О продолжительности ежегодных оплачиваемых отпусков отдельным категориям гражданского персонала воинских частей, учреждений, предприятий и организаций Министерства обороны Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындарының және ұйымдарының мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлері кейбір санаттарының жыл сайынғы ақылы демалыстарының ұзақтығы туралы Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2006.11.30 N 451 Бұйрығымен. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағына және 60-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі басшылық құрамның, мамандардың және техникалық қызметкерлердің әскерлердің тұрақты жауынгерлік дайындығын, жауынгерлік кезекшілікті, әскери оқуларды және басқа міндеттерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындарының және ұйымдарының мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлерінің әскерлердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді және Қорғаныс министрлігі үшін ерекше басқа да жұмыстарды орындағаны үшін жыл сайынғы ақылы демалыс берілетін лауазымдары тізбесі" бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тізбеде көрсетілген лауазымдар бойынша жыл сайынғы ақылы демалыс орындалатын жұмыстың ауқымына, күрделілігіне және интенсивтілігіне қарай 30 күнтізбелік күннен артық емес ұзақтықпен берілсін.
Тармақ 3
3. Қарулы Күштер түрлерінің қолбасшылары, әскери округтер әскерлерінің қолбасшылары, құрамалар мен әскери бөлімдердің, әскери оқу орындарының, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың командирлері (бастықтары) аталған демалыстарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұжымдық шарттарда (жеке еңбек шартында міндетті көрсетілуімен) қарастырсын.
Тармақ 4
4. Салалық тарифтік келісім жасасу жөніндегі тұрақты комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 139а бұйрығымен жарияланған Салалық тарифтік келісімнің 26-тармағына лауазымдары Тізілімде көрсетілген қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы демалысының ұзақтығы туралы қосымша енгізсін (тараптардың келісімі бойынша).
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 6
6. "Тізімді (Тізбені) пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы зиянды және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істеу қосымша демалыс пен қысқартылған жұмыс күніне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен қызметтердің Тізімінен (Тізбесінен) көшірмені жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 330 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Бұйрық жеке әскери бөлімге дейін жеткізілсін. "Келісілді" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі "___"_______ 2001
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындарының және ұйымдарының мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлерінің әскерлердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді және Қорғаныс министрлігі үшін ерекше басқа да жұмыстарды орындағаны үшін жыл сайынғы ақылы демалыс берілетін лауазымдары тізбесі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 11 маусымдағы 2001 жылғы № 155 бұйрығымен бекітілді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындарының және ұйымдарының мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлерінің әскерлердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді және Қорғаныс министрлігі үшін ерекше басқа да жұмыстарды орындағаны үшін жыл сайынғы ақылы демалыс берілетін лауазымдары тізбесі
Тармақ 1
1. Агроном
Тармақ 2
2. Әкімшілік
Тармақ 3
3. Бас мұрағатшы, егер штатта бас мұрағатшының қызметі қарастырылмаған болса, мұрағатшы
Тармақ 4
4. Сәулетші
Тармақ 5
5. Аккомпониатор
Тармақ 6
6. Барлық жанрдағы артистер
Тармақ 7
7. Кітапханашы
Тармақ 8
8. Бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары мен көмекшісі
Тармақ 9
9. Мал дәрігері
Тармақ 10
10. Жеңіл автомобиль жүргізушісі (таксиден басқа); дала жағдайларында геологобарлау, топографогеодезиялық және іздестіру жұмыстарында бос емес экспедиция және іздестіру партиясы автомобилінің жүргізушісі
Тармақ 11
11. Тәрбиеші (жатақханаларда)
Тармақ 12
12. Дәрігер-статист
Тармақ 13
13. Бас дәрігер, дәрігер
Тармақ 14
14. Бас режиссер, режиссер
Тармақ 15
15. Бас хормейстер, хормейстер
Тармақ 16
16. Бас балетмейстер, балетмейстер
Тармақ 17
17. Бас көркемдік жетекші, көркемдік жетекші
Тармақ 18
18. Геодезист
Тармақ 19
19. Геофизик
Тармақ 20
20. Гидроакустик
Тармақ 21
21. Гидрометбақылаушы
Тармақ 22
22. Әскери-медициналық мекеменің бас медбикесі
Тармақ 23
23. Бас маман (бас терапевт, бас хирург, бас энергетик және тағы басқалар)
Тармақ 24
24. Құпия іс жүргізуші, іс жүргізуші, (іс жүргізуші-машинист), егер бұл қызмет әскери бөлім штатында біреу болса (мекемелер, әскери-оқу орындары, кәсіпорындар, ұйымдар)
Тармақ 25
25. Директор, директордың орынбасары мен көмекшісі
Тармақ 26
26. Диспетчер
Тармақ 27
27. Қорықшы
Тармақ 28
28. Меңгеруші (басшы, бастық); меңгерушінің (басшының, бастықтың) орынбасары, аға көмекшісі, көмекшісі Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 283 бұйрығымен .
Тармақ 29
29. Әкімшілік функцияларын атқаратын, тапсырыстардың сапалы және уақытылы орындалуын бақылайтын және гарнизондарда әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне қызмет көрсету үшін жолға шығатын киім пішуші
Тармақ 30
30. Зоотехник
Тармақ 31
31. Кітапхана меңгерушісі
Тармақ 32
32. Дыбыс операторы
Тармақ 33
33. Инженер, бас инженердің орынбасары және көмекшісі
Тармақ 34
34. Инспектор
Тармақ 35
35. Нұсқаушы
Тармақ 36
36. Концертмейстер
Тармақ 37
37. Мәдени жұмыстар ұйымдастырушы
Тармақ 38
38. Бас кассир, егер ол әскери бөлімде (мекемеде, әскери оқу орнында, кәсіпорында, ұйымда) жалғыз болса, кассир
Тармақ 39
39. Киномеханик, кинорадиомеханик
Тармақ 40
40. Кинооператор; кинооператордың ассистенті, дыбыс операторы
Тармақ 41
41. Кинорежиссер; кинорежиссердің ассистенті және көмекшісі
Тармақ 42
42. Қойманың (сақтау орнының) жұмысын басқаратын қоймашы, егер штатта қойма (сақтау орнының) меңгерушісі лауазымы қарастырылмаса
Тармақ 43
43. Кодтаушы, шифрлеуші
Тармақ 44
44. Комендант, коменданттың орынбасары және көмекшісі
Тармақ 45
45. Корректор, еңбекақы төлеу бойынша лауазымы қызметшілер санатына жатқызылған
Тармақ 46
46. Тілші, фототілші
Тармақ 47
47. Шебер, еңбекақы төлеу бойынша лауазымы инженерлік-техникалық қызметкерлер санатына жатқызылған
Тармақ 48
48. Машинобасу бюросының меңгерушісі лауазымы болмаған жағдайда машинистка
Тармақ 49
49. Механик, еңбекақы төлеу бойынша лауазымы инженерлік-техникалық қызметкерлер санатына жатқызылған; бас механиктің орынбасары
Тармақ 50
50. Әдіскер
Тармақ 51
51. Клуб бастығы (меңгерушісі)
Тармақ 52
52. Ғылыми қызметкер
Тармақ 53
53. Бастық (командир); бастықтың (командирдің) орынбасары және көмекшісі
Тармақ 54
54. Нормалаушы
Тармақ 55
55. Шолушы
Тармақ 56
56. Ұшулар бойынша жедел кезекші
Тармақ 57
57. Оператор
Тармақ 58
58. Аңшы
Тармақ 59
59. Аудармашы
Тармақ 60
60. Планшетші
Тармақ 61
61. Алтын қабылдаушы, егер штатта қойма бастығының лауазымы қарастырылмаса
Тармақ 62
62. Жұмыс жүргізуші
Тармақ 63
63. Үйірме жетекшісі
Тармақ 64
64. Радиооператор, вахтада болмайтын
Тармақ 65
65. Ревизор
Тармақ 66
66. Редактор; редактордың орынбасары және көмекшісі
Тармақ 67
67. Референт
Тармақ 68
68. Хатшы; редакция жауапты хатшысының орынбасары және көмекшісі
Тармақ 69
69. Ғимараттардың қараушысы
Тармақ 70
70. Мерзімді басылымдарды сұрыптаушы; пошта жөнелтілімдерін сұрыптаушы
Тармақ 71
71. Әскерилендірілген күзет отрядының (жекелеген команданың) старшинасы
Тармақ 72
72. Медициналық санақшысы
Тармақ 73
73. Бас бухгалтердің немесе бухгалтердің лауазымы болмаған жағдайда бас есепші; бухгалтердің немесе бас есепшінің лауазымы болмаған жағдайда дербес жұмыс учаскесін жүргізетін есепші
Тармақ 74
74. Бағалаушы (баспаханаларда)
Тармақ 75
75. Техник
Тармақ 76
76. Технолог, бас технологтың орынбасары және көмекшісі
Тармақ 77
77. Топограф
Тармақ 78
78. Басқарушы; басқарушының орынбасары және көмекшісі
Тармақ 79
79. Фельдъегер, арнайы тапсырмалар бойынша фельдъегер
Тармақ 80
80. Фотозертханашы (сот-медициналық зертханаларында)
Тармақ 81
81. Фондқорғаушы
Тармақ 82
82. Суретші
Тармақ 83
83. Эвакуаторшы (демалыс органдарында)
Тармақ 84
84. Экономист
Тармақ 85
85. Арнайы байланыс бойынша экспедитор
Тармақ 86
86. Жүк тасымалдау бойынша экспедитор
Тармақ 87
87. Сарапшы
Тармақ 88
88. Заң кеңесшісі Ескерту: Демалыстың ұзақтығы жеке еңбек шартын жасасу барысында қарастырылады.