О создании комиссии Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi "Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" № 429-1 Заңын және Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы "Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау, этил спиртiн сақтау және сату, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме сауда бойынша сату, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшектеп сату ережелерiн бекiту туралы" № 1258 қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшектеп сатуды лицензиялау тәртiбiн сақтауды бақылау жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қала және аудан Әкiмдерi жергiлiктi жерлерде осы тектес комиссиялар құрсын және олардың жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалу барысы туралы әр айдың 5 күнiне қарай Оңтүстiк Қазақстан облысы инфрақұрылым және мемлекеттiк сатып алу департаментiне ақпарат беретiн болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Н. Громовқа жүктелсiн.
Басқа 5. Облыс әкiмiнiң жанындағы алкоголь өнiмдерi мен этил спиртiнiң айналымын бақылау жөнiндегi комиссия ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 24 шілдедегі № 188 шешiмiме № 1 қосымша Облыс әкiмiнiң жанындағы алкоголь өнiмдерi мен этил спиртiнiң айналымын бақылау жөнiндегi комиссия ҚҰРАМЫ С.Н. Громов - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы; М.С. Мырзабаев - Оңтүстiк Қазақстан облысы инфрақұрылым және мемлекеттiк сатып алу департаментiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; А.Б. Қапанов - Оңтүстiк Қазақстан облысы инфрақұрылым және мемлекеттiк сатып алу департаментi сауда бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелерi: Б.А. Әбибуллаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан аумақтық акциздiк өнiмдер өндiрудi және олардың айналымын бақылау жөнiндегi басқарма бастығы (келiсiмi бойынша); П.Ә. Әбубәкiров - Оңтүстiк Қазақстан облысы индустрия департаментiнiң бастығы; Є.У. Аязов - Шымкент қаласы Әкiмiнiң орынбасары; С.Б. Бекмұрзаев - Оңтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк стандартының мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша); У.Ж. Жаңабаев - Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша бас кеден басқармасы бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша); У. Мырзақұлов - Қаржы полициясы департаментiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмыстарды ашу жөнiндегi басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша); Д.Г. Шалаев - Оңтүстiк Қазақстан облыстық iшкi iстер бас басқармасы бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша); Б.Б. Молдабеков - Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетi бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша); Н.Н. Тасмағамбетова - Оңтүстiк Қазақстан облысы санитарлық- эпидемиологиялық стансасының мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi (келiсiмi бойынша); А.А. Бекжiгiтов - Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша) Алкоголь өнiмдерi мен этил спиртiнiң заңсыз айналымына тосқауыл қою жөнiндегi iс-шаралардың орындалу барысы туралы САНДЫҚ АҚПАРАТ
Тармақ 1
1. Жүргiзiлген тексерулердiң барлығы: Соның iшiнде базарлар бойынша:
Тармақ 2
2. Анықталған тәртiп бұзушылықтардың барлығы: Соның iшiнде:
Тармақша 1
1) алкоголь өнiмдерiнiң және спирттiң заңсыз сатылуы
Тармақша 2
2) алкоголь өнiмдерiн сату құқығына арналған лицензияның жоқтығы
Тармақша 3
3) касса аппараттарының жоқтығы
Тармақша 4
4) жұмыс тәртiбiнiң бұзылуы
Тармақша 5
5) санитарлық, ветеринарлық ережелердiң бұзылуы
Тармақша 6
6) сапа сертификатының жоқтығы
Тармақша 7
7) өртке қарсы ережелердiң бұзылуы
Тармақша 8
8) тауарлардың белгiленбеген орындарда сатылуы
Тармақша 9
9) мерзiмi өткен акциздiк маркалар
Тармақ 3
3. Тәртiп бұзушыларға қолданылған шаралар:
Тармақша 1
1) Әкiмшiлiк комиссияларға жiберiлген iстер
Тармақша 2
2) Әкiмшiлiк комиссиялардың қарағаны
Тармақша 3
3) соттарға жiберiлген iстер
Тармақша 4
4) соттардың қарағаны
Тармақша 5
5) салынған айыппұл (адамдардың саны) сомасы
Тармақша 6
6) бюджетке түскенi (сомасы)
Тармақ 4
4. Керi қайтарылған:
Тармақша 1
1) алкоголь өнiмдерi (литр- сомасы)
Тармақша 2
2) спирт (литр - сомасы)
Тармақша 3
3) алкоголь өнiмдерiн сату құқығына арналған лицензиялар
Тармақ 5
5. Қозғалған қылмыстық iстер:
Тармақша 1
1) соттарға жiберiлген қылмыстық iстер
Тармақша 2
2) тоқтатылған қылмыстық iстер
Тармақ 6
6. Алкоголь өнiмдерi жөнiндегi акциздердiң түсуi бойынша бюджеттiң орындалуы Болжамды жоспар Нақты % Ауытқушылық ағымдағы айға жыл басынан бері ағымдағы айға жыл басынан бері ағымдағы айға жыл басынан бері ағымдағы айға жыл басынан бері