О некоторых вопросах, связанных с поступлением на службу и замещением вакантных должностей в органах внутренних дел Күшін жойған
Басқа 0
Ішкі істер органдарына қызметке
тұруға және бос орындарға
орналасуға байланысты
кейбір мәселелер туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5 және 6-тармақтарына, 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) мен Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті (А. Садубаев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 990 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарына қызметке үміткерлердің
ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және
онымен жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлердің ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу тәртібін анықтайды.
Тарау 2. 2. Үміткерлердің ведомстволық дерекқорын жүргізу
2. Үміткерлердің ведомстволық дерекқорын жүргізу
Тармақ 2
2. Ведомстволық деректер банкі (бұдан әрі – Банк) кадрлардың сапалы құрамын, ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) лауазымдарына орналастыру қажеттілігін ескере отырып, қызметке түсу бөлігіндегі құқық қорғау қызметі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының орталық аппаратында және әрбір аумақтық бөлінісінде қалыптасады.
Тармақ 3
3. Банкке конкурстан өткен және одан әрі тиісті бос лауазымдарға орналастыру үшін қызметке қабылдауға ұсынылған ішкі істер органдарына қызметке кандидаттар туралы мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 4
4. Банк ІІО қызметке кандидаттардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін көрсете отырып, олар туралы мәліметтерді қамтиды
Тармақ 5
5. ІІО қызметке кандидаттардың тізімін ішкі істер органының басшысы осы Қағиадаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір бос лауазымға кемінде үш адам есебімен бекітеді.
Тізім бекітілгеннен кейін кадр қызметі электрондық форматта қызметке кандидаттардың тізімдерін олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін көрсете отырып, қалыптастырады.
Тармақ 6
6. Қызметке кандидаттар туралы мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын ішкі істер органдары кадр қызметінің басшысы қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Ведомстволық деректер банкіндегі ақпаратты кадр қызметі қызметке кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін жаңартып отырады.
Тармақ 8
8. Ведомстволық деректер банкі автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде, сондай-ақ қағаз тасымалдағыштарда құжаттамалық материалдарды жинақтау арқылы жұмыс істейді.
Тармақ 9
9. Бос лауазым болған кезде қызметке кандидаттар конкурстан өту сәтінен бастап бір жыл ішінде және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурстан өтпей тиісті санат бойынша ішкі істер органдарының басқа бөлінісіндегі лауазымға тағайындалады.
Тармақ 10
10. Бос лауазым болған кезде конкурс жариялағанға дейін кадр қызметі олармен әңгімелесу жүргізу үшін бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші анағұрлым жоғары қызметке кандидаттарды анықтайды.
Тармақ 11
11. Лауазымға тағайындау кезінде қызметке кандидаттар туралы мәліметтер автоматты түрде қызметкерлер санатына өтеді.
Тармақ 12
12. Банктегі мәліметтерді өңдеу кезінде ұйымдастырушылық шараларды және ақпаратты қорғау құралдарын қамтитын қорғау жүйелерінің көмегімен олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Дербес деректерді олармен алмасу ақпараттық жүйелерде өңдеу кезінде байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады, оларды қорғауды ұйымдастырушылық шараларды іске асыру арқылы және бағдарламалық әрі техникалық құралдарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Басқа 1.2
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына
қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін
қалыптастыру және онымен жұмыс істеу қағидаларына
қосымша
нысан
Бекітемін
_________________________________________________
(тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы, тегі,
аты-жөні, қолы)
20 ___ жылғы «___» _________
Ішкі істер органдарына қызметке кандидаттардың тізімі
р/с №
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні, білімі (қашан, нені бітірді)
Лауазымның қандай санатына ұсынылады
Лауазымға тағайындау туралы белгі
Қызметке кандидаттар қатарына қабылдау негіздемесі (комиссияның шешімі)
Қолы _____________________________________
(тізімді құрастырған адамның лауазымы,
атағы, тегі, аты-жөні және қолы )
20 ___ жылғы «___» _________
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 990 бұйрығына 2-қосымша
Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйе (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) – пайдаланушыларға бір немесе бірнеше бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметі туралы қажетті өзекті ақпаратты беретін, ақпараттық үрдістерді іске асыру үшін арналған Интернет желісінде орналасқан ресми электрондық ақпараттық ресурс.
Тарау 2. 2. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеге орналастыру тәртібі
2. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеге орналастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Министрліктің ақпараттық жүйесінде бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар орналастырылады, оларды тағайындау «Ведомствоның қызметі» бөлімінің «Кадр саясаты» кіші бөлімінде Министрдің, министрдің орынбасарларының және аумақтық бөліністер басшыларының құзыретіне кіреді.
Тармақ 4
4. Министрліктің ақпараттық жүйесіне бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды кадр қызметтері, ішкі істер органдарының аумақтың бөліністерінде кадр қызметінің ұсынымы бойынша мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымдар пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
Тармақ 5
5. Бос басшылық лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады.
Басқа 2.1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидаларына
қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Орталық аппараты
№
Бос лауазым
Бос орындар саны
Кандидаттарға қойылатын талаптар
Орталық аппараттың құрылымдық бөлінісінің атауы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
аумақтық бөліністері
№
Бос лауазым
Бос орындар саны
Кандидаттарға қойылатын талаптар
Аумақтық бөліністің құрылымдық бөлінісінің атауы