Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін: екі және одан көп ай жұмыс істемейтін тұлғалар; бұрын жұмыс істемеген тұлғалар; жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар; елу жастан асқан тұлғалар. ауылды жерлерде тұратын әйелдер;
Тармақ 2
2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылы 19 желтоқсандағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 2556 болып енгізіліп, «Нұрлы Өлке» газетінің 2014 жылғы 23 қаңтарда №05(258) санында жарияланған) № 689 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Инкарбекова А.С.) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.