Об утверждении Правил формирования кадрового резерва, требований к квалификации сотрудников, зачисляемых в кадровый резерв, и работы с ведомственным банком данных сотрудников, зачисленных в кадровый резерв органов внутренних дел Күшін жойған
Басқа 0
Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларын
бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мына:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 4) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 тамыздағы № 379-383 (26777) сандарында, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2011 жылғы № 31 санында жарияланған (тираждың шыққан күні 2011 жылғы 30 қараша);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығының 1-тармағының 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10365 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы
2 желтоқсандағы
№ 977 бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кадр резерві ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) кадр резервін қалыптастыру және ІІО-дағы бос басшы лауазымдарды сапалы жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Кадр резервіне қойылған қызметкерлер бос лауазым болған, біліктілік талаптарға сәйкес келген жағдайда олардың келісімі бойынша үш жылдың ішінде тиісті санаттағы лауазымға тағайындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Кадр резервін қалыптастыру
2-тарау. Кадр резервін қалыптастыру
Тармақ 3
3. Кадр резерві әрбір ІІО-да кейіннен бос жоғары тұрған басшы лауазымдарға жоспарлы негізде орналастыру үшін ауыстыруға жататын, әрбір лауазымға кемінде екі үміткер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Кадр резерві:
Тармақша 1
1) аттестаттау нәтижесі бойынша басшы лауазымдарға жоғарылатуға ұсынылған;
Тармақша 2
2) қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілетін танытқан қызметкерлерден ІІО бөліністерінің тікелей басшыларының ұсынымдары негізінде, бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішін есепке ала отырып, қалыптастырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар
3-тарау. Кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар
Тармақ 5
5. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу кезінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қантардағы Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес біліктілік талаптары сақталады, сондай-ақ мыналар:
Тармақша 1
1) қызметкердің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші;
Тармақша 2
2) болжанған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 3
3) тиісті басшылар санаттарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
Тармақша 4
4) денсаулық жағдайы;
Тармақша 5
5) кәсіптік қайта даярлау мен біліктілігін арттыру нәтижелері ескеріледі.
Тарау 4. 4–тарау. Кадр резервіне қою және кадр резервінен шығару
4–тарау. Кадр резервіне қою және кадр резервінен шығару
Тармақ 6
6. Адамдарды кадр резервіне қою осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімін оларды тізімге қосу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.
Тармақ 8
8. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы, осы Қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне қою туралы ұсынымы, қызметкердің қызметтік тізімі, қызметтік мінездеме мен өзіндік қауіпсіздік бөліністері берген беделіне кір келтіретін мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама кадр қызметіне жолданады.
Тармақ 9
9. Қызметкер өрескел тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған жағдайда ол кадр резервінен шығарылады.
Тармақ 10
10. Кадр резервінен шығару осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервінен шығарылған қызметкерлер тізімін жасау арқылы ресімделеді.
Тармақ 11
11. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервінен шығару туралы ұсынымы, қызметкердің қызметтік тізімі, қызметтік тергеу материалдары, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі кадр қызметіне жолданады.
Тарау 5. 5–тарау. Ішкі істер органдарының кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу
5–тарау. Ішкі істер органдарының кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу
Тармақ 12
12. Тиісті лауазымдар санаты бойынша кадр резервіне қойылған және шығарылған қызметкерлердің тізімдері ІІО уәкілетті басшысымен бекітіледі және ведомстволық деректер банкіне енгізіледі.
Тармақ 13
13. Ведомстволық деректер банкі кадр резервіне қойылған қызметкерлер туралы мәліметті қамтиды және автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде жұмыс істейді.
Тармақ 14
14. ІІО кадр қызметтері кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсете отырып, жүргізеді.
Тармақ 15
15. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, полиция департаменттері, білім беру ұйымдары (бұдан әрі - аумақтық ІІО), мемлекеттік мекемелерідің кадр қызметтері электрондық нұсқада кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерін қалыптастырады.
Тармақ 16
16. Ақпараттың толықтығы мен шынайылығы, кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерінің уақтылы жаңартылуы үшін жауапкершілік кадр қызметіне жүктеледі.
Тармақ 17
17. Автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі қызметкерлердің қызметтік тізімінде кадр резервіне қойылған күні туралы жазба лауазымдар санатын көрсете отырып, шығады.
Тармақ 18
18. Кадр резерві туралы ақпарат автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жинақталады.
Басқа 1. Кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімі
Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
-------------------------------------------
____________________________
(тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, қолы)
201__жылғы «___» _____________
Кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімі
р/с
№
Атағы; тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); атқарып отырған лауазымы; лауазымда қай уақыттан бері
Туған күні, білімі (қашан, нені бітірді), берілген атақта қай уақыттан бері
Лауазымның қандай санатына жоғарылатуға ұйғарылады (лауазымның санаты және атауы)
Лауазымға тағайындау туралы белгі
Қолы _______________________
(тізімді жасаған адамның лауазымы,
атағы, тегі, аты-жөні және қолы)
201__жылғы «___» _____________
Басқа 2
Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кадр резервіне қоюға
ҰСЫНЫМ
1.Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)_____________________
2.Туған күні, айы, жылы және жері ______________________________
3.Білімі, мамандығы, біліктілігі _______________________________
________________________________________________________________
4.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_________________________________
5.Лауазымы, тағайындау күні ____________________________________
________________________________________________________________
6.Бар атағы_____________________________________________________
7.Қызметкердің кәсіби, іскер және жеке қасиеттерін, сондай-ақ
қызметтік жұмысының санды өлшенетін көрсеткішін көрсете отырып,
қысқаша мінездемесі:____________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
8. _________________________________________________ лауазымына
кадр резервіне қабылдауға ұсынылады.
_______________________________
(лауазымы, басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
201__жылғы «___» _____________
Басқа 3. Кадр резервінен шығарылған қызметкерлердің тізімі
Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
-------------------------------------------
____________________________
(тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, қолы)
201__жылғы «___» _____________
Кадр резервінен шығарылған қызметкерлердің тізімі
р/с
№
Атағы; тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Кадр резервінде қандай лауазымда тұр
Кадр резервтен шығару себебі
Қолы _______________________
(тізімді жасаған адамның лауазымы,
атағы, тегі, аты-жөні және қолы)
201__жылғы «___» _____________
Басқа 4
Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Кадр резервінен шығаруға
ҰСЫНЫМ
1.Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)_________________________
2.Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
3.Білімі, мамандығы, біліктілігі ___________________________________
4.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_____________________________________
5.Лауазымы, тағайындау күні ________________________________________
____________________________________________________________________
6. Бар атағы _______________________________________________________
7. Кадр резервінен шығару себебінің қысқаша сипаттамасы
____________________________________________________________________
8. ________________________________________________лауазымына кадр
резервінен қоюға ұсынылады.
____________________________________________________________________
(лауазымы, басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
201__жылғы «___» _____________