Об утверждении Правил допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения Қолданыста
Басқа 0
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________Е. Досаев
2015 жылғы 04 желтоқсан
Басқа 0. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды
ұшуға рұқсат беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1023 бұйрығымен
бекітілген
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды
ұшуға рұқсат беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыш пен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларға (бұдан әрі - пайдаланушы) ұшуға рұқсат беру тәртібін және «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) жалпы мақсаттағы авиация – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiндегі және жолаушыларды, багажды, жүкті және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау), авиациялық
жұмыстарды орындау және iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, дүлей зілзалалар болған жағдайда ақысы
төленбей және жалдаусыз көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ
оқу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту және әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын азаматтық авиация;
Тармақша 3
3) өтініш беруші – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде ұшуға рұқсат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;
Тармақша 5
5) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуға рұқсат беру және осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (уәкiлеттi орган) беретін құжат;
Тармақша 6
6) ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау – өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануы үшін қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат.
Тармақ 4
4. Ұшуға рұқсат беру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің, «электрондық үкіметтің» веб-порталына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуға рұқсат алу өтінімін беруі.
Өтінімге, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы қоса беріледі;
Тармақша 2
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға құжаттарын тексеру (бұдан әрі – уәкілетті ұйымға);
Тармақша 3
3) уәкілетті ұйымға өтініш берушіні тексеріп қарауды жүргізуі;
Тармақша 4
4) ұшуға рұқсат беру – ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру.
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сипаттау
2-тарау. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сипаттау
Тармақ 1. 1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру
1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру
Тармақ 5
5. Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Өтінім ұсынылған берілген мәліметтердін нақтылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Құжаттарды тексеру
2-параграф. Құжаттарды тексеру
Тармақ 7
7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызмет беруші тіркеуді жүзеге асырады және орындаушыны тағайындайды.
Өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызмет алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызмет беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы дәлелді жауап жолдайды.
Орындаушы ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге тексеру жүргізу туралы шешім жолдайды.
Тексеру жүргізу үшін шешім қабылданған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің 05.11.2025 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.
Тармақ 3. 3-параграф. Тексеру жүргізу
3-параграф. Тексеру жүргізу
Тармақ 9
9. Уәкілетті ұйым өтініш берушінің сертификатталған ұшу әуе кемелері техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті, дайындалған персоналы, құжаттамасы, жабдықтары болуын, сондай-ақ міндетті сақтандыру түрлерінің болуын тексеруді сегіз жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Тармақ 10
10. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыны зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – Акт) өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды және пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады. Зерттеп-қарау актісіне Комиссия мүшелері қол қояды, ол жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру үшін негіз болып табылады және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 11
11. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.
Тармақ 12
12. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлік мерзімсіз беріледі.
Тармақ 13
13. Пайдаланушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұшуларды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерін көшірмелері әуе кемесінің бортында болады.
Халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемесінің бортында уәкiлеттi ұйымға басшысы, не ол уәкілеттік берген адам қол қойған және мөрімен куәландырылған ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі болады.
Тармақ 14
14. Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (ұшқышы) және жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Ұшуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау
4-параграф. Ұшуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау
Тармақ 15
15. Актіні алғаннан кейін уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығына куәлік беруді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік қызмет берушіге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру, оны қайтадан бастау, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізу
3-тарау. Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру, оны қайтадан бастау, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізу
Тармақ 17
17. Уәкілетті ұйым ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:
Тармақша 1
1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) осы Қағидаларда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;
Тармақша 3
3) Заңның 16-3-бабының 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған;
Тармақша 4
4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.
Осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті тоқтата тұру туралы хабарламаны, бұзушылықтар анықталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, пайдаланушыға жазбаша түрде жібереді.
Тармақ 18
18. Пайдаланушы, хабарламаны алғаннан кейін, жеті жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі – жоспар) уәкілетті ұйымға жолдайды.
Тармақ 19
19. Уәкілетті ұйым пайдаланушының тексеру жүргізу арқылы белгіленген мерзімде жоспардың орындалуын бақылайды.
Жоспардың орындалуын тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым үш жұмыс күні ішінде:
жоспар орындалған жағдайда ұшуды орындау құқығына куәлік қолданылуын қайта бастайды;
жоспар орындалмаған жағдайда рұқсат беруден дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 20
20. Уәкілетті ұйым жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны қайта бастау не жіберуден бас тарту жөніндегі шешімді тексеру аяқталған сәттен бастап екі жұмыс күні мерзімінде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.
Тармақ 20-1
20-1. Уәкілетті ұйым ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті мынадай жағдайларда қайтарып алады:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау жолымен ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті алу, пайдаланушының сәйкестікті сақтау;
Тармақша 2
2) заңсыз әрекеттер жасау немесе ұшуды орындау құқығына куәлікті заңсыз пайдалану;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің ұшуына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайда.
Тармақша 5
5) пайдаланушының жазбаша өтініші.
Уәкілетті ұйым пайдаланушыны отыз жұмыс күні ішінде ұшуды орындау құқығына куәлікті қайтарып алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Тармақ 20-2
20-2. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер пайдаланушының өтініші бойынша енгізіледі.
Пайдаланушының атауы өзгерген, бірдей типтегі әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда пайдаланушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұшуларды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында келтірілген құжаттардың тізбесін қоса береді.
Тармақ 20-3
20-3. Уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізеді.
Тармақ 20-4
20-4. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгідегі әуе кемелерін меншігіне немесе экипажсыз жалға алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттардың тізбесін қарайды;
Тармақша 2
2) енгізілетін өзгерістерге қатысты пайдаланушыны тексеруді жүргізеді.
Нәтижелері бойынша ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 20-5
20-5. Мәлімделген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
Тармақша 2
2) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификаттың (куәліктің) пайдалану ерекшеліктеріне енгізілген.
Тармақ 20-6
20–6. Уәкілетті ұйым өтінім берілген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке қосудан бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беріледі.
Тармақ 20-7
20-7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 22
22. Өтініш берушінің шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
1) уәкілетті ұйымның - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
Тармақ 23
23. Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасалған лауазымды адам оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген;
2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы шағым берген өтініш берушіге жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1. Ұшуға рұқсат алу үшін
өтінім
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Уәкілетті ұйымға басшысына
Ұшуға рұқсат алу үшін
өтінім
_________________________________________________________ мақсатында
(жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ішкі (халықаралық)
______________________________________________________________
(әуе желілерінде ұшуды oрындауға рұқсат алу) (өтінiш берушінің толық аты-жөнi)
Тексеру жүргізуді өтінемін ұшуды бастаудың жоспарланған күні
______________________________________
өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат
беру қағидаларының талаптарына сай болуға және уәкілеттi ұйымға ұшудың
ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге
асыруға мүмкіндік беруге мiндеттенедi.
____________________________________________________________________
(басшының лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда), өтініш
берушінің (заңды тұлғаның) қолы)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің (жеке тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Басқа 2. «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру» (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жалпы мақсаттағы
авиацияны
пайдаланушылардың
ұшуларына рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
«Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру» (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру» (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1) пайдаланушының атауы өзгерген, әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ бірдей типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда, куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу;
2) басқа типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда ұшуларды орындау құқығына куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу.
1
Қызметті көрсетушінің атауы
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
Барлық кіші түрлері бойынша:
«Электрондық үкіметтің» порталы
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Ұшуларды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) (бұдан әрі – куәлік) беру - 60 (алпыс) жұмыс күні.
Пайдаланушының атауы өзгерген, әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ бірдей типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда ұшуларды орындау құқығына куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Басқа типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда
ұшуларды орындау құқығына куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу – 30 (жиырма) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы: электрондық (толық автоматтандырылған)
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Жұмыс кестесі
1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-ден 17:30-ға дейін
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін
көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1. Ұшуларды орындау құқығына куәлік алу үшін (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы):
1) мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім:
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
4) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
5) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
6) пайдалану ерекшеліктерінің жобасының электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттарының (келісімшарттың) электрондық көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі болған жағдайда).
8) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу куәліктерінің, азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға рұқсаттардың (лицензиялардың), әуе кемелерінің шуы туралы куәліктердің көшірмелері.
Жеке тұлға құжаттарды портал арқылы берген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынылады.
2. Атаулар өзгерген кезде пайдаланушы атауының өзгергенін растайтын құжаттар ұсынылады.
3. Пайдаланушы әуе кемесiн меншік құқығына алып, ұшуды орындау құқығына арналған куәлiкке қосу кезiнде:
1) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа;
2) пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттейтін нұсқаулыққа;
3) техникалық қызмет көрсету бағдарламасына;
4) минималды жабдық тізбесіне (MEL);
4. Ұшуларды орындау құқығына куәлікке экипажсыз жалға алынған әуе кемесін енгізген кезде өтініш беруші осы тізбенің 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) әуе кемесінің түрі, үлгісі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;
2) әуе кемесі иесінің тегі (аты) мен мекенжайы;
3) тіркеу мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;
4) әуе кемесін пайдалану бақылауына, ұшуға жарамдылығына техникалық қызмет көрсетуге және ұстауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алудың қолданылу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді көрсетілетін уәкілетті ұйымның тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі (қажет болған жағдайда) арқылы алады.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы өтініш берушінің «жеке кабинетіне» берген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңға сәйкес келмеуі;
3) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификатының (куәлігінің) пайдалану ерекшеліктеріне енгізілген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы www.caa.gov.kz.
Өтініш берушінің ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 3. Ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау
Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау 1992 жылғы 2 шілдеде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаға талаптарына сәйкес өтініш берушімен әзірленеді.
Тармақ 1
1. Нұсқаудың мазмұны:
Тармақша 1
1) Мазмұны;
Тармақша 2
2) егер әрбір түзету кезінде барлық құжат қайта шығарылмаса және құжатта күшіне енген күні көрсетілмесе, түзетулерді есепке алу беті және қолданысты беттердің тізбесі;
Тармақша 3
3) басшылық және пайдаланушы персоналдың қызметтік міндеттері, жауапкершілігі және қызмет бабындағы сыйластығы;
Тармақша 4
4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификатталған 5700 кг. жоғары ұшу салмағы бар әуе кемелері);
Тармақша 5
5) ұшуға басшылық ету жүйесі;
Тармақша 6
6) MEL қатысты қағидалар (қолданатын кезде);
Тармақша 7
7) қалыпты жағдайда ұшуды жүргізу;
Тармақша 8
8) стандартты пайдалану рәсімдері (SOP);
Тармақша 9
9) метеорологиялық шектеу;
Тармақша 10
10) ұшу және жұмыс уақытының шектелуі;
Тармақша 11
11) ұшудағы төтенше жағдайлар;
Тармақша 12
12) авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды талдау;
Тармақша 13
13) персоналдың біліктілігі және даярлығы;
Тармақша 14
14) есепке алу құжаттамасын жүргізу;
Тармақша 15
15) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесін сипаттау;
Тармақша 16
16) ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануды шектеу;
Тармақша 17
17) ұшу және тілдесу деректерін тіркеушінің жазбаларын пайдалану/сақтау;
Тармақша 18
18) авариялық жағдай туындаған жағдайда қолданылуы тиіс іс-әрекеттерді қоса алғанда, қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық;
Тармақша 19
19) автоматтық қону жүйесімен коллиматорлық (HUD) немесе балама индикаторлармен техникалық көру жүйелерімен (EVS, SVS немесе CVS) жабдықталған, әуе кемелерін ұшуды дайындау үшін кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктерін пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;
Тармақша 20
20) электронды ұшу құжаттамасын (EFB) пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;
Тармақша 21
21) RVSM, MNPS, RNAV немесе RNP бар әуе кеңістігіндегі ұшулардың орындалуы.
Басқа 4. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі
пайдаланушының нұсқауы
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі
пайдаланушының нұсқауы
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрі – Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер:
Тармақша 1
1) жауапты басшы қол қойған ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаудың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
Тармақша 2
2) лауазымды тұлғалардың бағыныштылығы иерархиясы көрсетілген ұйымдық құрылымы;
Тармақша 3
3) жұмыс (кеңсе) үй-жайлардың жалпы сипаттамасы;
Тармақша 4
4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша қызмет саласы;
Тармақша 5
5) жауапты басшының, ұйымның белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігіне қатысты жауапты персоналдың аты-жөні мен қызметі көрсетілген басқарушы персонал, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал бойынша мәліметтер;
Тармақша 6
6) пайдаланушы қызметінің түрінде, мекенжайында, оның персоналының құрамында болған өзгерістер туралы құзыретті органды хабардар ету рәсімі;
Тармақша 7
7) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімі.
Тармақ 2
2. 1-бөлік. Ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі рәсімдер:
Тармақша 1
1) техникалық бортжурналды пайдалану және рұқсат етілетін ақаулықтар (MEL) тізбесінін қосымшасы;
Тармақша 2
2) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы – өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, енгізу және бекіту;
Тармақша 3
3) пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау бойынша есеп мәліметтерін және техникалық құжаттарын жүргізу және мұрағатта сақтау;
Тармақша 4
4) ұшу жарамдылығы бойынша директиваларды қолдану және бақылау;
Тармақша 5
5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін талдау, міндетті емес пысықтуды (түрлендіруді) орындау саласындағы рәсімдер (саясат);
Тармақша 6
6) маңызды түрлендіруді жүзеге асырудың стандарттары;
Тармақша 7
7) анықталған ақаулар мен жарамсыздықтар туралы жеткізу;
Тармақша 8
8) технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
Тармақша 9
9) сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы;
Тармақша 10
10) ұшуға дайындық;
Тармақша 11
11) әуе кемелерінің салмағын өлшеу;
Тармақша 12
12) бақылау мақсатындағы ұшулар.
Тармақ 3
3. 2-бөлік. Сапа жүйесі:
Тармақша 1
1) сапа саясаты, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі аудиттің жоспары мен рәсімдері;
Тармақша 2
2) ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызмет түрлерінің мониторингі;
Тармақша 3
3) техникалық қызмет көрсету бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар арқылы жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;
Тармақша 4
4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін мониторингілеу;
Тармақша 5
5) техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;
Тармақша 6
6) сапа жүйесі шеңберінде аудитті орындайтын персонал.
Тармақ 4
4. 3-бөлік. Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету:
Тармақша 1
1) техникалық қызмет көрсетуге мердігерді таңдау рәсімдері;
Тармақша 2
2) сапа жүйесі шеңберіндегі әуе кемелерінің аудиті.
Тармақ 5
5. 4-бөлік. Қосымшалар:
Тармақша 1
1) құжаттардың үлгілері;
Тармақша 2
2) қосалқы мердігерлердің тізімі;
Тармақша 3
3) техникалық қызмет көрсету шарттары жасалған, бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың тізбесі.
Басқа 5. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны тексеру актісі
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны тексеру актісі
___________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымға атауы)
20 __ жылғы « »___________ № ________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссиямен:
Төраға: _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері:____________________________ ________________
(Т.А.Ә.)
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ______________________
_____________________________________________ тексеріп қарау жүргізілді
(әуе кемесін пайдаланушының атауы)
Қорытындының мәтіні
Төраға: _______________________________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы )
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ______________ _____
(Т.А.Ә..) (қолы)
Басқа 6. Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлік
және пайдалану ерекшеліктері
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлік
және пайдалану ерекшеліктері
________________________________________________________________________
Уәкілетті ұйымның атауы
Ұшуды орындау құқығына арналған
КУӘЛІК
(жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)
№ KAZ – 03/001
Пайдаланушының атауы
Пайдаланушының мекенжайы:
телефоны:
Факсы:
E-mail:
Пайдаланудағы жедел байланыс
Байланыс ақпараты:
Осы куәлік жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға_____________
(пайдаланушының атауы)
қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, Жалпы
мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына және
Ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға сәйкес ұшуды орындауға рұқсат беруін
куәландырады.
Инспекциялық бақылауды _____________________________ жүзеге асырады.
(уәкілетті ұйымның атауы)
______________________ ______________________________ ______
Уәкілетті ұйымға басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда). (қолы)
немесе ол уәкілеттік берген тұлға (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
Мордін орны (бұдан әрі – МО)
Берілген күні: 20_жылғы «___»________
Уәкілетті ұйымның атауы
____________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №____ куәлік)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
А бөлігі – Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы пайдалану ерекшеліктері Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларына сәйкес және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасыны Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификациаланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес беріледі.
Тармақ 2
2. Пайдаланушы ұшуды орындауға даярланған.
Тармақ 3. Уәкілетті ұйымның атауы
_________________________________________________________
3. Пайдаланушыға ішкі (халықаралық) әуе желілеріндегі жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау үшін мынадай дайындаушылар мен модельдердегі әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етiледi:
Дайындаушы
Моделі
Ең жоғарғы жүк көтергіштігі мен жолаушылар сыйымдылығы
1
2
3
1-бағанда әуе кемені дайындаушы зауыт көрсетіледі;
2-бағанда әуе кемесiнiң түрі және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi көрсетіледі;
3-бағанда тонналық немесе килограммалық көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледі.
___________________________________ _________ __________
Уәкілетті ұйымға басшысы (Т.А.Ә.) (қолы)
немесе ол уәкілеттік берген тұлға
М О
Берілген күні: 20_жылғы «___»________
Уәкілетті ұйымның атауы
_________________________________________________________
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
В бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер
Беретін уәкілетті ұйым туралы байланыс ақпараты
Tелефон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________
Куәлік №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________________ Күні: __________
Коммерциялық атауы (бар болса) Қолы:_________
_________________________________ М О
Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі:
Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:
☐Тұрақты емес; ☐Жолаушылар; ☐Жүктер; ☐Өзгелер ________________
Ұшу ауданы(-дары):
Арнайы шектеулер:
Арнайы рұқсаттар:
Иә
Жоқ
Арнайы бекітулер
Ескертулер
Қауіпті жүктер
☐
☐
Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады
Көрінуі шектеулі жағдайларда ұшу:
қонуға бет алу және қону;
ұшып көтерілу;
кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер
☐
☐
☐
☐
☐
☐
САТ RVR: м.; DH м .(фут);
RVR:______ м
RVSM
☐Қолданылмайды
☐
☐
EDTO
☐Қолданылмайды
☐
☐
☐
☐
Шекті уақыт: _______ мин.
Қосалқы әуеайлаққа дейінгі ұшудың ең ұзақ уақыты: _______ мин.
PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер
☐
☐
☐
☐
☐
☐
☐
☐
☐
☐
☐
☐
Ұшу жарамдылығын сақтау
EFB
☐
☐
Өзгелер
☐
☐
Уәкілетті ұйымның атауы
_____________________________________________________________________
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
Берілетін уәкілетті ұйымға туралы байланыс ақпараты
Tелефон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________
Куәлік №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________________ Күні: __________
Коммерциялық атауы (бар болса) Қолы:_________
_________________________________ М О
Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі:
Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:
☐Тұрақты емес; ☐Жолаушылар; ☐Жүктер; ☐Өзгелер ________________
Ұшу ауданы(-дары):
Арнайы шектеулер:
Арнайы рұқсаттар:
Иә
Жоқ
Арнайы бекітулер
Ескертулер
Қауіпті жүктер
☐
☐
Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады
Көрінуі шектеулі жағдайларда ұшу:
қонуға бет алу және қону;
ұшып көтерілу;
кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер
☐
☐
☐
☐
☐
☐
САТ RVR: м.; DH: м. (фут);
Б бұлт.:___ м. (фут); Көр.: м.;
PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер
☐
☐
___ кластағы ҰТС бар тікұшақтармен АҰҚ бойынша ұшулар
☐
☐
Сыртқы ілмектегі жүкпен ұшу
☐
☐
Ұшу жарамдылығын сақтау
EFB
☐
☐
Өзгелер
☐
☐
Басқа 7. Ұшуды орындау құқығына куәлікке
өзгерістер енгізуге арналған өтініш
Жалпы мақсаттағы
авиацияны пайдаланушылардың
ұшуларына рұқсат беру
қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Уәкілетті ұйым
Ұшуды орындау құқығына куәлікке
өзгерістер енгізуге арналған өтініш
Ұшуды (жалпы авиация) орындау құқығына арналған куәлектердің пайдалану сипаттамаларына өзгерістер енгізуді сұраймын
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық аты-жөні)
Негіздер:_______________________________________________________
(әуе кемесінің бір түрін сатып алу, басқа ұшақ түрін сатып алу, басқа)
Ұшудың жоспарланған басталу күні:______________________________
(өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жоспарланған күн көрсетіледі жаңа пайдалану жағдайларында ұшуларды бастау).
Басшы ______________________________________
(лауазымы/қолы/күні)