Об утверждении Правил о порядке дачи согласия на приобретение статуса крупного участника банка второго уровня или банковского холдинга Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде Ескерту: Атауында және бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысымен . Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ереже бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы және Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ереже күшіне енгізілген күннен бастап:
Тармақша 1
1) мыналардың: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банкке бақылау жасау құқығына ие болу және жүзеге асыру шарттары туралы" Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 80 қаулысының ; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 28 наурыздағы N 80 қаулысымен бекітілген "Банкке бақылау жасау құқығына ие болу және жүзеге асыру шарттары туралы" ереженің күші жойылды деп танылсын;
Тармақша 2
2) Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ереженің талаптары қолданылатын, оның ішінде банкке бақылау жасау құқығына ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты бар тұлғалар екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім алу үшін жоғарыда аталған Ережеде белгіленген тәртіппен 60 күнтізбелік күн ішінде өтініш беруге не осы мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне растау құжаттарын бере отырып, банктің дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесін он проценттен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Басқа 9. Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ереже
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ереже Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысымен . Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі - банк) немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібін белгілейді. Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысымен .
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Ескерту: Ереженің бүкіл мәтіні бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкпен" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысымен .
Тармақ 1
1. Банктің бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын банктің, банктік холдингтің ірі қатысушы тұлғалары және бірлескен банктік холдинг болып табылатын тұлғалар Заңның 17-1 бабында айқындалған.
Тармақ 2
2. Банктің немесе банктік холдингтің бірлескен ірі қатысушысының банктің дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі банктің шығарылған (төленген) дауыс беруші акцияларының көлеміне қарай есептеледі.
Тармақ 3
3. Осы Ереженің талаптары Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес бас банкінің Қазақстан Республикасының резидент еншілес банкін ашу немесе ие болу құқығына қолданылмайды.
Тарау 2. 2. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға рұқсат беру туралы өтініш беру және қарау тәртібі
2. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға рұқсат беру туралы өтініш беру және қарау тәртібі
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес заңды немесе жеке тұлғалары ие болу күніне дейін кем дегенде отыз күн бұрын: дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп процентіне тікелей немесе жанама ие болу, немесе дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің дауыс беруші акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі, немесе шарттың күшіне қарай немесе басқаша түрде банк қабылдайтын шешімге ықпал ету (банк қабылдайтын шешімді анықтау) мүмкіндігі осы Ережеге N 1 қосымшаның нысаны бойынша жасалған банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішті уәкілетті органға беруге міндетті. Тұлға банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы белгілеріне өзіне байланысты емес себептермен ие болған жағдайда, осы тұлғаның өзі немесе уәкілетті орган банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы белгілеріне ие болу фактісін белгілеген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алу туралы өтініш беруші тұлға өтінішпен қатар уәкілетті органға Заңның 17-1-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді, сонымен бірге өтініш беруші - жеке тұлға туралы қысқаша мәліметтер осы Ереженің N 2 қосымшасының нысаны бойынша беріледі, ал өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша мәліметтер осы Ереженің N 3 қосымшасының нысаны бойынша беріледі. Резидент емес заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ оларда уәкілетті орган белгілеген негізгі рейтинг агенттіктерінің бірінің ең аз талап етілген рейтингі бар екендігі туралы мәліметтерді қосымша береді.
Тармақ 6
6. Егер тұлға: банктің ірі қатысушысы (банктік холдинг) болып табылатын (банк акцияларының тиісінше он (жиырма бес) және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар) тұлғаның немесе бірлесіп банктің ірі қатысушысы (банктік холдинг) болып табылатын тұлға тұлғалардың ең болмағанда біреуінің немесе банктің ірі қатысушылары (банктік холдинг) болып табылатын немесе тікелей немесе банк акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп процентімен басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалардың тікелей немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы акциялардың (қатысу үлесінің) отыз бес немесе одан да көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) тұлғалардың акцияларының отыз бес немесе одан да көп процентіне (қатысу үлесіне) ие болған (дауыс беруге мүмкіндігі болған) жағдайда, банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады. Сондай-ақ олар осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесінің) жиынтығында отыз бес немесе одан да көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі болған) жағдайда банк акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып мынадай тұлғалар танылады:
Тармақша 1
1) заңды тұлға және оның басшы қызметкері болып табылатын жеке тұлға;
Тармақша 2
2) жақын туыстары болып табылатын жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері, ері (зайыбы);
Тармақша 3
3) заңды тұлға және осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туысы болып табылатын жеке тұлға (осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері, ері (зайыбы). Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган өтінішті осы Ережеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарайды. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган Заңның 17-бабының 7-тармағына сәйкес банктің жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысушы тұлғалардан ірі қатысушыны анықтауға қажетті басқа да ақпаратты сұратуға құқылы. Құжаттарды белгіленген мерзімде немесе уақтылы бермеген жағдайда, не дұрыс емес ақпарат берілсе, бұрынғы уәкілетті орган алған құжаттар осы Ережеге сәйкес, қаралмай және шешім қабылданбай өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 7-1
7-1. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім алған тұлға көрсетілген келісімді, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен немесе банк акцияларын сатып алғаны туралы куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардың жүйесінен алынған көшірмені алған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға бермеген жағдайда, көрсетілген мерзім өткеннен кейін жоғарыда көрсетілген келісімнің қолданылуы тоқтатылады. Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Бұрын банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған, бірақ бұдан кейін банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысының белгілері жоқ тұлға осындай сәйкессіздік туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде оны растайтын құжаттарды ұсына отырып, бұрынғы уәкілетті орган берген келісімді қайтарып алу туралы өтініш беруге міндетті.
Тармақ 9
9. Бұрын банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған және бұдан кейін банктің ірі қатысушысы деген белгісі ғана бар тұлға осындай сәйкессіздік туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде мұндай өзгерісті растайтын құжаттарды ұсына отырып, бұрынғы уәкілетті орган берген келісімді қайтарып алу туралы өтініш беруге міндетті.
Тармақ 10
10. Банктің ірі қатысушысы немесе банктік холдинг отыз күндік мерзімде уәкілетті органға өзі тікелей немесе жанама иленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар банктің дауыс беруші акциялар үлесінің өзгергенін растайтын құжаттарды ұсына отырып хабарлауға міндетті. Сонымен бірге мұндай өзгерістерге уәкілетті органның келісімін алу қажет емес.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Банктердің ірі қатысушылары және банктік холдингтер өздеріне қойылған банк заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Тармақ 12
12. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін банктің ірі қатысушыларына және банктік холдингтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заң кесімдерінде көзделген ықпал етудің шектеулі шараларын, санкцияларды және мәжбүр ету шараларын қолдануы мүмкін.
Тармақ 13
13. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.
Басқа 1. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу туралы ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ережеге N 1 қосымша Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу туралы ӨТІНІШ
Тармақ 1
1. Өтініш беруші тұлға туралы мәліметтер: -  жеке тұлға         - Қазақстан Республикасының резиденті -  заңды тұлға        - Қазақстан Республикасының резидент емесі Өтініш беруші тұлға_________________________________________ (аты-жөні немесе толық атауы)
Тармақ 2
2. Өтініш беруші тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер немесе оны куәландыратын құжаттың деректері: ___________ ____________________________________________________________________ Тұрақты мекен-жайы немесе тұрған орны__________________________ ____________________________________________________________________ (почталық индексі, елі, қаласы, көшесі, байланыс телефоны)
Тармақ 3
3. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысының белгілері: Банктің толық атауы:___________________________________________ ____________________________________________________________________ банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға (10%-тен 24,99%-ке дейін)____ банктің ірі қатысушысы - жеке тұлға (10% және одан да көп) ______ банктік холдинг - заңды тұлға (25% және одан да көп) ______ банк акцияларын тікелей иемдену проценті ______ банк акцияларын жанама иемдену проценті ______ банк акцияларымен тікелей дауыс беру проценті ______ банк акцияларымен жанама дауыс беру проценті ______ банк қабылдайтын шешімге (шешімді анықтауға) басқаша ықпал ету мүмкіндігі ______ ____________________________________________________________________ Рет № Банктің ірі қатысушысы болып табылатын өтініш беруші тұлғамен N             немесе банктік холдингпен бірлескен тұлғалар ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Рет № Жарғылық капиталдарға қатысу арқылы банктің дауыс беруші N    акцияларын жанама иеленуді және акциялармен дауыс беруді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың толық атауы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Міндетті түрдегі мәліметтер (қоса беріледі):
Тармақша 1
1) банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу туралы өтініш берушінің жоғарғы органы шешімінің көшірмесі
Тармақша 2
2) банк акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер, оның ішінде сатып алу үшін пайдаланылатын көздердің және ақша сомаларының сипаттамасы (растау құжаттарымен қоса), өтініш беруші адамның  мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалар үшін: өтініш беруші тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша мәліметтер, оған қоса білімі, еңбегі мен қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғандығы туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер; аудиторлық ұйым куәландырған өткен қаржы жылдарының соңғы екі жылындағы қаржылық есеп, сондай-ақ банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру туралы шешім қабылдау алдындағы өткен соңғы екі тоқсандағы қаржылық есеп; банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға байланысты қаржылық болжам, оған қоса өтініш берушінің ие  болғаннан кейінгі болжамды есеп айрысу балансы, егер мұндайлар болса, өтініш берушінің банк активтерін сату, банкті басқа заңды тұлғалармен қосу немесе банктің қызметіне елеулі өзгерістер енгізу немесе басқару жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстары (оған қоса бизнес жоспары мен ұйымдық құрылымы); олардың ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші тұлғаның мәліметтері мен міндеттемелерінің дұрыстығы: Осы бойынша өтініш беруші тұлға өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс және толық екендігін растайды, сондай-ақ банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысыларына қатысты белгіленген Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын сақтауды міндетіне алады. _____________________ ______________________________ ___________ (Өтініш жасалған күн) өтініш жасаушы тұлғаның немесе (қолы, мөр) өтініш жасаушы тұлға басшысының аты-жөні
Басқа 2. ІРІ ҚАТЫСУШЫ МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРГЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ДЕРЕКТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ережеге N 2 қосымша ІРІ ҚАТЫСУШЫ МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРГЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ДЕРЕКТЕР
Тармақ 1
1. Аты-жөні ________________________________________________________
Тармақ 2
2. Азаматтығы_______________________________________________________
Тармақ 3
3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер______________________
Тармақ 4
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері)______________________
Тармақ 5
5. Еңбек қызметі туралы қысқаша тұжырымдама: ____________________________________________________________________ Жұмыс кезеңі              Жұмыс орны               Қызметі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Соттылығы туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________ Күні  Сот органының атауы  Соттың мекен-жайы  Құқық бұзу  Соттың түрі      шешім қабылдаған күні ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар ма:__ ____________________________________________________________________
Тармақ 7. ЖОҒАРЫДАҒЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ
7. Банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________ Күні    Жауапкершілікке тарту    Органның мекен-   Құқық бұзу Шешім туралы шешім              жайы             түрі      қабыл. қабылдаған орган                                      данған күн ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ЖОҒАРЫДАҒЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ Мен осы өтініштегі ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық екендігін растаймын және мен ұсынған өтініште бұрмалаушылықтар мен қателіктер табылған жағдайда мұның банктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу келісімін алудан бас тартуға негіз болатынын мойындаймын. Аты жөні_____________________________ (баспа әріптерімен) Күні  ____________________ Қолы ____________________
Басқа 3. БАНКТІҢ/БАНКТІК ХОЛДИНГТІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫ МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРГЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ БАСШЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР _________________________________________________ (банктің атауы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібі туралы ережеге N 3 қосымша БАНКТІҢ/БАНКТІК ХОЛДИНГТІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫ МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРГЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ БАСШЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР _________________________________________________ (банктің атауы)
Тармақ 1
1. Аты-жөні_________________________________________________________
Тармақ 2
2. Азаматтығы_______________________________________________________
Тармақ 3
3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер______________________
Тармақ 4
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері)______________________
Тармақ 5
5. Жұмысының мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс телефоны__________ ____________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Білімі (оған қоса біліктілігін жоғарылату курстары) ____________________________________________________________________ Оқуға түскен және аяқтаған     Оқу орнының атауы       Мамандығы жылы ____________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Еңбек қызметі туралы қысқаша тұжырымдама: ____________________________________________________________________ Жұмыс кезеңі            Жұмыс орны            Қызметі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 8
8. Соттылығы туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________ Күні  Сот органының атауы  Соттың мекен-жайы  Құқық бұзу   Соттың түрі       шешім қабылдаған күні ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар ма:__ ____________________________________________________________________
Тармақ 9. ЖОҒАРЫДАҒЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ
9. Банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________ Күні    Жауапкершілікке тарту     Органның    Құқық бұзу   Шешім туралы шешім қабылдаған   мекен-жайы      түрі    қабылданған орган                                          күн ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ЖОҒАРЫДАҒЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ Мен осы өтініштегі ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық екендігін растаймын. Аты жөні_____________________________ (баспа әріптерімен) Күні  ____________________ Қолы ____________________