Об утверждении Правил создания Фондово-закупочной (фондово-отборочной) комиссии в государственных музеях Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік музейлерде
қор-сатып алу (қор-іріктеу)
комиссиясын құру қағидаларын
бекiту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 35-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
Тармақша 4
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу
(қор-іріктеу) комиссиясын құру
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 362 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу
(қор-іріктеу) комиссиясын құру
қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) құрылу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Комиссия музей қорларын қалыптастыру үшін мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу мәселелерін қарау мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметін «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының, 35-2) тармақшасына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның құрылу тәртібі
2. Комиссияның құрылу тәртібі
Тармақ 4
4. Комиссия мемлекеттік музей жанынан мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу мәселелерін қарау кезеңінде құрылады. Комиссияның құрамы мемлекеттік музей директорының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамына төрағаны, мемлекеттік музейлердің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлерін қоса есептегенде бестен кем емес мүше кіреді.
Мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеуге археология, этнография, нумизматика, тарих, өнертану, реставрация және тағы басқа салалар бойынша сараптамалық бағалау қажет болған жағдайда Комиссияға қатысу үшін тиісті мамандар шақыртылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның төрағасы мемлекеттік музейдің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау бағыты бойынша жетекшілік ететін директордың орынбасары немесе бас қор сақтаушысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік музейдің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау құрылымдық бөлімшелерінің бірінің қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімі ұсыныс сипатындағы хаттамамен ресімделеді.