Об утверждении Правил разработки Декларации безопасности промышленного объекта и Правил проведения экспертизы Декларации безопасности промышленного объекта Күшін жойған
Басқа 0
Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу Ережесін және өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізу Ережесін бекіту туралы
Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2007.05.29. N 88 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19-1 заңына, "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын ұсынудың тәртібін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 қаулысына сәйкес және өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын жүргізу үшін бірыңғай әдістемелік және нормативтік базамен қамтамасыз ету мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу Ережесі" және "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізу Ережесі" бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу Ережесі" және "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізу Ережесі" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 3. ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттігінің
2001 жылғы 13 маусымдағы
N 113 бұйрығымен бекітілген
ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ
📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 27-1 Бұйрығымен.
Тарау 1. 1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізудің ережесі "Өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациясын ұсынудың тәртібін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 қаулысын орындау барысында әзірленді.
Тармақ 2
2. Құрамында өте қауіпті өндірісі бар өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын барлық меншік нысанындағы ұйымдары (бұдан әрі - декларациялауға жатқызылатын ұйымдар) мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары осы Ережені сақтауға міндетті.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 27-1 Бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
Тармақ 3
3. Сараптама ережесі сараптама қорытындысын беретін құрамға талап қоя отырып, өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізудің мақсатын және ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 4
4. Комитеттің қаулысымен бекітілген, "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу тәртібімен" белгіленген өлшем бойынша декларациялауға жатқызылатын, өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясы сараптау объектісі болып табылады.
Тармақ 5
5. Жобаланған немесе жұмыс істейтін өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясында ұсынылған ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығының көзделген жобаға немесе пайдалану кезінде іске асырылатын қауіпсіздік шараларының өнеркәсіп қауіпсіздігінің қолданыстағы нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келуін белгілеу, өнеркәсіптік объектісінде қауіпсіздік дәрежесін анықтау мен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде қабылданған шаралардың жеткіліктілігін анықтау сараптама мақсаты болып табылады.
Тарау 2. 2 тарау. САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ
2 тарау. САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ
Тармақ 6
6. Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына сараптаманы қауіпті объекті орналасқан жер бойынша Комитеттің аумақтық органдары жүргізеді.
Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізу мерзімі үш айдан аспауы керек.
Осы талаптарға сәйкес орындалған сараптау нәтижесі (дұрыс немесе бұрыс) сараптау қорытындысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Сараптама қорытындысы оңды бағасын алмаған және сараптау қорытындысымен келіспеген жағдайда декларациялауға жатқызылған ұйымның басшысы Комитетке арыз беру арқылы жүгінуге құқы бар.
Арыз қауіпсіздігі декларациялауға жататын ұйымның бланкісінде ресімделеді және оған оның басшысы қол қояды.
Арызға қоса беріліп отырған құжаттар жинағына:
қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылған ұйымның басшысы бекіткен және ұйымның мөрі басылған өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясы;
сараптама қорытындысы кіреді.
Арыз Комитетте әдеттегі тәртіппен тіркеледі.
Арызды Комитеттің мамандарынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия қарайды.
Арыздың қорытындысы арыз берушіге және сараптама жүргізуші аумақтық органдарға арыз түскеннен кейін 1-айдан кешіктірмей хабарланады. Өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларацияланатын ұйымның арызы қанағаттандырылған жағдайда мемлекеттік сараптамадан өтті деп саналады.
Тармақ 8
8. Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясының сараптау қорытындысы оң бағасын алмаған және қорытынды нәтижесімен келіспеген жағдайда қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын ұйымның басшысы анықталған кемшіліктерді жоюға, өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына дәлелді түзетулер енгізуге және қайта сараптаудан өтуге тиіс.
Тармақ 9
9. Сараптама дұрыс шешім шығарған жағдайда қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын ұйымның басшысы өнеркәсіптік объекті қауіпсіздігі декларациясының және "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу ережесіне" сәйкес сараптама қорытындысының көшірмелерін ұсынады.
Тарау 3. 3. САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3. САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тармақ 10
10. Сараптау қорытындысы нақты, әділ, дәлелді және сенімді болуы тиіс. Қорытынды тұжырымы түсінікті болуы қажет.
Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясы бөлімдеріне талдау мен ескертулер жасау төтенше жағдайларды оқшаулау мен жоюда, халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауда өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың нақты талаптарына сүйенуі тиіс.
Сараптама жүргізу кезінде өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясының барлық құрамдас бөлігіне олардың міндетті аттары мен нөмірлерін көрсете отырып талдау жасалады.
Тармақ 11
11. Сараптама қорытындысында мына ақпараттар қамтылуы тиіс:
- сараптама қорытындысының атауы (өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясының атауы көрсетіледі);
- сараптауға ұсынылған материалдың қысқаша сипаттамасы;
- өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясының барлық бөлімдері және тармақтары бойынша ұсынылған ақпараттың толықтығы туралы мәліметтер;
- өнеркәсіп объектісінде табылған қауіптің дәрежесі туралы мәліметтер;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қабылданған шаралардың қолданыстағы нормалар мен ереже талаптарына сәйкестігі мен толықтығы туралы мәліметтер;
- декларацияланатын объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтер;
- техникалық шешімдер және қаржыландырылатын шараларды жүргізу жөніндегі ұсыныстар (қажеттілігіне қарай);
- өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына ұсынылған мәліметтер бойынша басқа да ескертулер;
- осы тәртіптің 4-бөліміне сәйкес ресімделген қорытындылар.
Тармақ 12
12. Өнеркәсіптік объектісіндегі қауіп туралы мәліметтерді сараптау кезінде:
өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу кезінде қолданатын қауіп пен қатерді талдаудың тәсілі мен әдісінің негізділігін бағалау;
қауіптер мен қатерді талдау жөніндегі жасалған есептің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ соңғы нәтижелерге әсер ететін барлық факторлардың есеп жүргізу дәрежесі;
аварияның зақымдағыш факторларының өнеркәсіптік объектісінің аумағынан тыс шығу жағдайы мен мүмкіндігін және зақымдағыш факторлардың халыққа, басқа объектілерге және қоршаған табиғи ортаға әсерінің зардабын ерекше зерттеу;
азаматтарға, заңды тұлғаларға және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зияны үшін жауапкершілікті сақтандырудың барабар мөлшерін бағалау;
өте қауіпті өндірістік өнеркәсіп объектісі қызметіне бөгде адамдардың араласуына және террористік актілердің қарсылық әрекеттеріне тиым салу шараларының болуы мен жеткіліктілігін бағалау қажет.
Қажет болған жағдайда қауіптер мен қатерді талдаудың басқа ұсынылатын әдістерін немесе есеп беру үшін өте дұрыс анық мәлімет көздерін негізге ала отырып көрсетуі тиіс.
Тармақ 13
13. Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу кезінде Комитет ұсынған тізімге енбеген әдістемелік материалдарды пайдалана отырып қорытынды шығаруда олардың орынды пайдалануға баға беру қажет.
Тармақ 14
14. Аумақтық органның басшысы бекітуімен сараптаманы жүргізген және мөрі басылған сараптама қорытындысын Комитет тиісті органға ұсынады.
Тарау 4. 4. САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4. САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тармақ 15
15. Өнеркәсіптік объектісі қауіпсіздігінің декларациясын сараптау қорытындысында бұрын тұжырымдалған ескертулердің негізінде "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігінің декларациясын әзірлеу тәртібінің" талаптарына сәйкестік дәрежесі туралы қорытынды жасау қажет.
Қорытындыға:
өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясында ұсынылған ақпараттың толықтығы, анықтығы және дұрыстығы;
өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында пайдалану (немесе жобаны), төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және жою шарттарының қолданыстағы норма мен ережеге сәйкестігі;
өнеркәсіп объектісінде анықталған қауіптің дәрежесі;
төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың жеткіліктілігін міндетті бағалау енгізілуі тиіс.
Басқа 23. ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің
2001 жылғы 13 маусымдағы
N 113 бұйрығымен бекітілген
ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ
📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен, "облыстық, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары" деген сөздер "Комитеттің аумақтық органдары" деген сөздермен тиісті септіктерде ауыстырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 27-1 Бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАР
АВАРИЯ - объекті мен нақты аумақтарда пайда болған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын және үйлердің, ғимараттардың жабдықтардың және көлік құралдарының қирауына, өндірістік және көліктік процестердің бұзылуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіретін қауіпті техногендік оқиға.
ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ - қатерді анықтау (бірдейлендіру) және бағалау, сондай-ақ олардың пайда болуы мүмкін зардаптарын бағалау.
ГИДРОДИНАМИКАЛЫҚ АВАРИЯ - судың қатты жылдамдықпен ағып жайылуына және техногендік төтенше жағдайдың туындау қаупіне байланысты гидротехникалық құрылыстардағы авария.
АУҚЫМДЫ ҚАУІПТІ ЗАТТАР - адамдардың өмірі мен денсаулығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне өздерінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе уландырғыш қасиеттері салдарынан қауіп төндіретін заттар.
ӨНЕРКӘСІПТІК АПАТ - адамдардың қаза болуына, олардың денсаулығына зиян келтіретін немесе объектілердің, материалдық құндылықтардың едәуір мөлшерде қирауына және жойылуына әкеп соғатын, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен зиян тудыратын ірі өнеркәсіптік авария.
ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА ЖАТҚЫЗЫЛАТЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІ - бір алаңға орналасқан құрамында бір немесе бірнеше жоғары қауіпті өндірістері бар кәсіпкерлік қызмет субъектісі (ұйым).
ӨТЕ ҚАУІПТІ ӨНДІРІС - осы Ереженің маңызды бөлігінде белгіленгендей, тең немесе артық мөлшердегі жарылу өрт қауіпті немесе қауіпті химиялық заттарды біруақытта пайдаланатын, шығаратын, қайта өңдейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын учаске, қондырғы, цех, қойма, станса немесе басқа өндірістер.
ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ - объектіде техногендік төтенше жағдай көздерінің пайда болуы нәтижесінде, нақты аумақтарда адамдардың қалыпты өмір тіршілігі мен қызметін бұзатын, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіретін, халықтың мүлкіне, ауыл шаруашылығына және қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін жағдай.
ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ - өнеркәсіптік объектіде болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен көлемі туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға қосу, оның жұмыс істеуі және пайдаланудан шығару сатыларында меншік иесінің алдын алу және жою жөніндегі қабылданған шаралары туралы хабарлайтын құжат.
ДЕКЛАРАНТ - қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын құрамында өндірістік объектісі бар ұйым.
Тарау 1. 1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын ұсынудың тәртібін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 қаулысына сәйкес әзірленді және құрамында қауіптілігі жоғары өндірістері бар кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және басқа да барлық меншік нысанындағы заңды тұлғаларға (бұдан әрі - ұйымдарға) таратылады.
Тармақ 2
2. Қызметі жоғары қауіпті өндірістерге байланысты (бұдан әрі - өнеркәсіптік объекті) өнеркәсіптік объектілерді декларациялау, қауіпсіздік шараларын сақтау үшін бақылауды қамтамасыз ету, өнеркәсіп объектісіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шаралардың жеткіліктілігін және тиімділігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясы (бұдан әрі - қауіпсіздік декларациясы) өнеркәсіп объектісіндегі қауіптіліктің сипаты мен мөлшері және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жасалынған шаралар және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау дайындығы бейнеленген құжат болып табылады.
Тармақ 4
4. Декларация жобаланып және жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп объектілері үшін әзірленеді. Қауіпсіздік декларациясы өнеркәсіптік өндірістің қауіпсіздігін, оны пайдалануға қосу, пайдалану және пайдаланудан шығару сатыларында сипатталуы тиіс.
Тарау 2. 2 тарау. ӨТЕ ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТЕРДІ БІРДЕЙЛЕНДІРУ ПРИНЦИПТЕРІ
2 тарау. ӨТЕ ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТЕРДІ БІРДЕЙЛЕНДІРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Тармақ 5
5. Жобаланатын және жұмыс істеп жатқан қауіпсіздігі міндетті декларациялауға жататындар:
Тармақша 1
1) құрамында өте қауіпті өндірістері бар, қауіпті заттарды пайдаланатын және шығаратын, осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілгендей өте қауіпті жабдықтар мен технологиялық өндірістік процестерді қолданатын өнеркәсіптік объектілер;
Тармақша 2
2) гидротехникалық құрылыстар, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы қойма сағалары мен шлам жинақтаушылар, жарылғыш материалдарды сақтайтын стационарлық қоймалар.
Тармақ 6
6. Қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілерді өте қауіпті өндіріске жатқызуға:
Тармақша 1
1) нақты заттар немесе әртүрлі санаттағы заттар үшін белгіленген ауқымды қауіпті заттардың тең мөлшерінің көлеміне;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп объектісінде қолданылатын ауқымды қауіпті заттардың мөлшеріне негізделеді;
Тармақша 3
3) нақты заттар санының белгілі мөлшері осы Ереженің 1-қосымшасында (кестесінде) келтірілген.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы облыстары (республикалық маңызы бар қалаларының, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бастамасымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетімен (бұдан әрі - Комитет) немесе оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) аумақтық органдарымен (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органдары) келісе отырып, шекті саны азайтылуы мүмкін, бұл осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген жағдайларда болуы мүмкін.
📌 Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 27-1 Бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
Тармақ 8
8. Осы Ереженің 6-тармағының 1)-тармақшасының шартын қанағаттандырмайтын, бірақ қызметінде төтенше жағдайлардың туындау қатері жоғары өнеркәсіп объектілерін, Комитеттің, Комитеттің аумақтық органдарының әрбір нақты жағдайда төтенше жағдайлардың туындау қатері жоғары объектілерді бірдейлендіруді жүзеге асыруға құқы бар.
Тармақ 9
9. Өнеркәсіп қауіпсіздігін декларациялауды енгізудің алғашқы сатысында қауіпсіздік декларациясын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың туындау қатері жоғары ұйымдар ұсынады.
Тарау 3. 3 тарау. ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА ЖАТҚЫЗЫЛАТЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
3 тарау. ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА ЖАТҚЫЗЫЛАТЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
Тармақ 10
10. Ұйымның басшысы өнеркәсіптік объектілердің құрамына кіретін өте қауіпті өндірістерді бірдейлендіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Өнеркәсіп объектісіндегі бір немесе одан да көп өте қауіпті өндірістерді бірдейлендіру жағдайында ұйым басшысы бұл объекті жөнінде Комитеттің аумақтық органдарына, жоғары ұйымдарға, министрліктерге немесе ведомстволарға (қолда бар кезінде) және аумағында өнеркәсіп объектісі бар Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына мәлімет ұсынады.
Мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 12
12. Комитеттің аумақтық органдары жыл сайын 15 қаңтарға дейін Комитетке бірдейлендіру талаптарына сәйкес қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілерді тізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар ұсынады.
Тармақ 13
13. Комитеттің аумақтық органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының ұсынған ұсыныстарын есепке ала отырып, жыл сайын қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілердің тізбесін жасайды және бекітеді.
Тарау 4. 4 тарау. ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
4 тарау. ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Тармақ 14
14. Қауіпсіздік декларациясына мынадай құрылымдық элементтер:
Тармақша 1
1) бірінші беті;
Тармақша 2
2) түсініктеме;
Тармақша 3
3) мазмұны;
бөлімдері:
Тармақша 4
4) "Жалпы ақпарат";
Тармақша 5
5) "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін талдау"*;
Тармақша 6
6) "Төтенше жағдайларды оқшаулауға және жоюға өнеркәсіптік объектінің дайындығын қамтамасыз ету";
Тармақша 7
7) "Жұртшылықты ақпараттандыру";
Тармақша 8
8) "Объектінің ахуалдық жоспары";
Тармақша 9
9) "Ақпараттық парақ";
Тармақша 10
10) "Өнеркәсіптік объектіні (өте қауіпті өндірістер) пайдаланудан шығару туралы мәліметтер **" енгізіледі.
Қауіпсіздік декларациясының құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар 3-қосымшада келтірілген. Қауіпсіздік декларациясының нысаны ұсынылған құрылымға сәйкес бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
* Құрамына бірнеше өте қауіпті өндіріс кіретін өнеркәсіптік объектілердің әрбір өндірістері үшін бөлім толтырылады.
** Өнеркәсіптік объектіні (өте қауіпті өндірісті) пайдаланудан шығарған жағдайда қоса беріледі.
Тармақ 15
15. Қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар:
жобаланатын өнеркәсіптік объектілері үшін 4-қосымшада;
қолданыстағы өнеркәсіптік объектілер үшін 5-қосымшада;
гидротехникалық құрылыстардың, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы қойма сағалары мен шлам жинақтаушылар үшін 6-қосымшада келтірілген.
Тарау 5. 5 тарау. ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
5 тарау. ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
Тармақ 16
16. Өзінің құрамында өте қауіпті өндірісі бар немесе өз бетінше өнеркәсіптік объектінің жобасына тапсырыс беруші болып табылатын ұйым өз қалауымен келісім-шарт негізінде мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, қауіпсіздік декларациясын әзірлейді.
Жобаланатын өнеркәсіп объектісі үшін қауіпсіздік декларациясын жобаның тапсырыс берушісі бекітеді. Қауіпсіздік декларациясын бекіткен адам, онда берілген ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді.
Өнеркәсіптік объектінің бекітілген қауіпсіздік декларациясы "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізу Ережесіне" сәйкес міндетті мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс.
Бекітілген қауіпсіздік декларациясының бірінші данасы декларацияны бекіткен ұйымда сақталады.
Тармақ 17
17. Бекітілген қауіпсіздік декларациясы Комитетке (екінші данасы), сондай-ақ тиісті облыстардың немесе Астана мен Алматы қалаларының (үшінші данасы) әкімдеріне ұсынылады, одан кейінгілері Комитеттің аумақтық органдарына беріледі.
Қауіпсіздік декларациясы баспа түрінде түптелген күйінде және мемлекеттік сараптаманың берген дұрыс қорытындысының қосымшасымен ұсынылады.
Тармақ 18
18. Құрамында өте қауіпті өндірісі бар барлық ұйымдардың Комитет органдарына ұсынатын қауіпсіздік декларациясы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік объектілер үшін міндетті құжат болып табылады.
Тармақ 19
19. Комитет қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілер туралы компьютерлік деректер жүйесін жүргізеді, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жағдайы туралы Мемлекеттік баяндаманың тиісті ақпаратына енгізу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы декларациялау рәсімдерінің орындалу барысына талдау жасайды.
Тармақ 20
20. Қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілер Тізбесіне бірінші рет енгізілген құрамында өнеркәсіптік объектілері бар ұйымдар осы Ереженің талаптарына сәйкес осындай объектілердің қауіпсіздік декларациясын жылдың 31-желтоқсанына дейін ұсынуға міндетті.
Тарау 6. 6 тарау. ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
6 тарау. ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
Тармақ 21
21. Қауіпсіздік декларациясы:
Тармақша 1
1) өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін (өнеркәсіптік объектілердің ішінде және одан тыс аумақтарда) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халық пен аумақты төтенше жағдайлардан қорғау, оған қоса өнеркәсіптік объектіні немесе өте қауіпті өндірістерді жаңғырту немесе қайта салаландыру шарттары өзгерген жағдайда;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласының, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың, халық пен аумақты төтенше жағдайлардан қорғаудың қолданыстағы талаптары өзгерген жағдайда;
Тармақша 3
3) Комитеттің арнайы шешімі бойынша - осы шешіммен қабылданған тәртіпте және мерзімде қайта қарауға;
Тармақша 4
4) бес жылда бір рет қайта қарауға жатқызылады.
Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын қайта қараған жағдайда кез-келген негіз бойынша өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясына қайтадан мемлекеттік сараптама жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Осы Ереженің талаптарына сәйкес ұйымдардың қауіпсіздік декларациясы қайта қаралады. Қауіпсіздік декларациясын қайта қарау және оны мемлекеттік сараптамадан қайта өткізу жөніндегі шығындар ұйымдар есебінен өтеледі.
Тарау 7. 7 тарау. ДЕКЛАРАНТТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7 тарау. ДЕКЛАРАНТТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тармақ 23
23. Құрамында қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілері бар ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілеріне сәйкес осы Ереженің талабын мүлтіксіз сақтауға міндетті.
Тармақ 24
24. Өнеркәсіп объектілерінде және одан тыс аумақтарда қауіпсіздік деңгейіне әсер ететін өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациясындағы фактілер бұрмаланған, сондай-ақ өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын уақытында ұсынбаған жағдайда ұйым басшысы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Басқа 74. Қауіпті өнеркәсіптік объектілер
1-қосымша
Қауіпті өнеркәсіптік объектілер
Тармақ 1
1. Қызметінде төтенше жағдайлардың пайда болу қатері басым қауіпті өнеркәсіптік объектілеріне қауіпті заттарды өндіретін, пайдаланатын, қайта өңдейтін, жасайтын, сақтайтын, тасымалдайтын, жоятын объектілер жатады, ол қауіпті заттар мыналар:
Тармақша 1
1) тұтанғыш заттар - қалыпты қысым және қоспаның ауамен араласуы кезінде тұтанатын және қалыпты қысым жағдайында қайнау температурасы 200 С немесе одан да төмен градусты құрайтын газдар;
Тармақша 2
2) жанғыш заттар - өздігінен жануға қабілетті, сондай-ақ тұтану көздерінен жанатын және оны сөндіргеннен кейін өздігінен жанатын сұйықтар, газдар, тозаңдар;
Тармақша 3
3) тотықтырғыш заттар - жануды қолдайтын, жануды тудыратын және (немесе) тотықтыру-қалпына келтіру экзотермикалық реакциялар нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын газдар;
Тармақша 4
4) жарылғыш заттар - сыртқы әсер етудің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөлу және газдар құрау арқылы өздігінен өте жылдам таралатын химиялық өзгеруге қабілетті заттар;
Тармақша 5
5) улы заттар - тірі организмдерге әсер еткен кезде олардың қаза табуына әкеп соғатын қабілетті заттар және олардың мынадай сипаттамалары бар:
асқазанға түскен кездегі орташа өлтіру дозасы салмағын қосқанда бір килограмға 15-тен 200 миллиграмға дейін;
теріге тиген кездегі өлтіру дозасы салмағын қосқанда бір килограмға 50-ден 400 миллиграмға дейін;
ауадағы орташа өлтіру концентрациясы бір литрді қосқанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін;
Тармақша 6
6)* высокотоксичные вещества - вещества, способные при воздействии на живые организмы приводить к их гибели и имеющие следующие характеристики:
средняя смертельная доза при введении в желудок не более 15 миллиграммов на килограмм веса;
средняя смертельная доза при нанесении на кожу не более 50 миллиграммов на килограмм веса;
средняя смертельная концентрация в воздухе не более 0,5 миллиграммов на литр;
Тармақша 7
7) қоршаған табиғи орта үшін қауіпті бейнелейтін және су аумағында мынадай өте улы көрсеткіштерді сипаттайтын заттар:
балықтар суды жұтқан кезде әсер ететін орташа өлтіру дозасы 96 сағат ішінде бір литрге 10 миллиграмнан көп емес;
су шаянына удың орташа концентрациясының тигізетін әсері 48 сағат ішінде бір литрге 10 миллиграмм;
балдырларға тигізетін удың орташа концентрациясының әсері 72 сағат ішінде бір литрге 10 миллиграмм.
* РҚАО-ның ескертуі: 6)-тармақшаның қазақша аудармасы болмағандықтан мәтін орысшада беріліп отыр.
Тармақ 2
2. Қауіпті өнеркәсіп объектілеріне сондай-ақ төменде көрсетілген өте қауіпті жабдықтар мен технологиялық өндірістік процестерді пайдаланатын объектілер жатады:
Тармақша 1
1) 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен немесе судың Цельсидің 115 градусы температурасында қайнауымен жұмыс істейтін жабдықтар (бу және су қайнататын қазандар, бу және ыстық су құбырлары) пайдаланылады;
Тармақша 2
2) стационарлық орнатылған жүк көтергіш тетіктер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлар пайдаланылады;
Тармақша 3
3) стационарлық, жылжымалы, қалқымалы бұрғылау қондырғылары мен скважиналарды жер астында жөндеуге арналған көтергіш агрегаттарды пайдалану кезінде болуы мүмкін авариялардың нәтижесінде қоршаған табиғи орта едәуір ластанады;
Тармақша 4
4) қара және түсті металдардың балқымалары мен осы балқымалардың негізінде қорытпалар алынады;
Тармақша 5
5) көмірсутегі кен орындарын әзірлеу жүргізіледі: скважиналарды бұрғылау, мұнайды, газды және мұнай өнімдерін өндіру, жинау, дайындау, сақтау, тасымалдау (болуы мүмкін авариялар кезінде табиғи ортаның едәуір ластануы және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін);
Тармақша 6
6) пайдалы қазбаларды (кен) шығару және байыту жөніндегі тау-кен жұмыстары, сондай-ақ жер асты жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қауіпті өнеркәсіптік объектілердің санатына:
Тармақша 1
1) гидротехникалық құрылыстар, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы қойма сағалары және шлам жинақтаушылар, жарылғыш материалдарды сақтайтын стационарлық қоймалар жатады;
Тармақша 2. Өнеркәсіптік объектісіндегі қолда бар қауіпті заттардың шекті саны декларациялауға жатқызылатын қауіпті объектілердің тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
2) өнеркәсіптік объектілер мынадай жағдайларда:
егер объектідегі қауіпті зат 1-кестеде белгіленсе және оның мөлшері осы кестеде келтірілген шекті санынан артық немесе тең болса;
егер объектідегі қауіпті зат 2-кестеде келтірілген түрлердің біреуіне жатса және оның мөлшері осы кестеде келтірілген шекті санынан артық немесе тең болса;
егер бір немесе әртүрлі қауіпті бірнеше қауіпті зат қолданылса және әр заттың мөлшері 1-ші және 2-ші кестеде келтірілген шекті санынан кем болса, ал объектідегі қауіпті заттар санының қатынас сомасы олардың шекті санынан артық бірлікке тең болса, яғни мынадай шартпен белгіленеді:
n
{J [м(i)] / [М (i)]} >= 1,
j=1
м(і) - объектідегі қауіпті заттардың саны; М(і) - барлығы үшін і-ден 1 n-ге дейінгі осы тізбеге сәйкес сол заттың шекті саны.
егер қауіпті өнеркәсіптік объектілердің ара қашықтығы 500 метрден кем болса, онда қауіпті заттың жиынтық саны ескеріледі.
Қазақстан Республикасы атқарушы өкімет органының бастамасы бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, 1-ші және 2-ші кестеде келтірілген қауіпті заттардың шекті саны азайтылуы мүмкін.
Егер мына жағдайларда мүмкін болғанда:
өнеркәсіптік объектілердегі авария кезінде зақымдануы мүмкін аймақтарда 10 мың және одан да көп адам болса;
өнеркәсіптік объектіден қоныстану аймағына дейінгі ара қашықтық 500 метрден кем болса;
өнеркәсіптік объектінің маңында адам көп жиналатын жерлер (стадиондар, кинотеатрлар, ауруханалар, базарлар, вокзалдар, мектептер);
өнеркәсіптік объектілерден 500 м қашықтықта көлік қоятын орындар орналасса;
халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға кері әсерін тигізетін басқа да аумақтық ерекшеліктері бар болған жағдайда азайтылады.
1-кестеде көрсетілмеген қауіпті заттар үшін 2-кестедегі деректерді қолдану керек.
1-кесте
Өнеркәсіптік объектісіндегі қолда бар қауіпті заттардың шекті саны декларациялауға жатқызылатын қауіпті объектілердің тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
__________________________________________________________________
Қауіпті заттардың атаулары Шекті саны
(тоннамен)
__________________________________________________________________
Аммиак 10
1
Аммоний нитраты 1250
2
Тыңайтқыш түріндегі аммоний нитраты 5000
Акрилонитрил 200
Хлор 10
Этилен тотығы 50
Цианидті сутегі 20
Фторлы сутегі 50
Күкіртті сутегі 50
Күкірт диоксиді 200
Күкірт триоксиді 75
Қорғасын алкилы 50
Фосген 0,75
Метилизоцианат 0,15
Хлорпикрин 0,55
Бромметил 15
Хлорид металлил 20
Тұз қышқылы 40
Азот қышқылы 25
____________________________________________________________________
Тармақша 1
1) Аммоний нитратындағы азот құрамында кездесетін аммоний нитраты мен аммоний қоспа мөлшерінің 28(%) пайызынан астамын, сондай-ақ аммоний нитраты концентрациясындағы аммоний нитратының су ерітіндісі қоспа мөлшерінің 90(%) пайызынан тұрады.
Тармақша 2. Өнеркәсіптік объектілерінде декларациялауға жатқызылатын міндетті түрде қауіпті объектілердің тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылатын қауіпті заттардың түрлері және олардың шекті саны:
2) Аммоний нитраты негізіндегі жай тыңайтқыштар, сондай-ақ аммоний нитратында кездесетін азот құрамындағы күрделі тыңайтқыштар бүкіл қоспаның 28(%) пайызынан астамын құрайды, аммоний нитратынан тұратын күрделі тыңайтқыштардың құрамында фосфат пен (немесе) калий бар.
2-кесте
Өнеркәсіптік объектілерінде декларациялауға жатқызылатын міндетті түрде қауіпті объектілердің тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылатын қауіпті заттардың түрлері және олардың шекті саны:
____________________________________________________________________
Қауіпті заттардың түрлері Шекті саны
(тоннамен)
____________________________________________________________________
Тұтанғыш заттар 200
Тауар-шикізат қоймалары мен базаларындағы 2500
жанғыш сұйықтар
Технологиялық процестерде қолданылатын 200
немесе магистральды құбырлар
бойынша тасымалданатын жанғыш сұйықтар
Тотыққыш заттар 200
Жарылғыш заттар 25
Улы заттар 200
Өте улы заттар 20
Қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттар 200
____________________________________________________________________
Басқа 95. Қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілердің тізбесі
2-қосымша
Қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілердің тізбесі
____________________________________________________________________
Ұйымдардың Жоғары ұйымдар Қауіпті өнеркәсіп. Қауіпсіздігі
толық атауы, (бар болған тік объектілердің
декларациялан.
пошталық жағдайда) толық атауы, ған жыл
мекен-жайы, пошталық мекен-
телефоны, жайы, телефоны,
факсы факсы
Е-маіl
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
Басқа 96. Қауіпсіздік декларациясының құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар
3-қосымша
Қауіпсіздік декларациясының құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Бірінші беті
Бірінші бет қауіпсіздік декларациясының алғашқы парағы болып табылады, онда мынадай мәліметтер келтіріледі: қауіпсіздік декларациясының тіркеу нөмірі; қауіпсіздік декларациясын бекіту белгісі; қауіпсіздік декларациясының атауы; қауіпсіздік декларациясы жасалған жер және ай-күні;
Қауіпсіздік декларациясының алғашқы парағының үлгісі осы Ереженің N 7-қосымшасында келтірілген.
Жұмыс істеп тұрған химиялық қауіпті өнеркәсіптік объектілердің Декларация үлгісі "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын ұсынудың тәртібін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 қаулысымен бекітілді.
Тармақ 2
2. Түсініктеме беру
Түсініктеме беруде: қауіпсіздік декларациясын әзірлеушілер туралы мәліметтер; негізгі қауіптерді міндетті түрде көрсеткен қауіпсіздік декларациясының негізгі бөлімдерін қысқаша баяндау қамтылады.
Тармақ 3
3. Мазмұны
Мазмұнына қауіпсіздік декларациясының осы элементтерінен басталатын барлық бөлімдердің атаулары мен беттері қойылған қосымшалары кіреді.
Тармақ 4
4. "Жалпы ақпарат" тарауы
Жалпы ақпарат тарауына: өнеркәсіптік объектілер туралы жалпы мәліметтер;
қауіпсіздіктің жалпы шаралары кіреді.
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік объекті туралы жалпы мәліметтерге:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік объектілер туралы қысқаша мәліметтерге: ұйымдардың толық және қысқаша атауы; жоғары органдардың, министрліктер мен ведомстволардың (бар болған жағдайда) атаулары; ұйым басшысы қызметінің атауы; ұйымның толық пошталық мекен-жайы, телефоны, факсы, телетайпы, ұйымның қысқаша сипаттамасы кіреді;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын объектілердің құрамына кіретін өте қауіпті өндірістерді бірдейлендірудің негіздемесі;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 3-ші бөлімінде белгіленген бірдейлендірілген принциптерге сәйкес ауқымды қауіпті заттар мен әрбір өндіріс үшін олардың саны көрсетілген өте қауіпті өндірістер тізбесі; декларациялауға жатқызылатын қауіптілігі басым Қазақстан Республикасының объектілер тізбесіне объектіні енгізу туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік объектінің орналасқан жерінің сипаттамасына: өнеркәсіптік объекті аумағының көлемі және шекарасы; тыйым салынған және санитарлық-қорғау аймақтары мен шекарасы; өнеркәсіптік объекті орналасқан ауданның топографиясы туралы деректері; өнеркәсіптік объекті орналасқан аудандағы табиғи - ауарайлық жағдайлар туралы мәліметтер кіреді;
Тармақша 5
5) қызметкерлер және санитарлық-қорғау аймағының аумағында тұратын халық туралы деректерге: өнеркәсіптік объекті қызметкерлерінің саны және оларды орналастыру туралы мәліметтер; қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік апат жағдайында (гидродинамикалық авария) зақымдау факторларының іс-әрекет аймағында қалуы мүмкін қоршаған объектілері және/немесе ұйымдары қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер; өнеркәсіптік апат жағдайында (гидродинамикалық авария) зақымдау факторларының іс-әрекет аймақтарында болуы мүмкін іргелес жатқан аумақтарға халықты орналастыру туралы мәліметтер; болуы мүмкін зақымдау факторларының іс-әрекет аймақтарындағы адам көп жиналатын жерлер (ауруханалар, бала бақшалар мен яслилер, мектептер, тұрғын үйлер, стадиондар, кинотеатрлар, әуежайлар, вокзалдар, базарлар) кіреді;
Тармақша 6
6) сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау туралы деректерге: өрт сөндіретін сулар (орналасқан жері, саны, сиымдылығы м3); өртке қарсы су құбырлары (диаметрі, түрлері, қысымы, ұзындығы); кәсіпорынның аумағынан тыс жерге орналасқан жақын жердегі су көздері; жақын жердегі өрт бөліміне дейінгі ара қашықтық; алаңы, қабаты, алаңы, отқа төзімділігінің дәрежесі, өндірістің өрт жарылу қауіптілігі бойынша санаты;
Тармақша 7
7) объектінің атауы және ұйымның мекен-жайы; сақтандыру түрлері; авария жағдайында жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залал үшін сақтандыру жауапкершілігінің барынша мөлшері кіреді.
Тармақ 2
2. Қауіпсіздіктің жалпы шараларына:
Тармақша 1
1) жоғары қауіптілікке байланысты өнеркәсіптік объектілерде қызмет түрлерін жүзеге асыратын қажетті және қолданыстағы лицензиялардың тізбесі;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік объектідегі қауіпсіздікті бақылау жүйесінің сипаттамасы, техникалық қадағалау және техника қауіпсіздігі қызметтерін, аварияға қарсы күштер мен авариялық-құтқару қызметтерін ұйымдастыру туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік объектідегі жарақат алу, авария туралы деректерді жинауды жүргізу жөніндегі шаралар жүйесінің сипаттамасы, сондай-ақ олардың негізгі себептері бойынша талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) қызметкерлердің жұмысқа кіру рұқсатының тәртібін көрсете отырып, қызметкерлердің кәсіптік және аварияға қарсы даярлығының сипаттамасы және қауіпсіздіктің нормалары мен ережелерін білуін ұдайы тексеру;
Тармақша 5
5) авария кезінде қорғану және іс-әрекет жасау әдістеріне қызметкерлерді оқытып-үйрету жөніндегі шаралар;
Тармақша 6
6) өнеркәсіп қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жоспарланатын шаралар тізбесі;
Тармақша 7
7) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды реттейтін негізгі нормативтік құжаттардың тізбесі кіреді.
Тармақ 5
5. "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін талдау" тарауы
Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін талдау тарауына: технология және аппаратуралық безендіру туралы деректер; қауіп пен қатерді талдау; қауіпсіздікті және аварияға қарсы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кіреді.
Тармақ 3
3. Технологиялық және аппаратуралық безендіру туралы деректерге: қауіпті заттардың сипаттамасы; технологияның сипаттамасы; қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған техникалық шешімдердің сипаттамасы; басқару пункттерінің сипаттамасы кіреді.
Тармақша 1
1) Қауіпті заттардың сипаттамасына: заттардың атаулары, химиялық формулалары, құрамы, өрт-жарылыс қауіпсіздігі туралы деректер, уландырғыш деректер, қауіпті заттар қасиеттерінің сапалы сипаттамасы, қорғану және алғашқы көмек көрсету шаралары кіреді.
Өте қауіпті өндірістегі көрсеткіш белгілі сан мөлшерінен асқанда әрбір қауіпті заттар үшін кестелік үлгіде деректер әзірленеді.
Тармақша 2
2) Технологиялар сипаттамасына: принципті технологиялық үлгіні негізгі технологиялық жабдықтармен белгілеу және технологиялық процестердің қысқаша сипаттамасы; қауіпті заттармен жұмыс істейтін негізгі технологиялық жабдықтарды орналастыру жоспары; қауіпті заттармен жұмыс істейтін жабдықтар тізбесі; қауіпті заттарды бөлу туралы деректер (деректер кесте түрінде әзірленеді) кіреді.
Тармақша 3
3) Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған техникалық шешімдерді сипаттауға: жабдықты ауа кіргізбейтіндей жасау және қауіпті заттардың авариялық шығуларының алдын алу жөніндегі шешімдер; өнеркәсіптік авариялардың дамуының алдын алуға және қауіпті заттардың шығуын оқшауландыруға бағытталған шешімдер; өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер; автоматты реттеу, блоктау, дабылдағыштар сипаттамасы кіреді.
Тармақша 4
4) Процесті басқару пункттерінің сипаттамасына: басқару пункттерінің орналасқан жері және жабдықталуы туралы мәліметтер; пункттің аварияға қарсы орнықтылығына ондағы қызметкерлер көзқарасының және авария кезінде процесті басқару мүмкіндігінің сипаттамасы кіреді.
Тармақ 4
4. Қауіп пен қатерді талдауға:
Тармақша 1
1) белгілі авариялар туралы мәліметтер: өте қауіпті өндірісте орын алған авариялар мен ақаулар туралы деректер; ауқымды қауіпті заттармен жұмыс істейтін басқа да ұқсас объектілерде орын алған авариялар туралы деректер;
Тармақша 2
2) Аварияның туындауы мен дамуы шарттарына: жабдықтардың істен шығуы мен ақауларын, қызметкерлердің қате іс-әрекет жасауын есепке ала отырып, авариялық жағдайдың туындауы мен дамуының мүмкін болған себептерін, табиғи және техногендік сипаттағы сыртқы әсер ету жағдайын анықтау; авария кезінде жағдайды болжай отырып, болуы ықтимал авария жайын анықтау; аварияны тудыруға қабілетті қауіпті заттардың мөлшерін бағалау; физикалық-математикалық үлгілермен есептеу әдістері қауіптілігін бағалау үшін қолданылатын негіздеме.
Тармақша 3
3) Авария мен төтенше жағдайлар қатерін бағалауға: авариялар мен төтенше жағдайлардан болатын зардаптарын олардың ықтималдылығын есепке ала отырып анықтау; әртүрлі авариялар кезінде негізгі зақымдау факторларының іс-әрекет аймақтарын анықтау; авария жағдайында қызметкерлер мен халық арасында орны толмас шығынды есепке ала отырып, зардап шегушілердің болуы мүмкін санын бағалау; авария жағдайында жеке және заңды тұлғаларға келтірілетін залал мөлшерін бағалау.
Тармақша 4
4) Авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал жайын талдаудың топтау үлгісі әртүрлі деңгейдегі авариялардың көлемі мен зардаптарының ауыртпалығына қарай сатылап дамуының бейнелеуінен тұрады.
Тармақша 5
5) Қорытындыларға: қауіптер мен қатерді талдаудың негізгі нәтижелері; авариялар қатерін азайту жөніндегі әзірленген шаралар тізбесі кіреді.
Қауіптер мен қатерге талдау жүргізген кезде N 8 қосымшада келтірілген нормативтер мен әдістемелік материалдарды пайдалану ұсынылады.
6 тарау. "Өнеркәсіптік объектінің төтенше жағдайларды оқшаулауға және оларды жоюға дайындығын қамтамасыз етуге
Тармақ 4
4. Төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесінің сипаттамасы
Төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесінің сипаттамасына:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың туындағаны туралы өнеркәсіптік объекті қызметкерлері мен халыққа хабарлаудың жергілікті жүйесін құру және дайындығын қолдау жөніндегі мәліметтер;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлар туралы хабарлаудың үлгісі мен тәртібі;
Тармақша 3
3) хабарлау кезінде берілетін ақпаратқа қойылатын талаптар кіреді.
Тармақ 5
5. Халықты қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар сипаттамасына:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөнінде күштер мен құралдарды пайдалануға әзірлігін дайындау мен қолдауды өнеркәсіптік объектісінде құру жөніндегі шаралар сипаттамасы;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік объекті қызметкерлерін төтенше жағдайлардан қорғану және іс-әрекет жасау әдістеріне оқытып-үйрету жөніндегі шаралар сипаттамасы;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өнеркәсіптік объекті қызметкерлерін қорғау жөніндегі шаралар сипаттамасы;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер мен құралдардың іс-әрекет жасау тәртібі;
Тармақша 5
5) қолда бар тұрақты және жылжымалы өрт техникасы, автоматтық өрт сөндірудің жүйесі, өрт дабылдағышы және оның түрлері, жарылу қауіпі бар және өрт қауіпі бар заттар мен материалдарды сақтаудың шарттары;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жою үшін қаржылық және материалдық ресурстар резервтерінің қажетті мөлшері мен тізімі туралы мәліметтер кіреді.
Тармақ 6
6. Медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі
Төтенше жағдай кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібіне:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік объектіде медициналық қамтамасыз ету күштерінің құрамы туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің тәртібі кіреді.
Тармақ 7
7. "Жұртшылықты ақпараттандыру" тарауы
Көрсетілген тарауда:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік объекті орналасқан аумақтағы халықты және жергілікті атқарушы органды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар туралы ақпараттандырудың тәртібін;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік декларациясында қамтылған ақпараттарды ұсыну тәртібін қамтиды.
Тармақ 7
7. "Ахуалдық жоспары" қосымшасы
Ахуалдық жоспарда мыналар:
Тармақша 1
1) жұмыс істейтіндердің санын көрсете отырып, үйлер мен ғимараттарды тұтас алғанда өнеркәсіптік объектінің өндіріс алаңдары;
Тармақша 2
2) авария болған жағдайда зақымдаушы факторлардың іс-әрекеті аймағында қалған ұйымдар, елді мекендер, адамдар көп жиналатын орындар (ауруханалар, бала бақшалары және балалар яслилері, мектептер, тұрғын үйлер, стадиондар, кинотеатрлар, вокзалдар, әуежайлар, базарлар);
Тармақша 3
3) "Өнеркәсіптік объектідегі қауіпсіздікті талдау" бөлімінде белгіленгендей, осы аймақтардағы адамдардың саны мен зақымдаушы факторлардың жеткен уақытын көрсете отырып, зақымдалуы мүмкін аймақтар көрсетіледі.
Тармақ 8
8. "Ақпараттық парақ" қосымшасы
Көрсетілген қосымшада азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сұрауы бойынша қауіпсіздік декларациясынан бөлек онда мыналар:
Тармақша 1
1) қызметі өндірістің жоғары қауіптілігіне байланысты ұйымдардың атаулары;
Тармақша 2
2) жұртшылықты ақпараттандыру және өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты адам туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) өндірістік қызметтің қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 4
4) қауіпті заттардың тізбесі мен негізгі сипаттамалары;
Тармақша 5
5) болуы ықтимал авариялар, төтенше жағдайлар және олардың зардаптары туралы қысқаша ақпараттар;
Тармақша 6
6) авария кезінде халыққа хабарлаудың тәсілдері және апат кезінде халықтың қажетті іс-қимылдары туралы ақпараттар;
Тармақша 7
7) қосымша ақпараттар алудың көздері туралы мәліметтер қамтылады.
Басқа 158. Жобаланатын өнеркәсіптік объектілердегі қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар
4-қосымша
Жобаланатын өнеркәсіптік объектілердегі қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар
Тармақ 1
1. "Жалпы ақпарат" бөлімінің құрамына:
Тармақ 1
1. Сипаттама кезінде өнеркәсіптік объекті туралы жалпы мәліметтерге:
Тармақша 1
1) сақтандырылған объектілердегі ұйымдардың атаулары және мекен-жайлары, сақтандыру түрлері және залалды өтеу тәртібі туралы деректер енбейді;
Тармақша 2
2) жобалауда құрылыс алаңындағы ауданның сейсмикалығы, жердің сипаттамасы, табиғи-ауарайлық және басқа да сыртқы әсер ету жағдайларын іздестіру бойынша есеп беру жөнінде қосымша мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 2
2. Қауіпсіздіктің жалпы шараларын сипаттау кезінде өндіріс қызметкерлері, техникалық қадағалау қызметкерлері және авария зардаптарын жоюдың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, аварияға қарсы күштер мен авариялық-құтқару қызметтері санының негіздемесі қосымша енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін талдау" бөлімінің құрамына:
Тармақ 3
3. Технологиялық және аппаратуралық безендіру туралы деректерге:
Тармақша 1
1) секциялар, өндірістер, өрт жарылысы қауіпті және химиялық қауіпті заттарды сақтау орындарының арасындағы аралықтары; әкімшілік, көмекші және өндірістік ғимараттарды, технологиялық процестерді басқару пункттерін орналастырудың дұрыстығы; жөндеу мен авариялық жұмысты, қызмет көрсететін қызметкерлерді көшіруді қамтамасыз ететін шарттарды жеткіліктілігін есепке ала отырып, жабдықтар мен ғимараттарды, жер қойнауын пайдалану объектілерін, магистральды құбырларды ұтымды орналастырудың негіздемесі;
Тармақша 2
2) құрылыс конструкциясын таңдау негіздемесін есепке ала отырып: техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған зақымдағыш факторлардың әсер ету тұрақтылығы, теңселу жағдайларында және циклдік салмақта жұмыс істеу, технологиялық процестерді басқару пункті үйлерінің орнықтылығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) технологиялық жүйелерді және технологиялық шешімдерді ұтымды таңдау негіздемесін есепке ала отырып: технологиялық операцияларды бір технологиялық операцияға бөлу жолымен кірме блоктардың жарылу қауіпі бар ықтимал деңгейін төмендету; жарылу қауіпі бар ортаның пайда болуын болдырмау мақсатында қосымша процестер немесе кезеңдерін енгізу;
Тармақша 4
4) процестер мен факторлардың дамуына әсер ететін кезеңдерді сипаттай отырып, процестерге қауіпсіздік декларациясы деңгейіндегі көзқараспен баға беру; өрт-жарылу қауіпі бар қоспалардың пайда болуының алдын алу шарттарынан туатын өзара әсер ететін құрамдастарды ұтымды іріктеу және жарылыс қауіпінің деңгейін төмендету; жылу тиімділігі, оның ішінде факторлар көлемін есепке ала отырып, лабораториялық және тәжірибелік жабдықтарды өндіріске қосу туралы деректер; жобада ұсынылған шөгу, шайыр, қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмау әдістері мен құралдарының тиімділігі және оларды кетірудің есепке алынған тәсілдері енеді.
Тармақ 4
4. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған техникалық шешімдерді сипаттау кезінде:
Тармақша 1
1) жабдықтарды бұзылудан және коррозиядан қорғау, өрт-жарылу қауіпті және химиялық қауіпті заттардың ауаға таралуын шектеу жөнінде жобада қабылданған шешімдер;
Тармақша 2
2) технологиялық процесті үздіксіз энергиямен жабдықтау жөніндегі жоба шешімінде қабылданған негіздеме;
Тармақша 3
3) шикізатты, дайын өнімді тасымалдау кезінде және олардың сақталу қауіпсіздігі жөнінде жоба шешімінде қабылданған негіздеме қосымша енгізіледі.
Тармақ 5
5. Өте қауіпті өндірістерде орын алған авариялар мен ақаулар туралы мәліметтер қауіптер мен қатерді талдау кезінде енгізілмейді.
Тармақ 6
6. Қауіпсіздік декларациясы қосымшасының құрамына "Ақпараттық парақ" енгізілмейді.
Басқа 176. Жұмыс істейтін өнеркәсіптік объектілер үшін қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар
5-қосымша
Жұмыс істейтін өнеркәсіптік объектілер үшін қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар
Тармақ 1
1. Жоба құрамында дайындалған, қауіпсіздік декларациясының негізінде әзірленген, жұмыс істейтін өнеркәсіптік объектілер үшін қауіпсіздік декларациясы.
Тармақ 2
2. Пайдалануға қосылған өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясында - қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы шараларын бейнелейтін "Жалпы ақпарат" бөліміне мынадай қосымша ерекшеліктер:
Тармақша 1
1) әрбір өте қауіпті өндірістер үшін жобалық шешімдерді іске асыру туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) өте қауіпті өндірістерді іске қосу туралы мәлімет енгізіледі.
Тармақ 3
3. Жобалық шешімдерді іске асыру туралы мәліметтер мыналарды:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік объектінің құрылысын жүргізу процесінде өнеркәсіп қауіпсіздігіне әсер ететін жобада келтірілген өзгерістер мен жобалау ұйымдарымен келісілген тізбелер;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік объектінің құрылысын жүргізу кезінде қабылданған техникалық шешімдердің жобалау шешімдеріне және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкестігін растауды, төтенше жағдайларды оқшауландыру және жою, төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды қамтиды.
Тармақ 4
4. Ауқымды өте қауіпті өндірістерді пайдалануға қабылдау туралы мәліметтер мыналарға:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдалану объектілері, магистральды құбырлары, негізгі технологиялық жабдықтар, автоматтық бақылау жүйелері, басқару және аварияға қарсы автоматтық қорғану, өрттен қорғану жүйелері, байланыс жүйелері, авариялық дабылдағыштар мен хабарлауды тексеру және кешенді сынаудан өткізу туралы деректер;
Тармақша 2
2) құрылыс конструкциялары, бақылау-өлшеуіш аспаптарының негізгі технологиялық жабдықтарын және автоматиканы, энергиямен қамту жүйесін, желдеткіш жүйесін, өрт дабылдағыштарының жүйесін, аварияны хабарлау жүйесін сынаудан өткізу актілерінің тізбесі;
Тармақша 3
3) технологиялық реттеуді қоса алғанда, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген техникалық құжаттар, іске қосу нұсқаулықтары, пайдалануға беру нұсқаулықтары, жұмыс орындары бойынша нұсқаулықтар, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар және басқалары жатады.
Тармақ 5
5. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік объекті үшін қауіпсіздік декларациясын пайдалану сатысында қауіпсіздіктің жалпы шараларын сипаттау кезінде "Жалпы ақпарат" бөлімін құрастырудың қосымша мынадай ерекшеліктері:
Тармақша 1
1) өнеркәсіп объектілерінде және соған ұқсас өндірістерде орын алған жарылыс, өрт тудыратын немесе атмосфераға қауіпті заттар тарататын өндірістік апаттардың негізгі себептеріне талдау жасауды есепке ала отырып, авариялардың алдын алу жөніндегі әзірленген шаралардың орындалуы туралы деректер;
Тармақша 2
2) қызметкердің өнеркәсіп қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін білу туралы білімін ұдайы тексере отырып, жұмысқа кіруіне рұқсат беру тәртібін сақтау туралы мәліметтер, сондай-ақ қауіптілігі жоғары жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге жауап беретін адамдарды аттестациялау жүйелері туралы мәліметтер, оның ішінде аттестацияланатын лауазымды адамдардың тізбесі, аттестациялауды ұдайы өткізу, аттестациялау комиссиясының деңгейі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы жаңадан енгізілген нормалар мен ережелерде, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы республикалық және мақсатты бағдарламаларда, құрамына өнеркәсіптік объекті кіретін ұйымдардың немесе жоғары ұйымдардың бұйрығында көзделгендей, қауіпсіздікті арттыру жөніндегі шаралардың орындалуы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) пайдаланылатын өте қауіпті объектілерге кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының қызмет көрсетуі туралы мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 6
6. Өнеркәсіптік объектіні пайдаланудан шығару кезінде қауіпсіздік декларациясына "Өнеркәсіптік объектіні пайдаланудан шығару (өте қауіпті өндірісті) туралы мәлімет" қосымшасын енгізеді, онда:
Тармақша 1
1) пайдаланудан қауіпсіз шығару негіздемесі;
Тармақша 2
2) пайдаланудан шығаруды жүргізу негізіндегі шешім туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) Комитеттің тиісті органымен әзірленген және келісілген объектіні пайдаланудан шығару туралы қолда бар мәліметтер қамтылады.
Басқа 197. Гидротехникалық құрылыстардың, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы қоймалар мен шлам жинақтаушылардың қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар
6-қосымша
Гидротехникалық құрылыстардың, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы қоймалар мен шлам жинақтаушылардың қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар
Тармақ 1
1. "Жалпы ақпарат" бөлімінің құрамына:
Объектінің орналасқан жерін сипаттау кезінде қосымша:
Тармақша 1
1) гидротехникалық құрылыстар, қоймалар немесе шлам жинақтаушылар (бұдан әрі - құрылыс) орналасқан ауданның гидрологиялық, гидрогеологиялық және инженер-геологиялық жағдайы;
Тармақша 2
2) гидродинамикалық авария кезінде су басу аймақтарының шекаралары кіреді.
Тармақ 2
2. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы шараларының құрамына қауіпсіздік декларациясын жасау кезінде құрылыс параметрлерінің жобаға сәйкестігі туралы қосымша мәлімет енгізіледі.
Тармақ 3
3. "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін талдау" бөлімінің құрамына:
Тармақша 1
1) жиналған қалдықтар мен сұйықтардың нақты мөлшері мен құрамының жобаға сәйкестігін анықтау;
Тармақша 2
2) негіздеменің геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерін сипаттау;
Тармақша 3
3) негізгі құрылыстың сейсмологиялық сипаттамасы;
Тармақша 4
4)* перечень контролируемых параметров состояния сооружения и их фактические показатели по отношению к предельно допустимым;
Тармақша 5
5) құрылыс жағдайын бақылауға және байқауға талдау жасаудың қысқаша нәтижесі;
Тармақша 6
6) пайдалану кезінде авария мен технологиялық реттеуден ауытқу кезінде орын алған мәліметтер туралы;
Тармақша 7
7) гидродинамикалық авариялардың туындауы және дамуы жағдайын талдау;
Тармақша 8
8)гидродинамикалық авариялар мен төтенше жағдайлардың қатерін бағалау;
Тармақша 9
9) болуы мүмкін гидродинамикалық авариялардың туындауын және дамуын талдау сценарийінің топтау-үлгісі;
Тармақша 10
10) құрылыстың орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық шешімдерді (мониторинг жүйесінің және аварияға қарсы арналған құралдар сипаттамасын қоса алғанда) сипаттамасы;
Тармақша 11
11) құрылыс жағдайларына сараптама жасаудың нәтижелері жөніндегі шаралардың (құрылыстардың сырт жерлерін жылынудан, батпақтанудан қорғау жөніндегі шараларды қоса алғанда) орындалуы туралы мәліметтер.
* РҚАО-ның ескертуі: 4)-тармақшаның қазақша аудармасы болмағандықтан мәтін орысшада беріліп отыр .
Тармақ 4
4. Қауіпсіздік декларациясына қосымша ретінде:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда су басқан ауданда қалған құрылыстар мен оған іргелес аумақты орналастыру жоспары;
Тармақша 2
2) бөгеттерді қоршайтын көлденең қималар келтіріледі.
Басқа 217. ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ДЕКЛАРАЦИЯ БЕЗОПАСНОСТИ
7-қосымша
(Бірінші беті
Титульный лист)
------------------
(Тіркеу нөмірі
Регистрационный номер)
БЕКІТЕМІН
УТВЕРЖДАЮ
----------------
(Ұйым басшысы, қол қойылған күні
Руководитель организации, дата)
------------------------------------------
(Мөрдің орны
Место печати)
ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ДЕКЛАРАЦИЯ БЕЗОПАСНОСТИ
-------------------------------------------------
(Өнеркәсіптік объектінің атауы
Наименование промышленного объекта)
-------------------------------------------------
(Елді мекеннің атауы
Наименование населенного пункта)
Басқа 218. Өнеркәсіп объектісінде туындаған авариялардың қаупі мен қатерін талдау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын нормативтік және әдістемелік материалдардың тізбесі
8-қосымша
Өнеркәсіп объектісінде туындаған авариялардың қаупі мен қатерін талдау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын нормативтік және әдістемелік материалдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Үйлер мен ғимараттардың өрт-жарылу және өрт қауіптілігі бойынша санаттарын анықтау. РНТП 01-94.
Тармақ 2
2. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар. ГОСТ 12.1.004-91.
Тармақ 3
3. Барлық меншік нысанындағы объектілер үшін өрт қауіпсіздігінің базалық ережелері (БППБ ҚР-93).
Тармақ 4
4. Құрылыс-монтаж және отпен жұмыс істеу өндірістері кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері. ППВС-01-94.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі туралы ережелер. Негізгі талаптар. ППБ ҚР 08-97.
Тармақ 6
6. Заттардың (материалдардың) қауіпсіздік құжаты. ГОСТ 30333-95.
Тармақ 7
7. Қауіпті жүктер. Топтастыру және таңбалау. ГОСТ 19433-88-С.1-43.
Тармақ 8
8. Химиялық қауіпті объектілер мен көліктегі авариялар кезінде (қирату) қатты әсер ететін улы заттармен зақымдану көлемін болжау тәсілі. 1990.С.1-27.
Тармақ 9
9. Төтенше жағдайлар кезінде қалалар мен аймақтардағы аумақтарда инженерлік жағдайды болжаудың тәсілі, М,ә/б 52609,1991 ж.
Тармақ 10
10. Төтенше жағдайларда химиялық жағдайды болжау және бағалау жөніндегі әдістемелік оқулық. М,ВНИИ ГОЧС, 1993 ж.
Тармақ 11
11. Жерсілкінісі зардаптарын бағалау оқулығы. РСЧС (1-кітап) болуы ықтимал аварияларды, апаттарды, зілзалаларды болжау жөніндегі әдістемелік жинақтар. М, Ресей ТЖМ,1994 ж.
Тармақ 12
12. РСЧС болуы ықтимал аварияларды, апаттарды, зілзалаларды болжау жөніндегі әдістемелік жинақтар (1 және 2-кітаптар). М., Ресей ТЖМ, 1994 ж.
Тармақ 13
13. Ірі авариялардың алдын алу. Нақтылы басшылық. Химия өнеркәсібіндегі қауіпсіздік жөнінде ЮНЕП, МБТ және ВОЗ қатысуымен әзірленген Халықаралық бағдарламаға МБТ үлесі. Э.В. Петросянның редакциялауымен ағылшын тілінен аударылған, М,МП "Рароr", 1992-256 б.
Тармақ 14
14. Химиялық қауіпті технологиялық объектілерді бағалау. Әдістемелік ұсыныстар. Химия өнеркәсібі басшы мамандардың және мамандарының біліктілігін арттыру Жаңамәскеу институты, Тула - 1992 ж.
Тармақ 15
15. Жарылу қауіпті процестерінің жекеленген факторларын талдау және олардың мөлшерін бағалау. Әдістемелік ұсыныстар. Химия өнеркәсібі басшы мамандардың және мамандарының біліктілігін арттыру Жаңамәскеу институты, Тула - 1992 ж.
Тармақ 16
16. Химиялық апаттардың зардаптарын бағалау әдістері ("ТОКСИ" әдістері). М,. НТЦ "Өнеркәсіптік қауіпсіздік", 1993 ж.
Тармақ 17
17. Отын-ауа қоспалары авариялық жарылыстары зардаптарын бағалаудың әдістері. М,. НТЦ "Өнеркәсіптік қауіпсіздік", 1993 ж.
Тармақ 18
18. Өндірістік объектілерді жобалаудың санитарлық нормалары. N 1.01.001-94.
Тармақ 19
19. Жұмыс аймағының ауасындағы КШР зиянды заттар. N 3.02.002-97.
Тармақ 20
20. КШР атмосфералық ауаны ластаушы заттар. N 3.02.002-97.
Тармақ 21
21. Топырақтағы КШР химиялық заттар. N 3.02.002-97., 24.11.97 ж.
Тармақ 22
22. Топырақтағы пестицид мөлшерінің гигиеналық нормативтері. N
6.02.002.97,. 24.11.97 ж.
Тармақ 23
23. Судың жоғарғы қабатын ластанудан қорғаудың санитарлық ережелері мен нормалары. N 4.01.053.97., 18.08.97 ж.
Тармақ 24
24. Темір жол бойынша қауіпті жүктерді тасымалдаудың ережелері. М., "Транспорт" 1996 ж.
Тармақ 25
25. Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін декларациялау. "Өнеркәсіптегі еңбек қауіпсіздігі" журналы N 7, 1996 ж. 2-19 беттер.
Тармақ 26
26. Жарылғыш материалдарды шығаратын, сақтайтын және пайдаланатын кәсіпорындар үшін қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ерекшеліктері. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәселелері, 2, М.1997 ж., 3-11 беттер.
Тармақ 27
27. Ірі өнеркәсіптік авариялардың алдын алу туралы конвенция. Еңбекті ұйымдастырудың халықаралық Бас конференциясы, маусым 1993 ж.
Тармақ 28
28. Өнеркәсіптік аварияға шекарааралық әсер ету туралы конвенция, БҰҰ, Еуропалық экономикалық комиссия, Нью-Йорк және Женева, 1994 ж.