Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих в доверительное управление Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары Осы Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) сенімгерлік басқару – сенімгер басқарушының сенімгерлік басқару шартында белгіленген өкілеттіктер шегінде өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін мемлекеттік қызметшінің мүддесі немесе ол көрсеткен басқа адамның (пайда алушының) мүддесі үшін өз атынан жүзеге асыратын басқару жөніндегі қызметі;
Тармақша 2
2) сенімгер басқарушы – тиісті шарттың негізінде мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің таңдауы бойынша кез келген адам.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк қызметшi заңнама талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенімгерлік басқарушыға берiлетiн құқықтылықтар көлемiн айқындайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк қызметшiнiң сенімгерлік басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру тәртiбi
2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру тәртiбi
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқару:
Тармақша 1
1) мәмiле;
Тармақша 2
2) әкiмшiлiк актiнiң негiзiнде туындайды (белгіленеді).
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк қызметшi лауазымға кiрiскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметтi атқару уақытында сенімгерлік басқаруға береді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметші мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзімде жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) береді.
Тармақ 7
7. Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқару шартын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етеді, ал сенімгерлік басқаруға беруге жататын мүлік шарт бұзылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен шарттың нотариат куәландырған көшірмесін жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) бере отырып, қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі.
Тармақ 8
8. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:
Тармақша 1
1) сенiмгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлдi деп жариялағанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенiмгер басқарушы таратылғанда;
Тармақша 2
2) сенiм бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру сенiмгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенiмгер басқарушы немесе мемлекеттік қызметші бас тартқанда;
Тармақша 3
3) сенiмгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда мемлекеттік қызметші шартты орындаудан бас тартқанда;
Тармақша 4
4) егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенiмгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.
Тармақ 9
9. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасалуы туралы кез келген кейiнгi ақпаратты мемлекеттік қызметші көрсетілген оқиғалар басталғаннан кейін он күн мерзімде жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынады. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қайтадан жасалған кезде оның нотариат куәландырған көшірмесі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) беріледі. ___________________
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 3, 38-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 321-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 283 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 149-құжат).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 508 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 460-құжат). __________________