Об областной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі облыстық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001 – 2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы» шығарылған және 2000 жылғы 16 мамырдағы «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000 - 2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 395 Жарлықтарын жариялау үшін, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресті оның тиімділігін арттыру облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі қосымша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Комиссия туралы қағида бекітілсін.
Тармақ 3. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі облыстық комиссия туралы қағида
3. Облыс әкіміне Комиссияның жеке құрамын облыстық мәселелерін бекітуіне жіберу ұсынылсын. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі облыстық комиссия туралы қағида
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі облыстық комиссия туралы мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен бірлестіктерді қолданылып жүрген заңнамада берілген өкілеттіліктерді шығара отырып, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі облыстарға мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссияның негізгі мақсаты облыс аумағында нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясын, Мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Комиссия өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасы қолданылып жүрген заңнамасына, Қазақстан Республикасы мемлекетінің 2000 жылғы 16 мамырдағы «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001 - 2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы» № 394 және 2000 жылғы 16 мамырдағы «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000 - 2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 395 Жарлықтарына (бұдан әрі – Стратегия мемлекеттік бағдарлама), облыс әкімінің 2000 жылғы 18 қыркүйекте «Нашақорлыққа және бизнесіне қарсы күрестің 2000 - 2001 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы» № 224, осы қағида мен басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерге жүзеге асырады. Комиссия облыс аумағында міндетті күші бар (қаралатын сипаты мен мазмұнына қарай) Комиссия хаттамасымен облыс әкімінің шешімімен, өкімімен немесе облыс әкімиятының қаулысымен рәсімделетін өз құзырындағы мәселелер туралы қорытынды жасайды, ұсыныстар әзірлейді. Комиссия қызметін материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Комиссия құрамына облыс әкімінің орынбасары болып шығатын төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия хатшысы мен тізімдеріне кіреді.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Комиссияны ұйымдастыру Комиссияны облыс әкімияты құрады.
2. Комиссияны ұйымдастыру Комиссияны облыс әкімияты құрады. Комиссияның жұмысы алқалы және жариялы түрде болуы. Комиссия Ережеде көрсетілген негізгі міндеттер мен функциялық мазмұнының және облыстық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасында қарастырылған іс-шаралардың тізбесінің негізіндегі өз жұмысын облыс мемлекеттік органдарының ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінің қызметтерімен жүргізіледі. Комиссия тоқсанына бір рет өзінің кезекті мәжілісін өткізеді. Облыс мәжілісі облыс әкімінің, комиссия төрағасының немесе комиссия мүшелерінің жартысынан астамының бастамалары бойынша шақырылады. Комиссия Төрағасы: - Комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның мүшелері мен мүдделі облыс мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктерінің лауазымды адамдары орындалатын шешімдер қабылдайды және нұсқаулар береді; - Комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша облыс мемлекеттік және басқа органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және әкімшіліктермен өзара қарым-қатынас жасайды; - Комиссия қызметінің мәселелері бойынша есеп береді; - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Комитетіне осы қағиданы және Стратегияны, Мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту жөніндегі ұсыныстар енгізеді; - Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінде, облыс әкімінің қаулыларына, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Комитетінің тапсырмаларында және басқада нормативтік кесімдерде қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Комиссия мүшелері: - Комиссияда олардың құзырына жататын мәселелерді қараған ұйымдарының берушілік дауыс құқығына ие бола алады; - Комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті; - Комиссия төрағасының рұқсатымен облыс органдарынан, ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінен, Мемлекеттік бағдарламаны, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі 2000-2001 арналған облыстық жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді құқылы; - Комиссия төрағаның тапсырмасы бойынша басшы, облыс мемлекеттік органдарының, ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінің кеңестері мен қатысуға құқылы; - Комиссия қабылданған шешіммен келіспейтін жағдайда өзінің пікірін білдіруге құқылы, ол пікір ауызша немесе жазбаша түрде әкімінің назарына жеткізілетін болады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Негізгі міндеттері мен функциялары
3. Негізгі міндеттері мен функциялары Комиссия: - Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес облыстық бағдарламаларын әзірлейді және оны соңынан мәслихатта бекіту үшін облыс әкіміне жібереді; - Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес облыстық бағдарламаларына тиісінше және уақытында орындалуына, сондай-ақ жалпы мемлекеттік Стратегия мен Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған органдардың облыс аумағында жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; - Облыс аумағында есірткі құралдары мен психотроптық заттарымыз таратылуына байланысты қылмыстың жай-күйіне, құрылымы мен деңгейіне талдау жасайды және есірткіге ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды азайтуға байланысты саясатты жетілдіру жөнінде жасайды; - Құралдары мен психотроптық заттарға байланысты қылмыстық құқық бұзушылық алдын алу жөнінде кешенді шаралар өткізу, ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қатысады; - Құқықтық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз дайындау, тарату және тұтынуды анықтау, алдын алуға бағытталған сауықтыру шараларын құруды ұйымдастырады және жергілікті жерлердегі денсаулық ұйымдарында есепке алынған есірткіге тәуелді адамдарды мәселесін шешуге көмектеседі; - Денсаулық сақтау, мәдениет ұйымымен, ғылым және білім беру мекемелерімен, мәдениет ұйымы жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктермен және тұрғындар, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында есірткіге психологияны қалыптастыру және жүзеге асыру мен салауатты өмір сүруді үгіттеу мақсатында адамгершілік қалыптастыруда өзара жұмыс жасасады.