Об утверждении "Правил опубликования накопительными пенсионными фондами результатов деятельности" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау Ережелерiн" бекiту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 4 тармағының 39 бабына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiнiң айқындығын жоғарлатуды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосымшадағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау Ережелерi" бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң бөлiмi (Қ.Қ. Қамали) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
Тармақ 3
3. Бұйрық мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап енгiзiлсiн.
Басқа 4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау Ережелерi
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитетімен БЕКІТІЛГЕН N 63-Ө 29 маусым 2001 жыл Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау Ережелерi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Iс жүзiндегi Ережелерi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-I "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетi қорытындысын жариялау тәртiбi мен мерзiмдерiне қойылатын талаптарды куәландыратын құжаттарды анықтайды (бұдан былай - Қор).
Тарау 2. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына шағымдық шаралар қолданған жағдайда жарияланымға қойылатын талаптар
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына шағымдық шаралар қолданған жағдайда жарияланымға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Осы Ережемен белгiленген тәртiпте, Қор бұқаралық ақпарат құралдарында - екiден кем емес мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi баспаларда, қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы тоқтатылғандығы, жаңғыртылғандығы немесе қайтарылғандығы туралы ақпараттауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Қызмет нәтижесiн жариялау мақсатында - Қордың iс-әрекетiнiң айқындығын көрсету.
Тарау 3. 3. Жарияланатын ақпарат
3. Жарияланатын ақпарат
Тармақ 3
3. 3ейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы тоқтатылғандығы туралы Қор, 10 күнтiзбелiк күн аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында Комитет бұйрығының күнi мен нөмiрiн және лицензиясы тоқтатылған себебi көрсетiлген мерзiмiн ақпараттауға мiндеттi. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы жаңғыртылған жағдайда да, Қор 10 күнтiзбелiк күн аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында Комитет бұйрығының күнi мен нөмiрiн көрсетуге мiндеттi. Жарияланатын мәлiметтер Комитетке жариялауға 5 күн қалғаннан кешiктiрмей тапсырылуға тиiстi.
Тармақ 4
4. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда, Қор 5 күнтiзбелiк күн iшiнде, бұқаралық ақпарат құралдарында Комитет бұйрығының күнi мен нөмiрiн және лицензиясы қайтарылған себебiн ақпараттауға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Комитет бекiткен тiзiм бойынша мiндеттi түрде жарияланатын ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 6
6. Комитет жариялауға ұсынылған мәлiметтердi тексергеннен кейiн, Қорға жазбаша түрде жариялауға рұқсат бередi.
Тармақ 7
7. Мiндеттi ақпаратты жариялағаннан кейiн, Қор Комитетке 10 күнтiзбелiк күн iшiнде жарияланған мәлiметтердiң сәуле көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 8
8. Комитет Қордан ақиқатқа сыймайтын мәлiметтер мен құжаттарды өзгертудi талап етуге құқылы.
Тармақ 9
9. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.