Об утверждении нормы накопления твердых бытовых отходов на одного человека Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қатты тұрмыс қалдықтарының адам басына жинақталу нормасын бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әділет басқармасының НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 15.09.2002 қорытынды. Жылына бiр адамға шаққанда нақты тұрмыстық қалдықтарды жинақтауды анықтайтын жұмыс тобының материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының СНжЕ-нiң "Жеке тұрғын үйлердi салатын аудандарды жобалау және салу" (Б.2.2-1-96), СНжЕ-нiң "Қала құрылысы. Қалалық және селолық елдi мекендердi жобалау және салу" (2.07.01.-89-*) құжаттарын басшылыққа алып, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi қаулы етеді: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 04 қаңтардағы N 1/04 қаулысымен.
Тармақ 1
1. 2001 ж. 01 шiлдеден бастап бiр жылғы адам басына жинақталатын тұрмыстық қатты қалдықтардың келесi нормасы бекiтiлсiн: - көп этажды жайлы тұрғын үйлерде, аула сыпырындыларын қоса есептегенде – 1,2 м. куб.
Тармақ 2
2. Жартылай жайлы тұрғын үйлер мен жекеменшiк тұрғын үйлерде бұрынғы норма сақталады, яғни 1,2 және 2,0 м.куб.
Тармақ 3
3. Арнайы автошаруашылықтар көлiгiмен шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтарға тұрғын үйлер мен ғимараттардан шығатын қоқыстар, оның iшiнде пештерден шығатын күл, сыпырындылар, ауладан жиналған жапырақтар мен арнайы iрi габариттi қоқыстарды шығару жүйесi болмаған жағдайда-iрi тұрмыс қалдықтары жатады.
Тармақ 4
4. Алматы қалалық атқару комитетi халық депутаттары кеңесiнiң 1983 ж. 19.01 күнгi "1 адам басына жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтардың уақытша нормасын бекiту туралы" 1/26 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Аталған қаулының орындалу барысын қадағалау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары М.Т.Дұлқайыровқа жүктелсiн.