О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования отношений, связанных с драгоценными металлами Қолданыста
Басқа 0
Бағалы металдарға байланысты қатынастарды реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995
жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан
Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12,
88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997
ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12,
184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат):
9-баптың 1-тармағының 27) және 33) тармақшалары алып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14,
205-құжат):
13-бапта:
2-тармақтағы "Құйма түрiндегi алтынды қоспағанда, басқа" деген
сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 3
3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
1997 ж., N 15-16, 211-құжат):
210, 211 және 212-баптар алып тасталсын.