобустардың және автомашиналардың қалалар бойынша жүрулеріне тыйым салынады.
Төгілетін және көшелерді ластайтын басқада жүктер көшелерді ластамау үшін ұқыпты жабылуы қажет.
Жаз уақытында шынжыр табанды көліктің асфальттанған көшелер бойынша жүруіне тыйым салынады.
Трамвай жолдардың және оларға жақын жолдардың жүру бөлігінде екі жақтан 0,5 метр жерді тазартуды және ұстауды трамвай басқармасы жүргізеді.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй құрылыстарына қарама-қарсы орналасқан автобус аялдамалары мен такси тұрақтарының аумағын тазалау тиісті коммуналдық қызметтерге, осы аумақтарды тазарту бекітілген кәсіпорынға, мекемелерге, ұйымдарға, ауылшаруашылығы кәсіпорындарына, жалгерлер мен құрылыс салушыларға жүктеледі. Көшелер мен жолдарды тазартуға 14 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатыстырылмайды.
Автостансаларды, көлік шаруашылығының диспетчерлік пункттерін, дистпетчерлік қызметімен бірге сөйлесу қондырғыларын және оларға жақын аумақтарды ұстау және тазартуды көлік шаруашылығының ведомстволары жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының кәсіпорындары, сауда ұйымдары, меншік нысандарына қарамастан, жеке адамдар және басқа ұйымдар, көшелерде киоскілері, жаймалары, дәріханалары, шеберханалары бар т.с.с. жергілікті атқарушы органдарымен анықталған орындарында, сондай-ақ ғимараттарды жалдаушылар өздеріне жақын аумақтарды күні бойы тазалықта ұстайды және жұмыс аяқталғаннан кейін 50 метр көлемінде қоқыр-соқырдан және батпақтан тазартады.
Тармақ 14
14. Қоғамдық әжетханалар мен үйінділерді коммуналдық немесе жекеше кәсіпорындар меншік субъектілерімен шарт жасау негізінде тиісті жағдайда ұстауы қажет.
Тармақ 15
15. Базарлардың аумақтарының (оның үшінде шаруашылық, базар алаңдары) үсті асфальтпен, қиыршық тастармен жабылуы тиіс, олардың канализациясы мен суқұбырлары болуы қажет. Канализациясы жоқ базарларда сауда орындарынан 50 м қашықтықта қоқыс өткізбейтін көпшілік әжетхана болуы тиіс.
Шаруашылық алаңдары (қоймалар, сақтағыштар) сауда жасау орынынан кемінде 30 метр қашықтықта болуы тиіс.
Базардың аумағы, оған жақын алаңдарды, қалдықтар жинағышты тазартуды және таза ұстауды базар иесі жүргізеді.
Жылдың жылы уақытында міндетті түрде сыпырумен қатар базар аумағын жуу жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, оқу орындары оларға бекітілген жағажай, демалыс аймағы және жаппай серуендеу орындары аумақтарында орындалған көркейту жобаларына сәйкес мыналарды ОРНАТАДЫ:
Тармақша 1
1) бір орынға 75 келуші есебінен қоғамдық әжетханалар, жағажайда - суға шомылудан кемінде 200 метр қашықтықта;
Тармақша 2
2) арақашықтықтары 40 метрден аспайтын урналар, 600 шаршы метрден кемінде бір урна;
Тармақша 3
3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бір контейнер есебінде қоқысжинаушылар;
Тармақша 4
4) "Ауыз су" 2874-73 мемлекеттік стандартқа сай келетін сусын су жүретін фонтаншалар;
Тармақша 5
5) шешінетін жер, гардеробтар.
Тармақ 17
17. Жағажай, демалыс аймағының, жатпай серуендеу орындарының аумақтарын тазартуды, сондай-ақ жыл сайын таза құм немесе ұсақ тастар төгу, арнайы механизм болған жағдайда жиналған қалдықтарды шығарумен қатар құмның жоғарғы қабатын механизммен жұмсарту осы аумақтар бекiтiлiп берілген кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар заңмен белгіленген тәртіпте жүргiзедi.
Тармақ 18
18. Сауда жасаушы ұйымдар жағажайларда, парктерде, демалыс аймақтарында және жаппай серуендеу орындарында тазалау жұмыстарын осы Тәртiптiң 2 тарауының 13 тармағының талаптарына сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 19
19. Шомылу үшiн арналған жерлерде машиналарды жууға, кiр жууға, малдарды, иттердi, мысықтарды шомылдыруға жол берiлмейдi.
Тармақ 20
20. Стадиондарды, спорт алаңдарын ұстауды және тазалауды осы құрылыстардың техникалық қызметкерлерi, оларды балансқа алған кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Көлiк құралдарының тұрақтары асфальттануы, белгiленуi, орындалған жобаларға сәйкес көгалдандырылуы, көркейтiлуi қажет.
Автомотокөлiк, автосервис қызметтерiнiң тұрақтарын және оларға жақын аумақтарды ұстауды және тазартуды олардың меншiк иелерi жүзеге асырады.
Көлiк құралдарының газондарда, скверлерде, және жасыл ағаштар отырғызылған басқа да жерлерде, тұрғын үйлердiң жалпы пайдаланатын жерлерде, магазиндердiң, дәрiханалардың, базарлардың, қызметтiк үйлердiң маңында тұрақтарын тұрғызуға тыйым салынады.
Тармақ 22
22. Кооперативтiк гараждарды, шаруашылық сарайларын, погребтерді, аумақтарды, саяжай, огород-бақша қоғамдарының аумақтарын және оларға жақын жасыл ағаштар аумақтарын ұстау мен тазалауды меншiк иелерi немесе осы кооперативтер мен қоғамдардың қоғамдық ұйымдары жүргiзедi.
Тұрғын үй және қоғамдық үйлер аулаларының iшiнде металдық гараждар мен погребтер орнатуға тыйым салынады. Өз еркiмен салынғандары бұзылады.
10 метр радиусындағы жасыл ағаштары бар аумақтар тазартуға жатады.
Бюджеттiк ұйымдардың көзделген аумақтардан қоқырларды, қалдықтарды шығаруды коммуналдық қызметтер немесе кәсiпорындар тиiстi әкiм белгiлеген тәртiпте жүргiзедi.
Тармақ 23
23. Қалалар мен аудан орталықтарында, кенттер мен селоларда бейттердiң аумақтарын ұстау мен тазартуды коммуналдық немесе жекеше кәсiпорындар жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Қалалық, кенттiк, селолық бейіттердiң аумақтары қоршалуы қажет, iшкi жақта өтетiн жер қатқақтау болуы тиiс.
Бейіттердiң шекараларын жергiлiктi әкiмдер белгiлейдi.
Тармақ 24
24. Қоймалардың, баздардың, карьерлердiң, құрылыс алаңдарының, зауыттардың, фабрикалар мен басқа да объектiлердiң басшылары мыналарды қамтамасыз етедi:
Тармақша 1
1) кiрме жолдарды, көлiктердiң бұрылуына қажеттi алаңдарды оңды ұстауды. Шығатын және iшкi құрылыс жолдардың берiк жабындары болуы тиiс;
Тармақша 2
2) көлiктiң доңғалақтары мен қорабтарын жууды, ластанған автомашиналар мен құрылыс механизмдерiнің көшелерге шығуларына жол бермеудi.
Тармақ 25
25. Мал, құс, аң өсiрумен және ұстаумен шұғылданушы шаруашылықтар мен кәсiпорындардың меншiк иелерi оларды қолда ұстау кезiнде оларды ұстау аумағында көң мен басқа да лас заттарды бiр жерге үйiп, содан соң жергiлiктi мемлекеттiк қадағалау органымен келiсiлген орындарға шығаруға мiндеттi.
Тармақ 26
26. Жетiлдiрiлген жабындары бар көшелер мен алаңдардың жүрiс бөлегiн механикаландырылған әдiспен тазарту жергiлiктi әкiмдер бекiткен кесте бойынша жүргiзiледi.
Механикаландырылған әдiспен тазарту таңғы 4-тен сағат 6-ға дейiн және қажеттiлiгiне қарай күнi бойы қайталап жүргiзiледi.
Тармақ 27
27. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтану кәсiпорындарынан, балалар және емдеу мекемелерiнен, оқу орындарынан, мәдениет мекемелерiнен, қоғамдық ұйымдардан тұрмыстық қалдықтарды шығаруды коммуналдық шаруашылықтардың күшiмен және қаражаттарымен немесе жекеше кәсiпорындардың жоғарыда аталған заңды және жеке тұлғалар жүргiзедi.
Тағам қалдықтарын жинау және пайдалану "Тағам қалдықтарын жинау және оларды малды азықтандыру үшiн пайдалану тәртiбi туралы" Ветеринарлық - санитарлық Тәртiптiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Елдi мекендерде сұйық жуынды-шайындыны, қоқым-соқымды коммуналдық шаруашылықтың арнайы қызметтерi құю стансаларына немесе бұл мақсатқа арнайы бөлiнген жерге шығарады.
Арнайы қызметтердiң қамтуымен қамтылмаған кәсiпорындар, жеке адамдар қоқым-соқымды шығаруды өз күштерiмен және құралдарымен жүргiзедi.
Контейнерлер үшiн алаңдар тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан кемiнде 20 метрге, бiрақ 100 метрден артық емес жерге аластатылуы тиiс. Орнатылатын контейнерлердiң саны бiр алаңға 5-тен артпауы керек.
Контейнерлер, қоқыс жинағыштар дер кезiнде тазалануы қажет, оңды жағдайда ұсталып, дезинфекциялануы керек. Контейнерлердi, қоқыс жинағыштарды дезинфекциялау әрбiр босатылған сайын, ал алаңдардың айналасы күн сайын, қырылатын қабырғалар үш күнде бiр рет.
Тұрмыстық қалдықтарды шығару:
- жылдың суық уақытында - 3 күнде 1 рет;
- жылы уақытта - күн сайын;
Тармақ 28
28. Көшелердiң, тротуарлардың, алаңдардың жүрiс бөліктерiн жуу коммуналдық шаруашылықтың және кәсiпорындардың арнайы қызметтерiнiң механизмiмен жоспарлы түрде, бiрақ аптасына кемiнде екi рет сағат 24-тен таңғы 6-ға дейiн жүргiзiледi.
Шаң-тозаң басқан көшелердi суландыру күн сайын (кемiнде екi рет), оның iшiнде күндiз (кемiнде бiр рет) жүзеге асырылады.
Жас ағаштар мен газондарды суландыруды қалалардың, кенттердiң, селолардың барлық аумақтарында ұйымдар тиiстi әкiмдер белгiлеген тәртiпте жүргiзедi.
Көшелердi, алаңдарды жуу мен суландыру кестелерiн жергiлiктi әкiмдер бекiтедi.
Суландыру машиналарына су құю қалаларда - қамтылатын жүрiп-тұру жерлерге жақын (2 км қашықтықта) тұрған пункттердегi қалалық суқұбыры желiлерiнен, кенттер мен селоларда - санитарлық-эпидемиологиялық стансамен келiсiм бойынша су қоймаларынан.
Тармақ 29
29. Жекеменшік үйлердің (пәтерлердің) кооперативтері, жекеменшiк құқысында үйлерi бар азаматтар мен пәтерлер иелерi мыналарға мiндеттi:
Тармақша 1
1) Тұрғын үйлерді осы Ереженiң 1 тарауының 3 тармағының және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігі баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 05.02 № 16 бұйрығымен бекітілген "Пәтер иелерінің кооперативінің тұрғын үй және үй жанындағы жекеменшік жер учаскелерін ұстау" Ережелерінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлерді ұстауға;
Тармақша 2
2) Тұрмыстық қоқым-соқымды жинау үшiн өз есебiнен арнайы ыдыстардың қажеттi мөлшерiн алуға. Тұрмыстық қоқым-соқымды жинау үшiн арналған ыдысты таза ұстауға және тығыздап жабуға.
Тармақша 3
3) Қоқым-соқым салынған ыдысты көшеге қоймауға, оны шығарып, машинаға төгуге.
Тармақша 4
4) Иттер мен мысықтардың пәтерлердi, басқыш торларын және қоғамдық пайдаланатын басқа жерлердi ластауына тыйым салынады. Иттердi далаға шығаруды арнайы бөлiнген жерлерде серуендету керек, ал қоғамдық жерлерде тек томаға кигiзiп, қатты бау тағып шығару қажет.
Иттердi ұстайтын азаматтар иттер үшiн ветеринарлық-санитарлық төлқұжат алуға, жоспарлы профилактикалық вакцинация (егу) жасауға мiндеттi; иттердi аулаларда мықтап байлап ұстауға, олардың қашып шығуына жол бермеуге.
Тармақша 5
5) Үй иелерi подъездердi аулалық әжетханамен және күрелген қоқыс төгілетiн ормен қамтамасыз етедi.
Тармақша 6
6) Көппәтерлi үйлерден, ауласы бар үйлерден, жалдайтын ғимараттардан қоқым-соқымды, тұрмыстық қалдықтарды, қатты және сұйық лас жуынды- шайындыларды шығаруды азаматтар өз бетiмен немесе коммуналдық шаруашылықтармен, немесе осы мақсаттар үшiн арнайы техникасы және механизмдерi бар жеке адамдармен, кәсiпорындармен шарт бойынша жүргiзедi.
Тармақ 3. 3. ҚЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АУМАҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
3. ҚЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АУМАҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
Тармақ 30
30. 16 қарашадан 15 сәуiрге дейiнгi кезде елдi мекендердiң аумақтарын тазарту, қоқым-соқымды, қарды, мұзды, батпақты және құмды тасып шығару сағат 6-дан 9-ға дейiн және қажеттiлiгi бойынша бүкiл күнi бойы жүргiзiлуi қажет.
Ауа райының жағдайына байланысты тазартудың бұл тәртiбiн жергiлiктi әкiмдер өзгерте алады.
Тармақ 31
31. Өнеркәсiп және ауылшаруашылығының кәсiпорындары, мекемелер, ұйымдар, жеке еңбекпен шұғылдану үшiн үйлердi жалдаушы адамдар қар тазалауды қар жауғаннан бастап және қар жауу аяқталғанға дейiн үздiксiз жүргiзулерi қажет. Автобус аялдамаларының аумақтарынан басқа барлық көшелер мен алаңдарда жаңа жауған қарды жалға салуға және үюге рұқсат етiледi, кейiн олар тасып шығарылуы қажет (қар жауу аяқталғаннан кейiн iле-шала).
Проездермен өтетiн жерлерге, газондарға қар мен мұз төсеуге тыйым салынады.
Тармақ 32
32. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегi, шатырлардағы, су жүретiн құбырларда қар бұлтықтарын жою ғимараттар мен құрылыстар иелерiнiң күшiмен және қаражаттарымен жүргiзiледi, мұнда жаяулардың бақытсыз жағдайын болдырмау, әуе желiлерiн, жарық сәулелерiн және жасыл ағаштарды бүлдiрмеу үшiн сақтану шараларын мiндеттi орындау қажет.
Шатырлардан түсiрiлген қар жедел тасып шығарылуы керек.
Қарды, мұзды жергiлiктi басқару органдары белгiлеген су объектiлерi мен аумақтарды ластауды болдырмайтын арнайы бөлiнген жерлерге тасып шығару қажет.
Тармақ 33
33. Көшелердiң, алаңдардың жүру білектерiне, көпiрлерге, түйiспелерге көтерiлген және төмен түсетiн жерлерге механизмдермен құм төгудi коммуналдық кәсiпорындардың мамандандырылған қызметтерi жоспарлы жүргiзедi.
Тармақ 34
34. Тұрғын үй - пайдалану мекемелерi, жекеменшік үйлердің (пәтерлердің) кооперативтері, кәсiпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, үйлердi жалға алған адамдар мен кәсiпорындар коммуналдық шаруашылықтың арнайы техникасы бар мамандандырылған қызметтермен тротуарларға, алаңдарға және өтетiн басқа жерлерге және адамдар көп жиналатын орындарға механизммен құм төгуге шарттар жасауға және бұл жұмысты аталған жерлерде өз күштерiмен және қаражаттарымен жүргiзуге мiндеттi.
Тармақ 35
35. Жол - пайдалану шаруашылықтары, жекеменшік үйлердің (пәтерлердің) кооперативтері, кәсiпорындар, қоғамдық ұйымдар, адамдар және меншiктiң басқа нысандарындағы кәсiпорындар тротуарларға, үйлерге қарама-қарсы орналасқан автобус аялдамаларының отыру алаңдарына, жаяулар өтетiн жерлерге құм төгедi.
Тармақ 4. 4. ЕЛДI МЕКЕНДЕРДIҢ АУМАҚТАРЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТТIК НЫСАНДАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ТӘРТIБI
4. ЕЛДI МЕКЕНДЕРДIҢ АУМАҚТАРЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТТIК НЫСАНДАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ТӘРТIБI
Тармақ 36
36. Сыртқы көркейтудiң барлық элементтерi, оның iшiнде ғимараттардың фасадтарын өңдеу аумақта құрылыс салудың тәртiбiн белгiлейтiн Ережеге сәйкес орындалуы қажет.
Тармақ 37
37. Қашалар, шарбақтар, газондар, киоскiлер, палаткалар, павильондар, ларектер, жарнамалық стендтер салу және орнату, маңдайша жазуларын, әртүрлi көрнекi және басқа қондырғыларды салу және орнатуға, бақша- парк скамейкаларын орнатуға тек қалалық және аудандық сәулет органдарымен келiсiлгеннен кейiн ғана жол берiледi.
Барлық сәулеттiк нысандар оңды жағдайда ұсталуы қажет және жылында кемiнде бiр рет боялуы қажет.
Тармақ 38
38. Көшелерге жарық беретiн шамшырақтар, шырақты жарнама және шырақты маңдайша жазуларды, подъездердегi шырақтар қараңғы түскенде ғана жағылуы керек.
Жарық беруге жататын көшелердiң, парктердiң, скверлердiң, бульварлардың, тұрғын ықшам аудандардың тiзбесiн жергiлiктi әкiмдер белгiлейдi.
Тармақ 39
39. Бақша-парк орындықтары скверлерде, бульварларда, парктерде орнатылады, бұл жұмысты меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар орындайды.
Тармақ 40
40. Қазiргi құрылыстарды бұзу орнындағы құрылыс алаңдары құрылысты бұзуды бастауға дейiн белгiленген үлгiде айнала шарбақтармен қоршалуы қажет.
Қашаларда өтетiн жерлерi болуы тиiс. Өтетiн жерлер әдеттегiдей екiншi деңгейдегi көшелерге шығуы керек және шлагбауммен жабдықталуы тиiс. құрылыс алаңдары кіріп-шығатын көліктің көшелерді ластауды болдырмайтындай етіп көркейтілуі қажет.
Тармақ 41
41. Құрылысты жүргізу кезіне құрылыс ұйымдарына негізгі магистралдің ұзындығы 600 метр жол учаскесі салынып жатқан объектіден екі жаққа бірдей қоқыр-соқырдан тазарту үшін бекітіледі.
Тармақ 42
42. Көшелерді алаңдарды және басқа қоғамдық орындарды қоқым-соқыммен ластамау үшін қалалардың, аудан орталықтарының көшелерінде арақашықтығы 100 метрден аспайтын жерлерге урналар орнатылады. Тұрғын үй-пайдалану мекемелері, үй басқармалары, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар (жалгерлер, құрылыс салушылар) фасад бөлегінде өздерінің үйлері мен офистерінің кіру және шығу маңында урналар орнатады, сауда ұйымдары-сауда үйлерінің кіретін және шығатын жерінің маңында, палаткалардың, ларектердің, павильондардың маңында, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдар және басқа кәсіпорындар меншіктері-скверлердің, бульварлардың маңында, парктерде, жағажайларда урналар орнатады, жеке еңбек іс-қимылдарымен шұғылданушылар-жалға алған үйлердің (ларектердің, будкалардың) маңында урналар орнатады.
Урналар бүтін және тазалық жағдайда ұсталуы қажет, қоқым-соқымнан тазартылуы тиіс, аптасына бір рет жуылуы, дезинфекциялануы, жылына кемінде екі рет сырлануы керек.
Тармақ 43
43. Қалаларда, аудан орталықтарында көшелерде, алаңдарда, ықшам аудандарда, парктерде, жағажайларында, бейттерде шағын сәулеттік нысандарының барлық элементтері құрылыс салу жоспарларына сәйкес сақталуы және орналастырылуы қажет, мұны коммуналдық қызметтер орындайды, басқа жерлер мен елді мекендерде-меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, жергілікті әкім белгілеген аумақтарда құрылыс салушылар жүзеге асырады.
Тармақ 44
44. Тұрғын, қызметтік, өнеркәсіптік және басқа ғимараттар мен құрылыстардың иелері нөмірлік белгілерді оңды жағдайда ұстаулары қажет.
Тармақ 45
45. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, оқу орындары, сауда және қоғамдық тамақтану мекемелері, басқа мекемелер, ұйымдар кіреберісте кәсіпорынның, ұйымның қазақ және орыс тілдерінде жазылған атауының болуын және олардың тиісті оңды жағдайда ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 46
46. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар телефон-автоматтарды, жарнамаларды, витриналарды орнатуды жергілікті сәулет органдарымен, ал олар жоқ жерде жергілікті әкімдермен келісім бойынша жүргізулері қажет.
Телефон-автоматтарды жөндеуді, сырлауды олар балансында тұрғын телефон желілерінің кәсіпорындары жүргізеді.
Тармақ 5. 5. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛЫСТАР МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУ МЕН ЖИНАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
5. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛЫСТАР МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУ МЕН ЖИНАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 47
47. Қарамағында жер асты желілері бар кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар газ люктерінің, канализация, суқұбыры, жаңбыр және басқа құдықтардың қақпақтары жолжабынының деңгейінде болуын ұдайы қадағалап, олардың оңды жағдайда болуын қамтамасыз етулері керек.
Тармақ 48
48. Құрылыстар мен жерасты коммуникацияларын салу жобаларын әзірлеген кезде жобалау ұйымдары құрылыс учаскелерінде болушы ағаштар мен бұтақтардың сақталуын қамтамасыз ететіндей жұмыс ұйымдастыру тәртібін пысықтап, құрылыс жұмыстарының сметаларында қалпына келтіру құнын өтеуді көздеуге, ал оларды басқа жерге отырғызатын болса, жасыл көшеттерді қайта отырғызу жөніндегі жұмыс құнын қосымша өтеуді көздеуге міндетті.
Тармақ 49
49. Жердің үстіңгі қабатындағы және астыңғы қабатындағы суды бұрып әкету үшін арналған каналдарды, құбырларды, дренаждарды, жинастыру мен тазалау, нөсер жауын канализациясының коллекторларын, жаңбыр суы ағатын құдықтарды тазалау жұмыстарын коммуналдық шаруашылық органдары жанындағы жол-пайдалану қызметтері жүргізеді, кәсіпорындар, мекемелердің, ұйымдардың аулалары мен аумақтарында - тұрғын үй-пайдалану мекемелері, меншік пәтер иелерінің құрылымдары, кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, жалгерлер (оның үшінде жеке еңбек іс-қимылдарымен шұғылдану үшін аулаларда, үйлерде орналасқан адамдар), құрылыс салушылар, үй иелері жүргізеді.
Кәсіпорындар ведомстволарының, фермерлік және басқа шаруашылықтардың инженерлік құрылыстары мен коммуникацияларын осы құрылыстардың иелері қамтиды.
Нөсержауын канализацияларынан, байқау және жаңбыр сулары ағатын құдықтардан жаңбыр суларын ағызу қажет болғанына қарай жүргізіледі және жедел сыртқа шығарылады.
Тармақ 50
50. Елді мекендерді көркейтуді, санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) санэпидемстансасының келісімінсіз тұрмыстық қоқысты және тағам қалдықтарын жинау үшін алаңдар орналастыруға;
Тармақша 2
2) тұрмыстық және тағам қалдықтарын тасып шығарудың келісілген тәртіптегі кестені бұзуға;
Тармақша 3
3) құрылыс материалдарын, ағаштарды, көмірді, шөпті, сабанды, улыхимикаттарды, минералдық тыңайтқыштарды және басқа материалдарды көшелерде, тротуарларда, үйлердің фасадтарында сақтауға;
Тармақша 4
4) қоқысты, боқашықты және басқа қалдықтарды көшелерге, құрылыстан бос аумақтарға, жүретін жерлерге тастауға; сұйық лас заттарды (жуындыларды, кір жуғаннан кейінгі суды) төгуге, сондай-ақ су айдындарын және олардың жағалауларын ластауға;
Тармақша 5
5) сутартатын колонкалардың, артезиандық құдықтардың және шахталық құдықтардың маңында кiр жууға және шаюға;
Тармақша 6
6) көшелерде, скверлерде, бақтарда, орман бақтарында, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және қоғамдық пайдаланылатын басқа орындарда мал, құс бағуға;
Тармақша 7
7) иттердi тиiстi бөлiнбеген аумақтарда серуендетуге;
Тармақша 8
8) қалалардың, аудан орталықтарының көшелерiнде мал айдауға, шынжыр табанды тракторлардың, шынжыр табанды көлiктiң басқа түрлерiнiң жүруiне, бұлар үшiн мал айдайтын арнаулы жерi мен жолдары белгiленуi тиiс;
Тармақша 9
9) қалалардың, аудан орталықтарының, жұмысшы кенттерiнiң газондарда және үй жанындағы аумақтарда, көшелерiнде көкөнiс, картоп және басқа ауылшаруашылығы дақылдарын отырғызуға;
Тармақша 10
10) қорабтары жөнделмеген және жабдықталмаған автомашиналармен, көлiкпен төгiлетiн және сұйық жүктердi тасымалдауға;
Тармақша 11
11) жол және жер жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмыс iстейтiн құрылыстарды, жас көшеттердi бүлдiруге, көшелердiң тiкелей жүрiс бөлігiнде ерiтiндi және бетон дайындауға; құдықтардан, траншеялардан, котловандардан суды тiкелей тротуарларға және көшелердiң жүріс бөлегiне ағызуға; қоймалар үшiн артық алаңдар ұстауға; белгiленген шекарадан тыс жұмыс жүргiзуге, ағаштарды, бұталарды, газондарды, құдықтардың люктерiн, су ағызатын керегелердi, астауларды, құбырларды, дренаждарды, геодезиялық белгiлердi, жолдың жүрiс бөлегiн, тротуарларды, жұмыс жүргiзуге бөлiнбеген учаскелердi жермен және құрылыс материалдарымен жауып тастауға;
Тармақша 12
12) мал өсiру еңбегiмен шұғылданушы өнеркәсiп және ауылшаруашылығы кәсiпорындары, мекемелер, ұйымдар, фирмалар, жекеменшiк үй иелерi көңдi және басқа лас заттарды көшелердiң жүрiс бөлігiне, немесе қашалар мен шарбақтардың, мал, құс, аң ұстау үшiн үйлердiң қабырғаларының сыртына, сондай-ақ тұрғын үйлерге тiкелей жақын жерлерге шығаруға және үюге;
Тармақша 13
13) Жағажай, демалыс аймағының жаппай серуендеу жерлерiн, кооперативтiк гараждардың, шаруашылық сарайларының, саябақ аумақтарын, погребтердi, огород-бақша қоғамдарының және соларға жақын аумақтарды ластауға;
Тармақша 14
14) автокөлiктi, тракторды газондарға және басқа жас көшеттерге, қызметтiк үйдiң, тұрғын үйлер подъездерiнiң, оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелерiнiң қасына қоюға;
Тармақша 15
15) кәсiпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, көшелер мен газондарда, тұрғын кварталдарда қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
Тармақша 16
16) iшкi аула аумақтарында погребтер салуға.
Тармақ 6. 6. ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҰСТАУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
6. ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҰСТАУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Тармақ 51
51. Жас көшеттер жалпы халықтық игiлiк, маңызды сауықтыру факторы, қалалар мен селоларды сәндендiретiн елеулi жәйт болып табылады. Оларды қорғау және ұстау - әрбір кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, әрбір азаматтық міндеті.
Тармақ 52
52. Орманбағы аймағын және басқа жас көшеттердi мәдени-сауықтыру мақсатында пайдалануға барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, орман ортасын және қала маңындағы ландшафты қорғауды ескерумен рұқсат етiледi.
Тармақ 53
53. Скверлердi, бульварларды, парктердi, тротуарлық газондарды, жасыл шаруашылықтың басқа объектiлерiн ағымды ұстау коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарына, сондай-ақ өнеркәсiп және ауылшаруашылығы кәсiпорындарына, мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға, жергiлiктi әкiмдер бекiтiп берген аумақтарда жекеменшiк үй иелерiне жүктеледi.
Тармақ 54
54. Құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде тапсырысшылар сақталатын жас көшеттердi құрылыс ұйымдарына сақтау қолхатын алумен беруге мiндеттi. Құрылыс ұйымдары жас көшеттердi шарбақтармен қоршауға, жеке жас көшеттердi бүлдiрмеу үшiн қорапқа салуға мiндеттi.
Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнген учаскелерде жас көшеттердi сақтау мүмкiн болмаған жағдайда тапсырысшы жас көшеттердi өз күшiмен және қаражатымен басқа жаққа отырғызуға немесе коммуналдық шаруашылықтың мамандандырылған ұйымымен жас көшеттердi қайта отырғызу және күту жөнiнде шарт жасауға, жас көшеттердiң құнын өтеуге мiндеттi.
Жас көшеттердiң аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, жер, көмiр және басқа заттарды қоймалауға, газондарды, гүлдер егiлген жерлердi, ағаш шұңқырларын ластауға;
Тармақша 2
2) газондар бойынша жүруге, ағаштарды сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық бұзуларға;
Тармақша 3
3) көшелердi, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жас көшеттер үшiн тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 4
4) гүлдердi жұлуға, жемiстердi үзуге, мал бағуға, жер, құм өндiруге;
Тармақша 5
5) жас көшеттердi өнеркәсiптiк лайсумен және басқа тастамалармен ластауға;
Тармақша 6
6) бақша мүлiктерi мен жабдықтарын (орындықтарды, урналарды, шыбықтарды, газон торларын) бүлдiруге;
Тармақша 7
7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлiк құралдарымен жүруге (арнайы көлiктен басқа);
Тармақша 8
8) жолаушылар көлiгiн газондар мен гүлдердiң маңында тоқтатуға;
Тармақша 9
9) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртiптердi бұзуға;
Тармақша 10
10) ағаштарға электрсымдарын, тiкенек сымдарды, качелдердi, киiмдердi кептiру үшiн жiп байлауға, жазулар жазуға;
Тармақша 11
11) агрономиялық белгiленген мерзiмдерден тыс, кесу тәртiбiн сақтамай, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң коммуналдық шаруашылықтарының өсiмдiктер шаруашылығы қызметiнiң рұқсатынсыз ағаштардың басын кесуге;
Тармақша 12
12) ағаш және бұта көшеттерiн өз еркiмен кесуге;
Тармақша 13
13) өз бетiмен қашалар орнатуға;
Тармақша 14
14) ойындар: футбол, волейбол, городки және басқа ойындар (бұл мақсат үшiн арнайы бөлiнген орыннан басқа) ұйымдастыруға;
Тармақша 15
15) жас көшеттерге зиянды ықпал етудi болдырмайтын жабдықтармен қамтамасыз етiлмеген жаңа және жаңғыртылған кәсiпорындарды, цехтарды, агрегаттарды және басқа объектiлердi пайдалануға беруге.
Тармақ 7. 7. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫНДА, КЕНТТЕРІ МЕН СЕЛОЛАРЫНДА КӨРКЕЙТУ ТӘРТIБIН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШIЛIК, ЕЛДI МЕКЕНДЕРДЕ ЖЕРДI ЖӘНЕ ЖАС КӨШЕТТЕРДI ҚОРҒАУДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
7. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫНДА, КЕНТТЕРІ МЕН СЕЛОЛАРЫНДА КӨРКЕЙТУ ТӘРТIБIН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШIЛIК, ЕЛДI МЕКЕНДЕРДЕ ЖЕРДI ЖӘНЕ ЖАС КӨШЕТТЕРДI ҚОРҒАУДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Осы Ережені бұзғаны үшiн жауапкершiлiк "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес келеді.