Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг по управлению проектом строительства объектов и квалификационных требований предъявляемых организациям, оказывающим услуги по управлению проектом Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 749 бұйрығымен бекітілген Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
Тармақша 2
2) жобаны басқару – салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару).
Тарау 2. 2. Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету
2. Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету
Тармақ 3
3. Техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылысын, оның ішінде бірегей объектілердің құрылысын және ірі инвестициялық жобалардың құрылысын салу үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушіге (инвесторы) жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарды (бұдан әрі – ұйым) тартуға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Қызметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 71 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Қызметтер көрсету жөніндегі шарттық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 6
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Заңның 20-бабының 23-24) тармақшасына сәйкес әзірленетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар
3. Жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар
Тармақ 7
7. Ұйымдарға мынадай:
Тармақша 1
1) мынадай маманданулар бойынша: бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде; екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде; бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;
Тармақша 2
2) мынадай маманданулар бойынша: бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде; екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;
Тармақша 3
3) мынадай: қала құрылысы; жобалау алдындағы құжаттама; сәулет; конструктивтік бөлік; инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша); технологиялық бөлік (объектінің мақсатына байланысты); жобаның арнайы бөлімдері маманданулары бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасын сараптау бойынша кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;
Тармақша 4
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;
Тармақша 5
5) материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасауға және ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етулері бар жұмыс станцияларының болуы сияқты біліктілік талаптары қойылады.