Об утверждении Правил определения стоимости строительства объектов за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
2015 жылғы «____»___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің м.а.
________________А. Рау
2015 жылғы 26 қараша
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 қараша
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
________________А. Мұхамедиұлы
2015 жылғы 27 қараша
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________В. Школьник
2015 жылғы 25 қараша
Басқа 8
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 707 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрылыс құнының 50 (елу) және одан да астам пайызы мөлшерінде шетелдік инвестицияларды тарта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын, құрылысының құны алдынғы қатарлы жалпыәлемдік стандарттарға сәйкес айқындалған, жауапкершілігі І (жоғары) деңгейдегі объектілерді қоспағанда, құрылыстағы мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының (бұдан әрі – объектілер құрылысы) құнын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар құрылыстағы мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілерді салуға арналған инвестициялық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын субъектілерге арналған.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жобаны басқару – салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет;
Тармақша 2
2) құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған жиынтық смета - жерді бөлу, құрылыс аумағы мен пайдаланушы персоналын дайындау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын және пайдалануға объектіні енгізуді қамтамасыз ететін жабдықты кешенді байқап көруді жүргізу үшін қажетті қаражат көлемін айқындайтын құжат;
Тармақша 3
3) құрылыс қызметi (бұдан әрi - құрылыс) - жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;
Тармақша 4
4) құрылыс объектісі – оған жататын барлық жайластырулары, жабдықтары, жиһазы, мүкәммалы, оған жататын қосалқы және қосымша құрылғылары бар, оған жақын жерде орналасқан инженерлік желілері және жалпы алаңдық материалдары бар жеке тұрған ғимарат немесе өзге мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі – мемлекеттік инвестициялар) – жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады;
Тармақша 6
6) құрылыстағы баға белгілеу – құрылыс өнімінің құнын қалыптастыру тетігі;
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 9
9) құрылыстың сметалық құны – сомасы жобалау материалдары мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объектінің құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті ақша;
Тармақша 10
10) мердігердің сметасы (оферта) – мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарға қатысу үшін меншікті ұйымдық-технологиялық мүмкіндікті ескере отырып, олар жасайтын мердігердің конкурстық ұсынысының құрамындағы сметалық құжаттама;
Тармақша 11
11) объектілерді салуға арналған жиынтық сметалық есеп - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамамен реттелмейтін және құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге жиынтық сметаға енгізілетін тапсырыс берушінің шығындарын қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыруға арналған тапсырыс беруші (инвестордың) барлық шығындарына арналған қаражат лимитін қамтитын құжат;
Тармақша 12
12) ресурстық әдіс – құрылыс жобасын іске асыру үшін шығындар (ресурстар) элементтерінің ағымдағы бағаларында және тарифтерінде калькуляциялау арқылы құрылыстың құнын айқындау әдісі;
Тармақша 13
13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару);
Тармақша 14
14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
Тармақша 15
15) сметалық құжаттама – құрылыстағы сметалық құнды айқындайтын құрылыс жобасы құрамындағы құжаттама;
Тармақша 16
16) сметалық нормалар - құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың қабылданған өлшеуішіне белгіленген ресурстардың (құрылыс қызметкерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс істеу уақытының, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттіліктің шығындары) жиынтығы немесе есептеудің қабылданған базасынан процентте көрініс берген құрылыс кезіндегі жекелеген шығыстар мен шығындардың мөлшерін көрсететін салыстырмалы шамалар;
Тармақша 17
17) сметалық-нормативтік база – материалдарға, бұйымдарға және жабдықтарға арналған сметалық нормалар мен сметалық бағалардың жинағы;
Тармақша 18
18) сметалық нормативтер – құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін баға белгілеу мен сметалар бойынша және мыналарды қамтитын нормативтік құжаттар кешені:
объектілерді салудың құнын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқамалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар;
қабылданған өлшеуішке белгіленген құрылыстағы жұмыстарға арналған сметалық нормалар;
есептеудің қабылданған базасынан процентте көрсетілген құрылыстағы жекелеген шығыстар мен шығындарға арналған сметалық нормалар;
ірілендірілген сметалық нормалар;
құрылыс ресурстарына арналған сметалық бағалар;
Тармақша 19
19) тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің) сметасы – инвестициялық қызметті жоспарлауға және мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін құрылыстың барынша бағасын айқындауға арналған мемлекеттік сметалық нормативтік құжаттардың негізінде жасалатын сметалық құжаттама;
Тармақша 19-1
19-1) өндірістік объектінің қуат бірлігі инвестициялық құнының көрсеткіші – тапсырыс беруші белгілеген және тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген оның функционалдық мақсатын ескере отырып, жобаланатын объектінің қуат өлшемі бірлігіне арналған экономикалық көрсеткіштер шамасы бойынша жобалау шектеуі;
Тармақша 20
20) тапсырыс беруші – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі.
21) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.
Тармақша 21-1
21-1) «толық бітіріп берілетін» құрылыс-жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу) және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ жобалар мен техникалық қадағалаудың көрсетілетін қызметтеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарларды жеткізуді және қызметтер көрсетуді қамтитын объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар;
Тармақ 4
4. Мемлекеттік инвестициялардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілерді салудың ресурстық сметалық құнын айқындау кезінде сметалық есептер әдістемесінің, рәсімдер мен нәтижелерінің анықтылығы мен транспаренттілігі, сондай-ақ, мемлекеттік-инвестициялық жобаны іске асырудың барлық сатыларында қаражатты жұмсаудың есептілігі негізгі талаптар болып табылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, осы Қағидалар және Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар (бұдан әрі – Мемлекеттік нормативтер) Қазақстан Республикасында объектілерді салудың құнын айқындаудың нормативтік және құқықтық негізі болып табылады.
Тармақ 6
6. Объектілер құрылысының құны мынадай:
Тармақша 1
1) жобалау алды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу;
Тармақша 2
2) жобалау, мердігерлік және инжинирингтік жұмыстарға арналған қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты өткізу;
Тармақша 3
3) объектіні салу;
Тармақша 4
4) құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау;
Тармақша 5
5) объектілерді кейіннен кәдеге жарату сатыларында анықталады.
Тармақ 7
7. Объекті құрылысының құнына мынадай:
Тармақша 1
1) жоба алды құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздемелерін) әзірлеу және сараптама жасау бойынша;
Тармақша 2
2) салалық шығындар шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша;
Тармақша 3
3) құрылыстың сметалық құны.
Тармақ 7-1
7-1. Қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші объектіпі пайдалануға беру жылына арналған объект қуатының өлшем бірлігіне есептелген шығындар түрлері бойынша нақтылаумен осы Қағидалардың 7-тармағымен қарастырылған шығындарды ескереді.
Тармақ 8
8. Объектілерді салуға арналған шығындардың құнын айқындау сатысына байланысты мыналар жасалады:
Тармақша 1
1) құрылыстың есептік құны;
Тармақша 2
2) құрылыстың сметалық құны;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) құрылыстың шарт құны;
Тармақша 5
5) құрылыстың нақты сметалық құны;
Тармақша 6
6) объектіні салуға арналған мердігердің нақты шығындары.
Тармақ 9
9. Мыналар құрылыс құнын айқындау үшін бастапқы деректер болып табылады:
Тармақша 1
1) жоба алды құжаттаманы әзірлеу сатысында:
әзірлеуге арналған техникалық тапсырма немесе техникалық ерекшелік;
эскиздік шешімдер (эскиздік жоба);
ұқсас объектілер бойынша деректер;
Тармақша 2
2) жобалау сатысында:
жобалауға арналған тапсырма;
жобалық шешімдер (жобалау құжаттама);
құрылыс ұйымының жобасы.
Тармақ 9-1
9-1. Құрылыстың жеке жобалары бойынша жүзеге асырылатын (бұдан әрі – бұдан әрі – өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілер) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының 4-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас объектілер жоқ жүз миллион айлық есептік көрсеткіштерден астам инвестициялар көлемімен өндірістік мақсаттағы және инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілердің жаңа құрылысының инвестициялық жобалары бойынша қайта енгізілетін өндірістік қуаттың бірлігіне арналған үлестік инвестициялық шығындар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырмада және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмада бекітілген қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішінен аспайды.
Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұқсас объектілердің құжаттамасын ұсына отырып, тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген неғұрлым тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар іске асырылған шетелдік ұқсас объектілердің деректері бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішін айқындайды.
Қолданылатын деректер жобаланатын объектінің функционалдық мақсатына және техникалық сипаттамаларына, сондай-ақ, баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар мен сметалық нормаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Шетел валютасындағы құн көрсеткіштері тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен құн көрсеткіші келісілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен аударылады.
Салалық заңнама нормалары шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша шығындардың қуат бірлігі инвестициялық құнының көрсеткішінде тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша ескеріледі.
Қуат бірлігі инвестициялық құнының көрсеткіші тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы құжаттама
әзірлеу мен сараптама құнын айқындау және жоба алды сатысында
құрылыстың құнын айқындау
2-тарау. Объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы құжаттама
әзірлеу мен сараптама құнын айқындау және жоба алды сатысында
құрылыстың құнын айқындау
Тармақ 10
10. Жобалау алдындағы құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздемелерді) әзірлеу құны Мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалады.
Тармақ 11
11. Жобалау алдындағы құжаттаманың сараптамасының (техникалық-экономикалық негіздемелердің) құны Заңның 20-бабының 23-18) тармақшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Жоба алды сатысындағы құрылыстың құны (құрылыстың есептік құны) Мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалады.
Тармақ 13
13. Құрылыстың есептік құны мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау, оның ішінде бюджеттік жоспарлау мақсатымен айқындалады.
Тарау 3. 3 тарау. Салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша шығындарын айқындау
3 тарау. Салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша шығындарын айқындау
Тармақ 14
14. Салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша шығындар құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектілерді пайдалануға беруге арналған шығындар;
Тармақша 2
2) жергілікті жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу үшін жерге орналастыру жобасын әзірлеуге немесе жер-кадастрлық жоспарын құруға арналған шығындар;
Тармақша 3
3) құрылысқа арналған жер учаскесін алып қою (сатып алу) кезінде жер үшін төлемдер;
Тармақша 4
4) археология, тарих және мәдениет, қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің тарихи-мәдени сараптамасына, сондай-ақ, құрылыс алаңы шегінде археологиялық қазбаларды орындауға байланысты шығындар;
Тармақша 5
5) бұзылатын құрылыстар мен бау-бақша екпелері, егістік, жер жырту және басқа ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін өтемақы төлеуге, табиғи ортаға келтірілетін нұқсанға, залалдарды және шығындарды өтеу бойынша шығындар;
Тармақша 6
6) объектіні жобалау және құрылысы кезеңінде пайдаланылатын жер учаскесін жалға алу (құрылыс қажеттіліктері үшін берілген қосымша жер учаскесі) үшін төлем;
Тармақша 7
7) топырақтың, құмның, ұсақ тастың уақытша карьерлерін барлауға, бөлуге және әзірлеуге, бөлінген карьерлердегі қол қойылатын бонустары мен коммерциялық табу бонустарын төлеуге арналған шығындар;
Тармақша 8
8) объектіні салу үшін геодезиялық бөлу негізін (құрылыс торы, қызыл сызықтар, ғимараттың (құрылыстың) габариттерін айқындайтын басты бөлу осьтері, биіктік реперлер, инженерлік коммуникациялардың, автожолдардың, электрмен жабдықтау желілерінің, байланыстың, су құбыры трассасының, кәріздің, жылудың, газдандырудың басты осьтері) құруға арналған шығындар;
Тармақша 9
9) құрылыс кезеңінде жер салығын төлеу;
Тармақша 10
10) жер учаскесінің радиологиялық жағдайын өлшеуге арналған шығындар;
Тармақша 11
11) су пайдалануды тоқтатуға немесе шарттарын өзгертуге байланысты су шаруашылығы іс-шараларынан келтірілетін залалдарды өтеу бойынша шығындар;
Тармақша 12
12) пайдаланушы персоналды дайындауға (өндірістік мақсаттағы жаңадан салынып жатқан объектілер үшін) арналған шығындар;
Тармақша 13
13) жабдықты кешенді байқап көрумен іске қосу-жөндеу жұмыстарына, іске қосу-жөндеу жұмыстары үшін шикізатқа және материалдық ресурстарға, іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде пайдаланушы персоналын ұстауға (өндірістік мақсаттағы объектілер үшін) арналған шығындар;
Тармақша 14
14) жер учаскелерін уақытша және тұрақты пайладану құқығына актіні дайындауға және беруге арналған шығындар;
Тармақша 15
15) жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт дайындауға және беруге арналған шығындар;
Тармақша 16
16) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуге арналған шығындар;
Тармақша 17
17) лицензиялық келісімдер және лицензиардың қызмет көрсетуі бойынша шығындар;
Тармақша 18
18) сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылуы болжанатын шығындар.
Тармақ 15
15. Құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге арналған жиынтық смета, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына сәйкес, объектілерді салуға арналған бюджеттік инвестициялық жоба технико-экономикалық негіздеме және/немесе бюджеттік инвестициялық жоба жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында, кейінгі бекітумен салалық (өндірістік мақсаттағы объектілер үшін) және/немесе және кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өтуге жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Объектіні салудың сметалық құнын айқындау
4-тарау. Объектіні салудың сметалық құнын айқындау
Тармақ 16
16. Объектіні салудың сметалық құнына мыналар енгізіледі:
Тармақша 1
1) мердігерлік құрылыс-монтаж жұмыстарының, шығындар мен қызметтердің сметалық құны;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындар;
Тармақша 4
4) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны, оның ішінде құрылыс үшін инженерлік іздестірулердің құны және жобалау жұмыстарына арналған шығындар;
Тармақша 5
5) жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасының құны;
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақ 17
17. Объектілер құрылысының сметалық құны Заңның 20-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалары жөніндегі нормативтік құжатқа (бұдан әрі – Нормативтік құжат) сәйкес айқындалады.
Тармақ 18
18. Заңнамада бекітілген тәртіппен бекітілген құрылыстың сметалық құны мемлекеттік инвестициялардың есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қаражат көлемін айқындау үшін негіздеме болып табылады.
Тарау 4-1. 4-1-тарау. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құнын айқындау
4-1-тарау. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құнын айқындау
Тармақ 18-1
18-1. «Толық бітіріп берілетін» объектілерді салу әдісі құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды, құрылыстарды технологиялық және инженерлік жабдықтармен жинақтауды, іске қосу-баптау және салынып жатқан объектімен, сондай-ақ басқарумен, пайдаланумен, қызмет көрсетумен, тараптардың бірінің теңгеріміне берумен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамамен қаржыландыру, жоспарлау, уақтылы және сапалы қамтамасыз ету бойынша функцияны бас мердігердің бір ұйымдық құрылымында шоғырландыру мүмкіндігі негізінде пайдалануға немесе қызметтер көрсетуге дайындалған объектілерді салуды қамтамасыз етуді көздейді.
Тармақ 18-2
18-2. Инвестициялық жобаны жаңа объектілерді тұрғызу жолымен дайын құрылыс өнімін құрудың бірыңғай үздіксіз кешенді процесі ретінде іске асыру кезінде (жобалау – құрылыстарды жабдықтармен жинақтау, объектіні пайдалануға беруді қоса алғанда, құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындау), сондай-ақ «толық бітіріп берілетін» құрылыс кезінде тапсырыс берушінің (инвестордың) қаражатының лимитін айқындау үшін негіздеме жобалау алдындағы сатыдағы есеппен белгіленген және тапсырыс беруші бекіткен құрылыс құны болып табылады.
Тармақ 18-3
18-3. Конкурстық рәсімдерді өткізу және «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар жасасу үшін «толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құны айқындалады.
«Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құны техникалық-экономикалық негіздеме немесе құрылыстың есептік құны бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жобалау алдындағы сатыдағы құрылыс құнының есебі, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге (оның ішінде объектілерді пайдалануға беруге арналған жиынтық смета) арналған жиынтық смета негізінде айқындалады.
Тармақ 18-4
18-4. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құнына қосылады:
Тармақша 1
1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны, оның ішінде іздестіру жұмыстарының құны (қажет болған жағдайда);
Тармақша 2
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны;
Тармақша 3
3) жабдықтың, жиһаздың, мүкәммалдың құны;
Тармақша 4
4) күтпеген жұмыстарға арналған қаражат және жобалау алдындағы кезең үшін белгіленген мөлшердегі шығындар;
Тармақша 5
5) объектіні пайдалануға беруге арналған шығындар;
Тармақша 6
6) салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін объект құрылысының нақты шарттары мен ерекшеліктерін ескеретін бас мердігерге тапсырылатын басқа да шығындар.
Тарау 5. 5-тарау. Объектіні салудың шарт бағасын айқындау
5-тарау. Объектіні салудың шарт бағасын айқындау
Тармақ 19
19. Мемлекеттік инвестициялары үшін құрылыстың шарттық бағасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға, квазимемлекеттік сектор үшін мемлекеттік мүлік саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаздың баға ұснысының (конкурстық баға ұсынысы, тендерлік баға ұсынысы) оның сметасы (офертасы) негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру щеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады. Құрылыстың шарттық бағасы тапсырыс берушінің сметасымен белгіленген қаражаттан аспауы тиіс.
Тармақ 19-1
19-1. «Толық бітіріп берілетін» құрылыстың шарттық бағасы жеңімпаздың сметасы (офертасы) бойынша баға ұсынысы (конкурстық баға ұсынысы, тендерлік баға ұсынысы) негізінде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша айқындалады.
«Толық бітіріп берілетін» құрылыстың шарттық бағасы тапсырыс берушінің сметасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыстың есептік құнынан аспауға тиіс.
Тармақ 19-2
19-2. Cатып алу қорытындылары бойынша айқындалған «толық бітіріп берілетін» құрылыстың шарттық бағасын ұлғайтуға жол берілмейді.
Бұл ретте, осы Қағидалардың 18-4 тармағында көзделген шығындардың жекелеген баптары бойынша шарттық баға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жобалау-сметалық құжаттама және (немесе) объектілерді пайдалануға беруге арналған жиынтық смета бойынша олардың сметалық құнынан асып кеткен жағдайда, «толық бітіріп берілетін» құрылыстың шарттық бағасы шығындардың тиісті баптары бойынша мөлшерлес азайтылуға жатады.
Тармақ 20
20. Тапсырыс берушінің сметасы электрондық форматта конкурстық құжаттама құрамында әлеуетті мердігерге беріледі.
Тармақ 21
21. Мердігердің сметасы (оферта) еңбекке ақы төлеу жөніндегі мердігердің деректері, құрылыс машиналарын пайдаланудың құны, нақты мәмілілер, қолданыстағы келісім-шарттар бойынша немесе оларды жеткізуге арналған ұсыныстар бойынша, үстеме шығыстарының нақты деңгейі бойынша материалдық ресурстардың құны негізінде құрылыс ресурстарын қайта бағалап, тапсырыс берушінің сметасы базасындағы ағымдағы бағаларда жасалады.
Тармақ 22
22. Тапсырыс берушінің сметасы базасында мердігердің сметасын жасау кезінде жоба бойынша жұмыстардың атауы мен нақты көлемдері, құрылыс ресурстарының нормативтік шығыстары, жоба бойынша (тапсырыс беруші сметасының ресурстық бөлігі) құрылыс конструкциялары мен материал, өнімдер, конструкциялар, жабдықтарының сапалық және сандық құрамы өзгеріссіз қалады.
Тармақ 23
23. Мердігерге машиналар және тетіктер бөлігінде, егер енгізілетін техника қуаты мен өнімділігі бойынша нормативтік уақытқа әсер етпейтін болса, техникалық сипаттамалары бойынша сметалық нормаларда қабылданған құрылыс техникасының біріктірілген түрлеріне сәйкес келетін, пайдаланатын техниканың нақты маркасын көрсетуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, мердігер жұмыстардың нақты түрінде олардың үлесі ресурстардың тиісті тобының жалпы құнында 5% аспайтын, қосалқы технологиялық функцияларды орындайтын «өзге» (қосалқы) материалдардың, «өзге» (қосалқы) құрылыс машиналары мен тетіктерінің позициялары бойынша өзінің нұсқасын ұсына алады. Өзге ресурстардың нұсқаларын мердігер сапасын нашарлатпай және технологиясын бұзбай, жеке практиканы ескере отырып, сараптамалық бағалау әдісімен қалыптастырады.
Тармақ 24
24. Тапсырыс берушінің және мердігердің сметаларындағы тиісті жұмыстар мен шығындардың бірыңғай құнын салыстыру негізінде шарт бағасының құрамында тапсырыс беруші сметасының барлық позициялары (жұмыстар және жеке шығындар) бойынша жекелеген шарт бағаларының каталогы жасалады және бекітіледі. Жекелеген шарт бағалары қосылған құн салығынсыз барлық тиісті қосымша есептермен бірге жоба бойынша жұмыстардың қабылданған бірлігіне теңгеде жасалады. Бұл жекелеген шарт бағаларының каталогы орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы өзара есеп айырысу кезінде негіз болып табылады.
Тармақ 25
25. Мердігердің нақты деректері бойынша айқындалатын құн көрсеткіштерін қоспағанда Нормативтік құжаттың негізгі ережелері, талаптары, шарттары және шектеулері сақталып, мердігердің меншікті ұйымдық және техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, мердігердің сметасы жасалады.
Тармақ 26
26. Конкурс аяқталғаннан кейін өтінімнің құрамында тапсырыс берушіге (конкурстық комиссияға) ұсынылған мердігерлердің сметаларының электрондық көшірмелері конкурстың нәтижелері ресми жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органға және (немесе) олар айқындаған сметалық нормативтерді әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыртын ұйымға беріледі. Алынған ақпарат сметалық нормативтерді әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстардың мақсаттары мен шегінде ғана пайдаланылады.