Об утверждении натуральных норм обеспечения подведомственных организаций Министерства юстиции Республики Казахстан телефонной связью Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің ведомстволық бағыныстағы
ұйымдарын телефон байланысымен қамтамасыз
етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мына:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бекітілген заттай нормаларды іске асыру «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемелері үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарыларына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 08 желтоқсан
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы»
мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің
заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсан № 612
бұйрығының 1-қосымшасы
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы»
мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің
заттай нормалары
Басқа 2. «Қазақстан Республикасының Заңнама институты»
мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің
заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсан № 612
бұйрығының 2-қосымшасы
«Қазақстан Республикасының Заңнама институты»
мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің
заттай нормалары
№ р/р
Телефон байланысы түрлерінің атауы
Пайдаланушылар
1
2
3
1
Республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы
Директор, директордың орынбасарлары, директордың қабылдау бөлмесі
2
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен және алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы
Директор
3
Қалалық нөмірлермен телефон байланысы
Директор, директордың орынбасарлары, директордың қабылдау бөлмесі, бас бухгалтер, құрылымдық бөлімдердің басшылары – бір нөмірден, бас, жетекші, аға, кіші ғылыми қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, бас, жетекші, аға сарапшылар, сарапшылар – төртеуіне бір нөмір