Об утверждении Правил приема объектов государственно-частного партнерства в государственную собственность Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 25 қараша
Басқа 0. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау нәтижесінде туындаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе оларды құрғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) – Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін, мемлекеттік әріптес пен жекешелік әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны;
Тармақша 2
2) МЖӘ шарты – МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде МЖӘ шарты тараптарының құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, МЖӘ шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
Тармақша 3
3) МЖӘ объектілері – МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдық, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
Тармақша 6
6) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, МЖӘ шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Объектілерді мемлекет меншігіне: мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган – республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты; облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары – коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты қабылдайды.
Тармақ 4
4. МЖӘ шарттары негізінде құрылған МЖӘ объектілерін республикалық меншікке беруді тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы ұйымдастырады.
Тармақ 5
5. Егер МЖӘ объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылған жағдайда МЖӘ объектісі мемлекеттік меншікке берілуге тиіс.
Тармақ 6
6. МЖӘ шартына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін берілуге жататын МЖӘ объектілері мемлекеттік меншікке МЖӘ шартында көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсына отырып беріледі.
Тармақ 7
7. Егер МЖӘ шартында жекеше әріптестің мемлекетке тиесілі және МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында берілген зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарын қайтаруы көзделген жағдайда мұндай құқықтарды жекеше әріптес мемлекет меншігіне МЖӘ шартында белгіленген мерзімде және тәртіпте қайтарады.
Тармақ 8
8. МЖӘ объектісін мемлекет меншігіне беруге арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде МЖӘ объектісіне міндетті бағалау жүргізуге және оның техникалық жағдайын айқындауға байланысты шығыстар МЖӘ шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібі
Тармақ 9
9. Жекеше әріптес МЖӘ шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімі басталған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына объектіні мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінеді. Егер МЖӘ шартында өзгеше белгіленбесе, МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімінің басталған кезі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту күні болып табылады. Жекеше әріптес МЖӘ объектілерін мемлекеттік меншікке беру үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына өтінішпен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады. Жекеше әріптес МЖӘ объектісін мемлекеттік әріптеске МЖӘ шартының талаптарына сәйкес келетін тиісті техникалық жағдайда беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жекеше әріптестің жолданымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жекеше әріптестің республикалық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін МЖӘ шартына сәйкес беруге дайындығы және МЖӘ-нің осы объектісін республикалық меншікке қабылдау мүмкіндігін қарау туралы жолданымы жөнінде хабарлайды. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жекеше әріптестің коммуналдық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін МЖӘ шартына сәйкес беруге дайындығы туралы жолданымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде МЖӘ-нің осы объектісін коммуналдық меншікке қабылдау мүмкіндігін қарайды.
Тармақ 11
11. Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның хабарламасында балансына республика меншігіне қабылдауға жататын МЖӘ көрсетілген объектісін беру болжанатын республикалық заңды тұлға көрсетіледі және МЖӘ көрсетілген объектісін қабылдау туралы республикалық заңды тұлғаның жазбаша келісімі қоса беріледі.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган хабарлама алғаннан кейін он күндік мерзімде республикалық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін республикалық меншікке қабылдау және оны республикалық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жолданым алғаннан кейін он күндік мерзімде коммуналдық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін коммуналдық меншікке қабылдау және оны коммуналдық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін жекеше әріптес пен мемлекеттік меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісі бекітіліп берілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін қабылдау-тапсыру актісін ресімдейді.
Тармақ 14
14. Қабылдау-тапсыру актісі оған қол қоюға қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан қазақ және орыс тілдерінде үш данада бекітіледі.
Тармақ 15
15. Мемлекет меншігіне қабылдауға жататын МЖӘ объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. МЖӘ объектілерін мемлекет меншігіне беру және қабылдау кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Басқа 3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесі
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларына қосымша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесі р/с № Құ­жат­тың ата­уы 1. МЖӘ шар­ты 2. Объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­сі 3. Же­ке­ше әріп­те­стің бі­рін­ші бас­шы­сы және бас бух­гал­те­рі қол қой­ған, мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­да­у­ға жа­та­тын МЖӘ объ­ек­ті­сі­нің ба­лан­стық құ­нын рас­тай­тын құ­жат 4. МЖӘ объ­ек­ті­сі­нің тех­ни­ка­лық жай-күйі ту­ра­лы есеп