Об утверждении Правил проведения аккредитации объединений субъектов частного предпринимательства Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 98-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін (бұдан әрі – бірлестіктер) аккредиттеу жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) тануы болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар аккредиттеуге жатады:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейде – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
Тармақша 2
2) облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары;
Тармақша 3
3) қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары.
Тармақ 4
4. Егер аккредиттеуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан көп бірлестік үміткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп бірлестік аккредиттеуге жатады. Егер аккредиттеуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктi, қызметтiң бiр саласын бiлдiретiн екi немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы коммерциялық емес ұйымның мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмдерi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн, жыл сайын аккредиттеуді жүзеге асырады. Аккредиттеудi республикалық деңгейде жүзеге асыру кезiнде хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады. Аккредиттеудi облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде жүзеге асыру туралы хабарландыру тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады.
Тармақ 6
6. Аккредиттеудi объективтi және бiлiктi түрде жүзеге асыру мақсатында әрбір мемлекеттік органда аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекiтiледi.
Тарау 2. 2. Аккредиттеу жүргiзудiң тәртiбi
2. Аккредиттеу жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 7
7. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiшті;
Тармақша 2
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
Тармақша 3
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады.
Тармақ 8
8. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi мынадай кезеңдерді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруын;
Тармақша 2
2) бірлестіктердің өтініштерді және 7-тармақта көзделген құжаттар пакетін беруін;
Тармақша 3
3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауын;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауын;
Тармақша 5
5) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздемесімен бірге аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беруді қамтиды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік орган аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады. Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар пакетін ұсынады.
Тармақ 10
10. Бірлестіктер ұсынған материалдарды қарау ұсынымдар бойынша мемлекеттік орган аккредиттеу туралы күәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын комиссия отырысында жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Тармақ 12
12. Егер:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 2
2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.
Тармақ 13
13. Аккредиттеу туралы куәлiк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге берiледi. Мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
Тармақ 14
14. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған кезде бiрлестiк оның телнұсқасын куәлiктi берген мемлекеттік органнан тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде ала алады.
Тармақ 15
15. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын мемлекеттік орган аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда комиссияның ұсынымы бойынша тоқтата тұрады.
Тармақ 16
16. Куәлiктiң қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде мемлекеттік орган комиссияның оң ұсынымы негiзiнде бұзушылықтар жойылған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде оның қолданылуын жаңғыртады.
Тармақ 17
17. Аккредиттеу туралы куәлiк:
Тармақша 1
1) куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бiр ай iшiнде жойылмаған;
Тармақша 2
2) аккредиттелген бiрлестiк қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
Тармақша 3
3) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын ерiктi тоқтату туралы өтiнiш берген;
Тармақша 4
4) оның қолданылу мерзiмi өткен;
Тармақша 5
5) Кодекстің 66-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талап үш реттен астам бұзылған;
Тармақша 6
6) Кодекстің 65-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, мемлекеттік органдар белгілеген нормативтік құқықтық актілерді қарау мерзімі бұзылған жағдайда қолданылуын тоқтатады.
Тармақ 18
18. Комиссия аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату мәселелерiн он жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік орган бiрлестiктi аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күнi iшiнде (мемлекеттік орган бұзушылықтарды тапқан сәттен бастап) хабардар етедi. Ескертпе: * - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Басқа 1. Өтiнiш
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларына 1-қосымша Кiмге ___________________________ (орталық мемлекеттiк немесе ________________________________ жергiлiктi атқарушы орган басшысының ________________________________ лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)) Кiмнен ________________________________ (бiрлестiк басшысының ________________________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болса)) Деректемелер: ________________________________ ________________________________ (заңды мекенжайы, байланыс телефоны) Өтiнiш ____________________________________________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы) ____________________________________________________________________ жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін _______________________________________________ (бiрлестiктiң атауы) аккредиттеудi сұраймын. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi: 1. _____________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________ 3. _____________________________________________________________ 4. _____________________________________________________________ М.О. ___________            ___________________________________ (қолы)             (лауазымы, Т. А. Ә. (бар болса)) 200__ жылғы «___»______
Басқа 2. Елтаңба
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларына 2-қосымша Елтаңба ____________________________________________________________________ (бiрлестiктiң атауы) аккредиттеу туралы  КУӘЛIК ____________________________________________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы) ____________________________________________________________________ (бiрлестiктiң атауы) ____________________________________________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы) жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде __________________________________________________ (бiрлестiктiң атауы) жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын таниды. (200 жылғы «___» ___________ № _________ бұйрық) Куәлiк 200 жылғы «___» ___________ дейiн жарамды Орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның басшысы (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы) Сериясы: Берiлген күнi:
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 190-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 және 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1513 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 396-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).