Об утверждении Правил формирования и ведения реестров в сфере государственных закупок Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы
Тармақ 1
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10820 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 0. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 4-тармағына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлемақы алынбай, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері
Тармақ 4
4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушілер тізілімі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімі;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
Тармақша 4
4) шағымдар тізілімі.
Тарау 3. 3-тарау. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
3-тарау. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің атауы;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
Тармақша 3
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
Тармақша 4
4) тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң жiктеуiшi (ӘАБЖ) бойынша коды, өңір, заңды мекенжайы)
Тармақша 5
5) есептілік әкімшісінің атауы;
Тармақша 6
6) шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);
Тармақша 7
7) меншiк нысандарын жiктеу (МНЖ) бойынша коды;
Тармақша 8
8) кәсiпкерлiк субъектiнің санаты;
Тармақша 9
9) экономика секторының коды;
Тармақша 10
10) тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); басшының лауазымы; деректер көзі; электрондық пошта; телефон (жұмыс, ұялы).
Тармақ 6
6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 7
7. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы қағидалары) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
Тармақ 9
9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне мәліметтер енгізуді тапсырыс беруші осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталындағы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен: тиісті қаржы жылында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша – мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей; мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) – қол қойған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей; мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша – төлем жүргізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшаларында және 50-бабында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі, «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар туралы мәліметтерді қоспағанда, шарт (оның өзгерістері) туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің атауы;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
Тармақша 3
3) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі;
Тармақша 5
5) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
Тармақша 6
6) шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері;
Тармақша 7
7) шарттың жасалған күні және нөмірі – шарттың жасалған күні, айы, жылы;
Тармақша 8
8) шарт валютасының коды;
Тармақша 9
9) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
Тармақша 10
10) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы: сатып алу нысанасының түрі; жіктеуіш бойынша өнімнің коды; тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы; тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша және қосымша сипаттамасы; өлшем бірлігі; бір бірлік үшін бағасы; саны; егер өнім берушіқосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылған жағдайда, ҚҚС туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат: заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін); бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері; Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі; резиденттік елі және заңды мекенжайы; байланыс ақпараты;
Тармақша 12
12) шарттың орындалуы: тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы; сатып алынған тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы; тауар белгісінің атауы; тауар өндірушінің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердіңөнім берушісінің елі; төлем сомасы; шартты орындаудың жоспарланған және нақты күні;
Тармақша 13
13) шарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер: күні, негіздеме және себебі.
Тармақ 11
11. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.
Тармақ 12
12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде сақталады.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
Тармақ 15
15. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өзімен мыналарды:
Тармақша 1
1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер;
Тармақша 2
2) жеңімпаз деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер тізбесін білдіреді.
Тармақ 16
16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартта, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге жібереді. Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шартта, жиынтығында мынадай шарттарды қанағаттандыратын:
Тармақша 1
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі;
Тармақша 2
2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;
Тармақша 3
3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы жағдайларын қоспағанда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын өнім берушінің бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 17
17. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 18
18. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) веб-портал арқылы алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 19
19. Тапсырыс берушіге электрондық көшірмесі веб-портал арқылы келіп түспеген Сот шешімі қағаз түрінде келіп түскен жағдайда, тапсырыс берушілер аталған Сот шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сот шешімінің көшірмесін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 20
20. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтерді веб-портал арқылы ұсынған күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде уәкілетті орган оларды қарайды және осындай мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізеді.
Тармақ 21
21. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес және (немесе) дәйексіз (дұрыс емес) мәліметтер ұсыну шартында, уәкілетті орган веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күн ішінде қайта беру қажеттігі туралы хабарламаны 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жібереді.
Тармақ 22
22. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.
Тармақ 23
23. Әлеуетті өнім беруші қағаз түріндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартына қол қоюдан жалтарған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға береді.
Тармақ 24
24. Заңнамаға сәйкес уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады. Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтерін қарау кезінде уәкілетті орган оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:
Тармақша 1
1) жосықсыз әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы ақпарат: әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің атауы; резиденттік елі; Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін); бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері;
Тармақша 2
2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер: сатып алуды жүзеге асыру тәсілі; сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі; сатып алу туралы хабарландырудың күні; сатып алу қорытындыларын шығару күні;
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі (болған кезде);
Тармақша 5
5) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;
Тармақша 6
6) осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама күні;
Тармақша 7
7) осы шартты бұзу туралы хабарлама күні;
Тармақша 8
8) сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер: соттың/ уәкілетті органның атауы; соттың/уәкілетті органның шешімінің нөмірі; соттың/уәкілетті органның шешімінің күні; сот шешімінің заңды күшіне енген/ уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні;
Тармақша 9
9) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастауға мыналар:
Тармақша 1
1) Заңда белгіленген мерзімнің аяқталуы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның әлеуетті өнім берушінің өтінішін келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы қабылдаған шешімі.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады.
Тармақ 30
30. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша уәкілетті орган сотпен расталған тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынып тасталады.
Тармақ 31
31. Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушіні веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы келісу комиссиясының шешімін ұсынуы шартында, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешім шығарады. Бұл ретте, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешімі веб-портал арқылы автоматты режимде шығарылады.
Тарау 6. 6-тарау. Шағымдар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
6-тарау. Шағымдар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 32
32. Шағымдардың тізілімі өзімен әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер мен берілген ұйғарымдар (хабарламалар) туралы мәліметтерді қамтиды.
Басқа 1
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 1-қосымша нысан Р/с № Тізілімдегі жазба нөмірі Тапсырыс берушінің атауы Тапсырыс берушінің тіркелген және (қайта тіркелген) күні БСН Тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер Есептілік әкімшісінің атауы Қазақ тілінде Орыс тілінде ӘАБЖ өңір заңды мекенжай 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кестенің жалғасы ҰҚНК МНЖ Кәс­iп­кер­лiк субъ­ек­тi­нің са­на­ты Эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ко­ды Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің бас­шы­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ЖСН Т.А.Ә. Ла­у­а­зы­мы Де­ректер кө­зі Элек­трон­дық по­шта те­ле­фон (жұ­мыс) те­ле­фон (ұя­лы) 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ӘАБЖ - әкімшілік-аумақтық бірлестіктердің жіктеуіші; ҰҚНК – шаруашылық етудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды; МНЖ - меншік нысандарының жіктеуіші; ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Басқа 2
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 2-қосымша нысан Ті­зі­лім­де­гі жа­з­ба­ның нө­мі­рі Жа­з­ба­ның соң­ғы өзгер­ген кү­ні Тап­сы­рыс бе­ру­ші Шар­тты қар­жы­лан­ды­ру кө­зі Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру тә­сі­лі Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды өт­кі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның нө­мі­рі Мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың қо­ры­тын­ды­ла­рын шы­ға­ру кү­ні Шар­тты жа­са­су­дың негі­зін рас­тай­тын құ­жат­тың де­ректе­ме­ле­рі Шарт ата­уы БСН нө­мі­рі кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 кестенің жалғасы Шарт ва­лю­та­сы­ның ко­ды Шар­ттың мәр­те­бе­сі Шар­ттың аумақ­тық қа­зы­на­шы­лық ор­ган­да­рын­да тір­кел­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін) Шар­ттың мәні Қа­зы­на­шы­лық­тың аумақ­тық бө­лім­ше­сін­де шар­тты тір­ке­у­ге бер­ген өті­нім Қа­зы­на­шы­лық­тың аумақ­тық бө­лім­ше­сін­де шар­тты тір­ке­у­ге бер­ген өті­нім са­тып алу мәні­нің тү­рі жік­те­уіш бой­ын­ша өнім­нің ко­ды та­у­ар­лар, жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ата­уы та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қо­сым­ша си­патта­ма­сы өл­шем, бір­лі­гі нө­мі­рі кү­ні нө­мі­рі кү­ні 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 кестенің жалғасы Шар­ттың мәні бір бір­лік үшін ба­ға­сы, тең­ге са­ны Со­ма, тең­ге (егер өнім бе­ру­ші ҚҚС тө­ле­у­ші­сі бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да, ҚҚС ес­ке­ре оты­рып, со­ма­ны көр­се­ту қа­жет) оның ішін­де ҚҚС со­ма­сы, тең­ге со­ны­мен бір­ге: үш жыл­дық ке­зең­нің бі­рін­ші жы­лы­ның со­ма­сы, тең­ге со­ны­мен бір­ге: үш жыл­дық ке­зең­нің екін­ші жы­лы­ның бо­лжам­ды со­ма­сы, тең­ге со­ны­мен бір­ге: үш жыл­дық ке­зең­нің үшін­ші жы­лы­ның бо­лжам­ды со­ма­сы, тең­ге 24 25 26 27 28 29 30 кестенің жалғасы Шарт бой­ын­ша өнім бе­ру­ші­лер (орын­да­у­шы­лар, мер­ді­гер­лер) ту­ра­лы ақ­па­рат заң­ды тұл­ға­ның ата­уы (же­ке тұл­ға­ның Т.А.Ә.) БСН, ЖСН (бей­ре­зи­дент­тер-өнім бе­ру­ші­лер­дің тір­кеу де­ректе­рі) Та­у­ар­лар, жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер және олар­дың өнім бе­ру­ші­ле­рі­нің де­рекқо­рын­да­ғы жа­з­ба нө­мі­рі Өнім бе­ру­ші­нің ре­зи­дент­ті­лік елі Заң­ды ме­кен жайы Іс жү­зін де­гі ме­кен жайы элек­трон­дық по­шта­ның ме­кен­жайы Мәр­те­бе­сі Те­ле­фо­ны (факс) 31 32 33 34 35 36 37 38 39 кестенің жалғасы Шар­ттың орын­да­луы та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле тін қыз­мет­тің ата­уы және си­патта­ма­сы Са­тып алын­ған та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы Та­у­ар­лық бел­гі­нің ата­уы Та­у­ар өн­ді­ру­ші­нің, жұ­мыстар, қыз­мет­тер бой­ын­ша өнім бе­ру­ші­лер­дің елі Тап­сы­рыс бе­ру­ші іс жү­зін­де тө­ле­ген со­ма, тең­ге (егер өнім бе­ру­ші ҚҚС тө­ле­у­ші­сі бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да, ҚҚС ес­ке­ре оты­рып, со­ма­ны көр­се­ту қа­жет) оның ішін­де ҚҚС со­ма­сы, тең­ге 40 41 42 43 44 45 кестенің жалғасы Шар­ттың қол­да­ны­сын тоқ­та­ту со­ны­мен бір­ге: үш­жыл­дық ке­зең­нің бі­рін­ші жы­лын­да тө­лен­ген со­ма, тең­ге со­ны­мен бір­ге: үш­жыл­дық ке­зең­нің екін­ші жы­лын­да тө­лен­ген со­ма, тең­ге со­ны­мен бір­ге: үш­жыл­дық ке­зең­нің үшін­ші жы­лын­да тө­лен­ген со­ма, тең­ге Шарт бой­ын­ша орын­да­лу кү­ні Іс жү­зін­де орын­да­лу кү­ні кү­ні негіз­де­ме және се­бе­бі 46 47 48 49 50 51 52 Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ҚҚС – қосылған құн салығы; Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 3
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 3-қосымша нысан Жо­сық­сыз өнім бе­ру­ші ту­ра­лы ақ­па­рат Заң­ның 6-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 3), 4), 5) тар­мақ­ша­ла­ры­на сәй­кес адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Тап­сы­рыс бе­ру­ші ту­ра­лы ақ­па­рат Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы Өнім бе­ру­ші­нің елі БСН, ЖСН (бей­ре­зи­дент­тер-өнім бе­ру­ші­лер­дің тір­кеу де­ректе­рі) Т.А.Ә. ЖСН, бей­ре­зи­дент­тер-өнім бе­ру­ші­лер­дің тір­кеу де­ректе­рі Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің елі 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Өт­кі­зі­л­ген са­тып алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер БСН, ЖСН (бей­ре­зи­дент­тер-өнім бе­ру­ші­лер­дің тір­кеу де­ректе­рі) Са­тып алу тә­сі­лі Веб-пор­тал­да­ғы са­тып алу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның нө­мі­рі Са­тып алу­ды ха­бар­лау кү­ні Са­тып алу қо­ры­тын­ды­ла­рын жа­сау кү­ні 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы Мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шар­ттың ті­зі­лі­мін­де­гі шар­ттың нө­мі­рі (бар бол­са) Шар­ттың әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­ге қол қо­ю­ға жі­бе­рі­л­ген кү­ні Өнім бе­ру­ші­нің шар­тқа қол қою үшін мер­зі­мі­нің бі­те­тін кү­ні Шар­ттың орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету­ді ен­гі­зу үшін мер­зім­нің бі­те­тін кү­ні Шар­тты бұ­зу ни­е­ті ту­ра­лы ха­бар­ла­ма кү­ні Шар­тты бұ­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма кү­ні 13 14 15 16 17 18 кестенің жалғасы (Әле­ует­ті) өнім бе­ру­ші­ні мем­ле­кет­тік са­тып алу­ға жо­сық­сыз қа­ты­су­шы­сы деп та­ну­ға негіз Сот ше­ші­мі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ті­зі­лім­нен алып та­стау кү­ні Сот­тың ата­уы Сот ше­ші­мі­нің нө­мі­рі Сот ше­ші­мі­нің кү­ні Сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне ен­ген кү­ні 19 20 21 22 23 24 * әлеуетті өнім берушінің шартты жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші 1-14, 19-тармақтарды толтырады. * мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 26-бабында көзделген соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда 1-19-тармақтар толтырылады. ** сот шешімі бойынша өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізген жағдайда 14, 15, 16, 17, 18-тармақтар толтырылмайды. Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Басқа 4
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 4-қосымша нысан Жо­сық­сыз өнім бе­ру­ші ту­ра­лы ақ­па­рат Тап­сы­рыс бе­ру­ші ту­ра­лы ақ­па­рат Өт­кі­зі­л­ген са­тып алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы Өнім бе­ру­ші­нің елі БСН, ЖСН (бей­ре­зи­дент­тер-өнім бе­ру­ші­лер­дің тір­кеу де­ректе­рі) Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің елі БСН Са­тып алу тә­сі­лі Веб-пор­тал­да­ғы са­тып алу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның нө­мі­рі Са­тып алу­ды ха­бар­лау кү­ні Са­тып алу қо­ры­тын­ды­ла­рын жа­сау кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кестенің жалғасы Мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шар­ттың ті­зі­лі­мін­де­гі шарт нө­мі­рі (бар бол­са) Шар­ттың әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­ге қол қо­ю­ға жі­бе­рі­л­ген кү­ні Өнім бе­ру­ші­нің шар­тқа қол қою үшін мер­зі­мі­нің бі­те­тін кү­ні Шар­ттың орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету­ді ен­гі­зу үшін мер­зім­нің бі­те­тін кү­ні (Әле­ует­ті) өнім бе­ру­ші­ні мем­ле­кет­тік са­тып алу­ға жо­сық­сыз қа­ты­су­шы­сы деп та­ну негі­зі 11 12 13 14 15 кестенің жалғасы Сот ше­ші­мі/уәкі­лет­ті ор­ган­ның ше­ші­мі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ті­зі­лім­нен алып та­стау кү­ні Сот­тың/ уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы Сот/ уәкі­лет­ті ор­ган ше­ші­мі­нің нө­мі­рі Сот/ уәкі­лет­ті ор­ган ше­ші­мі­нің кү­ні Сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне ен­ген/уәкі­лет­ті ор­ган ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне ен­ген кү­ні 16 17 18 19 20 Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 5-қосымша нысан Уәкі­лет­ті ор­ган­ның жал­пы блан­кі­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ел­таң­ба­сы БҰЙ­РЫҚ ПРИ­КАЗ Қа­зақ ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Орыс ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12 және 44-баптарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша: Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі: Сатып алу тәсілі: Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген күн: күні/айы/жылы Заңда белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің аяқталатын күні: күні/айы/жылы Не: Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді не Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізу мерзімінің аяқталатын күні: күні/айы/жылы Тапсырыс беруші: Атауы: БСН: Мекенжайы: Телефоны: БҰЙЫРАМЫН: 1. Заңның 44-бабының 1-тармағына сәйкес: Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен өткізілген № ____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына/ не: мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді немесе ______ тәсілмен өткізілген күні/айы/жылғы _____ лот бойынша Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарды деп танылсын. 2. Заңның 12-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын. 3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін: Атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда): БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері: Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда): Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері: Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/ Т.А.Ә. (болған жағдайда): Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері: Мекенжайы: Телефоны: 4. Тізілімде болу мерзімі бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай болып белгіленсін. 5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба) Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Басқа 6. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 6-қосымша нысан Уәкі­лет­ті ор­ган­ның жал­пы блан­кі­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ел­таң­ба­сы БҰЙ­РЫҚ ПРИ­КАЗ Қа­зақ ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Орыс ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, «Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы» ______ № ____ өтінішті келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы» ______ жылғы «___» _____№ ______ «Уәкілетті органның атауы» бұйрығының күші жойылсын. 2. Заңның 12-бабы 6-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталсын: Ата­уы/Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да): БСН/ЖСН, бей­ре­зи­дент өнім бе­ру­ші­лер үшін тір­кеу де­ректе­рі: Бас­шы­ның Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да): Бас­шы­ның ЖСН, бей­ре­зи­дент өнім бе­ру­ші­лер үшін бас­шы­ның тір­кеу де­ректе­рі: Құ­ры­л­тай­шы­ның (құ­ры­л­тай­шы­лар­дың) ата­уы/Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да): Құ­ры­л­тай­шы­ның (құ­ры­л­тай­шы­лар­дың) БСН/ЖСН-і, бей­ре­зи­дент өнім бе­ру­ші­лер үшін құ­ры­л­тай­шы­лар­дың тір­кеу де­ректе­рі: Ме­кен­жайы: Те­ле­фо­ны: 3. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба) Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).