Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы Қолданыста
Басқа 0
Орташа жалақыны
есептеудің бірыңғай
қағидаларын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 567 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11855 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 4 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 7 желтоқсан
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 908 бұйрығымен бекітілген
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16–бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ай – тиісті айдың 1–нен бастап 30–күніне (31-күніне) дейін қоса алғандағы (ақпанда – 28-күніне (29-күніне) дейін қоса алғандағы) кезең;
Тармақша 2
2) есеп айырысу кезеңі – төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең не егер қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген жағдайда, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең;
Тармақша 3
3) жұмыс уақытының балансы – 36 сағаттық, 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі (бес күндік, алты күндік) жұмыс күндерін (сағаттарын) ескере отырып, тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының нормаларын ай бойынша бөлу көрсеткіштерінің кестесі.
Тармақша 4
4) күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін жалақы;
Тармақша 5
5) орташа жалақы – қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерге төленетін ақша қаражатының сомасы;
Тармақша 6
6) орташа күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін орташа жалақы;
Тармақша 7
7) оқиға – Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе төленуімен, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілетін өтемақымен байланысты жағдайлар;
Тармақша 8
8) тұрақты сипаттағы ынталандыру төлемдері – еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген жағдайлар туындаған кезде үнемі төленетін төлемдер.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Орташа жалақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде сәйкес қызметкерге орташа жалақысы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.
Тармақ 5
5. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі
2-тарау. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатындағы айқындалған орташа айлық жалақыны қоспағанда, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Орташа жалақыны есептеу кезінде осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген төлемдер ескерілмейді.
Орташа жалақыны есептеу кезінде осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген төлемдер ескерілмейді.
Тармақ 7
7. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгеріміне қарай оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.
Тармақ 7-1
7-1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы төлемінен басқа қызметкердің орташа жалақысы орташа сағаттық жалақыны орташа күндік жұмыс сағаттарының санына және оқиғаның күнтізбелік күндер санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жұмыс сағаттарының саны мынадай формула бойынша айқындалады:
ОртКЖС = ОртАЖС / ОртАКК, мұндағы:
ОртКЖС – орташа күндік жұмыс сағаттарының саны;
ОртАЖС – оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс сағаттарының саны;
ОртАКК – оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес мереке күндерін есептегемегенде күнтізбелік күндердің орташа айлық саны.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс берушінің актісінде егер қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын болса, орташа жалақыны есептеудің өзге тәртібі көзделуі мүмкін.
Тармақ 7-2
7-2. Жұмыс уақытының жиынтық есебі бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеу үшін орташа жалақы орташа сағаттық жалақыны жұмыс беруші жасаған ауысымдық кесте (вахта кестесі) бойынша еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан өткізіп алған жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен айқындалады, бірақ тиісті жылға жұмыс уақытының теңгерімінде белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аспайды.
Тармақ 8
8. Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.
Тармақ 9
9. Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына тиісінше бөлу жолымен айқындалады.
Тармақ 10
10. Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Толық емес жұмыс аптасы (жұмыс күні) кезінде орташа күндік (сағаттық) жалақы осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес есептеледі.
Тармақ 12
12. Егер қызметкер жұмысқа орналасқан кезде есептелген жалақы сомасы болмаса не оқиға алдындағы 24 ай бойы жалақысы болмаған жағдайда, онда оқиға орын алған жағдайда орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесін (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.
Қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі тарифтік мөлшерлемесін (лауазымдық жалақысын) тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақытының балансына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі ағымдағы айдағы жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 13
13. Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
Тармақша 2
2) егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
Тармақша 3
3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (мөлшерлеме) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі.
Арттыру коэффициенті арттырудың соңғы айында белгіленген тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық жалақыны) арттыруға дейін белгіленген әр тарифтік мөлшерлемеге (лауазымдық жалақыға) бөлу жолымен есептеледі.
Арттыру коэффициенті негізгі персоналдың азаматтық қызметшілері (В2, В3, В4 буындардағы) үшін арттыру айында белгіленген лауазымдық жалақыны, егер орташа жалақыны есептеу кезінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген жалақы сомасы қосылған жағдайда, біліктілік санаты үшін қосымша ақыны есепке ала отырып арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға бөлу жолымен есептеледі.
Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.
Арттыру коэффициенті:
Тармақша 1
1) қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде;
Тармақша 2
2) лауазымдық жалақысының мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс өтілінің немесе жұмысшының біліктілік разрядының артуы кезінде қолданылмайды.
Тармақ 14
14. Өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыларды, сыйақыларды қоспағанда, тұрақты сипаттағы және жұмыс берушінің еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылар мен еңбек нәтижелері үшін төленетін басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеу кезінде есептелген уақыты бойынша қосылады.
Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру жүйесінде көзделген жұмыс қорытындысы бойынша төленетін тоқсандық, жарты жылдық сыйлықақылар есеп айырысу кезеңінің әрбір айына тиісінше 1/3, 1/6 мөлшерінде есептеледі; айлық сыйлықақылар – есеп айырысу кезеңінің әрбір айы үшін біреуден аспауға тиіс.
Өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақылар, сыйақылар орташа жалақыны есептеу кезінде, есеп айырысу кезеңі шегіндегі жылдық сыйлықақыны, сыйақыны нақты төлеу айының алдындағы әрбір айға 1/12 мөлшерінде нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі.
Есеп айырысу кезеңіне келетін уақыт жұмыспен толық өтелмеген жағдайларда, орташа жалақыны есептеу кезінде сыйлықақылар, сыйақылар есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс істеген уақытқа барабар есептеледі.
Орташа жалақыны есептеу кезінде акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің жылдық сыйлықақылары ескерілмейді.
Тармақ 15
15. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі еңбек шарты тоқтатылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі және бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын негізге ала отырып, осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері (жұмыс сағаттары) есептеледі.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі осы Қағидалардың 7-1-тармағында көзделген тәртіппен, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының теңгеріміне сүйене отырып жүргізіледі.
Басқа 43. Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер
Орташа жалақыны есептеудің
бірыңғай қағидаларына
қосымша
Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер
Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдерге мыналар:
Тармақша 1
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы;
Тармақша 2
2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер;
Тармақша 3
3) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы;
Тармақша 4
4) қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы;
Тармақша 5
5) тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда берілетін өтемақы төлемдері;
Тармақша 6
6) дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым;
Тармақша 7
7) қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстыру немесе көшіру кезіндегі өтемақы төлемі;
Тармақша 8
8) қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүдделері үшін пайдаланған кездегі шығыстарды өтеу;
Тармақша 9
9) Еңбек кодексіне сәйкес берілген сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақ өнімдерінің, арнайы киімнің және басқа да жеке қорғану құралдарының құны;
Тармақша 10
10) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдер (жоғалтқан жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа);
Тармақша 11
11) қызметкерлерге жұмыс беруші (бала туған кезде, дәрігерлік қызметтің ақысын төлеу үшін, жерлеуге және басқа да жағдайларда) көрсететін материалдық көмек (ақшалай жәрдемақы), сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде қосымша көзделген өтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктер төлемдері;
Тармақша 12
12) біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда);
Тармақша 13
13) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлемдері кешіктірілген кезде және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге төлейтін өсімақылары;
Тармақша 14
14) қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыс берушінің шығыстары;
Тармақша 15
15) спорттық байқауларда, конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;
Тармақша 16
16) Еңбек кодексінің 124-бабына сәйкес қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындайтын жері бойынша төленген жалақы;
Тармақша 17
17) Еңбек кодексінің 72-бабына сәйкес қызметкерлерге күнделікті жұмысын (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу кезіндегі жұмысы үшін өтемақы төлемдері;
Тармақша 18
18) үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдері;
Тармақша 19
19) Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер уақыты үшін сақталған орташа жалақы;
Тармақша 20
20) Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес бос тұрып қалу жағдайында қызметкерлерге төленген сомалар жатады.
Тармақша 21
21) бюджет қаражатын үнемдеу есебінен белгіленген төлемдер.