Об утверждении Правил проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета Қолданыста
Басқа 0
Шаруашылық бойынша
есепке алу деректерінің
анықтығын нақтылауды
жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 42) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 28) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков _____________
2015 жылғы 3 желтоқсан
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 744 бұйрығымен бекітілді
Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің
анықтығын нақтылауды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 42) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының органдарының мамандары шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – АШЖ БҚ) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жануардың иесі туралы деректерді және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
Тармақша 3
3) электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ЭШБЕА БҚ) – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізуге, түзетуді және сақтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ енгізілген ақпарат негізінде жиынтық біріктірілген деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының лауазымды адамдары мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 шілдедегі № 6334 болып тіркелген «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама» (бұдан әрі – Әдіснама) талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 2
2) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің жазбаларын тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрi – ТҚСТ) деректерімен салыстыру арқылы нақтылауды;
Тармақша 3
3) АЖБ ДБ бар ақпаратты қолданып, шаруашылық бойынша есепке алу жазбаларын нақтылауды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығын нақтылау Заңның 12-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу тәртібі
2-тарау. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік статистика саласындағы Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес бекітілген Іріктемелі тексеру жүргізу тізімін (бұдан әрі – Тізім) уәкілетті орган ведомствосы қалыптастырады.
Тармақ 6
6. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу іс-шарасы екi кезең бойынша жүргiзiледi.
Тармақша 1
1) бірінші кезеңде Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Әдiснама талаптарының сәйкессiздiктерiн анықтау, ЭШБЕА БҚ-дағы жазбаларды АШЖ БҚ және ТҚСТ деректерімен салыстыру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Шаруашылық бойынша есепке алудың ЭШБЕА БҚ «Тұрғын үй жағдайлары» бөлімі бойынша нақтылау ТҚСТ деректерімен іріктеп салыстыру арқылы жүргізіледі.
Бұл салыстыруды жүргізу үшін уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдары ТҚСТ деректерінің негізінде нақтылаумен қамтылған елдi мекен бойынша тұрғын үйлердің қалыптастырады.
Тізбеде үйдің сәйкестендіру коды, үй шаруашылығының жеке шоты, жер учаскесінің кадастрлік нөмірі, үй типі, үйдің жағдайы, меншік түрі, жалпы және тұрғын үй алаңының мөлшері, бөлме саны, абаттандырудың болуы, сыртқы қабырғалардың материалдары, тұратындардың саны және үй шаруашылықтарының саны көрсетіле отырып, елді мекеннің үйлері бойынша ақпарат қамтылады.
Салыстыру үшін үй саны шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемені ескере отырып анықталады.
Үйдің сәйкестендіру коды бойынша ТҚСТ деректерімен нақтылау кезінде жалпы және тұрғын алаң көлемінің, тұрғын үй типінің, тұрғын үйдің меншік түрінің, бөлмелер санының, сыртқы қабырға материалдарының, тұрғын үй-жайды абаттандырудың (электр, су құбыры, ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, ванна, себезгі, жылу электр орталықтарынан жылыту, жеке қондырғылардан жылыту, газ, электр пеші, жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтау, пештен жылыту) сәйкестігіне жазбаларды салыстыру жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) екiншi кезеңдегі жұмыстарды жүргізу тәртібі АЖБ ДБ-да қамтылған ақпаратты пайдаланып, үй шаруашылықтарына бару арқылы ЭШБЕА БҚ жазбаларын нақтылау жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органының лауазымды адамы аралауға жататын үй шаруашылықтарының саны мен тізбесін анықтайды.
Аралауға қажетті үй шаруашылықтарының саны шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемені ескере отырып анықталады.
Уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органының лауазымды адамы ветеринария саласындағы маманмен бiрлесiп (келісім бойынша) баруға жататын үй шаруашылықтарының тізбесі бойынша ЭШБЕА БҚ-да АЖБ ДБ көрсеткіштерімен жануарлардың түрлері және саны бойынша нақтылауды жүзеге асырады.
АЖБ ДБ-да іздестіру үй шаруашылығы иесінің немесе мүшесінің ЖСН-і немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бойынша жүргізіледі.
Бұдан әрі ЭШБЕА БҚ «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)» бөлімінде көрсетілген мал басының саны бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны АЖБ ДБ-дағы ауыл шаруашылығы малының саны бойынша жазбалар санымен салыстырылып тексеріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен саны бойынша ЭШБЕА БҚ-да нақты үй шаруашылығы бойынша ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдайға сәйкес деректерін нақтылау ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейін болған ауылшаруашылығы жануарларының қозғалысын (сатып алынуын, төлдеуін және қатардан шығуын) есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысын есепке алу үшін АЖБ ДБ «Есепке қою күні» және «Есептен шығарылу себебі» бағандарындағы ақпарат пайдаланылады.
ЭШБЕА БҚ деректерін нақтылау және олардың анықтығын растау үшiн кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімінің немесе әкімдігінің, уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен және ветеринария саласындағы маманмен (келісім бойынша) бірге үй шаруашылықтарына бару жүзеге асырылады.
Үй шаруашылықтарын аралау кезінде шаруашылық бойынша есепке алудың тiркеу жазбаларын нақтылау ауылшаруашылық жануарларын нақты қайта есептеу және картоп, көкөністер мен жеміс-жидектер және басқа да дақылдарға арналған егістік алаңдарын өлшеу арқылы жүргізіледі.
Егер нақты қайта есептеуді жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда нақтылау ауылшаруашылық жануарларының және егістік алаңдарының нақты болуы туралы үй шаруашылығының иесі немесе осы үй шаруашылығының кәмелетке толған мүшесiне пікіртерім жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына жүргізілген нақтылау қорытындысы бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының лауазымды адамдары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мiндеттi түрде Шаруашылық бойынша есепке алуды тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы акт (бұдан әрi – Акт) жасайды.
Акт үш данада жасалады.
Актінiң бiр данасы ауылдық округтің әкiмдiгі үшін, екiншiсі ветеринария саласындағы маман үшін, үшіншісі уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органы үшін.
Тармақ 8
8. Шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзудің Әдіснаманың талаптарына сәйкессiздiгі, сондай-ақ АЖБ ДБ-дағы деректермен сәйкессіздіктері анықталған жағдайда сәйкессiздiктер туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының аудандық статистика органдарының лауазымды адамдары еркін нысанда құрастырылатын қорытынды анықтамада көрсетеді және тоқсан сайын аудан әкіміне және Актінің (актілердің) көшірмесі қосымшасымен статистика уәкілетті органы ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарына жібереді.
Тармақ 9
9. Үй шаруашылығы иесінің немесе осы шаруашылықтың кәмелетке толған мүшесінің анықсыз деректерді ұсынуы анықталған жағдайда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе жергілікті атқарушы органның маманы немесе ветеринария саласындағы маман ЭШБЕА БК немесе АЖБ ДБ-ға тиісті өзгерістер енгізеді.
Анықталған сәйкессіздіктер туралы ақпарат уәкілетті орган ведомствосының аудандық статистика органдарының лауазымды адамдары қорытынды анықтамада көрсетеді және үй шаруашылығының иесімен немесе үй шаруашылығының кәмелетке толған мүшесімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тармақ 10
10. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмi және ветеринария саласындағы маман нақтылау негізінде анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алған кезде сәйкессіздіктердің Актіде көрcетiлген мерзiмде тиісінше жойылуын қамтамасыз етеді және уәкілетті орган ведомствосының аудандық статистика органына атқарылған жұмыс туралы ақпарат жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды қорытындылау бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының іс-әрекеті
3-тарау. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды қорытындылау бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының іс-әрекеті
Тармақ 11
11. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері сәйкессіздіктерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес Актіде көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдары іріктемелі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою талаптарымен ақпарат қалыптастырады және жоғарғы тұрған жергілікті атқарушы органға үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Тармақ 12
12. Аудандық статистика органдары тиісті уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органына ай сайын келесі айдың 3-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Актілер мен шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу туралы ақпарат жолдайды.
Тармақ 13
13. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері лауазымды адамдарын әкімшілік жауапкершілікке тарту («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 1-тармағына сәйкес) мүмкін болмаған жағдайда статистика органдары әкімнен сәйкессіздіктерді жою туралы ақпарат алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға және шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін аудандардың әкімдіктеріне материалдар жолдайды.
Тармақ 14
14. Бұзушылыққа жол берген лауазымды адамдарға қатысты қолданылған шаралар туралы ақпаратты, атап айтқанда тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар туралы бұйрықтың көшірмесін не тәртіптік жауапкершілікке тартудың мүмкін болмау себептері туралы ақпаратты аудандардың әкімдіктері нақтылау қорытындылары туралы ақпаратты алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарына ұсынады.
Тармақ 15
15. Нақтылаудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарына есепті тоқсаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде тиісті облыс әкімінің атына тәртіптік жазаға тарту туралы аудандық әкімдіктердің жауаптарын қоса ұсына отырып анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты тоқсан сайын жолдайды.
Тармақ 16
16. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылау жүргізу нәтижелері бойынша кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жауапкершілікке тартылған әкімдері туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдары уәкілетті орган ведомствосына есепті тоқсаннан кейінгі он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тапсырады.
Басқа 1. Шаруашылық бойынша есепке алу нысандары бойынша тіркеу
жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы
АКТі
Шаруашылық бойынша есепке алу
деректерінің анықтығын нақтылауды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«_________________________ облысының Статистика департаменті» ММ
___________________________________ ауданының статистика басқармасы
Шаруашылық бойынша есепке алу нысандары бойынша тіркеу
жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы
АКТі
______________________ ауданының
______________________ кенті, ауылы, 20__ жылғы « ___ » ________
ауылдық округі
Біз, төменде қол қоюшылар, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның өкілдері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________ әкімінің қатысуымен
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 12-1 бабының, 16-бабының және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі
негізінде шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларына салыс-
тыруды жүргіздік.
Салыстыру нәтижелері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға
әкімнің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
499-бабында көзделген дәйексіз әкімшілік деректерді ұсынуының мынадай фактілері
анықталды:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: осы Актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес)
жұмыс күні ішінде.
Ескертпе (орындалғаны туралы ақпарат Актіге қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні
ішінде аумақтық статистика органына ұсынылады).
Қолдары __________________________________ Мөрге арналған орын
__________________________________
__________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және әкімнің қолы _________________
_______________________________________________ Мөрге арналған орын
Ескерту (әкім қол қоюдан бас тартқан жағдайда «Қол қоюдан бас тартты» деген жазу
жазылады және күні қойылады).
Басқа 2. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу туралы
20__ жылғы______________ ақпарат
(айы)
Шаруашылық бойынша есепке алу
деректерінің анықтығын нақтылауды
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу туралы
20__ жылғы______________ ақпарат
(айы)
Облыс ___________________________________________________________
Аудан ___________________________________________________________
Кент, ауыл, ауылдық округ _______________________________________
р/н№
Елді мекеннің (кенттің, ауылдың, ауылдық округтің) атауы
Үй шаруа-шылық-тарының жалпы саны
Бірінші кезеңде анықталған сәйкессіз-діктер саны
Екінші кезеңде барған үй шаруашы-лықтарының саны
Сәйкессіздік-тер анықталған үй шаруашы-лықтарының саны
Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар (ЭШБЕА БҚ өзгерістер енгізілді, акт жазылды, қорытынды анықтама бойынша әкімшілік жаза қолданылды және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды)
1
2
3
4
5
6
7
Барлығы
Басқа 3. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу
нәтижелері бойынша әкімдерді жауапкершілікке тарту туралы
20___ жылғы _____ тоқсандағы ақпарат
Шаруашылық бойынша есепке алу
деректерінің анықтығына
нақтылауды жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу
нәтижелері бойынша әкімдерді жауапкершілікке тарту туралы
20___ жылғы _____ тоқсандағы ақпарат
Облыс ____________________________________________________________
р/с№
Облыс ауданының атауы
Ауылдық округтердің саны
Үй шаруашылықтарының саны
Тартылған адамдар, саны
барлығы
барылғаны
сәйкессіздіктер анықталғаны
барылғаны
сәйкессіздіктер анықталғаны
әкімшілік жауап-кершілікке
тәртіптік жауапкерші-лікке
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Барлығы