О состоянии и мерах по улучшению ветеринарной работы в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстағы малдәрігерлік жұмыстың жәйі және оны жақсарту шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы
әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Облыстың малдәрігерлік қызметі жұқпалы және ішек-құрт ауруларын болдырмаудың алдын-алу мен оларды анықтауда да бірқатар шаралар алып келеді. Осының нәтижесінде жалпы облыс көлемінде, адамдар мен малдарға ортақ, аса қауіпті-топалаң, оба және аусыл сияқты жұқпалы аурулармен қатар, жұқпалы-созылмалы туберкулез ауруларымен ауыратын адам мен мал саны едәуір қысқартылды. Кедендер арқылы өтетін жүктер мен малдардың тасымалданылуын бақылау күшейтілді. Облыстың барлық ауылдық, селолық округтерінде малдәрігерлік инспекторының штаттары бекітіліп, мамандар тағайындалып, олардың қызметтері туралы арнайы ереже жасақталып берілді.
Дегенмен, малдәрігерлік алдын-алу және індетке қарсы күресу шараларының жоспары толық көлемде орындалмауда. Бұл жұмыс әсіресе өызылқоға ауданы бойынша нашар жүргізілуде. Жергілікті жерлерде мал сою кезінде малдәрігерлік-санитарлық ережелердің сақталуын бақылау осалсып кеткен. өаланың базарларында Қазақстан Республикасы Президентінің "Малдәрігерлігі туралы" заң күші бар Жарлығы талаптарының бұзылу фактілері бар.
Облыстық малдәрігерлік қызмет жүйесінің материалдық-техникалық базасы өте төменгі дәрежеде. Олар бірнеше жылдан бері арнаулы автокөліктер алмаған. Малдәрігерлік тауарлар, дәрі-дәрмектер сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінбеген.
Облыстық әкімият "Облыстағы малдәрігерлік жұмыстың жәйі және оны жақсарту шаралары туралы" мәселені қарап және талқылап ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Атырау облыстық аймақтық басқармасы бастығының (Лұқпанов С.) мәлімдемесі қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Атырау облыстық аймақтық басқармасы, қала және аудан әкімдері адамдар мен малдар арасында жұқпалы ауруларды, әсіресе "аусыл", "коровье бешенство", бруцеллез ауруларын болдырмау мақсатында малдәрігерлік-санитарлық шараларды толықтай уақытылы жүргізсін, шекара мен көліктегі күзет-карантиндік шараларды күшейтсін.
Тармақ 3
3. Қызылқоға ауданының әкімі (Нәутиев Ә.) облыстық малдәрігерлік қызметі әзірлеген мал бруцеллезімен күресу шараларының мейлінше толық орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Лұқпанов С.) облыстың малдәрігерлігі қызметіне қажетті дәрі-дәрмектер мен құралдар сатып алуға ауыл шаруашылығы Министрлігінен осы жылға 7 (жеті) миллион теңге сомасында қаржы бөлу мүмкіндігін іздестіруді және олардың осы мақсаттарға жылма-жыл бөлініп отырылуын сұрасын.
Тармақ 5
5. Қала әкімі (Тұрғанов Д.) үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанының ішінде мал базарынан үлгі жобадағы мал сою пунктінің құрылысын салу мәселесін шешсін.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы
(Лұқпанов С.), қала әкімімен (Тұрғанов Д.) бірлесіп, Қазақстан Республикасы
Президентінің, "Мал дәрігерлігі туралы" заң күші бар Жарлығының талаптарына сай қала базарларында мал шаруашылығы мен өсімдік өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптамадан өткізуді қамтамасыз етудің шараларын алсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалу барысы туралы 2001 жылдың 1-ші желтоқсанында хабарлансын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ.Ищановқа жүктелсін.