Об утверждении Перечня специальностей для удовлетворения потребностей в кадрах с учетом кадрового планирования в органах прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында кадр
жоспарлауды ескере отырып,
кадрларға деген қажеттіліктерін
өтеуге арналған мамандықтар
тізбесін бекіту туралы
«Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 158
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін
өтеуге арналған мамандықтар
тізбесі
№
р/с
Мамандықтардың атаулары
1
Құқықтану
2
Халықаралық құқық
3
Құқық қорғау қызметі
4
Кеден ісі
5
Әлеуметтану
6
Саясаттану
7
Психология
8
Экономика
9
Менеджмент
10
Қаржы
11
Мемлекеттік және жергілікті басқару
12
Статистика
13
Әлемдік экономика
14
Еңбекті ұйымдастыру мен нормалау
15
Жұртшылықпен байланыс
16
Мұрағаттану, іс қағаздарын жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
17
Ақпараттық жүйелер
18
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
19
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
20
Дінтану
21
Шығыстану
22
Теология
23
Аударма ісі
24
Халықаралық қатынастар