Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов и тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию коммунальных отходов по Карасайскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы 2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабына және «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»2014 жылғы 25 қарашадағы №145 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарасай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарасай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Ауылшаруашылығы, көгалдандыру, сауда, қоршаған ортаны қорғау, жерді және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. «Қарасай ауданының тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ашимбай А.Р.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық маслихаттың интернет- ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «___» ___________ 2015 жыл «___» ____________ 2015 жыл
Басқа 6
Қарасай аудандық мәслихатының 2015 жылғы «___»____________ «Қарасай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» №___________ шешіміне 1-қосымша Қарасай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары № Коммуналдыққалдықтаржинақталатынобъектілер Есептік бірлік Жылдық норма, м3 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 2,77 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 2,76 3 Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1,68 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,65 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 3,48 6 Емханалар 1 адам 0,03 7 Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 1,42 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,62 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын 1,68 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгіклубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 орын 0,86 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпыалаңы 1 м2 0,2 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша1 орын 0,86 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 1,1 14 Азық-түлік дүкендері Сауда алаңы 1 м2 2,18 15 Машиналардан сату Сауда орны 1 м2 6,23 16 Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2 1,92 17 Базарлар, саудапавильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,88 18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 3,15 19 Өнеркәсіптік тауарлардыңкөтермебазалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 3,15 20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 1,3 21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,92 22 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 7,55 23 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 1,1 24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 21,24 25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 19,2 26 Гараж кооперативтері 1 гаражға 1,08 27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмысорны 4,8 28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары,тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 1,24 29 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 1,10 30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны 2,45 31 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,80 32 Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 3,96 33 Бау-бақш акооперативтері 1 учаске 2,88
Басқа 7
Қарасай аудандық мәслихатының 2015 жылғы «___»____________ «Қарасай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» №___________ шешіміне 2-қосымша Қарасай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау тарифі – 1 адамға бір айға – 200 теңге. Тұрмыстық қатты қалдықтарды 1 кластағы полигонға орналастыру тарифі. Жеке тұлғалар үшін тариф: Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 876 теңге 1 текше метрге. Полигонға орналастыру –307,5 теңге 1 текше метрге. Заңды тұлғалар тарифі: Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару –876 теңге 1 текше метрге. Полигонғаорналастыру–413,14 теңге1 текше метрге. Тариф күлқож қалдықтарға: Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 876 теңге 1 текше метрге. Полигонға орналастыру –1805,04 теңге 1 текше метрге. Тариф мазутталған топырақ және себу заттарына: Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 876 теңге 1 текше метрге. Полигонға орналастыру–14129,52 теңге 1 текше метрге. Тариф құрылыс қоқысына: Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 876 теңге 1 текше метрге. Полигонға орналастыру–1334 теңге 1 текше метрге. Тариф майланған ескі шүберекке: Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 876 теңге 1 текше метрге. Полигонғаорналастыру–3052,6 теңге 1 текше метрге.