О правилах льготного проезда отдельных категорий граждан на территории области Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарының облыс аумағында женілдікпен жүру ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Облыс азаматтарының жеке санаттарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсету
мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарының облыс аумағында жеңiлдiкпен жүру
ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi, қаржы департаментi
жолақыны төлеу үшiн жергiлiктi бюджеттерден ақша қаражатын заңмен
белгiленген тәртiпте бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс тұрғындарды әлеуметтiк
қорғау және жұмыспен қамту, коммуналдық шаруашылық, көлiк және
коммуникациялар департаменттерiнiң бастықтары Қ.Қ. Кәпенов пен М.Ш.
Әлиновке жүктелсiн.
Басқа 4. Азаматтардың жеке санаттарының
облыс аумағында жеңiлдiкпен жүру
ережелерi
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
24 сәуірдегі № 101 шешіміне
қосымша
Азаматтардың жеке санаттарының
облыс аумағында жеңiлдiкпен жүру
ережелерi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарының облыс аумағында жеңiлдiкпен жүру ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк Қорғалуы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" № 2676 Заң күшi бар Жарлығына және Павлодар облысының кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 - 2002 жылдарға арналған кешендi бағдарламасына сәйкес дайындалды.
Тармақ 2
2. Ережелер азаматтардың жеке санаттарына жеңiлдiктер беру тәртiбiн және олармен байланысты шығындарды өтеу тәртiбiн анықтайды.
Тарау 2. 2. Мақсаты мен қағидаттары
2. Мақсаты мен қағидаттары
Тармақ 3
3. Азаматтардың жеке санаттарына облыс аумағында автобустарда
жеңiлдiкпен жүруге атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталған шаралар
осы Ережелердiң мақсаты болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Ережелер мынадай қағидаттарға негiзделедi:
Тармақша 1
1) мүгедектер мен азаматтардың жеке санаттарының құқықтарын сақтау
және қорғау;
Тармақша 2
2) мүгедектер мен азаматтардың жеке санаттарын қорғау саласындағы
заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жеке тұлєа мен мемлекеттiң мүдделерiн үйлестiру, билiктiң барлық
тармақтары мен қоғамдық бiрлестiктердiң күш-әрекеттерiн бiрiктiру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы тұрғындарының мүдделерiн қорғау.
Тарау 3. 3. Ережелердi жүзеге асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiктерi
3. Ережелердi жүзеге асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiктерi
Тармақ 5
5. Мыналарға жеңiлдiкпен жүру құқығы:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, соғысқа қатысушыларға, Кеңес Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, жауынгерлiк және еңбек Даңқы ордендерiнiң үш дәрежелi иегерiне, Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегi үшiн зейнетақы алатын зейнеткерлерге, облыс алдында ерекше еңбегi үшiн зейнетақы алатын, ауылдық жерлерде тұратын зейнеткерлерге берiледi;
Тармақша 2
2) Қалалық автобус маршруттарында (таксиден басқа) тегiн жүру құқығы:
Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, соғысқа қатысушыларға, Кеңес Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, жауынгерлiк және еѕбек Даңқы ордендерiнiң үш дәрежелi иегерiне, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, құрметтi азаматтарға, республикалық және облыстық дәрежедегi зейнеткерлерге, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, Кеңес Әскерiнiң мүгедектерi не, оның iшiнде ауған соғысыныѕ мүгедектерiне, Чернобыль АЭС апатының салдарынан бiрiншi және екiншi топ мүгедегi болған адамдарға берiледi;
Тармақша 3
3) тарифтен 50 пайыз жеңiлдiкпен ақы төлеп, қалалық автобус маршруттарында (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру құқығы:
жасы келген зейнеткерлерге, Қазақстан Республикасының, бұрынғы Кеңес Одағының қажырлы еңбегi үшiн және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мiнсiз әскери қызметi үшiн ордендермен және медальдармен наградталғандарға, бейбiт кезде әскери қызметте қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Лениградтың тұрєыны" белгiсiмен наградталған адамдарға, тұтқындар шоғырланған лагерьлердiң, гетто мен басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке жасы толмаған тұтқындарына, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, 18 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, жалпы кірiсi бiр айда 4000 теңгеден аспайтын жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге (60 жастан асқан), 1 маусым мен 30 тамыз аралығында мектеп жасындағы балаларға берiледi.
Тармақ 6
6. Жеңiлдiкпен жүру тетiгi:
жеңiлдiктерге құқық беретiн белгiленген үлгiдегi куәлiк азаматтардың барлық санаттары үшiн тегiн және жеңiлдiкпен жүруге негiз болады;
бастауыш сыныптар оқушыларының 1 маусым мен 30 тамыз аралығында куәландыратын құжатсыз жүруге құқықтары бар, ал сегiзiншi-он бiрiншi сынып оқушылары мектеп берген анықтаманың негiзiнде жүредi.
Тармақ 7
7. Өтемақы тқлеу тетiгi:
осы Ережелердiң 3-тарауының 5-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлген азаматтар санаттарына өтемақы облыстық бюджеттен тоқсанына бiр рет төленедi, ол үшiн олар бару-келу билеттерiн қоса берiп,өтемақы төлеуге өтiнiш ұсынуы керек. Азаматтардың аталған санаты үшiн төленетiн өтемақының мөлшерi жолға жұмсалатын нақты шығындар бойынша анықталады.
Павлодар, Екiбастұз және Ақсу қалаларының әлеуметтiк қорғау басқармалары мен аудандық тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi осы өтемақыға қажеттi қаражат сомасы туралы облыс тұрєындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiне өтiнiм бередi.
Осы өтiнiмдердiң негiзiнде облыс тұрєындарды әлеуметтiк қорєау және жұмыспен қамту департаментi өтемақы алатын адамдардың тiзiмiн жасап, қажеттi ақша қаражаты туралы облыс қаржы департаментiне хабарлайды.
Өтемақы азаматтарды зейнеткерлiк дербес шоттарына есептелу арқылы Халықтық банктiң филиалдары мен "Қазпочта" ААҚ бөлiмшелерi арқылы төленедi.
Осы Ережелердiң 3-тарауының 5-тармағындағы 2, 3-тармақшаларында көрсетiлген адамдар санаттарына өтемақы төлеуге шығындар Павлодар, Екiбастұз және Ақсу қалаларының бюджеттерiнде көзделедi.
Осы қалалардың тұрғындарды әлеуметтiк қорєау басқармалары кейiн
тасымалдаушыларға қаражат бөлу үшiн өтемақы төлеуге өтiнiмдердi есептерге
сәйкес ұсынады.
Тарау 4. 4. Есеп және есеп беру
4. Есеп және есеп беру
Тармақ 8
8. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғаудың қалалық басқармалары мен аудандық
бөлiмдерi өтемақы төлеуге бөлiнген бюджеттiк қаражаттың жұмсалуы туралы
есептердi тоқсан сайын дайындап, облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және
жұмыспен қамту департаментiне тапсырады, ол өз тарапынан облыс қаржы
департаментi алдында есеп бередi.
Тарау 5. 5. Қаржыландыру көздерi
5. Қаржыландыру көздерi
Тармақ 9
9. Облыстық бюджет пен тиiстi қалалар мен аудандардың бюджеттерi
өтемақы төлеу үшiн қаржыландыру көздерi болып табылады.
Тармақ 6
6. Ережелердi жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер:
Тармақ 10
10. Көлiкте жеңiлдiкпен жүруде атаулы көмек көрсету арқылы
тұрғындардың әлеуметтiк жағынан осал топтары арасындағы әлеуметтiк қиын
жағдайды бәсеңдету;
облыс тұрғындарының өмiр сүру деңгейiн жақсарту үшiн жағдайлар туғызу.