Об утверждении Правил определения объема услуги по поддержанию готовности электрической мощности для договоров о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности, заключаемых единым закупщиком с действующими энергопроизводящими организациями, в состав которых входят теплоэлектроцентрали Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай сатып алушы құрамына
жылу электр орталықтары кіретін
жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші
ұйымдармен жасасатын электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін
қызметті сатып алу туралы шарттар үшін
электр қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін
айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 328) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр
орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 5, 6, 7, 8, 9 және 10 тармақтарын қоспағанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Басқа 0. Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 688 бұйрығымен
бекітілген
Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 328) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) генерациялайтын қондырғының ең аз электр қуаты (оның жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) – осы генерациялайтын қондырғының тәуелділік графигіне сәйкес жылу жүктемесінің берілген деңгейіне сәйкес келетін генерациялайтын қондырғының генерациясы электр қуатының ең аз мәні;
Тармақша 2
2) дельта – бірыңғай сатып алушыға сату (өткізу) үшін рұқсат етілген электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көлемінің энергия өндіруші ұйымдарында бар болуын ескеретін түзету, мегаватта (бұдан әрі – МВт);
Тармақша 3
3) кері су – кері жылу құбырындағы желілік су;
Тармақша 4
4) тәуелділік графигі – осы генерациялайтын қондырғының жылу жүктемесі мен электр қуатының өзара тәуелділігін анықтайтын, жылу электр орталығының генерациялайтын қондырғысының дайындаушы зауыт белгілеген немесе тиісті жылу сынауларының нәтижесінде алынған сипаттамасы (сипаттамалары);
Тармақша 5
5) тікелей су – жылу беретін құбырдағы желілік су;
Тармақша 6
6) энергия өндіруші ұйымының станциясы – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымының құрамына кіретін жылу электр орталығы (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы).
Тарау 2. 2-тарау. Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау тәртібі
2-тарау. Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет көлемі) осы Қағидаларға сәйкес дайындалған және есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанына дейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйым нарық кеңесіне жіберген құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін есептеу (бұдан әрі – Есептеу) бойынша ұсынымдық сипаттағы нарық кеңесінің қорытындысын алғаннан кейін айқындалады.
Нарық кеңесінің қорытындысы Есептеудің осы Қағидаларға сәйкестігі туралы хатты алу арқылы жүзеге асырылады.
Қорытындыны нарық кеңесі құрамына электр станциялары бойынша бөліністе ұсынған жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйым есеп енгізген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде ұсынады.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызмет көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
– көрсетілетін қызмет көлемі, МВт;
– ЭӨҰ станцияларының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
– энергия өндіруші ұйымның өзіндік тұтынуының тиісті жылдағы электр қуатының ең көп мәні, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шартта көрсетіледі, МВт.
– мынадай екі мәннің ең азы: 1) Заңның 15-4-бабына сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім (негізінде) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органмен жасалғаннан кейін энергия өндіруші ұйым бірыңғай сатып алушымен жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі (осы көлемде ескерілген конденсациялық турбиналардың электр қуатының мәндерін шегере отырып), 2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін және жылыту іріктеулері бар және күзгі-қысқы кезеңнің өтуі кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станцияларының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) ең төменгі электр қуатының тиісті жылға арналған жоспарлы ең жоғары мәні; 3) Заңның 15-8-бабына сәйкес энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушымен жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі.
– модуль , в МВт;
– дельта, МВт, мынадай формула бойынша есептелетін:
– түзету, МВт-та;
– энергия өндіруші ұйымның i-ші электр станциясының аттестатталған электр қуаты, МВт;
– тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша тіркелген энергия өндіруші ұйымның i-ші электр станцияларының өз мұқтаждарының электр қуаты, МВт;
– генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) i-ші станцияларының ең төменгі электр қуатының тиісті жылдағы жоспарлы ең жоғары мәні, МВт;
– энергия өндіруші ұйымның і-ші электр станциясының электр энергиясының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартта көрсетілген тиісті жылдағы арналған электр энергиясын экспорттаудың шекті қуаты, МВт;
Егер (дельта) анықтаудың нәтижесінде оның мәні оң (нөлден артық) болса, онда (дельта) мәні нөлге теңестіріледі болады.
Егер көрсетілетін қызмет көлемін анықтау нәтижесінде оның мәні теріс болса, онда көрсетілетін қызмет көлемінің мәні нөлге теңестіріледі.
Тармақ 5
5. ЭӨҰ станцияларының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспарлы ең жоғары мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
– ЭӨҰ станцияларының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
–
i бойынша сома;
– 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;
– жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының жалпы саны;
– i-нші ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт.
Тармақ 5-1
5-1. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген энергия өндіруші ұйымның меншікті тұтынуының электр қуатының тиісті жылға арналған ең жоғары мәні мына формула бойынша есептеледі:
, мұнда
– электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген энергия өндіруші ұйымның меншікті тұтынуының электр қуатының тиісті жылға арналған ең жоғары мәні МВт;
– электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартында көрсетілген энергия өндіруші ұйымның i-ші электр станциясы меншікті тұтынуының электр қуатының тиісті жылға арналған ең жоғары мәні, МВт;
i бойынша сома;
i – 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
n – жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр станцияларының жалпы саны.
Тармақ 6
6. ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні мынадай формула бойынша анықталады:
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
j –
бойынша сома;
– 1-ден m-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;
– жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезең өту кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станциясының қолданыстағы генерациялайтын қондырғыларының жалпы саны;
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) j-нші ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт.
Тармақ 7
7. ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні мынадай тәртіппен анықталады:
Тармақша 1
1) айналма суы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні есептеледі:
– айналма суы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
– 1,0 ккал/(кг*Со) тең судың меншікті жылу сыйымдылығы;
– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша тікелей судың температурасы, оС Цельсий градусымен;
– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша кері судың температурасы, оС Цельсий градусымен;
– ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша су айналымының ең көп мәні, тонна/сағ;
– ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша толықтырудың мәні, тонна/сағ.
Тармақша 2
2) толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні есептеледі:
– толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
– 1,0 ккал/(кг*Со) тең судың меншікті жылу сыйымдылығы;
– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша тікелей судың температурасы, оС Цельсий градусымен;
– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін бастапқы шикі судың температурасы, оС Цельсий градусымен;
– ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша толықтырудың мәні, тонна/сағ.
Тармақша 3
3) жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең жоғары деңгейі есептеледі:
Q = Qайн+Qтолық+Qтұщ +QӨҚ+Qбу –QШСЫҚ–QРСҚ, мұндағы:
Q – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең жоғары деңгейі, Гкал/сағ;
Qайн – айналма суы бар ЭӨҰ станциясының тиісті жылдағы жылу берудің қажетті қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
Qтолық – толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының тиісті жылдағы жылу берудің қажетті қуатының берілген ен жоғары мәні,Гкал/сағ;
Qтұщ – ЭӨҰ станциясының бастапқы (теңіз) суын тұщыландыру үшін ЭӨҰ станциясының жылуын босату қуатының қажеттілігінің тиісті жылдағы ең жоғары белгіленген мәні, Гкал/сағ;
Qөқ – тиісті жыл үшін ЭӨҰ станциясының өз қажеттіліктеріне қажетті жылу шығыны қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
Qбу – тұтынушыларға бу жібере отырып, ЭӨҰ станциясының қажетті жылу шығыны қуатының тиісті жыл үшін берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
QШСЫҚ – өткен бес күзгі-қысқы кезеңнің (соңғы) ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ең жоғары су жылыту қазандықтарының орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
Qрсқ – тиісті жылдағы ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының ЭПО мен аймақтың қажеттіліктері үшін бастапқы (теңіз) суды тұщыландыру қажеттілігінің берілген максималды мәні, Гкал/сағ;
Тармақша 4
4) жылыту іріктеуі (іріктеулері) бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең көп деңгейі (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының жылу жүктемесінің берілген деңгейі) есептеледі:
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының жылыту жүктемесінің берілген деңгейі, Гкал/сағ;
– жылыту іріктеуі (іріктеулері) бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
– жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген деңгейі, Гкал/сағ;
– жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының барлық генерациялайтын қондырғысының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ.
Егер ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының есептелген берілген жылу жүктемесінің деңгейі ЭӨҰ генерациялайтын қондырғының белгіленген жылу қуатынан асып кеткен жағдайда, онда ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының берілген жылу жүктемесінің деңгейі оның белгіленген жылу қуатына теңестіріледі. Бұл ретте, көрсетілген асып кету көлемі осындай асып кетуі жоқ ЭӨҰ станциясының басқа генерациялайтын қондырғылары арасында қайта бөлуге жатады. Осы қайта бөлудің негіздемесі Есептеуде көрсетіледі.
ЭӨҰ станциясының қосылу алдындағы генерациялайтын қондырғылары үшін осы тармақшаға сәйкес жүзеге асырылатын есептеулер қолданылмайды. Бұл ретте осындай генерациялайтын қондырғыларға осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын есептеулер қолданылады.
Тармақша 5
5) ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының жылу жүктемесінің берілген деңгейінің негізінде сол қондырғыға сәйкес тәуелділік графигі бойынша көрсетілген генерациялайтын қондырғының (оның жылу жүктемесіне белгіленген деңгейінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні анықталады, МВт.
ЭӨҰ станциясының қосылу алдындағы генерациялайтын қондырғысы үшін тиісті жылға жоспарлы ең жоғарғы мәні ең төменгі электр қуатының ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының жылу жүктемесінің берілген деңгейлерінің сомасы негізінде тиісті тәуелділік графигі бойынша анықталады, олар үшін ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысы бу қысымын редуциялайды.
Тармақ 8
8. Құрамына жылу электр орталықтары кіретін энергия өндіруші ұйым Есептеуді және нарық кеңесінің тиісті сараптамалық қорытындысын осы Есептеу нарық кеңесіне қарауға енгізілген жылдың он бесінші қазанына дейін бірыңғай сатып алушыға жібереді.
Басқа 1. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін
қызметтер көлемін есептеу
Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларына қосымша
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін
қызметтер көлемін есептеу
1. Параметрлері.
1-кесте*
Р/с №
ЭӨҰ станциясының атауы *
Параметрлері***
Tоpт(5) оС
tтік оС
Gцирк
тонн/сағ
Gтолық тонна/сағ
Qайнал Гкал/сағ
t0 оС
Qтолық Гкал/сағ
Qшсық Гкал/сағ
Qрсқ Гкал/сағ
Qтұщ, Гкал/ сағ
Qөқ, Гкал/ сағ
Qбу, Гкал/ сағ
Q Гкал/сағ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
1
2
3
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакалория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы, (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы);
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
Тармақша 1
1) tорт(5) – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасы (соңғы), ℃ Цельсий градусымен;
Тармақша 2
2) tтік – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша тікелей судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен;
Тармақша 3
3) tкері – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша кері судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен:
Тармақша 4
4) Gцирк – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша су айналымының ең көп мәні, тонна/сағ;
Тармақша 5
5) Gтолық – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша толықтырудың мәні, тонна/сағ.
Тармақша 6
6) Qайнал – айналма суы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
Тармақша 7
7) t0– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін бастапқы шикі судың температурасы, Цельсий градусымен ℃;
Тармақша 8
8) Qтолық– толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының жылу берудің қажетті қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
Тармақша 9
9) Qтұщ – ЭӨҰ станциясының бастапқы (теңіз) суын тұщыландыру үшін ЭӨҰ станциясының жылуын босату қуатының қажеттілігінің тиісті жылдағы ең жоғары белгіленген мәні, Гкал / сағ;
Тармақша 10
10) Qшсық – өткен бес күзгі-қысқы кезеңнің (соңғы) ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ең жоғары су жылыту қазандықтарының орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
Тармақша 11
11) Qбу – тұтынушыларға бу жібере отырып, ЭӨҰ станциясының қажетті жылу шығыны қуатының тиісті жыл үшін берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
Тармақша 12
12) Qөқ – тиісті жыл үшін ЭӨҰ станциясының өз қажеттіліктеріне қажетті жылу шығыны қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
Тармақша 13
13) Qрсқ – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған редукциялық-салқындатқыш қондырғыларының барлық типтерінің орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
Тармақша 14
14) Q – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ.
2-кесте*
№ Р/с
ЭӨҰ станциясы ГҚ атауы**
Параметрлері***
Qбелг.гқ,
Гкал/сағ
, Гкал/сағ
Qгқ, Гкал/сағ
Рмин.гқ, МВт
МВт
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
Жүктеу
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына Гигакалория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетілген;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы, (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы);
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
Тармақша 1
1) Qбелг.гқ. – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
Тармақша 2
2) – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
Тармақша 3
3) Qгқ – жылыту іріктеуі (іріктеулері) бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының жылу жүктемесінің тиісті жылдағы берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ;
Тармақша 4
4) Рмин.гқ.– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
Тармақша 5
5) – ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт.
3-кесте*
№
ЖЭО атауы**
Параметрлері***
МВт
МВт
МВт
КҚК МВт
1
2
3
4
5
1
2
3
Жүктеу
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы) құрамына кіретін жылу электр орталығы;
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
Тармақша 1
1) – ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
Тармақша 2
2) – ЭӨҰ станцияларның генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
Тармақша 3
3) – энергия өндіруші ұйымның i-ші электр станциясының электр қуатының ең көп мәні, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шартта көрсетіледі, МВт;
Тармақша 4
4) КҚК – құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен Бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін кызметтің көлемі, МВт.
Тармақ 2
2. Осы Есептеуде көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың тәуелділік графиктері (Есептеуге қоса беріледі).
Бұл ретте, әрбір тәуелділік графигіне тиісті генерациялайтын қондырғының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының осы тәуелділік графигі бойынша процестің қадамдық сипаттауы және көрсетілген әрбір қадамның толық негіздемесі қоса беріледі.
Егер ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысында бірнеше бу іріктеулері болған жағдайда, онда осы тармақта көрсетілген үдерістің қадамдық сипаттамасында сондай-ақ іріктеулер арасында будың бөлінуін есептеуде пайдаланылатын негіздеме көрсетіледі.
Егер есептеу графигін пайдалану үшін іріктеулерден алынған бу энтальпияларының мәндерін пайдалана отырып аралық есептер пайдаланылған жағдайда, онда осы тармақта көрсетілген процестің қадамдық сипаттамасында қолданылған формулалар мен пайдаланылған бастапқы деректерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып, осы есептеулер көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Осы Есептеуде көрсетілген жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымының құрамына кіретін барлық жылу электр орталықтарының жергілікті атқарушы органымен келісілген алдағы күзгі-қысқы кезеңге бекітілген температуралық графиктері (Есептеуге қоса беріледі).
Тармақ 4
4. Осы Есептеуде көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың паспорттық деректерінің көшірмелері (Есептеуге қоса беріледі).
Тармақ 5
5. Мыналарды:
Тармақша 1
1) өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндік күндері (даталары);
Тармақша 2
2) осы есептеуде көрсетілген ең жоғары су жылыту қазандықтарының және осы бес күн ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станцияларының редукциялық-салқындату қондырғыларының барлық түрлерінің жылу қуаттарының өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндік ішіндегі орташа мәндері;
Тармақша 3
3) сыртқы ауа температурасының өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндігіндегі орташа мәндері;
Тармақша 4
4) бастапқы шикі су температурасының өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндігіндегі орташа мәндерін растайтын құжаттар (Есептеуге қоса беріледі).
Тармақ 6
6. Осы Есептеудің 1, 2 және 3-кестелерінде көрсетілген параметрлердің мәні анықталған (Есептеуге қоса беріледі) есептердің қадамдық сипаттамасы (осы Қағидаларда көрсетілген формулалар бойынша).