О реорганизации государственного учреждения "Управление строительства Актюбинской области" и государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Актюбинской области" Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Ақтөбе облысының құрылыс
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
мен «Ақтөбе облысының сәулет
және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 364 «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ. Н. Есқалиевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 416 қаулысымен
«БЕКІТІЛГЕН»
«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ