О проведении ремонтных работ на автомобильных дорогах республиканского значения Павлодарской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Жалпы пайдаланудағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Павлодар облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, соның ішінде "Қалқаман - Майқайың - Баянауыл - облыс шекарасы" автомобиль жолында жөндеу жүргізуге 109 (бір жүз тоғыз) миллион теңге бөлінсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.