Об утверждении Положения и регламента согласительной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Келісу комиссиясының ережесі мен
регламентін бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы ереже;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы регламент бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 746 бұйрығына
1- қосымша
Келісу комиссиясы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Монополияға қарсы орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) келісу комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, олардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілерінде келтірілген дәлелдемелердің сапасы тұрғысынан қарау мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия ведомство жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссия функциялары
2. Комиссия функциялары
Тармақ 4
4. Комиссия функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытындылардың жобаларын олардың толықтығы мен онда келтірілген бұзушылықтар фактілерінің дәлелдемелері тұрғысынан қарау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар енгізу және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберу;
Тармақша 3
3) тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысын қарау;
Тармақша 4
4) уәжді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізу.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) Комиссияның құзыретін мәселелері бойынша сарапшыларды, мемлекеттік органдардан тиісті бейінді мамандарды, қоғамдық бірлестіктерді, қауымдастықтарды (одақтарды) өтеусіз негізде тартуға;
Тармақша 3
3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссияның қызметі
4. Комиссияның қызметі
Тармақ 6
6. Комиссияны монополияға қарсы орган ведомствосының басшысы басқарады.
Тармақ 7
7. Монополияға қарсы орган ведомствосының басшысы болмаған кезде оның функцияларын оның міндетін атқарушы адам орындайды.
Тармақ 8
8. Комиссия отырыстары, егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, құқылы болып саналады.
Тармақ 9
9. Комиссия құрамы монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының шешімімен тергеп-тексеру объектісінің әрбір өтініші бойынша жасалады.
Тармақ 10
10. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан аспауға тиіс.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 746 бұйрығына
2- қосымша
Келісу комиссиясының Регламенті
Тармақ 1
1. Келісу комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Келісу комиссиясы туралы ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комиссия төрағасы монополияға қарсы орган ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) тергеп-тексеру объектісінің өтініші түскен күннен бастап комиссия отырысының уақытын белгілейді.
Тармақ 3
3. Комиссия ведомствоға тергеп-тексеру аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн мерзімде берілген тергеп-тексеру объектісінің өтініштерін қарамайды.
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) монополияға қарсы орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Жұмыс органының анықтамасы, тергеп-тексеру объектісі өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы Комиссия отырысының күні белгіленгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия мүшелерінің назарына жеткізіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия отырысы монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының кіріспе сөзінен кейін ашық деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы болған кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылықтарын қарау кезінде Комиссия мүшелері тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылығын қабылдау немесе қабылдамау бойынша өз пікірін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сүйене отырып білдіреді.
Тармақ 9
9. Комиссия шешімі қарапайым көпшіліктің дауысымен қабылданады.
Тармақ 10
10. Дауыс беруге Комиссия мүшелерінің ғана құқығы бар.
Тармақ 11
11. Комиссияның әрбір мүшесі бір ғана дауысқа ие болады.
Тармақ 12
12. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы соңғы шешімді қабылдайды.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері алған мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтер жариялауға жатпайды.
Тармақ 14
14. Комиссия отырысының нәтижелері қажетті құжаттарды қоса бере отырып, хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 15
15. Хаттамада Комиссияның құрамы, шақырылған адамдар, оның отырысының орны, уақыты мен күні, Комиссия мүшелері айтқан ұстанымдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар болған жағдайда олардың пікірлері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Хаттама жобасын оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері келіседі.
Тармақ 17
17. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды және тергеп-тексеру объектісінің және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (адамдардың) назарына жеткізіледі.
Тармақ 17-1
17-1. Тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) Комиссияның ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда Комиссияның қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.
Тармақ 18
18. Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерінің есебі мен сақталуын Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.