Об утверждении Правил представления производителями (импортерами), имеющими собственную систему сбора, переработки и утилизации отходов, оператору расширенных обязательств производителей (импортеров) документов, подтверждающих сбор, переработку и (или) утилизацию отходов, образовавшихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров), и ее (их) упаковки Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 285-7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 бұйрығымен бекітілген Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер 1. Осы Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 285-7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды. 2. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) (бұдан әрі - өндірушілер (импорттаушылар)) – талаптары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайтын қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың өзіндік жүйесі бар жеке және заңды тұлғалар. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге түсініктер және анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібі
2. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібі
Тармақ 2
2. Өндірушілер (импорттаушылар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерін орындауды растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды қабылдау туралы мәлімет;
Тармақша 2
2) өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды одан әрі қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату үшін тасымалдау туралы мәлімет;
Тармақша 3
3) өнімдерді (тауарларды) пайдаланудан қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату туралы мәлімет;
Тармақша 4
4) өндіруші (импорттаушы) қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін өзгертуі туралы мәліметтер. Өндірушілер (импорттаушылар) жартыжылдықта бір рет есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына ұсынады.