Об утверждении Правил проведения временного управления хлебоприемным предприятием Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесiн бекiту туралы "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Астық департаментi (Боранғазиев Б.К.):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтан туындайтын басқа да шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесi
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 195 бұйрығымен бекiтiлген Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген және астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу шарттарын, негiздерiн, тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды енгiзу астық қабылдау кәсiпорынына қолданылатын, астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк қолданатын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) санкциясы болып табылады.
Тармақ 3
3. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) мен уақытша әкiмшiлiк (бұдан әрi - әкiмшiлiк) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу кезеңiнде "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы Ереженi және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комиссия мен әкiмшiлiктiң мiндетi астық қабылдау кәсiпорынының астық қолхаттары иелерiнiң алдындағы өз мiндеттемелерiн орындау мүмкiншiлiгiн сақтау немесе қайта жаңарту және астық қабылдау кәсiпорынының болған бұзушылықтарын жою және жұмыс сапасын жақсарту жөнiндегi басқа да шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн жұмысқа қабылеттi басқару тетiгiн құру болып табылады.
Тармақ 5
5. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорыны қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзудiң негiздерi мен шарттары
2. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзудiң негiздерi мен шарттары
Тармақ 6
6. Астық қабылдау кәсiпорыны Министрлiктiң дербес қабылданатын шешiмiмен немесе астық қолхаттары иелерiнiң ұсынысы бойынша мына негiздердiң бiреуi:
Тармақша 1
1) астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамау;
Тармақша 2
2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық көлемiнiң астық қабылдау кәсiпорынында сақтаулы нақты астық көлемiнен сақтаулы астықтың көлемi елу мың тоннаға дейiнгi кезде жиырма пайыздан астамға және сақтаулы астықтың көлемi елу мың тоннадан көп кезде он пайыздан астамға артығы бойынша ғана уақытша басқарыла алады.
Тарау 3. 3. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылдау тәртiбi
3. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылдау тәртiбi
Тармақ 7
7. Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармалары, осы Ереженiң 6-тармағында баяндалған негiздер болған жағдайда, астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы қорытынды жасап, оны тиiстi құжаттармен - астық қолхаттары иелерiнiң өтiнiштерiмен (шағымдарымен) немесе астық қабылдау кәсiпорынын тексеру нәтижелерiмен қоса Министрлiкке жiбередi.
Тармақ 8
8. Берiлген қорытынды негiзiнде Министрлiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi ол қорытынды Министрлiкке түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы ұсыныс әзiрлейдi.
Тармақ 9
9. Ұсыныста уақытша басқаруды енгiзудiң негiздерi баяндалуы тиiс.
Тармақ 10
10. Астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы ұсыныс және тиiстi бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiне немесе оның орынындағы адамға қол қоюға берiледi.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығында мыналар болуы тиiс:
Тармақша 1
1) астық қабылдау кәсiпорынының аты, оның тұрған жерi және мекен-жайы;
Тармақша 2
2) уақытша басқаруды енгiзудiң негiздерi;
Тармақша 3
3) уақытша басқарудың басталуы мен мерзiмi;
Тармақша 4
4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорынының қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi;
Тармақша 5
5) комиссияның дербес құрамы;
Тармақша 6
6) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорынының басқарушы қызметкерлерiне өз жұмысы жайлы есеп дайындау және осы құжаттарды әкiмшiлiкке тапсыру және осы астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының иелерiне мiндеттi түрде уақытша басқару енгiзу жайлы хабар беру туралы нұсқау.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығына мүдделi тұлғалар сот арқылы шағым арыз бере алады. Көрсетiлген бұйрыққа шағым арыз беру уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң күшiн тоқтата алмайды.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығы шыққаннан кейiн ол екеуден кем емес мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi газеттерде жариялануға тиiс.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығын жариялау осы бұйрық шыққаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде астық қабылдау кәсiпорынының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзудi жүзеге асыратын органдарды құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру
4. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзудi жүзеге асыратын органдарды құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Комиссияның дербес құрамы тиiстi облыстық аумақтық басқарманың қорытындысы мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшесiнiң ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен немесе оның орынындағы адаммен бекiтiледi.
Тармақ 16
16. Комиссияның құрамы төрт адамнан кем болмауы тиiс.
Тармақ 17
17. Нақты астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару жөнiндегi комиссияның сандық құрамы жөнiндегi ұсыныстарды Министрлiкке Министрлiктiң тиiстi облыстық аумақтық басқармасы енгiзедi.
Тармақ 18
18. Министрлiкке астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқару енгiзу қажеттiлiгi туралы қорытынды жiбермес бұрын Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасы көрсетiлген астық қабылдау кәсiпорынына және көрсетiлген астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының барлық иелерiне 3-күндiк мерзiм iшiнде комиссия құрамына кандидатураларды ұсыну туралы ұсыныстарды жiбередi.
Тармақ 19
19. Заңнамамен белгiленген тәртiппен уақытша басқару енгiзiлетiн астық қабылдау кәсiпорыны және сол астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының иелерi 3-күндiк мерзiм iшiнде Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасына комиссияның құрамына өз кандидатуралары бойынша жазбаша ұсыныстарды жiбередi. Көрсетiлген кандидатуралар берiлмеген немесе беруге бас тартқан жағдайда Министрлiк өз бетiмен комиссия құруға құқылы.
Тармақ 20
20. Астық қолхаттарының иелерi комиссияның құрамына өз өкiлдерiн (өкiлiн) таңдауды былайша жүзеге асырады. Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасының ұсынысын алғаннан кейiн заңнамамен белгiленген тәртiппен уақытша басқару енгiзiлетiн астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының иелерi астық қолхаттарының иелерiнiң жиналысын өткiзедi. Астық қолхаттарының иелерiнiң жиналысында дауыс беру арқылы уақытша басқару жөнiндегi комиссияға өкiлдер (өкiл) сайланады.
Тармақ 21
21. Егер де астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттары иелерiнiң арасында көрсетiлген астық қабылдау кәсiпорынынан астық қабылдау кәсiпорынының барлық астық қолхаттарында жазылған жалпы астық көлемiнiң елу пайызынан астам көлемiн алуға құқылы қолхат иесi болса, астық қолхаттарының иелерiнiң жалпы жиналысы комиссияның құрамына екi өкiл сайлайды. Комиссияның құрамына бiр өкiлдi көрсетiлген астық қолхатының иесi, екiншiсiн жай дауыс беру арқылы басқа астық қолхаттарының иелерi сайлайды.
Тармақ 22
22. Комиссияның жұмысына қатысу үшiн Министрлiктiң өкiлiн Министрлiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң ұсынысы негiзiнде (қажет болса Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасының қорытындысын есепке ала отырып) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi айқындайды.
Тармақ 23
23. Комиссия мүшелерiнiң жиналысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жұмасына бiрден кем емес рет өткiзiледi.
Тармақ 24
24. Бiрiншi мәжiлiсте комиссия мүшелерi Төраға кандидатурасын айқындап, оны бекiту үшiн Министрлiкке жiбередi.
Тармақ 25
25. Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады, оның кезектi (кезектен тыс) мәжiлiстерiн шақырады.
Тармақ 26
26. Комиссиядағы өкiлдердiң дауыстары шешiм қабылдау кезiнде пайыздық арасалмақпен былайша бөлiнедi:
Тармақша 1
1) астық қолхаттарының иелерiнiң өкiлдерi - елу пайыз;
Тармақша 2
2) астық қабылдау кәсiпорынының өкiлi - жиырма бес пайыз;
Тармақша 3
3) Министрлiктiң өкiлi - жиырма бес пайыз.
Тармақ 27
27. Комиссия дауыстың жалпы санының үштен екiсiнен кем емесiне ие өкiлдерi қатысқан жағдайда шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 28
28. Комиссияның шешiмдерi дауыс көпшiлiгiмен қабылданады және әкiмшiлiкке орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 29
29. Дауыстар тең болған кезде Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 30
30. Комиссияның барлық шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және оған көрсетiлген комиссияның Төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
Тармақ 31
31. Әкiмшiлiктi комиссия мүшелерi арасынан сайланатын басшы басқарады.
Тармақ 32
32. Комиссия мүшелерi, әкiмшiлiк мүшелерi уақытша басқару кезiнде астық қабылдау кәсiпорынына заңсыз әрекеттерiмен залал келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген жауапкершiлiктi көтередi.
Тарау 5. 5. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiктiң астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу тәртiбi
5. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiктiң астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу тәртiбi
Тармақ 33
33. Комиссияның құзырына:
Тармақша 1
1) әкiмшiлiктi құру, оның басшысы мен мүшелерiн тағайындау (жұмыстан шығару);
Тармақша 2
2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекiту;
Тармақша 3
3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау жатады.
Тармақ 34
34. Әкiмшiлiктiң қызметiн бақылауға:
Тармақша 1
1) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару кезiндегi қызметтiң негiзгi бағыттары туралы әкiмшiлiкке ұсынымдар беру;
Тармақша 2
2) әкiмшiлiктен өз қызметi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астық қабылдау кәсiпорынының қызметi туралы ақпарат беруiн талап ету;
Тармақша 3
3) әкiмшiлiктiң iстелген жұмыс жайлы есебiн тыңдау және бекiту;
Тармақша 4
4) уақытша басқаруды енгiзу себептерi жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн созу;
Тармақша 5
5) Министрлiкке уақытша басқаруды доғару туралы ұсыныс енгiзу кiредi.
Тармақ 35
35. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару кезiнде:
Тармақша 1
1) астық қабылдау кәсiпорынын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiктер әкiмшiлiкке өтедi;
Тармақша 2
2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорынын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатылады;
Тармақша 3
3) астық қабылдау кәсiпорынының басқару органдары мен оның басқарушы қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi тоқтатылады;
Тармақша 4
4) әкiмшiлiкке айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорынының атынан және есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
Тармақ 36
36. Әкiмшiлiк:
Тармақша 1
1) осы Заңмен айқындалған құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорыны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiм қабылдауға;
Тармақша 2
2) уақытша басқару кезiнде астық қолхаттарынан туындайтын барлық талаптардың орындалуын онда көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма пайызына дейiнгi мөлшерiне тоқтата тұруға;
Тармақша 3
3) шарттар жасауға және астық қабылдау кәсiпорынының оған берiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қайта жаңартуына бағытталған құжаттарға қол қоюға;
Тармақша 4
4) астық қабылдау кәсiпорынының атынан және оның мүддесi үшiн, соның iшiнде сотта да, өкiлдiктi жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) астық қабылдау кәсiпорыны астық қолхаттарының орындалуын кепiлдеушi қорға қатысқан жағдайда астық қабылдау кәсiпорыны бiрiншi кезекте берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша қарызды өтеу туралы көрсетiлген қорға талап қоюға;
Тармақша 6
6) астықты сақтаумен байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
Тармақша 7
7) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
Тармақ 37
37. Өздерiнен астық қабылдау кәсiпорынын басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi алып тастайтын басқарушы қызметкерлер мен басқару органдары әкiмшiлiкке алу-беру актiсi бойынша мөрлердi, штамптарды, бланктарды, бағалы заттарды, жайлардың, сейфтердiң кiлттерiн, сондай-ақ астық қабылдау кәсiпорынының басқа да мүлiгi мен барлық қажеттi құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 38
38. Әкiмшiлiк бiрiншi кезекте:
Тармақша 1
1) банк шоттарындағы ақша қаражатының қалдығын анықтауға (соның iшiнде, банктiң (банктердiң) кассаларындағы ақшаның);
Тармақша 2
2) астық қабылдау кәсiпорынының қаржылық жағдайына: капиталдың барабарлығы; активтердi талдау; кiрiс пен шығысты талдау бағыттар бойынша талдау жасауға;
Тармақша 3
3) негiзгi құралдарды, баланс құжаттарын және баланстан тыс құжаттарды түгендеудi, сондай-ақ осы астық қабылдау кәсiпорынында сақтаулы астық көлемiн түгендеудi жүргiзуге;
Тармақша 4
4) кешiктiрiлген дебиторлық қарызды қайтару, талаптық мәлiметтердi әзiрлеу және сотқа жiберу жөнiндегi шараларды қолдануға;
Тармақша 5
5) басқарудың оңтайлы құрылымын және астық қабылдау кәсiпорыны жұмыскерлерiнiң санын анықтауға;
Тармақша 6
6) қызмет көрсетушi банкке банк операциялары бойынша банкте операциялар жүргiзу үшiн құжаттарға қол қоюға құқылы лауазымды тұлғалардың қолдарының үлгiлерiмен бiрге жаңа карточканы тапсыруға (бұл ретте, уақытша әкiмшiлiк тағайындалғанға дейiн тапсырылған карточканың күшi жойылады);
Тармақша 7
7) комиссияға астық қабылдау кәсiпорынының шаруашылық қызметiнiң нақты жағдайы туралы ақпарат беруге және оның жұмыс сапасын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге мiндеттi.
Тармақ 39
39. Уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорынының балансқа енгiзiлген немесе енгiзiлмеген барлық мүлiгi түгенделуi тиiс. Балансқа енгiзiлмеген мүлiк түгендеу ведомостiнде көрсетiлуi тиiс және соңынан балансқа енгiзуге жатады.
Тармақ 40
40. Әкiмшiлiк заңнамамен белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорынының мүлiгiнiң тiзбесiн құрауы, олардың құндылығын анықтауы тиiс.
Тармақ 41
41. Астық қабылдау кәсiпорынының мүлiгiн сатуды әкiмшiлiк осы астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға мүмкiншiлiк болмаған жағдайда комиссияның шешiмi негiзiнде жүзеге асырады. Оларсыз астық қабылдау кәсiпорынының астықты сақтау жөнiндегi қызметтi осы қызмет түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарға сәйкес жүзеге асыруы едәуiр нашарлайтын немесе таза мүмкiн болмайтын астық қабылдау кәсiпорынының негiзгi құралдарын сатуға немесе басқалай иелiктен айыруға тыйым салынады.
Тармақ 42
42. Мүлiктi сату:
Тармақша 1
1) мүлiктiң ең жоғарғы таза құнын алатындай;
Тармақша 2
2) сатудан түскен шығынды азайтатындай;
Тармақша 3
3) сатып алушылардың қалыпты конкуренциясын қолдайтындай қылып жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Мүлiктi сату кезiнде әкiмшiлiк кем дегенде екi республикалық газетте хабарландыру жариялауы тиiс. Хабарландыруда сатылатын мүлiктiң тiзбесi, сондай-ақ әкiмшiлiк мүшесiнiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы, ұсыныс беруге болатын телефон мен факс нөмiрлерi және сол ұсыныстар қашанға дейiн қабылданатын күнi көрсетiлуi тиiс. Мүлiктi сатуды дұрыс жүргiзуге қажет болған жағдайда, көрсетiлген күн кейiнгi мерзiмге ауыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 44
44. Әкiмшiлiк ұсыныстарды қанағаттандыру туралы шешiм қабылдауы және жеңiмпаз сатып алушыға жазбаша түрде хабар беруi тиiс.
Тармақ 45
45. Астық қабылдау кәсiпорынының берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау қабылетiн қалпына келтiру мақсатында әкiмшiлiк астық қабылдау кәсiпорынының негiзгi құралдарына жатпайтын мүлiгiн басқаша түрде иелiгiнен айыруға құқылы.
Тарау 6. 6. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды тоқтату тәртiбi
6. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды тоқтату тәртiбi
Тармақ 46
46. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен белгiленген уақытша басқару мерзiмi аяқталған;
Тармақша 2
2) Министрлiк уақытша басқарудың толық аяқталғаны туралы шешiм қабылдаған;
Тармақша 3
3) сот шешiмi заң күшiне енген жағдай негiзiнде тоқтатылады.
Тармақ 47
47. Уақытша басқару процедурасы аяқталғаннан кейiн әкiмшiлiк ол туралы комиссияға, ал ол Министрлiкке хабарлайды.
Тармақ 48
48. Оны енгiзуге жол берген себептердi жоюға байланысты астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды тоқтатудан (соның iшiнде толық) Министрлiк немесе әкiмшiлiк сол астық қабылдау кәсiпорынына қатысты белгiлеген барлық шектеулiктердi алып тастау туындайды.
Тармақ 49
49. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау қабылетiн қалпына келтiруге әкелiп соқтырмаған жағдайда Министрлiк заңнамамен белгiленген тәртiппен лицензияны қайта шақыртып алады және астық қабылдау кәсiпорынын таратуды ұсына алады.