Об изменении границ населенных пунктов некоторых сельских округов Иртышского района Қолданыста
Басқа 0
Ертіс ауданындағы кейбір селолық округтері елді мекендерінің шекарасын өзгерту туралы
Ертіс ауданының Мәслихат хатшысымен және әкімімен ұсынылған
материалдарды қарап, облыстық Мәслихат пен облыс әкімінің міндетін
атқарушы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының
әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының
2, 3 баптары
негізінде үнемі тұрғындардың аз санына, сондай-ақ ауылдардан барлық
тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты дербес әкімшілік-аумақтық бірлік
мәртебесінен айырылған Ертіс ауданының мына елді мекендері есеп
мәліметтерден алып тасталсын :
- Селеті селолық округінің аумағындағы Бұланбай селосы;
- Қызылқақ селолық округінің аумағындағы Жетіпшен селосы;
- Панфилов селолық округінің аумағындағы 143 мекен;
- Абай селолық округіндегі Степное селосы;
- Солтүстік селолық округінің аумағындағы Жарбұлақ селосы;
- Қызылжар селолық округінің аумағындағы Целинное селосы.
Тармақ 2
2. Тиісті селолық округтердің шекарасын өзгертіп, әкімшілік немесе
аумақтық байланысы бар елді мекендердің құрамына мына мекендер енгізілсін:
- Селеті селолық округінің құрамында болған Бұланбай елді мекені
Селеті селолық округіндегі Сладководск селосының әкімшілік-аумақтық
құрамына қосылсын;
- Қызылқақ селолық округінің құрамында болған Жетіпшен елді мекені
Қызылқақ селолық округіндегі Қызылқақ селосының әкімшілік-аумақтық
құрамына қосылсын;
- Панфилов селолық округінің құрамында болған 143 мекен Панфилов селолық округіндегі Панфилов селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
- Абай селолық округінің құрамында болған Степное елді мекені Абай селолық округіндегі Голубовка селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
- Солтүстік селолық округінің құрамында болған Жарбұлақ елді мекені Солтүстік селолық округіндегі Северное селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
- Қызылжар селолық округінің құрамында болған Целинное елді мекені Қызылжар селолық округіндегі Қызылжар селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын.
Тармақ 3
3. Дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесінен айырылған Ертіс ауданындағы:
- Қосағаш селолық округіндегі Роте-Фане, Тихоновка елді мекендері;
- Ағашорын селолық округіндегі № 1 бөлімше;
- Ұзынсу селолық округіндегі Алғабас, Молодежное, Соколиновка елді мекендері есеп мәліметтерден жойылсын.