Об определении поставщиков печатной продукции, требующей специальной степени защиты, а также утверждении перечня такой продукции, приобретаемой у них, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін беруші болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған кәсіпорыннан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесі
Тармақ 1
1. Ассистентура-тағылымдаманы аяқтағаны туралы куәлік
Тармақ 2
2. Астық қолхаттарының бланкілері
Тармақ 3
3. Аңшы куәлігі
Тармақ 4
4. Ағаш кесу билеті
Тармақ 5
5. Әскери билеттер
Тармақ 6
6. Әскери тасымалдау құжаттары - 1-нысанды талап, 2-нысанды талап-жүкқұжат, 3-нысанды талап, багаж талоны
Тармақ 7
7. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама
Тармақ 8
8. Бағалы қағаздардың бланкілері
Тармақ 9
9. Вексельдердің бланкілері
Тармақ 10
10. Визалық жапсырмалар
Тармақ 11
11. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом
Тармақ 12
12. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом
Тармақ 13
13. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом (қайта аттестаттау)
Тармақ 14
14. Қауымдастырылған профессор (доцент) аттестаты
Тармақ 15
15. Магистр дәрежесі берілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом
Тармақ 16
16. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом
Тармақ 17
17. Дипломға үш тілдегі қосымшалардың (транскрипт) мемлекеттік үлгідегі бланкілері
Тармақ 18
18. Жануарлар әлемін пайдалануға арналған рұқсаттардың бланкілері
Тармақ 19
19. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік
Тармақ 20
20. Кешенді тестілеу сертификаты
Тармақ 21
21. Кәсіптік дайындығы туралы куәлік
Тармақ 22
22. Бастапқы кәсіптік білім туралы диплом
Тармақ 23
23. Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом
Тармақ 24
24. Техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға екі тілдегі қосымшалардың бланкілері
Тармақ 25
25. Орта білімнен кейінгі білім туралы диплом
Тармақ 26
26. Орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом
Тармақ 27
27. Орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға екі тілдегі қосымшалардың бланкілері
Тармақ 28
28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (маман)
Тармақ 29
29. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом (маман)
Тармақ 30
30. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (жай)
Тармақ 31
31. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом
Тармақ 32
32. Резидентураны аяқтағаны туралы куәлік
Тармақ 33
33. Клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәлік
Тармақ 34
34. Куәлік (шетелдік дипломның қазақстандық дипломға баламалылығы туралы)
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәлік
Тармақ 36
36. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы рұқсаттарының бланкілері
Тармақ 37
37. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін хабарламалардың бланкілері
Тармақ 38
38. Мемлекеттік аралық бақылау сертификаты
Тармақ 39
39. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификат
Тармақ 40
40. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
Тармақ 41
41. Негізгі орта білім туралы куәлік
Тармақ 42
42. Негізгі орта білім туралы үздік куәлік
Тармақ 43
43. Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшалардың бланкілері
Тармақ 44
44. Жалпы орта білім туралы аттестат
Тармақ 45
45. Жалпы орта білім туралы үздік аттестат
Тармақ 46
46. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты
Тармақ 47
47. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың бланкілері
Тармақ 48
48. Офицерлердің жеке куәлігі
Тармақ 49
49. Орман билеті
Тармақ 50
50. Профессордың аттестаты
Тармақ 51
51. Біліктілік беру туралы сертификат
Тармақ 52
52. Теміржол көлігінде жүк тасымалдауды есепке алуға арналған қатаң есепке алу бланкілері
Тармақ 53
53. Табиғатты пайдалануға арналған рұқсаттардың бланкілері
Тармақ 54
54. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың бланкілері
Тармақ 55
55. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензияларға қосымшалардың бланкілері
Тармақ 56
56. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты
Тармақ 57
57. Чек кітапшалары
Тармақ 58
58. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері
Тармақ 59
59. Ішкі нарықта балықтың бекіре түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған маркалар
Тармақ 60
60. Акциялар шығарылымын жою туралы куәліктердің бланкілері
Тармақ 61
61. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарламалардың бланкілері
Тармақ 62
62. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілері
Тармақ 63
63. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының бланкісі
Тармақ 64
64. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің бланкісі
Тармақ 65
65. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының бланкісі
Тармақ 66
66. Уақытша жеке куәлік
Тармақ 67
67. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік
Тармақ 68
68. Бала асырап алу туралы куәлік
Тармақ 69
69. Әкелікті анықтау туралы куәлік
Тармақ 70
70. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік
Тармақ 71
71. Туу туралы куәлік
Тармақ 72
72. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру туралы куәлік
Тармақ 73
73. Қайтыс болуы туралы куәлік
Тармақ 74
74. Бірыңғай ұлттық тестілеудің бланк құжаттамасы
Тармақ 75
75. Мүгедектігі туралы анықтама
Тармақ 76
76. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
Тармақ 77
77. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат
Тармақ 78
78. Мақта қолхаттарының бланкілері
Тармақ 79
79. Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияға рұқсат
Тармақ 80
80. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты
Тармақ 81
81. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты
Тармақ 82
82. Қалалық қатынаста жол жүру үшін жолаушылар ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттері
Тармақ 83
83. Қандас куәлігі
Тармақ 84
84. Білім беру грантына арналған куәлік
Тармақ 85
85. Жол жүруге арналған рұқсат (Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуі үшін)
Тармақ 86
86. Шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдарды орындауына арналған рұқсат
Тармақ 87
87. «А» түріндегі рұқсат (Қытай Халық Республикасының аумағына кіретін автомобильдер үшін)
Тармақ 88
88. «В» түріндегі рұқсат (автобустардың Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
Тармақ 89
89. «С» түріндегі рұқсат (жүк автокөлігінің Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
Тармақ 90
90. Импорттық карантин рұқсаты
Тармақ 91
91. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде отандық және шетелдік автокөлік құралдарының бақылаудан өту талондары
Тармақ 92
92. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсаттар
Тармақ 93
93. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсатқа бақылау талоны
Тармақ 94
94. Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты
Тармақ 95
95. Фитосанитариялық сертификат
Тармақ 96
96. Карантин сертификаты
Тармақ 97
97. № 1, 2, 3 нысандардағы ветеринариялық сертификаттар
Тармақ 98
98. Халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі
Тармақ 99
99. Автокөлік құралдарына жіберу карточкасы
Тармақ 100
100. Машиналар (құрастырылған арнайы жабдықтармен бірге тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер және механизмдер, олардың тіркемелері, өтімділігі жоғары арнайы машиналар) кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Тармақ 101
101. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік
Тармақ 102
102. Кемеге меншік құқығы туралы куәлік
Тармақ 103
103. Бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
Тармақ 104
104. Кеме билеті
Тармақ 105
105. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік
Тармақ 106
106. Кеме куәлігі
Тармақ 107
107. Шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
Тармақ 108
108. Жасалып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Тармақ 109
109. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Тармақ 110
110. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Тармақ 111
111. Кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға АКҚ жіберу туралы куәлік
Тармақ 112
112. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат
Тармақ 113
113. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік
Тармақ 114
114. Кәсіби диплом (кемелердің ішкі жүзу үшін)
Тармақ 115
115. Ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын тіркеу куәлігі
Тармақ 116
116. Энергетикалық сараптама жүргізуге арналған рұқсат
Тармақ 117
117. Босқын куәлігі
Тармақ 118
118. Жол жүру құжаты
Тармақ 119
119. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі
Тармақ 120
120. Теңізде жүзу кітапшасы
Тармақ 121
121. Қайтып оралуға арналған куәлік
Тармақ 122
122. Кәсіптік дипломның бланкісі
Тармақ 123
123. Кәсіптік дипломды растау бланкісі
Тармақ 124
124. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы
Тармақ 125
125. Доктор дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом
Тармақ 126
126. Азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің бланкісі
Тармақ 127
127. Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу (салмағын өлшеу) актісі
Тармақ 128
128. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ
Тармақ 129
129. Шағын кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ
Тармақ 130
130. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Тармақ 131
131. Шағын экипаж құрамы туралы куәлік
Тармақ 132
132. Жүргізуші куәлігінің бланкісі
Тармақ 133
133. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің бланкісі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 561-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 484-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 691 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 375-құжат).
Тармақ 4
4. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 758-құжат).